Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:51, курсовая работа
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Кіріспе .................................................................................................................4
І Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары.............................6
ІІ Қазіргі халықаралық сауда және дамыған, дамушы елдердегі
сауда саясаты....................................................................................................10
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары.............................................................................................22
І\/ Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі....................25
Қорытынды......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31
ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД – БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД – халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.
Сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштері
Біздің республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму үстіндегі мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнатты, бұрынғы әріптестермен қатынастарын қайтадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты.
Қазақстанның сауда әріптестері қатарында еуропалық елдермен қатар, азия өңірінің, Америка, Африка және Австралия елдері де бар.
1997 жылдан бастап елдің сыртқы саудасының географиясы шалғай шетел елдерімен байланыстарды кеңейту бағытына қарай өзгергені байқалады. Достастық елдері арасында және ТМД-дан тыс елдер арасындағы экспорт көлемінің пайыздық арақатынасы да айтарлықтай өзгерді. Шалғай шетел елдерімен саудадағы экспорт белсенділігінің қарбалас кезеңі 2000 жылға тура келді. Бір уақытта 2000 жылы ТМД елдері арасындағы негізгі сауда әріптестері болып табылатын барлық елдерге экспорт көлемі айтарлықтай ұлғайтылды.
2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 5 есеге өсіп, 45201,5 АҚШ долларын құрады (2008 жылы өсім - 37,5%). Экспорт операцияларының өсу қарқыны 1999 жылы 10%-ға, 2000 жылы 50%-ға көтерілгеннен кейін 2008 жылы 38,6% құрады. 2008 жылы сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт операциялары көлемінің көтерілуі ықпал етті (1-сурет).
2008 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының 167 әлем ел-дерінде сауда серіктестері болды (2000 жылы - 146 елде). 2008 жылы ҚазақстанныңТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 12200,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 19,4%-ға көтеріл-ді, оның ішінде экспорт - 4066,8 млн. АҚШ долларына (1%-ға төменде-ді), импорт - 8133,9 млн. АҚШ долларына (33%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымында Ресей Фе-дерациясымен жасалатын сауда жетекші роль атқарады, ол бұрынғы тарихи қалыптасқан процестердің арқасында Қазақстанның негізгі сауда әріптесі және қазақстан өнімінің негізгі тұтынушысы болып табылады.
Әлемдегі
басқа мемлекеттермен сыртқы сауда
айналымы 33000,8 млн. АҚШ долларын құрады
және 2007жылмен салыстырғанда 45,6%-ға көтерілді,
соның ішінде экспорт - 23782,2 млн. АҚШ доллары,
48,6%-ға көтерілді, импорт - 9218,6 млн. АҚШ
доллары, 38,3%-ға көтерілді (1-кесте).
Сыртқы сауда айналымының серпіні
2-кесте
Сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштері
өткен жылға %-бен
2000 | 2005 | 2010 | |
Тауар айналымы | 133,3 | 145,4 | 137,5 |
ТМД елдері | 136,7 | 162,7 | 119,4 |
ТМД-дан тыс елдер | 128,4 | 137,0 | 145,6 |
Экспорт | 162,5 | 150,1 | 138,6 |
ТМД елдері | 153,9 | 154,7 | 99,3 |
ТМД-дан тыс елдер | 174,4 | 148,5 | 148,6 |
Импорт | 106,9 | 137,9 | 135,8 |
ТМД елдері | 121,9 | 170,3 | 133,0 |
ТМД-дан тыс елдер | 83,4 | 112,5 | 138,3 |
1-диаграмма
Қазақстан Республикасы экспортының тауарлық құрылымы
2010
3-кесте
ТМД елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының серпіні
млн.АҚШ доллары
Елдің атауы | 2000 | 2005 | 2010 |
Барлығы | 5250,2 | 8812,2 | 27849,0 |
Соның ішінде | |||
ТМД елдері | 2883,5 | 2336,7 | 4066,8 |
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ | 2535,3 | 1882,2 | 3329,7 |
Беларус | 54,2 | 19,9 | 26,5 |
Қырғыстан | 74,9 | 58,3 | 225,5 |
Ресей Федерациясы | 2365,8 | 1751,4 | 2927,2 |
Тәжікстан | 40,4 | 52,6 | 150,6 |
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНАН ТЫС ЕЛДЕР | 348,2 | 454,5 | 727,0 |
Әзірбайжан | 23,1 | 46,8 | 129,1 |
Армения | 0,2 | 4,1 | 43,1 |
Грузия | 0,3 | 7,7 | 52,0 |
Молдова | 2,5 | 1,1 | 52,5 |
Түрікменстан | 47,5 | 7,1 | 17,3 |
Өзбекстан | 153,1 | 133,5 | 242,6 |
Украина | 121,5 | 254,2 | 200,4 |
2-диаграмма
Қазақстан
Республикасының 2010
жылғы негізгі әріптес
елдер бөлінісіндегі
экспорты мен импорттың
құрылымы
Экспорт Импорт
Қазақстан
Республикасының 2010
жылғы негізгі тауарлық
топтар бойынша экспорты
мен импортының құрылымы
Экспорт
Импорт
АҚШ-тың сауда саясатының ерекшеліктері. Сауда саясаты сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты болатыны белгілі. Мұндай өзара байланыстың мазмұндылығы – сыртқы сауданың американдық экономикаға елеулі түрде әсер етуімен анықталған.
