Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:22, курсовая работа
Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр
КІРІСПЕ
3
1
ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1
Пластикалық карточкалар және оның түрлері
5
1.2
Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы
9
2
ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
Қазақстанда пластикалық карточканы қолдану негізінде электрондық банктік қызметті дамыту тәжірбиесі
12
2.2
Пластикалық карточканың халықаралық есеп айырысу жүйелерімен қарым – қатынас жасауы
15
2.3
2009 – 20010 жылдардағы Қазақстан банктерінің пластикалық карточкалармен есеп айырысуын талдау
20
3
ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Карточкаларды пайдаланудағы қиындықтардың орны
24
3.2
Карточкаларды пайдалануды жетілдіру жолдары
26
ҚОРЫТЫНДЫ
29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Төлем карточкасын пайдалану арқылы шетелдік валютаны сатып алу төлемді сатылған шетелдік валютаны банктің бағасы бойынша сатып алынған шетелдік валютаның сомасына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады. Эмитент заңнама талаптарына қайшы келмейтін, оған берілген төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер сомасына шектеуге қоюға қүқылы. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асырғаннан кейін төлем карточкасын ұстаушыға сауда чегі немесе төлем карточкасын пайдалану аркылы төлемді жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатының (жапсырма парақтың) данасы берілуі тиіс. Сауда чегінде томендегідей реквизиттер болуы тиіс: құжаттың номірі, оныңжазылған күні, айы және жылы; кәсіпкердің немесе эквайердің атауы (коды); төлемнің сомасы мен валютасы; төлем карточкасының реквизиттері. Сауда чегінде косымша реквизиттер болуы мүмкін.
Төлем карточкасын пайдалану арқылы Қазақстан Ұлттық Банкісімен лицензиялауға жататын валюталық операциялар бойынша төлемді, сондай-ақ тиісті құжаттар (шарт, келісім-шарт, келісім және т.б.) негізінде Қазақстан Республикасы кеден шекара бекеті аркылы тауарлардың өтуін қарастыратын экспорттық-импорттық операциялар бойынша бес мың американдық доллардың эквивалентінен асатын сомаға төлемдерге жол берілмейді. Белгіленген талаптарды сақтауға бақылау жасау уәкілетті банктерге жүктеледі. Уәкілетті банктің талабы бойынша клиент банққе төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылған валюталық төлемдер бойынша растайтын құжаттарды ұсынады. Құжаттарды ұсыну мерзімін уәкілетті банк белгілейді, бірақ ол 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Уәкілетті банк төлем карточкаларын пайдалану арқылы валю-талық операцияларды жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, уәкілетті банк ондай бұзушылықты анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті материалдарды тіркей отырып, ондай бұзушылықтар туралы Қазақстан Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.
Төлем карточкасын пайдалану аркылы төлемді жүзеге асы-ру кезінде жасалған төлем құжаты төмендегідей жағдайларда, егер: Ережелермен белгіленген талаптар, және/немесе төлем құжаттарын жасау мен ұсыну тәртібіне тиісті шарттардың тәртіптерін бұзушылықпен жасалса; қолдан жасау белгілері болса; төлем санкцияланбаған не санкцияланған болып, бірақ төлем құжаты эмитентке төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерін бұзушылықпен ұсынылса, қабылдауға жатпауы мүмкін.
Эмитенттің немесе эквайердің төлем құжатын атқарудан бас тартуы оны алған күннен бастап үш күннен қалдырмай жүзеге асырылады. Төлем карточкасының ұстаушысы төлем карточкасын пайдалану арқылы сатып алынған тауардан немесе қызмет көрсетуден бас тарткан жағдайда, төлем карточкасының ұстаушысына кәсіпкердің ақшаны қайтаруы төлем карточкасы ұстаушысының пайдасына қолма-қолсыз төлеммен жүзеге асыру жолымен жүргізіледі. Ондай төлемді жүзеге асырудың нысаны мен тәсілі төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерімен белгіленеді. Егер төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне орай кәсіпкердіңтөлем карточкасын ұстаушыға ақшаны қолма-қолсыз төлеммен жүзеге асыру мүмкіндігі көзделмеген болса, ақшаны қайтару қолма-қол ақшаны пайдалану аркылы төлемді жүзеге асыру жолымен жүргізіледі.
