Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр

Оглавление

КІРІСПЕ
3

1
ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ


1.1
Пластикалық карточкалар және оның түрлері
5

1.2
Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы
9

2
ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2.1
Қазақстанда пластикалық карточканы қолдану негізінде электрондық банктік қызметті дамыту тәжірбиесі
12

2.2
Пластикалық карточканың халықаралық есеп айырысу жүйелерімен қарым – қатынас жасауы
15

2.3
2009 – 20010 жылдардағы Қазақстан банктерінің пластикалық карточкалармен есеп айырысуын талдау
20

3
ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


3.1
Карточкаларды пайдаланудағы қиындықтардың орны
24

3.2
Карточкаларды пайдалануды жетілдіру жолдары
26

ҚОРЫТЫНДЫ
29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 304.00 Кб (Скачать)
 

ЖОСПАР

 
     
 

КІРІСПЕ

3

     

1

ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

 
     

1.1

Пластикалық карточкалар және оның түрлері

5

     

1.2

Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы

9

     

2

ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 
     

2.1

Қазақстанда пластикалық карточканы қолдану негізінде электрондық банктік қызметті дамыту тәжірбиесі

12

     

2.2

Пластикалық карточканың халықаралық есеп айырысу жүйелерімен қарым – қатынас жасауы

15

     

2.3

2009 – 20010 жылдардағы Қазақстан банктерінің пластикалық карточкалармен есеп айырысуын талдау

20

     

3

ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 
     

3.1

Карточкаларды пайдаланудағы  қиындықтардың орны

24

     

3.2

Карточкаларды пайдалануды  жетілдіру жолдары

26

 

ҚОРЫТЫНДЫ

29

     
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

30

     
 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр. Төлем карточкаларын аз уақыттан берi қолданатын елдердiң қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы саладағы жаңа ақпараттық технологияға кґшу жолында серпiлiс жасауына мүмкiндiгi бар.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк/кредиттiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесi iс жүзiнде кәдiмгi банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған едi. Осы жобаны iске асыру үшiн - интегралды микросхемасы - электрондық әмияны (тауарларды және қызмет кґрсетудi сатушылармен есеп айырысу үшiн пайдаланылатын және баланстарда (әмияндарда) әлi пайдаланылмаған ақша сомасы туралы деректер және басқа қажеттi деректемелер сақталатын микропроцессорлық карточка) бар төлем карточкаларын қолдану болуы керек едi.

Жобада қолма-қол электрондық  ақшаны, сондай-ақ дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдердi жүзеге асыру көзделдi. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкiндiк туғызу үшiн шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берiлдi. 

Ұлттық Банктiң банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екiншi деңгейдегi банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделдi. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екi бөлiкке бөлiнер едi: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар. 

Жоба негiзiнен сол  кезеңдегi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму деңгейiне сәйкес қажет болмады. Қазiргi кезде осы жобаны кезең-кезеңiмен iске асыру үшiн барлық алғышарттар бар. Бiрiншiден, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты. 

Электрондық қолма-қол  ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яәни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады.

Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін  көреміз. Себебі, қазіргі уақытта  пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Осыған байланысты курстық  жұмыстың мақсаты пластикалық карточкалармен есеп айырысу және оның түрлері қарастыру болып табылады. Жұмыстың мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Пластикалық карточкалар және оның түрлерін қарастыру
  • Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы қарастыру
  • Пластикалық карточкаларды айналымға енгізудің шетелдік тәжірбиесі
  • Қазақстанда пластикалық карточканы қолдану негізінде электрондық банктік қызметті дамыту тәжірбиесі
  • Пластикалық карточканың халықаралық есеп айырысу жүйелерімен қарым – қатынас жасауы
  • Қазақстан банктерінің пластикалық карточкалармен есеп айырысуын талдау
  • Карточкаларды пайдаланудағы қиындықтар мен оны шешу жолдары

Курстық жұмысты жазған кезде банктік ісі саласындағы  қазақстандық және шетелдік мамандардың  ғылыми еңбектері мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа материадары және статистикалық материалдар пайдаланылды.

 

 

 

 

 

1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың жалпы түсінігі

 

1.1 Пластикалық карточкалар және оның түрлері

 

Сөздікке сәйкес төлем карточкасы дегеніміз электрондық төлем терминалдары көмегімен қолма-қолсыз сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық карточкалар нысанындағы құжат болып табылады; төлемдер клиенттің шотынан қысқа уақыт ішінде есептен шығарылады [1, 488]. Мамандардың көрсетуі бойынша төлем карточкасы Қазақстандағы төлем жүйесінің болашағын білдіреді. Ол тек қолма-қол ақшаны ғана ауыстырып қана қоймайды, сонымен бірге құжаттарға да өзгерістер әкеледі (жеке куәлігі, фотография мен болатын карталарды ұсынады). Әлемде екі жарым миллиардтан астам адам тауарлармен қызмет көрсету үшін төлем карточкаларын есеп айырысу құралы ретінде пайдаланады, соңдай-ақ еңбек ақыны алу және өзге де есептеулердің құралы ретінде қолданылады, демек олар қолма-қол ақшамен есеп айырысудан әрі ыңғайлы әрі сенімді болады [2, 9].

«Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады. Төлем карточкасы төлем карточкасының эмитенті болып табылатын банкпен немесе ондай эмитентпен немесе эмитенттің шартынсыз төлем карточкаларын қамтитын банкпен шарт жасасқан сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарда қолданылады. Сауда (қызмет көрсететін) ұйымдардың категорияларын Үкімет белгілейді, олар Қазақстан аумағында сауда операцияларын (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру кезінде төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға міндетті. Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты төлем қатысушыларының құкықтары мен міндеттері көрсетілген төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының келісім берген сәтінен бастап пайда болады. Сауда (қызмет көрсетуші) ұйымдарда аталған ұйымның төлемді кабылдау сомасында төлем карточкаларының қызмет көрсетуі туралы ондай ұйымдармен келісім жасаған банкке қатысты ақшалай талабының құқығы пайда болады. Аталған банкте сауда (қызмет көрсету) ұйымының ақша талабын орындау міндеттілігі пайда болады.

Қазақстан Үлттық Банкі төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің жұмыс істеуінін жалпы талаптарының және төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымының қызметін белгілейді.

Қазақстанда банктердің төлем карточкаларын шығаруының бір мысалына «Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкісі» Altyn төлем карточкасын шығару, сондай-ак Қазақстанның кейбір банктерінің, мысалы «Қазкоммерцбанк» АҚ, Visa халықаралық пластикалық картасын шығару және қызмет көрсетуді жүргізетін банктердің тобына толық күқықтык мүше болып табылады. Altyn төлем карочкасы Altyn банк-эмитентінің карточкаларының және Altyn карточкасын төлеуді қабылдайтын тауарлар мен қызметтерді (онын ішінде қолма-қол беру бойынша) ұсынатын өзге де ұйымдардың, сондай-ақ жұмыс істейтін жүйені тікелей қамтамасыз ететін «Қазақстанның Халық Жинақ Банкісі» АҚ банктік карточкалар басқармасы атынан процессингтік орталық болып табылады. Altyn төлем карточкаларының қатысушынары осы төлем жүйесінің логотипімен карточкаларды шығаруды бастаған және (немесе) Altyn картасы бойынша қолма-қол ақшаны беретін кез келген банк, банкпен қызмет көрсетуге шарт жасасқан кез келген ұйым, және карточканы ұстаушы кез келген жеке тұлға болуы мүмкін.

Төлем карточкасы ыңғайлы  әрі алып жүруге қолайлы жинақ  кітапшасы түрінде болады және нақты  банкте шотка сол банкке кірмей-ақ билік етуді женілдетеді. Карточқалық шотқа еңбек-ақы есептеледі, Altyn төлемдік карточканы ұстаушының өзі арқылы қолма-қол ақша енгізіледі немесе бұл шотқа үшінші тұлғамен ақша аударылады. Қолма-қол ақшаны тәулік бойына үздіксіз жұмыс істейтін банкоматтардан алуға болады, сондай-ак коммуналды қызмет көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсету мен тауарға акы төлеуді жүргізуге болады. Сатып алу немесе қызмет керсету сомасы карточқалық шоттан автоматты түрде есептен шығарылады және тауар немесе қызмет көрсетуді ұсынған кәсіпорын шотына есептеледі.

Қазақстанның халық банкі микропроцесорлы карточкаға көшуге кірісуде, нәтижесінде бопсалауға жол берілмейді, тәуекелді басқару жетіддіріледі жәңе банктің шығыстары үйлестіріледі. Банк банкоматтардың жетілдірілген желісін, лоялти-жүйелі смарт-технологиялардың жүйесін белсенді түрде енгізуде [4, 4] (банк пен компания өзара тиімді жүйені жасайды: сауда орталықтары мен конақ үйлерде банктің карточкалар кабылда-нады, сондықтан клиентке банкке барудың кажеті шамалы, сатып алуды кейінге қалдырады, нәтижесінде банк те, коммерциялық топ та пайда табады).

Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы төлем карточкаларын шығару мен пайдаланудың Ережелерінің негізінде төлем кар-точкаларымен байланысты аталған банк қызметін реттейді.