Тиісінше, сыртқы саудалық саясатты анықтайтын құрамдас бөліктер ішіндегі сыртқы саудалық емес, жалпы-шаруашылық сипаты бар инфляциялық экономикалық дамуды атап өту керек.
Дегенмен, сауда саясатының автономдылығы: инвестициялауға ынталандыруды күшейту, еңбек өнімділігін арттыру, инфляцияны әлсірету сияқты саясаттарды толықтырады. Экономикалық қайта өркендеудің мұндай саясаты президент Р. Рейганның басқаруы кезінде орын алған еді, ал саудалық тапшылық оның дамуы жолындағы «тежегіш» болды, АҚШ сөрелерін шетел тауарларының «ағылып келуі» бәсекені күшейтті. Мұндай жағдайға дәстүрлі емес салалар тап болды. Олар нарық пен жұмысшы күшінің жойылуына тойтарыс бере алмады. Аталған жағдай АҚШ қоғамын «тебіренте» алмады. АҚШ-тың демократиялық партиясы мұндай сұрақты бірінші рет қозғап нәтижесінде оны шешуге беделді республикаларды қосты. Бұл кезең заңдарға протекционистік ұсыныстардың ағылып келуін интенсивті дамытумен сипатталады.
1984
жылы АҚШ Үкіметі Тарифтер
мен сауданың Бас келісімдері
(ТСБА) шеңберінде халықаралық
Тиісінше, 1985 жылы Р. Рейган әкімшілігі сыртқы сауда балансындағы тапшылықты төмендеудің арнайы шараларын жасады және төмендегі шаралардан тұратын нақты бағдарламаны ұсынды:
а) сыртқы нарықтағы әділетсіз бәсекені ығыстыру жолымен американдық экспорт үшін қолайлы жағдайларды жасау;
ә)
американдық экспортты
б) доллар бағамын төмендету мақсатында валюталық нарықтардағы операцияларды Батыс серіктестерімен бірігіп басқару.
Американдық үкімет ірі Батыс мемлекеттеріне күшті қысым көрсетті.
Ондағы
мақсат – осы мемлекеттерде
Осы мезетте Р. Рейган әкімшілігі демпингпен және патенттік құқықтарды бұзумен күресті күшейте отырып, халықаралық саудадағы АҚШ-тың мүдделерін қорғауды күшейту бойынша жоба дайындады.
Р. Рейган мынаны атап өтті: «егер американдық еркін саудаға ықпал етуде күмәнданатын болса, онда ол баршаға зиян келіп, күйрейді». Бұл айтылғанды тек қана теориялық абстракция деп есептеген басқарушы органдар мен кәсіподақ қозғалысы арасында бұл жайт резонанс тудырды.
Үкіметтің
бүкіл сыртқы экономикалық доктринасы
күмәнданды, өйткені еркін саудаға
ықпал ету елдің толық
Сонымен қатар, американдық экономистердің басым көпшілігі тікелей протекционизмдік үгіттеуді (жариялауды) жоққа шығарды.
Осының
салдарынан, американдық экономикада
сауданы жүргізу әдістерін
Елеулі пікірталастар нәтижесінде осы кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:
-
әділ сауда терминінің кең
түрде түсіндірілуін қатаң
-
30-жылдары Тарифтер мен сауда
бойынша Бас ассоциацияның
-
американдық үкіметтің сыртқы
экономикалык саясатын
АҚШ-тың агрессиялы сауда тұжырымдамасы саудалық соғыстардың күшеюін айқындады.
Тиісінше, АҚШ «шетелдегі жабық есіктерді ашу үшін» сауда санкцияларын қолдануды қолға алды. Рейган мырза бұл санкцияны соңғы құрал ретінде қолданылатынын атап өтті. Бірақ көптеген экономистердің пікірі бойынша, сауданы ырықтандырудың мұндай жолдары қарама-қарсы шектеуші шарттарды туындата отырып, бүкіл әлемде оған қарсы күресін (конфронтация) күшейтуі мүмкін.