Қазақстан республикаксының инвестициялық тармымдылығы және оның перспективасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 11:23, реферат

Краткое описание

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн: жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу; инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Оглавление

КIРIСПЕ
1-БӨЛІМ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. И
1.2 ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ТАЛДАУ
1.3 ШЕТЕЛДІК КАПИТАЛ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
2-БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРМЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1 ЕЛІМІЗДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛ-АХУАЛЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ КЕЛТІРУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

Алтынай.docx

— 196.98 Кб (Скачать)

Егер  шетел компаниялары  олардың  арасындағы импортерлер, отандық компаниялар арасындағы бәсеке оптималды болмаса, онда осы бәсекенiң арқасында сапалы өнім, төмен баға және т.б артықшылық пен жеңiлдiктерге ие болатын тұтынушылар бұлардан айырылады немесе шектеліп қалуы мүмкін.

Шетел инвестицяларының қызметi тек қана өндiрiстiк материалдық  және материалдық емес факторлары нысаны ретiнде болуы мен сипатталмайды. Кем дегенде халықаралық инвестицияларының  төрт қызметiн бөлiп көрсетуге  болады:

- өндiрiстiк материалдардың факторларына жол ашу;

- өткiзу нарықтарына жол ашу;

- халықаралық өндiрiстi ұйымдастыру;

- ұлттық экономикалық жүйелердiң сыртқы экономикалық жүйелердiң өсушi өзгерiстерiне бейiмдеу.

Осылайша ғана шетел инвестициялары экономиканы құрылымды қайта  құрудың алдыңғы факторларының  бiрi бола алады. Мысал ретiнде Қытайдың тәжiрибесiн алайық. Бұл ел инвестиция тартудың көлемi бойынша тек АҚШ-қа ғана жол беретiнiн бiлемiз. Бұл  жерде еңбектi көп талап eтeтін  өңдеушi экспортқа бағытталған салаларға  тартылған (элкетроника, тескстиль, тiгiн  бұйымдары, аяқ киiм).Қытай саудасының қарқынды болуы мынада, экспортқа  өңделуiш тауарлар, яғни Қытайдағы  шетелдiк фирмалар өңдеуге импорттайтын тауарлар асып өңделген тауарды экспорттайды. Осылайша бұл ТҰҚ үлесiне жұмыстың 55% келедi.

        Талдау обьектiсi ретiнде тікелей шетел инвестицияларын алуы келісімімен байланысты:

1) Тікелей шетел инвестицияларының - халықаралық ағымының едәуiр бөлiгi. Ол барлық шетел инвестицияларының 1/3 құрайды.

2)Тікелей шетел инвестицияларыны экономиканы интернациянолизациялаудың неғұрлым релефтiк көрінсі.

Шынында да тікелей шетел инвестициялары басқаларға қарағанда өзiмен бiрге ресурстарды технологияны маркетингпен менеджмент саласындағы бiлiмдерiдi де алып жүре алады. Керсетiлген талдауда Қазақстанның жағдайында тікелей шетел инвестицияларының бас бұрушы жол eкeнін айта кеткен жөн. Қазақстанда мәселелер шетел инвестицияларының түpін белгiлейдi және экономикалық жағына нарықтық эономикаға жұмыс iстеткiзетiн кәсiпорындарды ұйымдастыруларды дұpыc көредi.

 

 

1.2 Отандық өндірістің  инвестициялық ахуалын талдау

 

Дағдарыстан шығудың  ең маңызды  құралы – инвестициялық қызметтің  белсенділігі болып саналады. Инвестициялық  қызметтің ең негізгі шарты жағымды  инвестициялық жағдайдың қалыптасуы деп айтуға болады, ал бұл жағдай мынадай қажеттіліктер болуын болжап береді:

