Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 14:02, курсовая работа
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда иайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
КІРІСПЕ
1. ОСЫ ДӘУІРДЕГІ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ
ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР
1.1. Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні
1.2. Капиталистік сауда үлгілері
1.3. Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
2. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
2.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
2.4. Еңбекақы, оның әлем саудасымен байланыстылығы
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ
3.1 Қазақстанның халықаралық сауда
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
3.3. Халықаралық саудадағы кедергілер
3.4 Сауда және валюта
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да "фритретерствоны" (еркін сауда), немесе "протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уакыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатының ең алғаш А.Смит өзінің "Салыстырмалы артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: "айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады", - деп жазған.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.
Халыкаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға иті әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. коптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар "жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.
Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіңдіктері бойынша Жапонияға Азияның "жаңа индустриалды елдері" - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің
дүниежүзілік классификациясы төрт
жүзге жуық критерийлерден тұрады.
Олардың негізгілеріне жан
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен "жаңа индустриялды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішіңде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.
XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралык экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдеуі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны "үлкен үштік " АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халықаралық ұйым - Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ).
ГАТТ-ты құру туралы келісімге 1947 жылы ең алдымен 23 ел қол қойып, ол келісім 1948 жылы күшіне кірген болатын. 1995 жылы ГАТТ өз қызметін тоқтатып Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып кайта құрылды. Бұл беделді халықаралық ұйымның аты өзгергеиімен, заты, принциптері, құқықтық механизмі өзінің жалғасын Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымын тауып отыр.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы - қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекет деңгейінде реттейтін көп жақты халықаралық келісім.
ГАТТ-тың құкықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген болатын:
1. Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарыңда бір-бірінс ең қолайлы жағдай жасау. Осы тәртінке сәйкес келісімшарт жасаған елдер бір-біріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасалған келісім автоматты түрде баска мүше елдерге де міндетті;
2. Алаламау (дискриминациялау) принципі. Бұл принципке сәйкес ГАТТ-қа қатысушы елдердің барлығының сауда қарым-қатынастары тең құқықтық жағдайда аткарылуы тиіс;
3. Ұлттық рынокты қорғауда мүмкіндігінше тарифтік құралдарды қолдану, импорттық тауарларды т.б тарифтік емес шектеулерді алып тастау;
4. Көп жақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрессивті түрде төмендету;
5. Дамушы елдермен сауда қарым-қатынастарында преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;
6. Сауда-саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.
ГАТТ-тың қызмет жасаған жылдардағы жұмыс нәтижелері томендегідей болды.
1996 жылдың басында ГАТТ-тың мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ГАТТ Бүкілдүнисжүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 81 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интеллектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Жаңа ұйым инвестицияларды қорғауды бақылаудың да жүзеге асырып, реттейтін болады.
Эксперттердің анықтауы бойынша, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының бақылауында 5 трлн доллар тауар айналымы болмак. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының қызметі дүниежүзілік экономикаға жылына қосымша 250 млрд доллар жуық табыс әкелмек.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы баскарушы органы — Министрлер конференциясы.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік. әр-бір қатысумен мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы халықаралық экономикалық қатынастарды, оның ірі саласы халықаралық сауданы жаңа белестерге шығарып, барлық мемлекеттердің сауда қарым-қатынастары деңгейін жоғарылатады деген сенім бар
БСҰ-бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейілінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым.
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд долл құрайды, ал жоғары технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдыктар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, кооперациялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты-есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, енбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді
Лизинг - машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімде ареңдаға беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп, банк монополияларының жалғасып кетуінің жаңа нысаны.
Консалтинг — жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі
Соңғы онжылдықта (1985-1996ж.ж) өнеркосібі дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. Әсіресе электротехникалық және электронды жабдыктарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық өнімдер экспортының 25% тиеді.
Халыкаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы, қалдықсыз терең өңдеу процестерін қолдану. Дүниежүзілік азык-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалды. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.
Халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ХВҚ) мәлімсттері бойынша соңғы онжылдықта (1985-8бж.ж) халықаралық сауда жыл сайын орта есептен 5,2% өскен Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал дәл осы кезенде азиялық "жаңа индустриялды елдерді" сыртқы сауда қарқыны 10%-тен асқан.
1994 жылы халықаралық сауданың көлемі 9,5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы томендеу тенденциясы тоқтаған. Бұл тенденциясы төмендегі кестенің көрсеткіштері дәлелдейді.
Дүниежүзілік сауданың 90-жылдардың орта шенінде жедел өсу АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті.
Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.
Жекелеген елдердің
дүниежүзілік саудадағы ролін
қарастырсақ, онда
Алманияның сыртқы сауда айналымы 802 млрд доллар болып, дүниежүзілік сауда көлемінің 18,8%-ін құрады.
Жапонияның бұл
Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы Дүниежүзілік банктің есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберінде 90 жылдары дүниежүзілік сауданың 42% жүзеге асырылған.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтарының құрамы мынадый:
1. Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2. Еуропалық еркін сауда ассоциациясы — Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.
3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім — АҚШ, Канада, Мексика;
4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы— Австралия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Жана Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили,
5. "Меркосур" - Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай,
6. Оңтустік Африкалық даму комитеті — Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Номибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве;
7. Батыс Африкалык, экономикалық және валюталық одақ - Кот'д Ивуар, Буркина - Фасо, Нигерия, Тою, Сенегал, Бенин, Мали,
8. Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымактастық ассоцияциясы - Индия, Пакистан, Шри-Ланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал;
9. Анд пакті-Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия,
Аталған одақтастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді (аймақ, одақ шенберінде), екінші жағынан кез келген жабық кұрылымдарға тән біркатар кедергілер де болады.
Біртұтас олемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытыңда әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылыктар бар Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда экономикалық одақтастыктарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы, шешімін іздестіру үстінде.
Информация о работе Халықаралық сауданың даму қарқындары және қазіргі кездегі даму проблемалары