Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:22, курсовая работа
Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр
КІРІСПЕ
3
1
ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1
Пластикалық карточкалар және оның түрлері
5
1.2
Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы
9
2
ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
Қазақстанда пластикалық карточканы қолдану негізінде электрондық банктік қызметті дамыту тәжірбиесі
12
2.2
Пластикалық карточканың халықаралық есеп айырысу жүйелерімен қарым – қатынас жасауы
15
2.3
2009 – 20010 жылдардағы Қазақстан банктерінің пластикалық карточкалармен есеп айырысуын талдау
20
3
ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Карточкаларды пайдаланудағы қиындықтардың орны
24
3.2
Карточкаларды пайдалануды жетілдіру жолдары
26
ҚОРЫТЫНДЫ
29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы кағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу кұжаттарын өткізу макеатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптьшық Қылмыстық кодекстің 207-бабында белгіленген. Қылмыстың тікелей объекті — төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп кұжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдык катынас-тар. Қылмыстың заты — төлем және есеп карточкалары, бағалы қағаз болып табылмайтын өзге есеп айырысу құжаттары.
Төлем және есеп карточкалары банктегі ағымдағы есеп, банк ашқан банк клиенттеріне берілген төлем кұжаттары болып табылады. Өз есеп құжаттарына (бағалы кағаз болып табылмайтын) — түрлі аккредитивтер, авизо, төлем тапсырмалары және осыларға тенестірілген заңмен белгіленген құжаттар жатады.
Қылмыстың(субъективіті нышанына мына нысандардағы іс-өрекеттерді жасау арқылы сипатталады: 1) жалған төлем және есеп карточкаларын дайындау; 2) осы заттарды өткізу. Қылмыстың объективтік жағының бұл белгілерін Қылмыстык кодекстің 206-бабына талдау жасағанда толық ашып кеттік. Қылмыс осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Өйткені бұл қылмыс формальдық құрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсат — жалған төлем карточкаларын, өзге есеп құжаттарын дайындау немесе өткізуді басшьшыққа ала отырылып істеледі. Қылмыстың субъекті 16-ға толған, кез келген адам.
Осы баптың 2-тармағында алым немесе есепке алу бақылау маркалары. Акциз жанама салықтың бір түрі. Көбінесе көпшілік қолды тұтыну тауарларын, сонымен бірге коммуналдык, көліктің баска да кең тараған кызметтерге салынатьш салыктың бір түрі. Ол тауар бағасынын немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді, сөйтіп ол табыс көзіне айналады. Осыған байланысты салыктың осы түрін төлегендерге акциздік алым маркалары беріледі.
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше өрекеттерді істеумен сипатталады. 1) Едәуір зиян келтіруге әкеп соқкан акцизделетін тауарлардық акциздік алым жене есепке алу — бақылау маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бүзу. Едәуір зиян он айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын соманы айтамыз; 2) акциздік алым және есепке алу — бақылау маркаларын қолдан дайындау; 3) осындай акциздік маркаларды алу; 4) сол сияқты колдан жасалған акциздік есепке алу — бақылау маркаларды пайдалану; 5) колдан жасалған акциздік есепке алу — бақылау маркаларды өткізу. Осыңца көрсетілген дайындау, алу, пайдалану, өткізу өрекеттерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 206, 207-баптарына талдау жасалғанда айтылды. Айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады. Құрылысы жағына қылмыс материалдық кұрамға жатады.. Көрінеу жалған акциздік марканы және (немесе) есепке алу бақылау маркасын еткізу мақсатында әзірлеу немесе алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (208-бап 2-тармағы).
3.2 Карточкаларды пайдалануды жетілдіру жолдары
Төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуiн қамтамасыз ету саласында төлем жүйелерiнiң тиiмдi және сенiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ету олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiнiң төлем құралдарының жаңа түрлерiн дамыту жөнiндегi шаралар қолданылатын болады.