Карт-шоттан ақшаны кателікпен алып қою немесе карт-шот-тан ақшаны Қателікпен есептеу анықталған кезде немесе санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда клиент бұл туралы эмитентке дереу хабарлауы тиіс. Төлемді жүзеге асыру және төлем құжатын атқарумен байланысты төлем карточкалары жүйесінің қатысушылары арасындағы талап қою заңнамамен және олардың арасында жасалған шарттармен белгіленген тәртіпте шешіледі.
Төлем карточкаларын пайдалану аркылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжаттары негізінде ақша аударымдары Қазақстан заңнамасының және төлем карточкалары жүйесі қатысушыларының арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Төлем құжатын төлеудегі кідіріс үшін Қазақстан заң актілерінде және төлем карточкалары жүйесінің катысушыларының жасаған шарттарында козделген жауапкершілік болады. Кәсіпкердің пайдасына төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылған төлемдер бойынша түскен ақшаларды эквайердің есепке алудың тәртібі мен мерзімі олардың арасында жасалған шартта белгіленеді. Егер аталған шартпен кәсіпкерге ақша есептудің тәртібі мен мерзімі көзделмеген жағдайда, эквайер кәсіпкер пайдасына ақшаның түскені туралы жазбаны және/немесе кәсіпкер пайдасына ақша-ның түскен күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен калдырмай кәсіпкердің шотына салуға міндетті. Республика шегінен тыс жерге ақша аударымын жүзеге асырған кезде төлем құжатының атқаруға ұсыну мерзімі төлем карточкалары жүйесінің қатысушылары арасындағы жасалған, онымен төлем жүзеге асырылған, шарттармен және төлем карточкаларының аталған жүйесінің ішкі ережелерімен белгіленеді. Кәсіпкер, егер Республика заннама актілерімен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан-ның эквайер-резиденті еместің қызмет көрсетуін пайдалануға қүқылы емес.
Төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлем, егер төлемді жүзеге асыру кезінде төлем карточкасы блок жасалмаса, оның әрекет ету мерзімі отіп кетпесе және төлем карточкасын онын ұстаушысы төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес, сол арқылы төлем жүзеге асқан. төлемді жүзеге асыру үшін пайдаланған болса, санкцияланған болып табылады. Төлемді санкцияландырылу талаптары бұзы-лумен және қолдан жасалған төлем карточкаларын пайдалану-мен жүзеге асырылған төлем санкцияландырылмаған болып табылады.
Төлем карточкасын жоғалту, ұрлату немесе немесе санкция-ландырмай пайдалану туралы хабар күшіне енгеннен кейін санк-цияландырылмаған төлемді жүзеге асырған эмитент клиентпен араларында жасалған шартта көзделген тәртіпте санкциялан-дырылмаған төлемді жүзеге асырумен байланысты зияндарды оған етеуге міндетті.Эмитент санкцияландырылмаған төлемді жүзеге асырумен байланысты болған зиянды клиентке, егер клиенттің (төлем карточкасын ұстаушыны) санкцияландырыл-маған төлемді жүзеге асыруға катысқаны немесе оны жүзеге асыруға жәрдемдескені анықталса, өтеуге міндетті емес. Санкцияландырылмаған төлемді жүзеге асырғаны үшін төлем карточкалары қатысушыларының жауапкершілігі заңнама актілеріне және төлем карточкалары жүйесінің катысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес айқындалады. Санкция-ландырылмаған төлем үшін клиенттің жауапкершілігі төлем карточкасы беру туралы шартпен белгіленеді және ол төлемді жүзеге асыру үшін эмитенттің комиссияларын есепке алумен қатар санкцияландырылмаған төлемнің сомасынан артпауы тиіс. Егер төлем карточкасында оның әрекет мерзімі көрсетілмесе, ондай төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырыл-ған төлем үшін жауапкершілік оның әрекет ету мерзімі басталғанға дейінгі немесе оның аяқталғаннан кейінгі мерзімде, эми-тентке жүктеледі, бұл эмитент пен клиент арасында жасалған шартта көзделуі тиіс.
