Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:38, курсовая работа
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
КІРІСПЕ..........................................................................................................
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........
1.2 Халықаралық сауданың саясаты,түрлері
2. Халықаралық сауда субьектілері.............................................................
2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
5 сурет - Тауарлық нарықтың тауарлық-салалық классификациясы
Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.
Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапсына жауапкершілігінің шектеулілігі.
Акциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында акционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.
Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасын белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары денгейіне дейін көтеріледі.
Мысалы,Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатышуларынан да комиссияға тауар қабалдайды. Бағалы аң терілерін сатіп алушылар – ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалары.
Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл тұқымды жылқылардың аукционы жүргізіледі.
Акциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылды. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.
Сонымен, биржалық сауда – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
1) тауар биржасы;
2) қор биржасы ;
3) еңбек биржасы;
4) валюта биржасы;
Тауар биржасы – сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсеттін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы – таза іскерлік принципінде жұмыс істейді (Лондон, Нью-Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі - Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы Халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы – бұл валюта нарығы. Мысалы,Токиода валюта опрециясының 72%-і «доллар-марка» мәмілесінің үлесіне тиеді.
Еңбек биржасы – жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер – тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контактыларға қол қойылады.
Жәрмеңке – бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы .Аренда бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы .Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді ,табиғат қорларын ,кәсіпорындарды,олардың бөлімшгелерін уақытша пайдалануға,сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп,иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер – меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер – заңды құқықтық
мекемелер және кәсіпорындар,
Халықаралық саудада
1) Лизинг – ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);
2) Хайринг - орта мерзімдік
аренда (бірнеше айдан бір жылға
дейінгі
мерзімге );
3) Рейтинг – қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға
дейінгі мерзімге)
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар.
Сонымен бірге лизингке бүтіндей өнеркәсіптік кәсіпорындар берілуі мүмкін.
Лизингтік операцияның өте
қарапайым тәсілін
Лизингтік компания банктен несие алады да, өндірушімен есеп айырысады және арендалық төлемдерден несиені өтейді.
Лизинг кезінде сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді негізінен жалгер өзі жүзеге асырады.
Халықаралық тәжірибеде орта мерзімдік арендаға контрактылар көп бекітіледі.
Хайринг құралдарына транспорттық құралдар, жол-құрылыс машиналары, монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.
Орта мерзімдік арендалар сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Келісімге байланысты сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші немесе жалгер жүргізеді.
Рейтинг контрактылары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.
Рейтинг құралдарына транспорттық құралдар, туристік және қысқа мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.
Негізгі бұл контрактылардағы міндеттеме бойынша сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші жүргізеді.
Транспорттық құралдар ( су транспорты, авиалайнер, автобус және т.б.) уақытша арендаға алу келісімі «таймс-чартер» деп аталады, яғни бұл келісім кезінде экипаж бен жүргізуші де жалға алынады.
Ал экипажы жоқ транспорт құралдарын жалға алу «бербоут» деп аталады.
Қарама-қарсы сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі қарсы міндеттемесі.
Қарама-қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
бартерлік келісімдер
қарама-қарсы сатып алу келісімдері
клирингтік келісімдер
лицензиялық келісімдер
компенсациялық келісімдер
Қарама-қарсы сауданы тереңірек түсіну үшін олардың түрлеріне сипаттама берейік.
Бартерлік келісім – валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған және баланстанған тауар айырбасы.
Бағалау үшін мыналар қажет:
айырбастың эквиваленттілігін қамтамасыз ету үшін;
сақтандыру сапасын анықтауға мүмкіндік беру үшін;
жеткізіп берулердің кешіктірілуі кезінде айыптарды есептеу үшін;
сапасыз тауарлардың жеткізілуі кезінде олардың бағасын төмендету үшін;
Қарама-қарсы сатып алу келісімдері.
Клирингтік келісімдер – саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол ақшаның есеп айырысу түрі.
Лицензиялық келісім – бөтен сауда маркасын пайдалану келісімі.
Мысалы, Малайзия фирмасы Жапонияның «SONY» корпорацясымен лицензиялық келісімге отыруы.
Лицензияны сатудың тиімділігі:
біріншіден, белгілі бір технологияны шығаруға кеткен шығындарды орнын толтыруға мүмкіндік береді;
екіншіден, тауар экспорты үшін жабық нарықтарға енуге мүмкіндік береді;
үшіншіден, ішкі нарықтың толығуын жеделдетуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Компенсациялық келісімдер – алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айырысудың орнына тауар ұсыну келісімі.
Шекералық сауда – сауда, төлем және жыл сайынғы қарар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауарлар алмасу түрі.
Мысалы, Қазақстанның Қытаймен шекаралас тұрған Жаркент қаласында осындай сауда жүзеге асырылады, яғни қазақстандық және қытайлық саудагерлер осы жерде экспорттық операцияларын жүзеге асырады.
2.2 Халықаралық сауда субъектілері
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер жаһандану процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келді.
Тауарды толық тұтынушыларға
жеткізуге кететін көптеген
Капитализмде сыртқы сауда ерекше рөлін атқарады. Келешекте бұл тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт, әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел тағдырын шешетін күштердің бірі әлемдік нарық.
Халықаралық экономикалық қатынастар түрінің ең дамыған түрі сауда болғандықтан, барлық экономикалық қатынастардың 80%-на жуығын сауда құрайды. Халықаралық сауданың қарқынды дамуымен сипатталатын қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастар ұлттық экономиканы дамыту мәселесіне көптеген өзгерістер енгізуде. Сол себепті бұл курстық жұмысымды жазу барысында алға қойған мақсатым халықаралық сауданың теорияларын зерттеу және Қазақстанның халықаралық саудамен байланысын зерттеу боп отыр.
Қазақстанның егеменді
ел ретінде қалыптасуы
Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.
Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.
Алға қойған мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:
Халықаралық сауданың мәнін анықтау;
Халықаралық сауда дамуы жөніндегі классикалық теорияларын зерттеу:
Халықаралық сауданың
түрлері мен құрылымын
Халықаралық сауда ұйымдарын анықтау;
Қазақстанның осы халықаралық
сауда ұйымдарына кіру
Қазақстанның сыртқы сауда айналымын, экспорт және импорт көрсеткіштерін және Халықаралық сауда индикаторы бойынша көрсеткіштерін анықтау.
Бұл жұмыстың құрылымы 2 тарау, 7 тақырыпшадан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда, халықаралық
экономикалық қатынастар
Екінші тарауда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы, экспорттық және импорттық көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының БСҰ-на кіру мәселесі, сонымен қатар Халықаралық сауда индикаторы бойынша көрсеткіштері қарастырылып отыр.
Сонымен, халықаралық сауда – әр түрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықарлық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әр түрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нәтижесінде өндіріс пен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.