Халыкаралык сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:51, курсовая работа

Краткое описание

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

Оглавление

Кіріспе .................................................................................................................4
І Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары.............................6
ІІ Қазіргі халықаралық сауда және дамыған, дамушы елдердегі
сауда саясаты....................................................................................................10
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары.............................................................................................22
І\/ Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі....................25
Қорытынды......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31

Файлы: 1 файл

Курсовой Халыкаралык сауда.doc

— 520.50 Кб (Скачать)

    Әкімшіліктің  жаңа тұжырымдамасы елеулі түрде  елдің өнеркәсіптік саясаты проблемаларымен  байланысқан.

    Дегенмен, американдық өндіріс еркін сауда  саясатын көздей отырып, осы саясаттың  бірқатар құралдарын қолданады.

    Оның  дәлелі ретінде көптеген шетел мемлекеттерінің  өнеркәсіптік саясаты қарастырылады, яғни ол саясат кезінде ұлттық өнеркәсіптің жекелеген салаларына жасанды қолдау көрсетіледі.

    Шетелдік  мемлекеттердің Үкіметі өз компанияларының  салыстырмалы артықшылығын субъективті түрде қалыптастыратындығын атап өту керек. Тиісінше көптеген ғалымдар мен ірі өнеркәсіпшілер жеткілікті деңгейдегі теңдік кезінде бәсекелестік жағдайларын талап етеді. Бұл жағдайда АҚШ-тың Сауда палатасы ерекше орын алды, олардың айтуынша Үкіметтік көмекке емес, нарықтарға арқа сүйеу керек.

    Бұл жүргізілген сауда саясаты нәтижесінде  сыртқы нарықтардағы, соның ішінде ғылыми өнімдер нарығындағы АҚШ  үлесінің едәуір темендегені анықталды.

    Бұл кездегі факторларды қалыптастырушылар:

    • бір жағынан, әлемдегі елдерді АҚШ  деңгейіне тартатын жаңа тауар өндірушілердің туындауы;

    • екінші жағынан, АҚШ-тағы инвестициялаудың төмендеу жағдайында экономиканың жеткілікті түрде жоғары қарқынмен дамуы.

    Осыдан, АҚШ Президенті жанындағы экономикалық кеңесшілер Кеңесі «Американдық өнеркәсіп құрылымын анықтауда Үкімет рөл ойнауы тиіс пе?» деген сұрақ қойып отыр.

    Оның  мынандай салдары болуы мүмкін: протекционизмнің күшеюі, орталықтандырылған жоспарлау, жемқорлық элементтерінің туындауы, мемлекеттік сектордағы кереғар жағдайлар.

    Сондықтан сыртқы сауда саясаты бойынша  АҚШ-тың Ақ кітабында – Үкіметтің  өнеркәсіптің бейімделу сипатына, нарық  талабына және әлемдік шаруашылықгың  құрылымдық өзгерістеріне қатынасы — саясаттын ең маңызды элементтерінің бірі болып қарастырылады.

    АҚШ-тың  билеуші органдарының пікірінше, жетекшілікке қол жеткізу үшін әлемдік шаруашылықтың  шешуші салаларындағы үстемдік тұғырды  сақтап қалу керек.

    Осылайша, әкімшіліктің ресми қадамдары оның тактикалық әдістеріне үнемі да сай  келе бермейді.

    Нарықтық  күштерге сүйенудің заңды екендігін  анықтай отырып, кейінгі бағдарламалық  құжаттарда «Өнеркәсіптік саясат»  термині қарастырылмаған.

    Бірқатар  экономистер мен сауда өкілдерінің  пікірінше, кейбір салаларды әлемдік  нарықтан шығарып тастау табиғи процесс болып табылады.

    Соның арасында әлемдік саудадағы тенденцияларды ескере отырып, Үкімет экономикаға өте көп араласуда және АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшыларының бірінің пікірі бойынша, АҚШ-тың Еуропамен және Жапониямен экономикалық келіспеушілігі осымен анықталады.

    Сол сияқты, әлемдегі бәсекенің шиеленісуі мен сауда балансының нашарлауына қарамастан, экспортқа жағдай жасаудың шешуші қадамдарының қабылданбай жатқандығын түсіндіру керек. Сыртқы саясаттын бағыттарынан шығатын экспортерді марапаттау:

    - қолайлы сауда-саяси режимдерді қалыптастыра отырып, жанама әдістермен шешілуі тиіс.

    Мұны  түсіндіретін жайттың бірі мынау: яғни АҚШ ішкі нарықтағы пассивті қадамдарды сақтау кезінде шетелдік кедергілерді алып тастайды.

    Кедергілерді  жою саясаты американдық экспорт жолында тұрған салаларға қатысты болады. Осы мәселелерді шешу және экспорттық экспансияның тиімділігі үшін американдық үкімет қолайлы жағдайларды туғызу үшін күрес жүргізеді:

    • жеке меншік капиталдың сыртқы экономикалық қызмет үшін;

    • көп жақты, екіжақты, аймақтық аспектілер негізінде көпсалалық компаниялар үшін.

    Осылайша, сыртқы сауданы ырықтандыру әдістеріндегі  даму жөніндегі деректі атап көрсетуге  болады (әрбір елмен автомашинаны салықсыз сату жөніндегі келісімі, Жапониямен импортты шектеу – «Серілік келісімдер»).

    АҚШ-тың  сауда-саяси стратегиясында Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясы шеңберінде келіссөздерді ұйымдастыру ерекше орын алады.

    70-жылдар  аяғындағы болжам бойынша, таяудағы 10 жыл қызмет көрсету саласында,  яғни көрінбейтін саудада 90% көлемінде  жаңа жұмысшы күшінің орны құрылады. Бұл сала халықаралық бақылау саласынан тыс қарастырылады.

    Тиісінше, Д.Картер Токио раунды келіссөздері кезінде қызмет саудасындағы ырықтандыруды  күшейту жөніндегі сұрақты ерекше атап өтті. Өйткені халықаралық еңбі бөлінісінде американдық экономиканың жаңа орны, яғни тауар өндіруші емес, қызметтерді өндіруші ретіндегі рөлі анықталды.

    Бірнеше жылдан кейін, американдық үкімет Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясы шеңберіндегі келіссөздерді ғылыми тауарлардың  халықаралық саудасы шартымен байланыстырды.

    Өйткені 80-90-жылдар аралығында ресурстың ең тапшы түрі - технология болып саналды.

    Көптеген  мемлекеттерде бұл сала өзінің дамуына  үкіметтің араласуын қажет деп  тапты.

    Жоғарыда  айтылғандар негізінде мынандай қорытынды жасауға болады: АҚШ-тың бәсекелестік артықшылығы саласының біртіндеп тарылуы салдарынан, 1986 жылдың аяғында ТСБА-ның Уругвай раундына 92 ел қатысты, ол көпжақты келіссөздердің бастамасы болып табылады.

    Күн тәртібіндегі мәселелер іс жүзінде американ экономикасының мақсатты қалыптасуы сұрақтарына қатысты болды. Осы уақытта АҚШ экономикалық тәуелсіздік алған елдерден тікелей тарифтік жеңілдіктерді төмендетуін талап етті.

    Кейінгі кездерде американдық экономика  ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша  келіссөздерде американ экспортының төмендеуі проблемасын қойып отыр. АҚШ-тың сыртқы сауда саясатында әлемдегі, ең алдымен Еуропалық Одақтағы аграрлық протекционизмнің күрделі жүйесін бұзатын құралдардың бар екендігін атап өту керек.

    Бұл сұрақта әр түрлі келіспеушіліктер болды. Американдық саясат Еуропалық саясатты ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын бірлестікке айналдыру мысалы ретінде қарастырады.

    Бірақ АҚШ-тың сыртқы сауда саясатындағы көптеген сәтсіздіктер іс жүзіне аспады.

    Бұл жердегі сұрақ: билотеральдық келісімдерді қолдануда АҚШ-тың саясаты.

    Шын мәнінде, бұл келісімдер белгілі  бір дәрежеде Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясына деген сенімді  әлсіретті. Осы ассоциацияның Бас  директорының бірі былай деп айтып өтті: бұл ұйымның жұмысындағы көп нәрсе американдық сауда саясатының қандай бағытты қабылдағанына тәуелді болып келеді.

    Экспортқа ықпал етуі бойынша мемлекет қызметін сипаттай отырып мынаны атап өту керек, яғни экспортты кеңейту жолдары  экспорттың өзін шектемейді. Дегенмен, экспорт сыртқы экономикалық саясаттың басым мәселелерінің бірі болып табылады.

    Саясаттың бағдарламалық элементтерінің дамуы  төмендегі шараларды қалыптастырады:

    • қызмет бойынша келіссөздер;

    • префекция бағдарламаларын ұзарту шаралары;

    • Израильмен еркін сауда аймағын  құру шаралары;

    Осы өзгерістер барысында сауда шектеулерін үш кезеңге бөлу қажеттілігі туындады:

    • дискриминациялық (құқылығын шектеу);

    • негізсіз (дәлелсіз);

    • ақылға сыйымсыз.

 

     ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының басты бағыттары 

    Қазақстанның  егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

    Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.

    1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен  салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген  болса, 1996 жылы 4,5 пайыз ғана төмендеді.  Бұл тенденция 1997 жылы және  одан әрі де сақталады деп  күтілуде;

    2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 пайыз болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.

    3. Өндірістің құлдырауы тежеліп,  макроэкономикалык ахуал барынша  тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 101,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны – 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалык өсуге қол жеткізілді.

    4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде  ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі  154,5 пайыз болса, кейінгі жылдарында  едәуір өседі деп күтілуде.

    Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған  сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктаға бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажетгігі туындап отыр. Солардың ішінде:

    - облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы (сауда режимі) экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау қүқығын алу қажет;

    - барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;

    - экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

    Қазақстанның  сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы  орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерілін ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

    Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндетгері тұр.

    Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті.

    Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді бағалап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшеліктері оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

    Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы басқарушы органы – Министрлер конфершциясы. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік әрбір қатысушы мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді. БСҰ - бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейлінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым. «Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселісінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

    Сауда капиталы қанау процесінің шеңберін ұлғайтады. Оның өзгесіне тек өнеркәсіп жұмысшылары ғана емес, қолөнершілер және интеллегенцияның басым көпшілігі ұшырайды. Сауда капиталы еңбекшілерді қосымша тонаудың өткір құралы. Жалдамалы еңбек халық даналығындағы «Жығылғанға жұдырық» дегенге осы жерде тап болды-ау.

Информация о работе Халыкаралык сауда