Банк төлем карточкаларын шығаруға тек төлем карточкаларын шығаруға Қазақстан Ұлттық банкінің лицензиясы болған кезде ғана құқылы. Республика аумағында төлем карточкаларын шығару тек Қазақстанның резиденттерімен ғана жүзеге асырылады. Төлем карточкасын беру туралы шарттомендегідей талаптарды қамтиды: төлем карточкасын берудің шарты және оны пайдаланумен төлемді жүзеге асыру; адамдардың тізіміне немесе қосымша карточкалар берілетін адамдардың тізіміне сілтеме жасау (төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде әр түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде); төлем карточкасын алып кою мен тежеу салу шартта-ры; төлем карточкасының және/немесе төлем карточкасын беру туралы шарттың әрекет ету мерзімі; тараптардың жауапкершілігі.

Төлем карточкасын беру кезінде эмитент төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын қолданудың ережелерімен таныстыруға міндетті. Жеке тұлға төлем кароточкасын алған күннен бастап төлем карточкасын ұстаушы болып табылады. Төлем карточкасын оның ұстаушысы алғанын құжатта оның койған қолы дәлел бола алады, немесе төлем карточкасын оның үсатушысы алғанын сезсіз дәлелдейтін өзге де куәлік болады. Жеке тұлғаларға бірнеше косымша төлем карточкаларын эмитент пен клиент арасында төлем карточкасын беру туралы жа-салған шарт негізінде беруге рүксат етіледі. Әр түрлі жеке тұлға-ларға косымша төлем карточкаларын беру кезінде косымша төлем карточкасын ұстаушы мен клиент арасындағы езара қарым-қатынас, егер төлем карточкасын беру туралы шартпен өзгеше кезделмесе, аталған клиенттің талаптарына сәйкес белгіленеді. Эмитент айналымға түскен оларға берілген төлем карточкаларының реквизиті бар төлем карточкаларын тізілімге енгізуі тиіс. Тізілімдегі берілген карточкалардың қосымша акпа-ратының болуы мен аталған тізілімді жүргізудің нысанын эмитент оз бетінше аныктайды.

Банктік болып табылатын  карт-шоттарды ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Ұлттық Банкісі арқылы реттеледі. Карт-шот теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын барлық төлемдер (карт-шоттағы клиенттің ақша сомасы көлемінде де, сонымен қатар эмитент ұсынған заем сомасы шегінде де) карт-шотта көрсетіледі. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру үшін заемді беру эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шарты негізінде жүзеге асырыла-ды. Төлем карточкасын беру және карт-шотты ашу кезінде ара-лас шарт жасауға жол беріледі, онда төлем карточкасын телеу туралы шарттың, банк шотының және/немесе банктік заем шартының элементтері болады.

Заемді берудің тәртібі  мен мерзімі эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартымен белгіленеді. Төлемнің бір карт-шотында эмитент пен клиенттің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілген төлем карточкаларының бір немесе әр түрлі жүйелерінің бірнеше төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемнің бір карт-шотында көрсетуге рүқсат етіледі. Занды тұлға - Қазақстанның резидентімен ақшаны шетеддік валютамен карт-шотқа салу не одан алу (әрі карай - занды тұлғанын карт-шоты) Республика аумағынан тыс жерге жолсапарға немесе өкілдік шығындарды жүзеге асыру максатында ғана және резидент еместерге еңбекақы төлеуге рұқсат етіледі. Занды тұлғаның карт-шотына ақшаны шетелдік валютамен енгізуге, сондай-ақ оның көрпоративтік төлем карточкасын пайдалану кезінде пайда болған берешекті жабу үшін жол беріледі. Занды тұлғаның карт-шотына шетелдік валютамен ақша аудару тек уәкілеті банкте ашылған аталған занды тұлғаның валюталық шотынан ғана жүзеге асырылады. Қазақстанның занды тұлғасы - резиденті өзінің карт-шотына ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін ақшаны жонелтуші банкке Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге көрпоративті төлем карточкасын ұстаушының жолсапары туралы бұйрықты және өзге де растайтын құжаттарды, немесе резидент емеске төленетін еңбекақыны растайтын құжаттарды, не көрпоративті төлем карточкасын пайдалану кезінде пайда болған берешекті растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Өзінің карт-шотын толықтыру үшін занды тұлғаның - Қазақстан Республикасы резидентінің шетеддік валютаны иеленуі не тек Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге жолсапар мен екілдік шығыңдарды төлеу мақсатында және резидент еместерге еңбекақы төлеуге жол беріледі.

Информация о работе Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы