Халықаралық сауда теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........
1.2 Халықаралық сауданың саясаты,түрлері
2. Халықаралық сауда субьектілері.............................................................
2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................

Файлы: 1 файл

Халықаралық сауда.docx

— 81.57 Кб (Скачать)

 

Бұл үлгіде негізгі тұжырым  төмендегідей жағдайларға  әкеледі:

 

1) жұмысшы  күшінің  артық шамасы бар, бірақ   капитал мөлшері аз болған  елдер еңбекті көп қажет ететін  тауар өндірісіне маманданады;

 

2) капитал  мөлшері артық, бірақ жұмысшы  күшінің шамасы аз болған

 

елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.

 

Егер басқа  елдермен салыстырғанда  жұмысшы  күшінің шамасы артық  болса,онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол  қамтамсыз етілген деп есептелінеді.

 

Егер басқа  тауарлармен  салыстырғанда жұмысшы  күшінің  шығындарының үлесі тауар  құнының  құрылымында көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін тауар деп есептелінеді.

 

Хекшер- Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.

 

Хекшер –  Олин теориясы бойынша факторларға  салыстырмалы баға беру төмендегі үш жағдайға байланысты болады.

 

Біріншіден, халықаралық айырбасқа қатысушы елдер тауар өндірісінде мол  тауарлар мен қызметтерді шетке  шығаруға тырысады, ал керісінше кейбір тауарлар бойынша тапшылық көрініс  тапса, онда олар өнімдерді шеттен алуға  тырысады.

 

Екіншіден, халықаралық сауданыың  дамуы  «факторлық» бағалардың, яғни осы  фактор иесінің алатын табысының  теңестірілуіне әкеліп соғады;

 

Үшіншіден, кей жағдайларда  өндіріс факторлары халықаралық қозғалыс сипатында  болуы мүмкін, яғни елдер арасында тауар экспортының орнына сол  факторлардың өздерін шығаруға мүмкіндік  туады.

 

1954 жылы американдық   экономист Леонтьев Хекшер- Олин  теориясын іс жүзінде дәлелдеп  көрсетті.Ол АҚШ-тың экспорты  мен импортын зерттейді.Зерттеу   құралы ретінде еңбек және  капитал шығындарын  қарастырады.Сол  кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей  тұжырымдар қалыптасты:

 

АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауатларды экспортқа шығарып, ал көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарларды импорттан алады.

 

Бұл жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше болып шықты.

 

Осыған байланысты Леонтьев еңбегі экономикада «Леотьевтің  парадоксы» деп аталды. Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ-тың сыртқы саудасына  әсер етпейтіндігі анықталған.

 

Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚШ еңбекті  көп қажет ететін тауарларды шетке  шығарып, капиталды  аз қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды.Осыған сәйкес Леонтьев өз көзқарасын ұсынады. АҚШ-та пайдаланылатын факторлардың ішіндегі өте тиімдісі – еңбек факторлары болып табылады.

 

Оған себеп  болған нәрсе  – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель түсінігі – «жұмысшы күшінің біліктілігі» теориясы деп аталады.Бұл теорияның негізгі  түйіні мынада: яғни өндіріске 2 фактор емес, 3 фактор қатысады, атап айтқанда капитал, еңбектің екі түрі – білікті және біліксіз еңбек.

 

1960 жылғы  тағы да  бір топ экономистер экономикалық әлемге шығады.

 

Олар «Леонтьев  парадоксын»  басқа себептермен, яғни ғылыми-техникалықжетістіктері бойынша  түсіндіруге тырысады.Осыған сәйкес «капитал» терминінің мағынасы өзгеріп: «Физикалық капитал» (негізгі қорлар), «білім капиталы», «адамдар капиталы» (білікті мамандар) деген ұғымдар  пайда болды.

 

Осы ұғымдар  негізінде  жаңа теориялар туындайды. Ол экономиканың жалпы моделін түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

1 сурет – Жалпы экономикалық  модель

 

 

 

Ғ- ғылымды  көп қажкт ететін салалар;

 

К- капиталды көп қажет ететін салалар;

 

Ж- жұмыс  күшін көп қажет ететін салалар;

 

Р- ресурстарды көп қажет ететін салалар;

 

Егер жалпы  шығындардың  ішінде ғылыми шығындардың  үлесі 6- 10 процентке тең болса, онда ол өндіріс ғылымды көп қажет  ететін сала деп аталады.

 

Осы орайда бір топ жаңа теориялар пайда болды. Олар «неотехникалық теория» деген ортақ терминмен белгіленеді:

 

1) технологиялық  алшақтық;

 

2) тауарлардың  өмірлік циклы;

 

3) өндіріс  масштабының кеңеюінен болған  экономия.

 

 

 

 

 

1.1 Халықаралық сауданың  мәні, ерекшеліктері және формалары 

 

 

 

Дүниежүзілік  шаруашылық байланыстардың күрделі  жүйесінде халықаралық сауда  ерекше орын алды.

 

Осы уақытқа  дейін тауарларды шетке шығару халықаралық  экономикалық қатынастардың негізгі  формасы  болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік иевестициялау (атап айтқанда трансферті) халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы болып санслады.

