Халықаралық сауда теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........
1.2 Халықаралық сауданың саясаты,түрлері
2. Халықаралық сауда субьектілері.............................................................
2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................

Файлы: 1 файл

Халықаралық сауда.docx

— 81.57 Кб (Скачать)

 

 

Көрсеткіштер 

 

1.Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 

1,1

 

2.ЖІӨ, адам басына шаққанда (млн.$) 

1275

 

3. Экспорт, млн.$ (ТМД елдерінен) 

6230 (3472)

 

4.Импорт, млн.$ (ТМД елдерінен) 

4261 (2964)

 

5. Импорт ЖІӨ-ге % есебінде 

-20,2

 

6. Экспорт ЖІӨ-ге % есебінде 

29,6

 

7. Сауда сальдосы, млн.$ 

1969

 

8. Төлем балансына дефицит 

-1,8

 

9. Инфляция 

30

 

10. Жұмсысыздық деңгейі, % 

4,1

 

11. Орташа жалаққы (АҚШ  $-ы) 

101,8

 

 

 

 

 

Қазақстанның  басқа елдерде экспортының үлес саламғы 5 кестеде көрсетілген.

 

 

 

5 кесте. Экспорт үлесі

 

   

1994 

1995 

1996

 

Барлығы (млн.$) 

3230,7 

4974,4 

6230,4

 

Оның ішінде ТМД 

1905,2 

2801,3 

3671,6

 

%-тік қатысы 

58,97 

56,31 

58,93

 

Дамушы елдер 

635,5 

949,4 

1226,4

  

19,67 

19,09 

19,68

 

Дамыған елдер 

690 

1223,7 

1332,4

  

21,36 

24,6 

21,39

 

 

 

 

 

Таблицадан  көріп отырғанымыздай ТМД елдердің үлес мөлшері көпшілік орынды алады, яғни 1996 ж. 58,93%.1997 жылы көбейіп келеді (62% құрайды.)

 

Қазақстан Республикасынының  жалпы сырқы сауда айналымы 1996 ж. 10491,7 млн. $ (1995 жылғы деңгейлермен салыстырғандағы 120%), оның ішінде экспорт  – 6230,4 млн. $ (125%), импорт – 4261,3 млн. $ (113%). Оның ішінде негізгісауда серіктестері Россия (49%), Украина (3%), Өзбекстан (3%).

 

Ал алыс шетелдердің  сырқы  сауда айналымындағы үлес салмағы  мынадай: Еуропа елдері 23%, Германия (4%), Нидерланды (35%), Ұлыбритания (3%), Қытай (5%), Оңтүстік Корея (2,5%).

 

Ал дамыған  капиталистік елдер мен экспорттың үлесі 1996 ж. 21,39%-тен аспай отыр. Бұл  елдермен сыртқы саудабайланыстары  қалыптасу  үстінде. Импорттың құрылымында  тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шикізаттар басым. Ал, экспорттық саясат көбінше шикізат және жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр. Жақын жылдардағы республика тарапынан экспортты және импортты реттеумәсалесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс. Экспорт пен импорттың гографисына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екенін байқауға болады, ол өздігінен республика экономикасына зиянын тигізеді. Бақылаудығ нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуына және валюта құраладарының ағылуына төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды.

 

1. Батыс пен  Шығыс  транспорттық тораптарының  болмауы. 

 

 Барлық  транспорт  торабының Россия арқылы  өтуі.

 

 Қазақстанның  негізгі  шикізат ресурстарынан  тұтынатын  Еуропа елдері болып  отыр, ал оған жеткізу жолдары   қымбатқа  түсуде.

 

2. Қазақстан  дүниежүзілік нарықта экспорттық  өнімдердің маркетингтік зерттеулер  жүргізе алмауында, сондықтан да дүниежүзілік нарықтың конкъюнктурасына  бағынышты болып өзінің толық бағытта экспорттық саясатын  жасай алмай отыр.

 

3. Өндірістің  дайын бұымдары өздерінің төмен  деңгейімен және технологиялық  нашар дамуымен дүниежүзілік  нарықта бәсекеге түсе алмайды.  Сондықтан әлемдік дайын бұйымдар  нарығында өздерінің алатын орнын  табу қиын болып отыр.

 

4. Қазақстан  сыртқы  экономикалық қызметті  ұымдастыру  тәжірибесінің аздығы, сондықтан  да көптеген қателіктер   жіберуінде. Қолға не түссе соны  арзанға сата беру экспорттық  саясат емес. Экспортер өзіне  ұзақ мерзімге және сенімді серіктес іздеуі қажет. Жасалған  контрактілер ұзақ мерзімге және  әлемдік нарықта болашақ конъюнктурасына сай болуы керек.

 

5. Қазақстанның  әлемдік нарықта бет-бейнесі әлі қалыптасқан жоқ. Қазіргі кезде фирмалар артық төлеуге дайын,  бірақ өнім шығарушы нақты,  тұрақты, сапалы өнімнен қамтамасыз  етуі қажет. Ал, Қазақстан ондай мүмкіншілігі қазірше жоқ.