Сонымен қатар, төлем карточкаларына қызмет көрсету және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында төлем карточкаларын қабылдау желiсiн кеңейту бойынша бiрыңғай Ұлттық желi құру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Осы Бағдарламада көзделген барлық iс-шараларды iске асыру мыналарды қамтамасыз етуге:
Мемлекеттiк органдарға:
1) ақша айналымын бақылауды күшейтудi, қолма-қол ақшаның қалтарысты айналымын азайтуды және жанама салықтар бойынша алымдардың толық болуын қамтамасыз ету;
2) едәуiр кредит ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау үшiн банктiк жүйеге жинақтау;
3) бюджет ақшасының түсуiн және пайдаланылуын тиiмдi бақылауды және тиiсiнше мемлекеттiк органдардың және құрылымдардың өкiлдерi тарапынан терiс мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн болдырмауды ұйымдастыру;
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттердегi түсiмдердi болжаудың тиiмдi мүмкiндiктерiн жасау;
5) айналыстағы қолма-қол ақша массасын (эмиссиясын) теңбе-тең ұстап тұруға байланысты шығыстарды қысқарту;
6) экономикадағы бақылаусыз ақша ағынына байланысты қылмыстың себептерiн жою;
7) халықты әлеуметтiк қолдау, әлеуметтiк жәрдемақылар, балаларға төленетiн ай сайынғы жәрдемақылар, зейнетақылар төлеуге кепiлдiктi қамтамасыз ету, халыққа қосымша қызметтер көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырған кезде қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуды ендiру мүмкiндiгiн бередi.
Екiншi деңгейдегi банктерге:
1) бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiнде жұмыс iстеу және басқа банктер эмиссиялаған төлем карточкалары бойынша халыққа, сауда-сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету;
2) клиенттер базасын кеңейту, есепке алу сапасын жақсарту;
3) халықтың қосымша ақша қаражатын тарту;
4) эквайринг қызметiн көрсетуден түскен кiрiстердi көбейту;
5) эмиссиялық-кассалық жұмысқа (ақшаны инкассациялау, өңдеу, сақтау) байланысты шығындарды қысқарту;
6) жүйеде есеп айырысуды ұйымдастырудың арнайы технологиясымен үйлестірiлген микропроцессорлық карточкалар пайдаланылатын болғандықтан қаржы залалдары мен тәуекелдерiн, жүйенi бұзуды және карточканы қолдан жасауды iс жүзiнде толық болдырмау және ақпаратты қорғау;
7) тауарларға ақы төлеу және қолма-қол ақша алу жөнiндегi жаппай операцияларды орындау кезiнде off-line режимiн пайдалануға байланысты қатысушы банктiң орталық компьютерлiк жүйесiне түсетiн күштi азайту. Терминалдық карточкалармен және банкомат карточкаларымен жасалған электрондық инкассация операцияларының қарапайымдылығы, жылдамдығы, сенiмдiлiгi, байланыс желiлерiн жүргiзуде немесе жалдауда үнемдеу;
8) микропроцессорлық карточканың, сол сияқты басқа карточқалық төлем жүйелерiнiң магниттi жолағы бар карточкасының да терминалдық жабдығында қызмет көрсету мүмкiндiгiн бередi.
Сауда және қызмет көрсету ұйымдарына:
1) төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын клиенттердiң қосымша санын тарту;
2) есепке алудың сапасын жақсарту;
3) қолма-қол ақшаның инкассациясына, сақтауға және өңдеуге кететiн шығыстарды төмендету;
4) клиенттерге жедел қызмет көрсету, авторизация жүргiзуге кететiн уақыт шығынының болмауы, қағаз құжаттарды қолмен жасау және өңдеу қажеттiлiгiнiң болмауы, жабдықтармен жұмыс iстеу үшiн мамандардың арнайы бiлiмi және дайындығы талап етiлмейтiн операциялардың қарапайымдылығы;
5) барлық жасалған төлем операцияларына сауда ұйымы әкiмшiлiгiнiң тарапынан қарапайым ыңғайлы бақылау;
6) iрi және ұсақ сауда нүктелерiнде төлем жасауға карточкалар қабылдау мүмкіндігі;
7) сол сауда терминалында қызмет көрсетуге микропроцессорлық карточкаларды, сол сияқты әдеттегi магниттi карточкаларды да қабылдау мүмкiндiгiн бередi.
Микропроцессорлық карточкаларды ұстаушы клиенттерге:
1) жоғалту, ұрлау, есеп айырысуда қателер жiберу тәуекелдерiн болдырмау, алаяқтықтан қорғауға техникалық кепiлдiк беру;
2) салым бойынша пайыздар түрiнде қосымша кiрiс алу мүмкiндiгi, мұндайда карточкадағы ақша карточқалық есепшоттың жалпы теңгерiмiне кiредi;
3) жедел сатып алу, iрi және ұсақ сатып алу жасау үшiн карточкаларды пайдалану мүмкiндігiн;
4) микропроцессорлық
карточка жоғалған кезде қаражаттың жұмсалмаған
бөлiгi банкте қалады және клиентке қайтарыла
алады;
5) карточканың көмегімен ақша аударымдарын
және есепшоттарды төлеудi жүзеге асыру
мүмкiндiгiн;
6) клиенттiң микропроцессорлық карточкасындағы транзакциялардың тiзiмi бойынша қаржы операцияларын жеңiл, ыңғайлы бақылауды, кез келген сауда нүктесiнде, банкоматта немесе банктiң офисiнде оn-linе режимiнде соңғы операциялар бойынша анықтамалар немесе карточканың көкейкесті теңгерiмi бойынша жиi қажет болатын анықтаманы алу мүмкiндiгiн;
7) өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы микропроцессорлық карточқаға қаражат салу мүмкiндiгiн бередi.
Барлық ұйымдарға:
1) қызметкерлерге кассалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды төмендету;
2) есепке алу сапасын жақсарту мүмкiндiгiн бередi.
\
ҚОРЫТЫНДЫ
Төлем карточкасы дегеніміз электрондық төлем терминалдары көмегімен қолма-қолсыз сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық карточкалар нысанындағы құжат болып табылады; төлемдер клиенттің шотынан қысқа уақыт ішінде есептен шығарылады. Мамандардың көрсетуі бойынша төлем карточкасы Қазақстандағы төлем жүйесінің болашағын білдіреді. Ол тек қолма-қол ақшаны ғана ауыстырып қана қоймайды, сонымен бірге құжаттарға да өзгерістер әкеледі (жеке куәлігі, фотография мен болатын карталарды ұсынады). Әлемде екі жарым миллиардтан астам адам тауарлармен қызмет көрсету үшін төлем карточкаларын есеп айырысу құралы ретінде пайдаланады, соңдай-ақ еңбек ақыны алу және өзге де есептеулердің құралы ретінде қолданылады, демек олар қолма-қол ақшамен есеп айырысудан әрі ыңғайлы әрі сенімді болады
Қазiргi уақытта Қазақстандағы магниттi жолағы бар төлем карточкалары негiзiндегi жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерi барлық жағымды жақтарына қарамастан, күнделiктi жасалынатын ұсақ төлемдер рыногын қанағаттандыра алмайды. Магниттi жолағы бар төлем карточкалары негізiнде, "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде сауда терминалының процессинг орталығымен тiкелей байланысы кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi) ғана жұмыс iстейтiн төлем жүйелерiн пайдалану кезiнде транзакциялар өңдеудiң жоғары құнына байланысты ұсақ төлемдерге қызмет көрсету тиiмсiз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық желiнiң даму дәрежесi авторизацияның қажеттi деңгейiн жаппай қамтамасыз ете алмайды.
Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi шеңберiнде ендiрудi және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн нақты микропроцессорлық төлем карточкасын қандай банк шығарғанына қарамастан, микропроцессорлық төлем карточкаларын жаппай пайдалану үшiн тиiстi жаәдайлар жасау және инфрақұрылым құру қажет.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құрудың мақсаттары:
- халықтың қолындағы қолма-қол ақша массасын қолма-қол жасалмайтын ақша айналымына тарту;
- қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан, халыққа,
сауда-сервис кәсiпорындарына қызмет көрсету бойынша
бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құру;
- мемлекеттiк басқаруда болашағы бар ақпараттық
технологияны жаппай пайдалануға негiзделген
жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыру;
- ақша айналымына мемлекеттiк бақылауды
күшейту;
- бөлшек төлем жүйелерiне жаңа озық ақпараттық технологияларды ендiрудi қамтамасыз ету болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы