Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 14:02, курсовая работа
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда иайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
КІРІСПЕ
1. ОСЫ ДӘУІРДЕГІ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ
ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР
1.1. Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні
1.2. Капиталистік сауда үлгілері
1.3. Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
2. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
2.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
2.4. Еңбекақы, оның әлем саудасымен байланыстылығы
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ
3.1 Қазақстанның халықаралық сауда
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
3.3. Халықаралық саудадағы кедергілер
3.4 Сауда және валюта
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2.3.Қазақстанның
халықаралық сауда
қатысуы.
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік
1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 пайыз ғана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сакталады деп күтілуде;
2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 пайыз болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.
3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 100,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны - 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің кұлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
4. Экспорт онімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 пайыз болса, кейінгі жылдар ыда едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда колданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың ішінде облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы {сауда режимі} экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліл, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашык және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесіидс тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, ролін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті.
Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын онім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға кошіріп, дүние-жүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті.
Қазақстанның халықаралық саудадағы ролін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазакстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ак дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы басқарушы органы - Министрлер конференциясы. Бүкіл-дүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын кадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік әрбір қатысушы мемлекетке бұрын келісілген кұжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді. БСҰ - бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейлінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым. "Төрттік" елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.
Сауда капиталы қанау процесінің шеңберін ұлғайтады. Оның өзгесіне тек өнеркәсіп жұмысшылары ғана емес, қолөнершілер және интеллегенцияның басым көпшілігі ұшырайды. Сауда капиталы еңбекшілерді қосымша тонаудың өткір құралы. Жалдамалы еңбек халық даналығындағы "Жығылғанға жұдырық" дегенге осы жерде тап болдыау.
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ.
3.1. Халықаралық саудадағы кедергілер.
Жоғарыда аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.
Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отаңдық өнімдерден, кымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.
Импорт үлесі. Бұл импортқа келетін қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулсрдің аты мен санына қойылатын шектеулер. Бұл шектеулерде қолдаушы тарифтер сияқты ұлт өнеркәсібінің белгілі бір салаларын жекелей шетел бәсекелестерінен қорғау болады. Мысалға, 1980 жылдары АҚШ үкіметі жапониядан импортқа келетін автокөліктер үшін осындай шектеулер енгізген болатын.
Басқа шектеулер. Аталғаннан баска да елдер арасындағы сауда еркіндігін шектейтін бір қатар әрекеттер бар. Оларға мысал ретінде экспорт субсидияларын айтуға болады. Бұл экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарға өнімдерін шетелдерде төменірек бағамен сатуы үшін берілетін ақшадай жәрдем. Шетелдегі тауарлардың осы елдің өзінің нарығындағы бағадан кем бағада сатылуы демпинг деп аталады. Халықаралық саудаға шектеу жасайтын тағы бір нәрсе "былыкшылық" деп аталады. Бұл жағдайда мемлекеттік ережелер мен тәртіптерге сүйеніп, кеденнен өтетін тауарлардың құжаттарының толтырылуы әуре-сарсаңға айналдырып, көпке созылады.
Кеден тарифтерінің, импорт үлесінің және басқа да шектеулердің негізгі мақсаты, импорттық тауарлар және қызмет көрсетулерді кымбаттату болып табылады. Ендеше оны сатып алатындардың саны кеміп, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді. Онда олардың не керегі бар? Деген заңды сұрақ туады. Соңдықтан да халықаралык саудадағы шектеулерді қолдайтын дәлелдер келтірейік.
Ұлт қорғанысына байланысты салаларды қорғау. Ұлт қорғанысы үшін кейбір өнеркәсіп салалары өмірлік маңызды болады. Сондықтан да, бұл салалардағы өнімдерді шетелдерден алатын болсақ, соғыс бола қойған жағдайда, ол үлкен тәуелділік жүктейді.
Жаңа салаларды қорғау. Көптеген елдер, өздеріндегі индустрияландыруды бастағанда, қолдаушы тарифтер енгізіп, өзінін дамып келе жатқан онеркәсібін қорғаған. Жаңа өнеркәсіп салалары мұндай көмексіз, ешуақытта дамып, басқа елдермен бәсекелесу деңгейіне котеріле алмас еді. 1791 жылы Александр Гамильтон америка өнеркәсібінің барлық жаңа салаларын қорғау үшін қолдаушы тарифтер енгізген. Мұндай әрекеттерсіз Америка өңдірушілері Батыс Еуропаның тиімді кәсіпорындарымен бәсекелесе алмаған болар еді.
Экономиканы диверсификациялау. Бұл әрекеттің де дәлелі алдағы сияқты. Онша дамымаған елдердің экономикасы, әдетте, бір өнімге, әлде тауарлар тобына байланысты болады. Егер осы негізгі өнімнің бағасы тез төмендеп кетсе, ол елдегі қаржы шым-шытырығын тудырар еді, Осындай жағдайларды болдырмау үшін, оларға әртүрлі тарифтер қолданып, субсидиялар бөліп, экономиканы диверсификациялайды (жанжақтылаңдырады).
Сонымен, әрбір елдің мамандандырылып, бір-бірімен сауда жасауды. олардың әркайсысының қажетті тауарлар жене қызмет көрсетулерді әздері әндіргеннен, әлде қайда
тиімді болатындығын байқадық. Алайда бұл тұста, тарифтер мен саудадағы басқа да шектеулер өзара тиімді айырбасқа кедергі жасайтындығын тағы да білеміз. Бұл екі фактор көптеген елдердің халықаралық сауданы дамыту үшін күш жұмсап, еркін сауда ассоциацияларын және кеден одақтарын кұруға мәжбүр етіп отыр.