  • Инвестициялық ауқымның қалыпты тұрақтануы мен кезекті жандануының өндірістегі бәсекеге икемді бөлігін, тірек ету арқылы жүзеге асуы;
  • өндірістік өсімді икемдейтін жағымды салық тәртібін жасау;
  • төлем-ақылық және қаржылық тәртіпті реттеудің, нормалаудың комплексті шегін қалыптастыру;
  • Іс-жүзіндегі нақты банкілік алғашқы төлемнің пайызын белгілі бір деңгейге дейін, яғни өндірістік сектордан капитал ағымын тоқтатуға икемдейтін және нақты инвестицияны жандандыруға әкелетін деңгейге дейін төмендету;
  • Тиімді мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту;
  • Инвестициялық инфрақұрылымдар дамуы мен тиімділігін арттыру;
  • Толық салмақты шаруашылықтық механизмді жаңа технологиялық құрылымдағы өндірістік – техникалық жүйеде болашағы күңгірт өндірістер, ресурстарын бөлу үшін, ресурстар шоғырын олардың өндірілетін жерлеріне шоғырландыру, экономиканы модернизациялау үшін құрып шығу.

Біркелкі  салықтық реттеудің жүйесін өндірістік ұйымдарға мемлекеттік және жергілікті жеңілдіктер арқылы қалыптастыру, мекенжай тұрғысынан, жекеше, болжау жағынан  салықты жақсарту тәсілінің көптеген факторларға тәуелділігі - әртүрлі  аймақтағы қызметтердегі кіріс  нормасын инвесторланатын капиталға  жақындастырады және капитал құйылымын  реттейді, ал бұл инвестиция белсенділігін күшейтуге әкеліп, барлық инвестициялық инфрақұрылымдардың жандануына әкеліп соқтырады.

Салықты реттеу жүйесін қарастыруға  мына мәселелерді ескеруіміз тиіс:

  • Өндірістің сипаты және құрылымы айналымға түскен өнімнің қосымша құнының үлесі, өндірістің еңбектік сыйымдылығы және ақшалай сыйымдылығы, құрылымы;
  • өнімдегі орташа өсімдік пайда;
  • ұйымның мүліктік көлемі, сонымен қатар бұның ішінде консервіленген және қолданылған өндірістік мақсаттағылары бар, амортизацияланған саясат;
  • Өндірістік ұйымның инвестициялық жоспарлары және олардың жаңашылдығы.

Қазақстан  қазіргі шетелдік инвесторлар  қызыметіне әлеуметтік экономикалық құқықтық ережелер жасап, олардың мүдделеріне  сәйкес инвестициялық климатта өте  ыңғайлы жасауға ұмтылып отыр, сонымен қатар өзіндегі экономикалық  қиындықтарды шешіп алдына қойылған мақсатқа жетуді көздейді.

 

 

3-сурет. Өндірістік ұйымдағы инвестициялық белсенділіктің бағасын шығаратын функционалдық арақатынастың үлгі схемасы

 

 

 

Республикада  саясаткерлер мен экономистердің  пікірінше шетелдік күрделі қаржының қатыстыруымен төмендегі проблемаларды  шешуге мүмкіндік туадырады:

- сыртқа шығару мүмкіндігінің тиіміділігін арттыру, оны шикізаттық сипатынан арылту;

- елдің сыртқа шығар у қызыметтерін күшейту және сыртқы рыногтағы өз орнын табу;

- сырттан әкелетін өнімдерді ауыстыратын өндірісті дамыту;

- өндірісітің ғылыми-техникалық деңгейі, жаңа техника мен технология, басқару әдісін өнім  өткізу арқылы көтеру;

- дайын өнімді шығарудың технологиялық бөлігінің қалыптасуын бітіру;

- артта қалған және тоқырап ыдыраған аудандардың дамуына көмектесу;

- ұлттық экономикада жаңа жұмыс орнын жасау;

- қазіргі замаңғы өндірістік және басқару тәжірибелеріне кадр мамандарды оқыту, дайындау;

- қазақстанның экономикалық өз дербестігін қамтамассыз ету.

