Халықаралық сауда теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........
1.2 Халықаралық сауданың саясаты,түрлері
2. Халықаралық сауда субьектілері.............................................................
2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................

Файлы: 1 файл

Халықаралық сауда.docx

— 81.57 Кб (Скачать)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................

 

1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................

 

1.1 Халықаралық сауданың  мәні, ерекшеліктері және формалары..........

 

1.2  Халықаралық сауданың  саясаты,түрлері

 

2. Халықаралық сауда субьектілері............................................................. 2.1Қазақстан Республикасының сыртқы  сауда айналымы........................

 

2.2 Халықаралық экономикалық  қатынастар  жүйесіндегі халықаралық   сауда

 

ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

 

Қазақстан тәуелсіздік  алғаннан кейін республика үкіметі  алдында  әлемдік экономика мен  халықаралық  экономикалық қатынастар саласында  білікті мамандар даярлау  мәселесі тұрды.

 

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер  арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

 

Сол ғалымдардың  бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу  және халықтың баю себептері »  деген еңбегінде сауда теориясының  негізін қалады. Егер кез-келген басқа  бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.

 

А.Смит бұл  көзқарасы  экономикалық мұрада «  Абсолюттік артықшылық теориясы » деп  аталып кетті.

 

Бұл теорияда негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың  негізгі, яғни мемлекеттер  халықаралық  еңбек бөлінісіне белсене  қатысуы  тиіс екендігі.

 

           Халықаралық сауда – еңбек  бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

 Ғылыми-техникалық өрлеудің  ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

 Халықаралық сауда  дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы  төлемді, жиынтық тауар айналысы.

 Сыртқы сауда да  «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз  тауар өндірушілерін қолдау) таңдап  алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың  еншісіне қалды. Қазіргі кезде  бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

 Тұрақты даму проблемасы  ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

 Өйткені кез келген-ұлттық  саясат олардың нақты экономикалық  мүдделерін қорғауы немесе оларға  қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай  жағдайда мемлекеттердің мүдделері  арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.

 Сонымен қатар, мынаны  атап өту керек, яғни сауда  саясатында қолданылатын шаралар  мен реттегіштер синхронды түрде  инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.

 Атап айтқанда, кедендік  саясаттың болашағы зор, бірақ  өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.

 Халықаралық экономикалық  қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

 Сонымен, Халықаралық  сауданың қазіргі теориялары, тауардың  ұсынысы мен сұранысына бірдей  көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА   ТЕОРИЯСЫ.

 

 

 

Халықаралық еңбек бөлінісі өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда  шығады десек, мамандануы көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді ? » деген сұрақтар туындайды.

 

А.Смит Франция, Португалия, Шотландия елдеріндегі  шарап  өндірісін мысылға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті  адам саны) алынады.

 

Франция мен  Португалияда шарап өндіру шығындары  аз болғандықтан, Шотландия шарап  өндіру тиімсіз  болатындығы анық.

 

А.Смиттің  теориясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Солардың ішіндігі артықшылықтарды  атап көрсетейік:

 

Біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері,сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлар мен анықталады;

 

Екіншіден, егер табиғи артықшылықтарға  жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, онда теорияның  маңызы одан да арта түсер еді.

 

Сонымен қатар  бұл теорияның кемшіліктері де бар:

 

Біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде  болуы.

 

Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады,бірақ  та шын мәнәнде тәжірибеде былай  болуы мүмкін емес;

 

Екіншіден, ағылшын саяси  экономикасының классигі ақша айырбасының  моделі емес,тауар  айырбасының моделін қарастырады;

 

Үшіншіден, абсолюттік артықшылық халықаралық  саудаға маңызды  турде әсер ете  алмайды,өйткені  тауар өндірісінің  альтернативті (балама) құны халықаралық  сауданың құрылымына әсер етеді.

 

А.Смиттің  «Абсолюттік  артықшылық» теориясында  аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын  саяси экономикасының тағы бір классигі Д.Рикардо «Компартивті (салыстырмалы) артықшылық » теориясында жоюға тырысты.

 

Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының  негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез  келген елде оның табиғи-климаттық  жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға  болады.

 

Мысалы, Қазақстанда  да лимон  өсіруге юолады, бірақ  Жерорта  теңізі маңызында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда  өсіру  өте көп шығынды қажет етеді.

 

Сондықтан, біз үшін лимонды  Қазақстанда  өсіруден көрі, сол елдерден сатып  алу өте тиімді болмақ.

 

Рикардо халықаралық  сауда  теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.

 

Мысалы,екі  елден (Англия мен Португалия)тұратын  қарапайым экономиканы қарастырайық.Олар пайда әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп есептейік.

 

Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қолданады.

 

Матаны өндіруге қажетті  еңбек мөлшерін А әрпімен, шарап өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілеік.

 

Егер де әрбір  елдің  ресурстары шекдеулі болса,сонымен  бірге шығарып жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын  болса,онда ол екінші тауарды шығарудан  бас тартуға мәжбүр болады.Оны  төменгі мына теңсіздікпен көрсетсек:

 

 

 

aLV*QV+aLt*Qt   Англия үшін (1)

 

(2)

 

a*LV*Q*V+a*Lt*Q*t *  Португалия үшін

 

 

 

Осы келтірілген  теңсіздіктер негізінде өндірістік мүмкіндіктердің шегін көрсетуге  болады,яғни көлбеу сызық матаның  құнына тең,ал матаның құны шараптың мөлшерімен өрнектеледі.

 

Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері  шығарылатындығын анықтау үшін баға көрсеткішін пайдалану қажет.Әрбір  сектор өндірістік фактордың біреуін  ғана пайдаландықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.

 

Сонда әрбір  ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

 

 

 

Pt=aLT*Wt (3)

 

(4)

 

PV=aLV*WV

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

QV

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автаркия (елдің  басқа елдермен байланасының болмауы) кезінде ел екі игілікті де шығаруға мәжбүр болады.

 

Шараппен  салыстырғанда матанның бағасы әрбір  пайда келтіретін дананы шығаруға қажетті  еңбек құндары арасындағы арақатынаспен  анықталады.

 

                                                                                            (5)

 

Басқаша айтқанда,екі  игіліктің салыстырмалы бағаларды  оларды өндіруге қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.

 

Мата мен  шарап өндірісіне қолданылатын технологиялар  арасында белгілі бір айырмашылық  болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары

 

әр елде әр түрлі болып келеді.Автаркияның  болмауы- сыртқы сауданың жүргендігінің  дәлелі.

 

Ал мата құнын  шарап құнымен салыстарғанда,Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып  алу (импорттау) тиімді.

 

 

 

1 кесте – Салыстырмалы  бағалар

 

   

Англия  

Португалия

 

Мата 

Ait=80 

a*Lt=120

 

Шарап 

ALV=90 

a*LV=100

 

 

 

 

 

Енді екі  игіліктің салыстырмалы бағаларын  талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан  бас тарту керектігі анықталады.

 

Ол үшін төмендегі  кестені қарастыру керек.

 

 

 

2 кесте - Салыстырмалы  бағаларды  талдау

 

   

Англия  

Португалия

 

Матаның бір данасының шараппен өрнектелген құны 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл 2 кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде  Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.

 

А.Смит, Д.Рикардо  және Милль  халықаралық сауданың шығу себептерін тек қана келген экономикада  еңбек  факторымен бірге басқа  да өндірістік факторлар (жер,капитал) қолданылады.

 

Өндірістік  факторлар  жөніндегі ілімдерін  зерттеп,1930 жылғы швед ғалымдары  Бертиль  Олин және Эли Хекшер Давид  Рикардоның теориясын әрі қарай  толықтыды.Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын- капитал мен еңбекті  қолдана отырып, сыртқы сауданың жаңа үлгісін құрастырды.

Информация о работе Халықаралық сауда теориясы