Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:51, курсовая работа
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Кіріспе .................................................................................................................4
І Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары.............................6
ІІ Қазіргі халықаралық сауда және дамыған, дамушы елдердегі
сауда саясаты....................................................................................................10
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары.............................................................................................22
І\/ Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі....................25
Қорытынды......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31
Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы керек.
Халықаралық сауданың артықшылықтары
Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.
Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.
Саудадағы кейбір түбегейлі артықшылықтар
Қайсыбір елдерде, басқа жақта өндіруге болмайтын нәрселер өндірілуі мүмкін. Мысалы, жылы климаты мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты, Флоридада бадайға қарағанда апельсин өсірген тиімді. Ад Канзаста керісінше, апельсинге қарағанда бидай өсірген тиімді. Флоридадағы және Канзастағы адамдарға апельсин де, бидай да керек, сондықтанда әр елді мекендегі фермерлер бір өнімді шығаруға маманданып, соңынан артықтарын бір-біріне сатады. Әрине, Канзастағы фермерлер арнайы жылы жердер жасап, онда апельсиндер өсіруі болар еді. Дәл сол сияқты Флориданың өзінде де бидай өсіруге болады. Алайда, ол екі жаққа да қымбатқа түсер еді. Сондықтан да, әр елді мекеннің қайсыбір өнімге маманданып, соңынан бір-бірімен алмасқаны екі жаққа да тиімді болады. Сол сияқты кез-келген өндіріс саласы үшін, бір аймақ белгілі бір өнімдерді өндіргенге бейім болып, екіншісі басқа өнімге ыңғайлы болады. Ал енді кейбір аймақтың табиғат ресурстары, ысылған мамандары, дамыған көлік желісі қайсыбір саладағы тауарлар мен қызмет көрсетулер орындауға ыңғайлы болады.
Әрбір мемлекеттегі ерекше жағдайлар оларға қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулер жасауда артықшылықгар беріп, оларды өндіруден үлкен пайда табуға жағдай жасайды. Егер қайсыбір елдің кәсіпорнына белгілі бір өнімді шығару, басқа өнімге қарағанда тиімді болатын болса, онда ол түбегейлі артықшылық деп аталады.
Әлем саудасындағы салыстырмалы артықшылықтар
Жоғарыда аталғандай барлық елдердің түбегейлі артықшылығы бола бермейді. Алайда, олардан басқа елдер де халықаралық саудада өздерінің салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланып қатыса алады. Қайсыбір елдің белгілі бір өнімді шығаруда салыстырмалы артықшылығы бар дейді, егер осы өнімді өндірудің құны, басқа елдермен салыстырғанда төмен болатын болса, алайда, оны ұғыну қиындау болады, соған қарамастан келесі мысал арқылы түсіндіріп көрейік.
Дороти Диксон заң колледжінде оқып жүріп, сабақтан бос уақытында шаштараз болып жұмыс істеп жүрді. Ал, қазір жоғары жалақы алатын заң қызметкері болғанымен, егер қаласа маман шаштаразда жұмыс істей алар еді. Алайда, Доротидің үш баласы шаштарын жақын жердегі шаштаразға алдырады. Дороти бұл тұста, шаштараздың қызмет көрсетулеріне төлеген ақшадан оның өзінің клиенттеріне сол уақытта көрсететін қызметі үшін табатын ақшасы артық болатынын ескеріп, өзіне тиімді шешімді қабылдап отыр. Міне, осы шешім салыстырмалы артықшалықтарды ескеріп қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Дороти үшін оның өзі заң жұмыстарымен шұғылданып, басқаларға балаларының шашын алғызғаны тиімді.
Әлемдегі барлық елдер өздерінің салыстырмалы артықшылықтарының ең үлкен мөлшерлі салалары бойынша маманданып тауарлар және қызмет көрсетулер өндіріп, халықаралық сауда жасайтындығын салыстырмалы артықшылық заңдары түсіндіріп бере алады. Әрбір жеке елдер өздерінің жақсы шығаратын заттарын өркендете өндіргеннен барлық елдер ұтысты болады, өйткені тек осындай жағдайда ғана артық еңбек, қаржы және табиғат ресурстарының шығынынсыз көп мөлшерде тауарлар және қызмет көрсетулер өндіруге болады.
Еркін сауданың артықшылықтары
Елдер арасындағы еркін сауданы қолдаушылар (ешқандай шектеулерсіз) оның келесідей артықшылықтарын атайды:
1. Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифы осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаштан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халықаралық сауда үшін де осындай қатынаста болады.
2. Қайта койылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларды қабылдауға алып келеді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдаушы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін қолданылып, оны шетел бәсекелестігінен қорғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға төлейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.
Халықаралық саудадағы кедергілер
Жоғарыда аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.
Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отандық өнімдерден, қымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.
Импорт үлесі. Бұл импортқа кететін қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулердің аты мен санына қойылатын шектеулер. Бұл шектеулерде қолдаушы тарифтер сияқты ұлт өнеркәсібінің белгілі бір салаларын жекелей шетел бәсекелестерінен қорғау болады. Мысалға, 1980 жылдары АҚШ үкіметі Жапониядан импортқа келетін автокөліктер үшін осындай шектеулер енгізген болатын.
Басқа шектеулер. Аталғаннан басқа да елдер арасындағы сауда еркіндігін шектейтін бірқатар әрекеттер бар. Оларға мысал ретінде экспорт субсидияларын айтуға болады. Бұл экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарға өнімдерін шетелдерде төменірек бағамен сатуы үшін берілетін ақшалай жәрдем. Шетелдегі тауарлардың осы елдің өзінің нарығындағы бағадан кем бағада сатылуы демпинг деп аталады. Халықаралық саудаға шектеу жасайтын тағы бір нәрсе «былықшылық» деп аталады. Бұл жағдайда мемлекеттік ережелер мен тәртіптерге сүйеніп, кеденнен өтетін тауарлардың құжаттарының толтырылуы әуре-сарсаңға айналдырып, көпке созылады.
Қорытынды
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.
1.
Теңгенің тұрақтылығының
2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 2000 жылдың орта шенінде жылдық 75 пайыз болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 2001 жылы 30 пайыз болды.
3.
Өндірістің құлдырауы тежеліп,
макроэкономикалык ахуал
4.
Экспорт өнімдері тұрақты
Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
ХЭҚ-тің негізгі нысаны — халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.
Соңғы
онжылдықтарды ғылыми-
Қазақстанның
егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар
Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық
ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын
халықаралық сауда қарым-
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.
Ғаламда қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында: “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілес жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қбілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. ” деп атады.
Сонымен қатар, еліміздің
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
Алматы: 2005 ж.
Алматы: 2004 ж.