Осы айтылған мақсатты белгілерді барлық дамыған  және дамышу елдер пайдаланды. Кейбір жағдайда қаржы министрлігі немесе басқада мекемелер өздерінің  қалауы бойынша шетелдік үлес қосушыларға  жоба жағдайына өзгеріс еңгізу, оны  бастауды кейінге қалдыру, кейбір жағдайда келісімді талдауды талап ете  алады.

Қазақстан Республикасың  ашық рыногтық экоономикасын жүзеге асыруға бағытталған саяси және экономикалық  бір жүйелілікке  бет алыспен келеді бұдан Республика Президенті мен Үкіметтің республикаға шетелдік капиталдың құйылуын ынталандырудағы  іс әрекеттерінен, қолданып жатқан іс шараларынан көруге болады.

Инвестициялық саясат ел экономикасында маңғызды рөл  атқарады және оның мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. Қазақстан  Республикасы үкіметі соңғы жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге  ала отырып, шетелдік инвесторлар  мүддесінің белгілі бір шеңбері  туралы мәліметтер алады.

Қазақстан шетелдік инвестицияларды тартуды мақсаты  түрде басшылыққа ала отырып оның екі негізгі мүмкіндіктерні ескеруі  қажет.

  1. Қазақстанның табиғи ресурстарына байлығы, республика териториясының Европа мен Азияның түйіліскен жеріндегі стратегиялық маңызды  жеріндле орналасқан және Европа мен Азияның кең ауқымды рыногының байланысын жеңілдетуіге мүмкінді мол
  2. Қазақстанда маманданған және жартылай маманданған жұмысшыларды қосқанда адам ресурстарының жақсы білімді және әртүрлі ұлт –ұлыстың қорының жеткіліктілігі. Бірақ, әрбір айтылған фактордың өз деңгейінде шектеулері бар, оны мойындай және ескере білу керек. Оның бірі Қазақстан құрғақ құрылықта орналасқан және ыңғайлы арзан, көлемді мұқиттық сауда флотына жақын орналасқандығында.

Шетелдік  инвестиция халақ шарушылығының  барлық бөліктеріне қажет, нақты  айтқанда мұнай зерттеу мен өндіру, өңдеу, металл өңдеуге және тиімді қатынастық жердегі, әуедегі транспортқа дейін, тамақ өнеркәсібіне өнеркәсіп тауарлрын  өндіруге халық тұтынатын тауарларға және бөлшек саудаға қажет. Шетелдік инвестицияны елдің қауіпсіздігіне байланысты қару –жарақ өндіру, есіркі шығару т.б. салаларға қолдануға  болмайды.

Шетелдік  капитал жергідік отандық капиталмен Қазақстан Республикасында  бірінші  кезекте агро өнер кәсіптік комплекс саласын дамытуға, әлемдік рыногта  бәсекеге түсе алатын салалардың жедел  қалыптасуы мен дамуына бағытталуы керек. 

Шетелдік  инвесторлр көмегімен, біздің ойымызша мынадай міндеттерді орындауға  болады:

- аймақтың жоғары бағаланған, жаңадан табылған салалардың дамуын ынталандаруын қолдау;

- өндірістің бір қатар тұйықталған жүйесін құру, мүмкіндігінше дайын өнім шығару;

- белгілі салалардағы ұлттық және шетелдік кәсіпорындарға өзара тиімді бәсекеге түсуді қамтамассыз  ету үшін қолайлы жағдайлар жасау;

     - жұмыспен толық қамтамассыз ету;

     - жоғары деңгейдегі капитал қайтарымына жету, сонымен қатар жалпы басқада өте маңызды экономикалық қатынастарды шешуге осы міндеттерді орындай отырып жетуге болады.

Тікелей шетелдік инвестициялық экономикалық реформаға  әсер етуде экономиканың басқа нысаналарымен  салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі жоғары, яғни тауар өндірумен  қызыметтер атқаруға күрделі қаржы  тауып салудың қайнар көзі, жаңаи  технологияны пайдалануға, ноу-хау, басқарудың адыңғы қатардағы әдістері  және маркетингті дамытуға қолайлы, сонымен  бірге қарызды өтеуге қаржы жинақтауға өте қажет.

