Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 10:16, доклад
Халықаралық сауданың классикалық теорияларын сөз етпестен бұрын, халықаралық сауда ұғымын анықтап алғанымыз жөн.
Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Осындай сауда, екі жабық рыноктардағы әр түрлі бағалардың орнына бірдей әлемдік баға орнауына әкеледі. Мысалы, 1м мата 4/5 пен 6/5 литр шарап арасында әлемдік баға қалыптасады. Мысалға оны 5/5 немесе 1 деп алайық. Осы баға бойынша мата Англияда да, Португалияда да сатылады. Енді Англияда шарап өндірушілерінің пайдасы төмендеп, мата өндірушілерінің пайдасы жоғарылайды. Осының нәтижесінде шарап өндірісі қысқарып, мата өндірісі ұлғаяды. Португалияда жағдай керісінше дамиды.. Осының бәрі Англияның матаға, ал Португалияның шарапты өндіруі мен экспорттауға мамандануына әкеледі.
Сөйтіп, еркін сауда әр елдің
өндірісінің салыстырмалы артықшылыққа
ие тауарлардың дамуы мен
Бұл жағдай шындықтан алыс болғандықтан, талдауымызға енді пайдаланбаймыз. Шындығында, орнын басу шығындарының тұрақты жағдайында, әр ел өзі ие салыстырмалы артықшылықты тауар өндірісіне маманданса, сыртқы сауда да пайдасын максималды ұлғайта алады. Бірақ шын өмірде ол бола бермейді. Барлық елдер өздерінің тұтынуы үшін тауардың бір бөлігін өндіріп, бір бөлігін шеттен әкеледі.
1991 жылы американ экономисі М.
Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы.
М.Портер бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі сала, яғни тауар өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ бәсекелестер болып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік стратегияны тандауына екі басты жағдай әсер етеді:
1.Фирманың іс-әрекеті бәсекелестік ерекшеліктері
бар.
Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі
фактор (М-Портер бойынша күштер) әсер
етеді.
1) жаңа бәсекелестерінің пайда болуы.
2) орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы.
3) жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі.
4) сатып алушылардың саудаласу мүмкіндігі
5) бар бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас)
Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға, фирма шығындарына, капитал болуына және т.б. жағдайларына әсер етеді.
Әрбір саланың өз құрылымы болады. Мысалға фармацевтикалық өнеркәсіпте жаңа бәсекелестердің пайда болуы өте сирек, ал ішкі бәсеке баға негізін де емес, ғылыми зерттеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты. Жоғары бағалар тұтынушыларды қорқытпайды, ал жеткізушілер оларға қатты әсерін тигізбейді. Орнын баса алатын тиімді өнімді жасау өте қиын және оған көп уақыт қажет болады.
2.Фирманың салада алатын позициялары (орны). Фирманың саладағы позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығымен анықталады. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылықка ие болса, өз қарсыластарынан озады. Ол үшін:
1)Төменірек шығындар. Бәсекелестеріне қарағанда ұқсас тауарды жасау, өндіру мен сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын мүмкіндігі.
2)Тауарлар дифференциациясы (бөлшектеу). Фирманың тауардың жоғарырақ сапасы, немесе ерекше тұтыну қасиеттері немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетудің кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелестерге қарағанда жоғары өнімділікті береді.
Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір манызды фактор - бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған мақсаттар ауқымы.
Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару, сатудың қай каналдарын пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсету, әлемнің қай аймақтарында өз өнімін сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу қажеттігін шешуі керек.
Салалар бөлектенген, сондықтан, фирма бәсеке сферасын таңдау барысында ауқымды бағытта ма, рыноктың бір бөлігіне ғана нысаналап бәсекелесетінін шешуі қажет.
Сурет 2 фирманың сала ішінде позицияларын анықтауда пайдаланатын негізгі типтік стратегиялар көрсетілген.
Бәсекелестік артықшылық | |||
Төмен шығындар |
Дифференциация | ||
Бәсекелесу аумағы |
Кең нысана |
Шығындарды үнемдеу есебінен үздік шығу |
Дифференциация |
Тар нысана |
Шығындарға барлық көңілді бөлу |
Диффернциация |
Сурет 2.Стратегия типтері
Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар артықшылыққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек.
Бәсекелестік артықшылыққа фирма
өз іс-әрекетінің жекелеген түрлерін
ұйымдастыру мен орындау
Фирма құндылықтарының тізбегі - бір іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі басқа іс-әрекетті түрлерінің тиімділігі немесе құнына әсер етуінен пайда болған байланыстар негізіндегі іс-әрекет түрлерінің жүйесі. Осы байланыстарды басқару бәсекелестік артықшылықтардың шешуші негізі болуы мүмкін.
Фирмалар өз саласында бәсекелесудің жаңа түрлерін тауып, онымен рынокқа шықса бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді.
Бәсекелестік артықшылыққа жетудің жаңа түрлерінің пайда болу себептеріне:
Жоғарыда бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы және ішкі рынокқа бірдей дәрежеде қолданылуы мүмкін. Соған қарамастан, халықаралық бәсекенің ерешеліктері бар.
М.Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрлерін өзгешеледі.
• көп түрлі ұлттық (multido mestic) салалар. Халықаралық
ауқымда ондай сала ұлттық салалар жиынтығы болады да және
елде бәсеке әр түрлі өтуімен сипатталады.
Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес.. Мысалға жинақ банктер саласын келтіруге болады;
• глобалды салалар, ол әлем бойынша бір
бәсекелесу аймағы
болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда
бәсекелестік артықшылыққа жету өте
маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние
жүзінде пайдалану мумкіндігі
туады. Осы салаларда көптеген
елдерде сатылуға арналған бір тәсілді
қалыптастыратын және
пайдаланылатын глобалды стратегия қажет.
Көп ұлтты компания-
лардың өмір сүруі глобалды стратегиясы
барын көрсетпейді, өйт-
кені көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы
компаниялар филиалдары
жеке дара жұмыс істейді. М.Портер глобалды
стратегияда
бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі
жолын көрсетеді.
1. Іс-әрекет конфигурациясы. елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін іс-әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.
Бір елде өндірістік іс-әрекеттің түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынокқа шығу жүзеге асырылады.
Іс-әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер бойынша таңдалады:
Үйлестірудің (координация) өзі бәкеселестік артықшылық болып табылады, өйткені ол әр түрлі жерде алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның арқасында фирмалар рыноктағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік алады.
Бәсекелестік артықшылық детерминанттары.
Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсініледі. Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы процесті ынталандыруда тұрғылықты мемлекет маңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет (страна базирования) - бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия әзірленетін ел.
М.Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің 4-қасиетін көрсетеді.
Фирмалар
стратегиясы
Сурет 3. Елдің бәсөкөлестік артықшылығының детерминанттары
Бұл детерминанттар, әрқайсысы бөлек және бәрі бірге жүйе ретіндө осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын қалыптастырады.
Елдердің қандай да бір салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның серпінді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен к.атар ол фирмалардың алдына күрделі міндеттер қоя отырып, колда бар бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтар іздеуге мәжбүр етеді. Елдер ұлттық "ромб" өзара күшейетін, яғни әрбір детерминант басқаларына әсер ететін салаларда немесе олардың бөліктерінде (сегмент) табысқа жету мүмкіншілігіне ие.
Жоғары бәсекелестік қабілетіне жету үшін ішкі рыноктағы күшті бақталастық өте маңызды орын алады.
Информация о работе Халықаралық сауданың классикалық теориялары