Халыкаралык сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:51, курсовая работа

Краткое описание

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

Оглавление

Кіріспе .................................................................................................................4
І Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары.............................6
ІІ Қазіргі халықаралық сауда және дамыған, дамушы елдердегі
сауда саясаты....................................................................................................10
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары.............................................................................................22
І\/ Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі....................25
Қорытынды......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31

Файлы: 1 файл

Курсовой Халыкаралык сауда.doc

— 520.50 Кб (Скачать)

    Осы жағдайда белгілі бір таңдалған  құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.

    Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша  параметрлермен шектелген және қол  жеткен мақсат бойынша әлсірейді  не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.

    Осы кезде дамыған елдердің халықаралық  экономикалық ұйымдары тарапынан болатын  протекционистік режимдер өзіне  қатысты қарама-қайшы күштерда сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.

    Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының  тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.

    Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі  ұлттық мүмкіндікті талдау; оның  ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

    Төлем балансының тең болмауы, экспорт  тиімділігінің төмендеуі жағдайларында  протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.

    Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады. 
 

 

    ІІ  Қазіргі халықаралық  сауда және дамыған, дамушы елдердегі сауда саясаты 
     

    Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

    Американ  ғалымы Дж.Скастың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

    Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

    Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

    Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар  айналысы.

    Сыртқы  сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

    Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», - деп жазған.

    XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

    Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар  әсер етеді:

    1. халықаралык еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

    2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

    3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

    4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

    5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

    6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

    7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

    Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының  әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

    Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

    Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

    Бәсекеге  қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы  төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.

    Женевада  өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты  мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

    Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.

    Дамушы  елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді. 

    1-кесте

Мемлекеттер Экспорт

млрд. долл.

Дүниежүзілік  саудадағы үлесі – %
1. АҚШ 512 12,3
2. Алмания 421 10,1
3. Жапония 397 9,5
4. Франция 236 5,7
5. Ұлыбритания 205 4,9
5. Италия 189 4,5
7. Канада 165 4,0
5. Гонконг 152 3,7
9. Голландия 148 3,6
10. Бельгия (Люксембург) 131 3,1
11. Қытай 121 2,9
12. Сингапур 96 2,3
13. Оңтүстік Корея 96 2,3
14. Тайвань 93 2,2
15. Испания 73 1,7
 

    XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2015 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

    Өнеркәсібі  дамыған елдер арасындағы халықаралық  еңбек бөлінісінің теңдігі олардың  өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін  азайтады.

    Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр. 

    Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар  және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда  қалыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-жағрапиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

    Дүниежүзілік  сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде енеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-дан 1/3-ға дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ға өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.

    Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және нау-хау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ын құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд доллар болса, 80 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллардан асты.

    Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу) инжиниринг (инжаерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.

    Халықаралық саудада «жаңа индустриялды елдер» (Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен рөл атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатына орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары екі еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. XV-XIII ғасырларда негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларық яғни катаң протекционизмді қолданды. Ұлттык өнеркәсіп өнімдерінде тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.

    Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы  қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге мәжбүр етті. «Еркін сауда» саясатының негізін Р. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер біртіндеп «еркін сауда» саясатына көше бастады.

    Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен қорғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.

    Халықаралық сауда – экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.

    ГАТТ  – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінін, саны 2001 жылы 90-ға жетті.

Информация о работе Халыкаралык сауда