Эмитент мынадай жағдайларда төлем карточкасын блоктауға қүқылы: төлем карточкасын ұстаушыдан төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияландырылмай пайдаланғаны туралы хабарды алу; төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын беру туралы шартта козделген оз міндеттемелерін орындамауы; төлем карточкасын пайдалану ережелерін бұзу; клиенттің карт-шотындағы ақшаға тыйым салу, немесе Қазақстанның заңнамасына сәйкес клиенттің карт-шоты бойынша шығыс операцияларын токтатып кою. Төлем карточкасының жоғалуы, ұрлануы немесе санкцияландырмай пайдалануы туралы хабарламаның мерзімдері мен тәсілдері, соңдай-ақ аталған хабарламаның күшіне ену мерзімі төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерімен және төлем карточкасын беру туралы шартпен белгіленеді. Егер төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерімен және төлем карточкасын беру туралы шартпен төлем карточкасының жоғалуы, ұрлануы немесе санкцияландырылмай пайдалануы туралы хабарлама күшіне ену мерзімі белгіленбеген болса, онда аталған хабарла-маны эмитент немесе ондай хабарламаны кабылдауға құқылы төлем карточкалары жүйесінің өзге катысушы алған сәттен бастап күшіне енеді.
Эмитент төлем карточкасын оны ұстаушыдан томендегідей жағдайларда алып коюға күқылы: төлем карточкасының әрекет ету мерзімінің аякталуы; төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкаларын беру туралы шартта козделген өз міндеттемелерін орындамауы; төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдаланудан бас тартуы; төлем карточкасын беру туралы шарттың бұзылуы.
Ереже эмитенттің клиент талабы бойынша оның өзіне беріл-ген төлем карточкасын пайдалану аркылы жүзеге асырылған төлемдер туралы акпаратты құрайтын жазбаны ұсынуға міндетті. Жазба қағазға басылған түрінде немесе электронды нүсқада ұсынуға тиіс және томендегідей ақпаратты қамтиды: төлем карточкасынын реквизиті; есепті кезеңнің бастапкы және соңгы күні; төлем карточкасын пайдалану арқылы әр төлемнің жүзеге асырылуы сомасы мен мен күні; төлем карточкасын пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асыру үшін клиенттен ұсталған комиссияның молшері. Жазбада сонымен қатар эмитент пен клиенттің арасындағы шартпен және/немесе төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерімен белгіленген қосымша ақпарат қамтылуы мүмкін. Клиентке берілетін жазбада эмитентті нақты айқындайтын реквизиттер болуы тиіс. Белгілі бір жүйенің төлем карточкаларын немесе төлем карточкаларының жаңа түрін шығарудың басталған немесе аякталған күнінен бес жұмыс күні ішінде эмитент жазбаша түрде бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті. Ондай хабарламада мыналар көрсетілуі тиіс: төлем карточкаларын шығарудың басталған немесе аякталған күні; төлем карточкалары жүйесінің атауы; төлем карточкасының түрі (магниттік жолақпен, интегральды микросхемалы, құрамалы немесе өзге түрі). Банк Қазақстан Ұлттық Банкіне Қазақстан Ұлттык Банкімен белгіленген нысан мен мерзім бойынша шығарылған және қызмет көрсететін төлем карточкалары туралы мәліметтерді ұсынады. Эмитент Ережелердін талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкаларын шығаруға лицензияны тоқтатып қоюға немесе кері қайтарыл алуға қүқылы.
2.3 2009 – 20010 жылдардағы Қазақстан банктерінің
пластикалық
карточкалармен есеп айырысуын талдау
2010 жылдың 1 қарашасы жағдайы бойынша Қазақстанда
төлем карточкаларын шығаруды 20 банк және
«Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.
Қазіргі кезеңде республика банктерімен
8,5 млн. төлем карточкалары шығарылды,
ал осы карточкаларды ұстаушылардың саны
7,9 млн. адамды құрады. 2009 жылдың сәйкес
мерзімімен салыстырғанда карта ұстаушылар
санының өсуі 14,1%-ды құрады, ал айналымдағы
карточкалар санының өсуі сәйкесінше
– 13,7%. Ең көп таралғаны халықаралық карточкалар
болып табылады, олардың үлесі 97,9%-ды құрайды,локальды
(ішкі) карточкалардың үлесі сәйкесінше
– 2,1%. 2010 жылдың қазан айында пластикалық
карточкаларды пайдалану операциялары
санының артуы жалғасты. Қолма-қол ақша
алу, аудару, төлеу, сатып алу кезінде есеп
айырысу және бас-қалар бойынша операциялар
көлемдері 294,6 млрд. теңгені құрады (2009
жылдың қазанымен салыстырғанда 24,2%-ға
артты). Сонымен бірге қолма-қол ақшасыз
төлемдер саны-ның өсуі 19,8%-ды, ал қолма-қол
ақша алу бойынша операциялар 24,8%-ды құрады.
