Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 14:02, курсовая работа
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда иайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
КІРІСПЕ
1. ОСЫ ДӘУІРДЕГІ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ
ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР
1.1. Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні
1.2. Капиталистік сауда үлгілері
1.3. Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
2. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
2.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
2.4. Еңбекақы, оның әлем саудасымен байланыстылығы
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ
3.1 Қазақстанның халықаралық сауда
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
3.3. Халықаралық саудадағы кедергілер
3.4 Сауда және валюта
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әлемдегі барлық елдер өздершің салыстырмалы артықшылықтарының ең үлкен мөлшерлі салалары бойынша маманданып тауарлар және қызмет көрсетулер ондіріп, халықаралық сауда жасайтындығын салыстырмалы артықшылық заңдары түсіндіріп бере алады. Әрбір жеке елдер өздерінің жақсы шығаратын заттарын өркендете өндіргеннен барлық елдер ұтысты болады, өйткені тек осындай жағдайда ғана артық еңбек, қаржы және табиғат ресурстарының шығынынсыз көп мөлшерде тауарлар және қызмет көрсетулер әндіруге болады.
Елдер арасындағы еркін сауданы қолдаушылар (ешқандай шектеулерсіз) оның келесідей артықшылықтарын атайды:
1. Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифы осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаннан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халыкаралық сауда үшінде осындай қатынаста болады.
2. Қайта қойылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларын қабылдауға алып келеді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдауішы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін колданылып, оны шетел бәсекелестігінен корғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға телейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.
Қорытынды
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономикалык теория. Қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті омірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономикалық теориясы болу керек. Әрине, тәуелділікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы болмақ елдерден оқшау емес, керісінше, экономикалық интеграция халықаралық еңбек бөлінісі артыкшылықтарын пайдалану кажет.
1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты, бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазакстанда ілгері дамудың дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы қиын қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15-20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялык кұкықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы оркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық дамудың бірден-бір жолы тауар-акша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, нарық инфрақұрылымын қалыптастыру.
Тауар шаруашылығын зерттеуге бірінші қадам жасалысымен-ак методологиялык мәселе пайда болады. Бұл құбылыстарға функционалды талдауды, себеп-салдарлы талдауды қолдану керек пе? Мәселені барынша қарапайым етіп, былайша түсіндіруге болады.
Функционалды талдау экономикалык құбылыстардың өзара байланысын "көлбеу сызығы бойынша" қарайды, бірінші не екінші деген сұрақ койылмайды. Мысалы, баға сұранысты анықтау ма әлде керісінше ме?
Себеп-салдарлы талдаудың функционалды талдаудан айрмашылығы, ол тауар шаруашылығы категорияларының шығу төркінінен алынған табыстардың түпкі қайнар көздерін, себептерін, зерттеуге басты көңіл боледі.
Бұл екі талдау тауар шарушылыға категорияларын зерттеудегі қазіргі шектілік және марксистік әдістерді сипаттайды. Догматтық бағыттағы кеңістік экономикалық әдебиеттерде шектілік (маржиналистік) талдауды істің сыртқы көрінісімен айналысатын "дөрекі", "ғылыми емес" деп жариялады. Алайда, неоклассикалық мектепті ғылыми емес деп бағалау қате пікір. Бұл бағыттың өкілдері өз алдарына әлеуметтік-таптық қатынастарды анықтауды мақсат етіп қойған жок. Олардың талдауы жеке фирманың, өндірушінің не тұтынушының шаруашылық жүргізуінің негұрлым оңтайлы әдістерін іздеуге, ең жоғары деңгейдегі әл-ауқаты жетудің барынша тиімді тәсілін табуға арналған. Бұл көзқарас бойынша, еңбекші тап пен меншік иелерін бір-біріне қарсы қою дұрыс емес.
Өндірістің барлық факторлары еңбек те, капитал да, жер де ұдайы өндіріс процесіне өз үлестерін қосады және содан бұл факторлардың иелері тауар құнындағы өз үлестерін алады. Таптар арасындағы қарама-қайшылық емес, олардың өзара әрекеті, өзара бейімделуі экономиканың тиімділігін арттыруға әкеледі.
Қоғамдық өндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, онсыз шаруашылықтардың басқа нысандарының мәнін түсіну де қиынға соғады. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттерін өтеу үшін ұйымдасатын шаруашылық. Яғни еңбек өнімі өндірушшің де жеке басының қажетін қанағаттандыруға арналады да, ол тұтынушының қолына тікелей бөлу жолымен тиеді. Мұнда тұтыну ондірумен сәйкес келеді де, олардың арақатынасын реттеуге қиынға соқпайды. Мұндай қатынастар әсіресе, алғашқы қауымдық құрылыста кең орын алды. Натуралды шаруашылыққа патриархалды шаруалар кожалығы және феодалдық иеліктегі шаруашылықтар жатады. Натуралды шаруашылықтың тауарлы нысанмен алмасуы ұзақ та, күрделі процесс. Атап өткендей, натуралды шаруашылык әрі тұйық, әрі тұрақты, әрі өсуі өте баяу. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе экономикасы әлсіз елдерде елеулі орын алуда. Тіпті дамыған елдердің өзінде де натуралды шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізгі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы онімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Халықаралық сауданың даму қарқындары және қазіргі кездегі даму проблемалары