Еркін сауда ассоциациялары (ҒТА) бірнеше елдердін өзара саудадағы кедергілердің барлығын болдырмайтын келісімді қабылдау нәтижесінде құрылады. Бұл ассоциация мушелері үшін оның мүшесі емес елдермен өзара қарым-қатынастарын өздері анықтауға мүмкнідік берілген.
Кеден одақтары мемлекеттер арасында еркін сауда мүмкіндігін туғызып, олардың мүшелері үшін басқа үшінші елдермен де бірдей мөлшердегі тариф бойынша халыкаралық сауда жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Еуропа Экономикалық Бірлестігі 1992 жылдан бастап бірыңгай нарық құруды жоспарлап отыр. Бұл жоспардың негізі 1986 жылғы шешімге байланысты жасалып, 1992 жылдан бастап Батыс Еуропа территориясындағы тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және адам ресурстарының козғалыстарындағы барлық шектеулердің жойылатындығы жоспарланып тұр. Бұл жоспар "Еуропа 1992" деген атқа ие болды.
Егер біз қашан болмасын басқа елге барып көрсек, онда біз кейбір қонақ үйлерде, дүкендерде, ресторандарда біздің долларымызбен чектерімізді алғысы келмейтіндігін байкаймыз. Оның олай болу себебі, әрбір елдің өз ақшасы болады.
Әрбір елде тауар және
қызмет көрсетулер сатушылары оларды осы елдің ақшасына сатуды қалайды. Сондықтан
да, экспорт иелері үшін де өз ақшаларын
тез және тиімді айырбастап алу кажеттігі
туады.
мен келешегі.
Әлем экономикасында тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұлттық шекара арқылы айырбастау процесін "халықаралық сауда" деп атайды.
Шет елдерден сатылып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулер - "импорт" деп аталады. Ал, басқа елдерге сатылатын тауарлар экспорт болып саналады.
Егер ұлттық валюта құны баска валюталармен салыстырғанда немесе онда елдің экспорты көбейіп, ол тауарлар басқа ел тұрғындары үшін арзандайды. Осындай жағдайда, міндетті түрде импорт азайып, ал тауарлар осы елдің тұрғындары үшін кымбаттайды. Ал, ұлттық валюта құны басқа валюталармен салыстырғанда артса, онда керісінше бағыттағы құбылыстар пайда болады.
Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.
Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.
Қайсыбір елдерде, басқа жақта өндіруге болмайтын нәрселер өндірілуі мүмкін. Мысалы, жылы климаты мен
топырақ ерекшеліктеріне байланысты, Флоридада бидайға қарағанда апельсин өсірген тиімді. Ал, Канзаста керісінше, апельсинге қараганда бидай өсірген тиімді. Флоридадаға және Канзастағы адамдарға апельсин де, бидай да керек, сондықтанда әр елді мекендегі фермерлер бір өнімді шығаруға маманданып, соңынан артықтарын бір-біріне сатады. Әрине, Канзастағы фермерлер арнайы жылы жерлер жасап, онда апельсиндер өсіруі болар еді. Дәл сол сияқты Флориданың өзінде де бидай өсіруге болады, Алайда, ол екі жаңқа да қымбатқа түсер еді. Соңдыктан да, әр елді мекеннің қайсыбір өнімге маманданып, соңынан бір-бірімен алмасқаны екі жаққа да тиімді болады. Сол сияқты кезкелген өндіріс саласы үшін, бір аймақ белгілі бір онімдерді өндіргенге бейім болып, екіншісі басқа өнімге ыңғайлы болады. Ал енді кейбір аймақтың табиғат ресурстары, ысылған мамандары, дамыған көлік желісі қайсыбір саладағы тауарлар мен қызмет көрсетулер орындауға ыңғайлы болады.
Әрбір мемлекеттегі ерекше жағдайлар оларға қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулер жасауда артықшылықтар беріп, оларды өндіруден үлкен пайда табуға жағдай жасайды. Егер қайсыбір елдің кәсіпорнына белгілі бір өнімді шығару, басқа өнімге қарағанда тиімді болатын болса, онда ол түбегейлі артықшылық деп аталады.
Жоғарыда аталғандай барлық елдердің түбегейлі артықшылығы бола бермейді. Алайда, олардан басқа елдер де халықаралық сауда да, ездерінің салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланып қатыса алады. Қайсібір елдің белгілі бір өнімді шығаруда салыстырмалы артықшылығы бар дейді, егер осы өнімді өндірудің құны, басқа елдермен салыстырғанда төмен болатын болса, алайда, оны ұғыну қиындау болады, соған қарамастан келесі мысал арқылы түсіндіріп көрейік,
Дороти Диксон заң колледжінде оқып жүріп, сабақтан бос уақытында шаштараз болып жұмыс істеп жүрді. Ал, қазір жоғары жалақы алатын заң қызметкері болғанымен, егер қаласа маман шаштаразда жұмыс істей алар еді. Алайда, Доротидің үш баласы шаштарын жақын жердегі шаштаразға алдырады. Дороти бұл тұста, шаштараздың қызмет көрсетулеріне төлеген ақшадан, оның озінің клиенттеріне сол уақытта көрсететін қызметі үшін табатын ақшасы артық болатынын ескеріп, өзіне тиімді шешімді қабылдап отыр. Міне, осы шешім салыстырмалы артықшалықтарды ескеріп кабылданған болатын. Соның нәтижесінде Дороти үшін оның озі заң жұмыстарымен шұғылданып, баскаларға балаларының шашын алғызғаны тиімді.
Информация о работе Халықаралық сауданың даму қарқындары және қазіргі кездегі даму проблемалары