 

6. Қазақстан  дүниежүзілік  нарықта өнімнің  кей түрлерінен  монополиялық  жағдайда тұрғанымен, сол салалар  айтарлықтай дамымаған. Соған  байланысты күрделі валюталық  операциялар түспейді.

 

7. Әлемдік  шикізат  нарығы өндірушілер арасында  бөлініп алынған, онда бос «сәкі»  жоқ.Бұрынғы Одақ елдері өздерінің экономикасын қайта құрып жатқанда, тауар өндірушілер дүниежүзілік  нарықта өздерінің орнын алып  алған.Қазір жаңа орын іздеу,  оның жолын табу керек. Ол  өте күрделі міндет.

 

8. Қазіргі  технологиялық  процесстер алғашқы  шикізатты  пайдалануды қысқартып  келеді, сондықтан да шикізат  нарығына  сұраныс азайып келеді.

 

9. Қазақстан  технологиясы  артта деген атақ  қалыптасып  қалған, сондықтан да  жаңа технологияның өзі әлімдік  нарықта арзан болуы мүмкін.

 

10. Қазазстан  сауда  және тариф жөніндегі  бас  ассоцияға (ГАТТ) және басқа   Халықаралық сауда ұымдарына   мүше емес, сондықтан да бірқатар  жеңілдіктер жоқ. Әлемдік нарық  халықаралық транссұлтық кооперацияларға  бөлінген, олар басқа жақтан келген «саудагерлерді» кіргізбеуге тырысады, олардың бар, оны білу және бағыну қажет.

 

 

 

2.2Халықаралық экономикалық  қатынастар  жүйесіндегі халықаралық   сауда

 

 

 

Халықаралық сауда - әртүрлі  мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

 

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан  дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен  тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге  болады.

Әлеуметтік жағрапиялық  факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың  шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

Табиғи экономикалық факторлар  – табиғи климаттық жағдайлар, жер  шаруашылығы құралдары, табиғи кен  байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі  әр түрлі болуымен анықталады.

Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

 

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді  нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Сыртқы сауда - тауарды  әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

 

Халықаралық сауданың тиімділігін  бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда  климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.

 

Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде боладыХалықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

 

 «Римдік шарттардың»  күшіне  енуінен бұрын Батыс  Еуропада  ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек. 

 

 Еуропалық еркін сауда  ассоциациясы  кең экономикалық  және саяси  интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның  жеке құқықтық реттеулері  жоқ  және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

    Алдағы ұзақ  жылдар  болжамында Батыс серіктестер   Қазақстан  экспортындағы әдеттегі  өнімдерінің экспорттындағы қызығушылығы  осы қалыпта болады деп айту  қиын. Себебі ондай шикізаттар  өздерінде де жеткілікті (мысалы, көмір, қара, металл, астық т.б.).

 

      Ал Шығыс  серіктестерге  келсек, олар керісінше  болашақта  Қазақстанның әдеттегі  экспорттық  өнімдерін алуға қызығушылығы  артады, себебі бұл аймақта индустриализацияның  сондай сатысында тұр. Оларға  құрылыс материалдары, отын, металл, т.б. ресурстар қажет. Бірақ  бұл жерде де транспорт проблемалары  тұр. Импорттық саясат тек халықтың  күнделікті қажатін өтеу және  өндірістің қызметін бақылау  ғана емес, сондай-ақ экономиканы  күшейту, оның тиімділігін және  бәсекелесу қабілеттілігін арттыру.  Жақын жылдардағы импортты ұтымды  ауыстыру бағыттары, импортты  айырбастау өндірістерін ұйымдастыру  (жартылай шикізат, басқа да  материал түрлері). Ол өнімдер  импорт өнімдерінің бағасына  қарағанда аз шығындармен өндірулері  тиіс.      

 

 

 

Консорциумға  кіретін қатысушылар өзінің заңдылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты  қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.

 

Консорциум  лидері басқа мүшелердің оған берген өкілетілігі шегінде әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен  күрес жүргізу үшін және оларды бірлесе  отырып орындау үшін құрылады.

 

Консорциум  тапсырыс беруші адам алдында бірлескен  жауапкершілікте  болады.

 

Консорциумға  қатысушы көп  жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі  шегінде мүліктік жауапкершілікте  болады, ал қалған сома басқа қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойынша өзара  пропорционалды түрде бөлінеді.

 

Сауда үйі  – күрделі  құбылыс болып табылады. сондықтан  оның мәнін ашу үшін ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту керек:

 

 

 

 

 

Қазақстанның  егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында  халықаралық  экономикалық қатынастар ғылымын қолға  алып, оны оқуды  жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып  отыр.

 Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.

Информация о работе Халықаралық сауда теориясы