Көрсеткіштер |
01.04.09 |
01.04.10 |
Айналымдағы карточкалар саны(мын бірлік), |
6 969.9 |
7 837.1 |
* жергілікті жүйе карточкалары |
166.5 |
163.7 |
* халыкаралық жүйе карточкалары, онын ішінде: |
6 803.4 |
7 673.4 |
Visa International |
5 406.7 |
6 275.3 |
Europay International |
1 390.3 |
1 389.8 |
Карточка ұстаушыларының саны (мын адам), |
6 547.1 |
7 386.7 |
* жергілікті жүйе карточкалары |
158.6 |
155.9 |
* халыкаралық жүйе карточкалары, оның ішінде: |
6 388.5 |
7 230.8 |
Visa International |
5 068.8 |
5 883.1 |
Europay International |
1 313.4 |
1 339.5 |
Қолданылған карточкалардың саны (мын
бірлік), |
3 251.8 |
3 731.2 |
* жергілікті жүйе карточкалары |
91.6 |
91.4 |
* халыкаралық жүйе карточкалары, оның ішінде: |
3 160.2 |
3 639.8 |
Visa International |
2 453.9 |
2 921.8 |
Europay International |
703.0 |
713.6 |
Қолданылған карточкалардың саны (мын
бірлік), |
3 251.8 |
3 731.2 |
* жергілікті жүйе карточкалары |
91.6 |
91.4 |
* халыкаралық жүйе карточкалары, оның ішінде: |
3 160.2 |
3 639.8 |
Visa International |
2 453.9 |
2 921.8 |
Europay International |
703.0 |
713.6 |
POS — терминалдар саны (дана), |
21 339 |
23 154 |
сауда кәсіпорыңдарында |
17 044 |
18 681 |
банкгерде |
4295 |
4473 |
Импринтерлер саны (дана), |
880 |
799 |
сауда кәсіпорындарында |
477 |
420 |
банктерде |
403 |
379 |
Банкоматтар саны (дана) |
6 524 |
7 110 |
Сауда кәсіпорындарынын саны (бірлік) |
9 423 |
10 161 |
Төлем карточкаларын
пайдалана жүргізілген |
101973.0 |
128 424.1 |
Кестеден көріп отырғанымыздай айналымдағы карточкалар са-ны 2010 жылдың сәуір айына 7 837.1 бірлік, оның ішінде жергілікті жүйе карточкалары 163.7 бірлік және халыкаралық жүйе карточкалары 7 673.4, оның ішінде: Visa International - 6 275.3 және Europay International — 1389.8 бірлікті құраған. Бұл жерде айналымдағы карточкалар ішінде жергілікті карточкаларға қарағанда халықаралық карточкалардың көбірек қолданыла-тынын көруге болады. Ал карточка ұстаушыларының саны 2010 жылдың сәуір айына 7 386.7 мың адамды құрасы, оның ішінде жергілікті жүйе карточкалары 91.4 мың адам және халықаралық жүйе карточкалары 3 639.8 мың адамды оның ішінде: Visa International - 2 921.8 және Europay International - 1 713.6 мыңадамды құрап отыр.
Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым
көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары
болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97.9%,
ал жергілікті жүйе карточкаларының әзіндік
үлесі - 2.1%. 2009 жылдың 1-сәуірінде
3 Қазақстанда пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы
келеңсіздіктер мен оны жетілдіру жолдары
3.1 Карточкаларды пайдаланудағы қиындықтардың орны
Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралықтөлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяктық жасау болып табылады. Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті [9, 6]. Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек техникалық тұрғыдан шешу ғана емес, сонымен бірге оны құкыктық әдістермен, яғни пластикалық карточкамен алаяқтык кезінде тараптардын материал-дық жауапкершілігінің өзара қарым-катынасын реттейтін нормативтік құкыктық актілерді әзірлеу міндеті түр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтыктың (кардерлер — пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі езара бірлескен іс-қимылы қажет. Қазақстан Республикасында кылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жасау арқылы біркатар банктерге шабуыл жасады, 2004—2006 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бұл орайда ондай қылмыс санынын өсе түсуі байқалады [10, 61].
Информация о работе Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы