Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 10:16, доклад

Краткое описание

Халықаралық сауданың классикалық теорияларын сөз етпестен бұрын, халықаралық сауда ұғымын анықтап алғанымыз жөн.
Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Файлы: 1 файл

эссе классикалық теория халықаралық экономика2.doc

— 118.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының білім  және ғылым министрлігі

 

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы

 

 

 

 

ЭССЕ

 

 

 

халықаралық Экономика пәнінен

 

Тақырыбы: Халықаралық сауданың классикалық теориялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012

 

 

Халықаралық сауданың классикалық  теорияларын сөз етпестен бұрын, халықаралық сауда ұғымын анықтап  алғанымыз жөн.

Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық  сауданың теориялық  түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды  жасау меркантелизм  доктринасы болып табылады. Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантелистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүрді деп есептелген.

Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Өз елінен өнімді шығару арқылы, соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп,  сән-салтанат заттарын әкелуге тиым салынады.

Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шетел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртықы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.

Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып, еуропалық  ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.

Меркантелистер пікірі бойынша  байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбәр ұлтқа  басқа елдердің үстем болу үшін мықты  экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін  қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрады: өндірістік сектор, ауылшаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудаген экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылады.

Елдің байлығын алтын мен күміс  мөлшерімен бағаланғандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойыншағ, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту  үшін мынадай шаралар жүргізу  керек:

      • оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
      • сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып,  импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
      • шикізаттың шығарылуына тиым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру;
      • отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тиым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тиым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.

Меркантелистер халыаралық сауда  теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші  болып оның елдің экономикалық өсуіндегі  мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.

Меркантелистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы иөлем балансына сипаттама берді. Меркантелистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар дбайлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртық саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.

Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық  саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға  арналған атақты «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана емес, сатып алуда тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауғы тырысты. Әдебиетте оның тәсілі абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.

А.Смит идеясын  жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы  болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:

1 шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.

2 шарт. Бұл елдерде тек тауар өндіріледі

3 шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.

4 шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).

5 шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.

6 шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.

7 шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем тиімділігі).

8 шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.

9 шарт. Екі елмен екі салада жетілген бәсеке орын алады.

 

Кесте 1.

Абсолютті артықшылықтар моделін  қарастырайық

 

Мемлекет А

Мемлекет В

Тауар S

3 сағат

12 сағат

Тарар Т

6 сағат 

4 сағат


 

1 кестеде нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А еліне қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің S тауарын шығаруда абсолютті артықшыллықа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі керісінше S тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізінде сауда орнын алады. (кесте 1)

 

Кесте 2

 

Мемлекет А

Мемлекет В

Бүкіл әлем

Тауар S

+2 дана

-1 дана

+1 дана

Тауар Т

-1 дана

+3 дана

+2 дана


 

  Бұл жағдайда егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған 6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша данасын шығаруға болады.

Жалпы алғанда қосымша ресурстарды  пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S тауарының әлемдік өндірісі бір данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға ұлғаяды.

XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының  саудасы басым болып, А.Смиттің  осы теорияны жасауына себеп  болды. Шындығында цитрустарды Англияда емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтарымен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.

Кесте 3

 

Мемлекет А

Мемлекет В

Тауар S

3 сағат

12 сағат

Тауар Т

6 сағат

4 сағат


 

А.Смит бір елдің барлық тауар  бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды (таб 2.3). Оны өзінің «Саяси экономия бастамасы мен салық салу» (1819) еңбегінде Давид Рекардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.

Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparafive advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар) бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары кесте 4 келтіріпген.

Кесте 4

 

 

Англия

Португалия

п/мата

100 жұмыскер/жыл

90 жұмыскер/жыл

п шарап

120 жұмыскер/жыл

жұмыскер/жыл


Кесте 4 таблицасынан көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (т) Португалдық шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше Ю.О ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.

Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға қарағанда 67 % (80/120 хЮО ) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне - 90% (90/ 100x100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны өндіру мен экспорттау тиімді болып табылады.

Д.Рикардо өз моделінде өндірілетін  тауарлар (шарап пен мата) мөлшерін өзгеріссіз алып, оларды өндіруге кететін жұмыс уақыты шығындар айырмашылығын қарастырады. XX ғасырда бұл тәсіл альтернативті шығындар (немесе орнын басу шығындары) ұғымы негізінде өзгешеленеді.

Бұл талдауға тағы бір  шартты енгізейік:

10 шарт. Әрбір елдегі технологиялар  мен факторлар саны өзгеріссіз.

Енді салыстырмалы басымдылық принципін осы тұрғыдан қарастырып көрейік. Д.Рикардо мысалындағы кейбір бастапқы шарттарын қолданайық: екі ел ( Англия, Португалия) және екі тауар (шарап пен мата) бар. Англиядағы 1м2 матаны өндіру үшін 100 сағат жұмыс уақыты, ал 1 л шарапқа - 120 сағат қажет дейік. Англия осы жылы 220 сағат жалпы жұмыс сағатына ие болсын. Сөйтіп Англияда 2200 м. мата (220 мың сағ/100 с), немесе 1833 л шарап (220 мың с/120 с) немесе екі тауарлар осы шектердегі кез келген арақатынасында өндірілуі мүмкін.

Португалияда жалпы жұмыс  сағатының мөлшері 170 мың сағатқа  тең. 1м2 матаны өндіруге - 90 сағат, ал 1 л шарапқа - 80 сағат қажет. Сөйтіп Португалияда 1899 мата ( 170 мың с/90с) немесе 2125 л шарап (170 мың с/80 с), немесе екі тауар осы шектеріндегі кез келген арақатынасында өндірілуі мүмкін.


       



 


Сурет 1. Өндірістік мүмкіндік шекаралар Англия мен Португалия өндірістік мүмкіндік шекаралары көрсетілген.

Англияда 1м2 мата 4/5 литр шарап көлемінде тұрса, Португалияда ол 6/5 л шарапқа тең. Бұл салыстырмалы бағалар Англия мен Португалия арасында сауда жоқ деп есептелгендіктен, автаркиялық деп аталады. Егер де транспорт шығындарын қарастырмай, екі ел арасындағы саудада ешбір кедергі жоқ болса, Англия өзінде салыстырмалы бағасы төмен матаны Португалияға сатып, Португалия өзінде салыстырмалы бағасы төмен шарапты Англияға сатады.

Информация о работе Халықаралық сауданың классикалық теориялары