Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:51, курсовая работа
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Кіріспе .................................................................................................................4
І Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары.............................6
ІІ Қазіргі халықаралық сауда және дамыған, дамушы елдердегі
сауда саясаты....................................................................................................10
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары.............................................................................................22
І\/ Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі....................25
Қорытынды......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31
Мазмұны
Кіріспе
..............................
І
Сауда жүйесінің мәні,
негізгі түрлері мен
құралдары.....................
ІІ Қазіргі халықаралық сауда және дамыған, дамушы елдердегі
сауда
саясаты.......................
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты
бағыттары.....................
І\/
Халықаралық сауданың
артықшылығы мен
келешегі....................25
Қорытынды.................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.
І. Сауда жүйесінің
мәні, негізгі түрлері
мен құралдары
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни «Солтүстік-Оңтүстік», «Солтүстік-Оңтүстік», «Оңтүстік-Оңтүстік».
«Солтүстік-Оңтүстік» жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік» жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
- сыртқы сауда саясаты жөнінде;
- халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.
Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан, кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса дифференцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірістң, фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.
Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.
Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарын таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады. Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардың өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.
Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде жүруі тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап
айтқанда, кедендік саясаттың болашағы
зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті
жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы
мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының
құрамдас бөлігі болып табылатын салалар
еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде
күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық
саясаттың құралдары «даму локомотиві»
болып қызмет ете алатын салалардың дамуына
бағытталуы мүмкін.
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.
Әлемдік нарықтың динамикалық өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
-
кейбір салалардың дамуын
-
егер белгілі бір саланың
1) кедендік қорғау;
2)
қаржылық және фискальдық
3)
қолайлы жағдайлар мен
Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).
Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.