 

Осыған қарамастан, халықаралық  сауда өзінің масштабы мен функциялары  бойынща халықаралық  экономикалық қатынастардың жалпы  комплексінде маңызды орынға ие болып  отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық жалпы көлемінің 80 процент үлесін алып отыр.

 

Халықаралық сауда- әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.

 

Ғылыми- техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсәрінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді.

 

Ұлттық экономикадағы  ұлттық нарықтардың жиынтығы – дүниежүзілік нарықты құрайды.

 

Дүниежүзілік  нарық әлемдегі тауар- ақша қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI дүниежүзілік нарық деген түсінік пайда бола бастады.

 

Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік  болып табылады.

 

Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:

біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;

екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.

 

Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

 

Дүние жүзінде  халықаралық  экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған елдер жоқтың қасы деген тұжырым  жасауға болады.

 

Дүниежүзілік  нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір элементінің автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістерді пайдалану өте тиімді болып табылады.

 

Мысалы, А, В, С деген үш мемлекетті жеке-дара қарастырайық (а-сурет), сонымен бірге  олардың өзара  экономикалық қарым-қатынасын, яғни өзара байланысын да көрсетейік (ә-сурет):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а-сурет                                                                                 ә-сурет

 

 

 

Осы қарастырылып отырған  үш ұлттық нарық дүниежүзілік нарықты құрайды.

 

Міне, осыдан дүниежүзілік нарықтың абстрактылы түсінік екенін байқаймыз.

 

Бірақ, суреттен көріп отырғанымыздай, ұлттық нарық  дүниежүзілік нарықтың қажетті элементі болып табылады.

 

Жеке алғанда, әрбір ұлттық нарық та күрделі құбылыс болып табылады.

 

Ұлттық  нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.

 

Сонымен, А  ұлттық нарығы екі элементтен тұрады (б-сурет).

 

           ұлттық  нарық                 ішкі сауда                         сыртқы сауда 

 

 

 

 

 

 

 

 

=

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сурет – Ұлттық нарық

 

 

 

А елінің сыртқы сауда операциясы, дәлірек айтқанда экспорты басқа В және С елдері үшін импорт болып қабылданады.

 

  Сыртқы сауда дегеніміз  – белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.

 

Сонда барлық  елдердің сыртқы сауда операциясын  жүзеге асратын  сфера – халықаралық  нарық  деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

3 сурет – Халықаралық  нарық

 

 

 

Сыртқы сауда  операцияларының 4 негізгі түрі бар:

экспорттық операция –  шетке шығу арқылы шет елдік контрагенттік тауарды сату;

импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен  тауарды сатып алу;

реэкспорттық операция –  бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;

реимпорттық операция –  бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

 

Ұлттық нарық  пен халықаралық  нарық бір-бірімен  тығыз байланысты, бірақ олардың  өзара айырмашылықтары да бар.

 

И.П.Фаминский  өз кітабында  ұлттық нарықтар мен  халықаралық  нарықтар арасындағы айырмашылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Енді біз  сол айырмашылықтарды бір жүйеге келтіріп, кесте түрінде көрсетелік:

 

 

 

3 кесте. Ұлттық және  халықаралық  нарық арасындағы  айырмашылықтар

 

 

Ұлттық нарық 

Халықаралық нарық

 

1. Тауарлар қозғалысына  экономикалық  факторлар (елдің  кәсіпорындары  мен аудандары  арасындағы өндірістік  байланыстар) ғана әсер етеді. 

1. Тауарлар қозғалысына  мемлекеттер  арасындағы шекаралық  және жекелеген  мемлекеттердің  сыртқы экономикалық  саясаты  әсер етеді.

 

2. Ұлттық шаруашылықтар  арасындағы  тауар қозғалысы шектеулі  болады. 

2. Жекелеген елдерде өндірілген  кейбір тауарлар дүниежүзілік  тауар айналымына мүлдем түспей  қалады, яғни бұл нарықтардағы  тауар қозғалысы өте шектеулі  болады.

 

3. Ұлттық нарықтарда ұлттық  бағалар  белгіленеді. 

3. Бұл нарықта «дүниежүзілік  бағалар»  деген ерекше баға жүйесі белгіленеді.

 

4. Ұлттық нарықтардың  монополизациялану  мүмкіндіктері  бар. 

4. Халықаралық нарықта   монополизациялану  мүмкіндігі  төмен дәрежеде болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 сурет - Дүниежүзілік нарықтың  түрлері

 

 

 

 

 

Халықаралық сауданың формалары

 

 

 

Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің саудасының жиынтығы.

 

Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге болады.

 

Халықаралық сауданың формалары  төмендегідей жіктеледі:

аукциондар және аукциондық сауда;

биржалық сауда;

халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;

машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;

қарама-қарсы сауда;

шекаралық сауда.

 

Енді осы  формалардың  әрқайсысына сипаттама  берейік:

 

Аукцион дегеніміз  алдын  ала көруге қойылған таурларды  белгілі  бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Халықаралық сауда теориясы