Шетелдік  тікелей инвестициялардың  тиімділігін  ынталандыра отырып, тәуекелінің  толық ақталуы, жобаның жетістікке жеткізуі инвесторлардың өздеріне жүктеледі. Өндіріс пен ғылыми техникалық кооперацияның  тығыз байланысы қалыптасуның негізінде  тікелей шетелдік инвестициялар  ұлттық экономикамен дүние жүзілік  шаруашылықтың өтие тиімді үйлесіп  байланысуын қамтамассыз етеді.                                                             

  Сыртқы инвесторлардың әрекеттерін төмендегіден көруге болады:

  1. Инвестициялық қажеттіліктерді қарастыру үшін нақты өнеркәсіпті таңдау. Іс-жоспарды қолға алу және финанстық іс-қағаздарға есеп беруге кіру.
  2. Бизнес аймағының инвестициялық приоритетпен сәйкестігінің бағасы, талап ететін қажеттіліктердің көлемінің, қажеттіліктердің қайтарымының – негізгі кепілдерінің  бағасы;
  3. Ұйымның нвестициялық белсенділігінің, оны шапшаңдығының және факторлық құрылымының бағасы
  4. Финанстық жағдайдың сараптамасы, сонымен қатар өткен кезеңдер де ескеріледі.Финанстық нәтижелер болжамы, олардың сараптамасы (өмірге икемділігі, болашағының болуы)
  5. Ұйымның сыртқы ортасының сараптамасы (төнген қауіптер - мүмкіндіктер)
  6. Ұйымның ішкі ортасының сараптамасы (қатаң жағы - әлсіз жағы)
  7. Барлық түрдегі тәуекелдіктердің бағасы
  8. Болжамдарды ұйымдастыру, финанстық нәтижелерді тәуекелдіктерді есепке алу арқылы қайта бағалау; қарастырылған жобаның тұрақтылығын сараптау
  9. Финанстаудың үлгілерін (варианттарын) таңдау
  10. Инвестициялық шешім қабылдау, оны дайындау
  11. Инвестициялық жобаның жүзеге асуында күнделікті бақылау
  12. Төленген ақшалар қайтарымы; жобаның айналымға түсуінен нақты кірісті алудың басталуы. Стратегиялық бақылау.

 

Сыртқы инвесторлар  үшін инвестициялық шешім қабылдау күрделі іс-әрекеті қаржылық – шаруашылықтық аспектілердің барлығын, сыртқы және ішкі аймағын бағалау қажет. Шешім қабылдап болғаннан кейін тұрақты бақылау қажет, сонымен қатар жобанынң жүзеге асуының алдында да бақылауға тиіспіз. 4-суретте инвесторлар әрекетінің тізбегінің үлгісі берілген. Әрбір этапта (деңгейде) инвестордың жобаны ары қарай жалғастыруы мен айналдырудан бас тартуы мүмкін. Егер инвестор инвесторлау үшін мүмкіндіктер көп екенін білсе, (сұраныс ұсынысты арттырады), сыртқы инвестор алға қарай үш қадам жасайды, яғни өзіне ұнаған нақты өнеркәсіпті таңдайды, бизнес-жоспарын алады және финанстық құжаттар көлемін қарастырады, өзінің ісінің аймағының инвестициялық приоритет (алғашқы мәні) сәйкестігін бағалауды өткізеді, талап етілетін және бар болған ақшаларды салыстырады, ақшаның қайтарымының негізгі кепілдерін байқайды; инвестициялық белсенділігін бағалауды жүргізеді (бұған фактор құраушы қосылады).

Бағалаудың  осы деңгейлерінің негізінде, көптеген мүмкіндігі бар инвестициялық ұсыныстар  ішінен ең қызықты дегендерін таңдауңа болады, бұл арқылы біз қарастыратын ұсыныстар азаяды, және олармен жұмыс  істеуге аз ресурс жұмсалады.

3-сурет. Төмендегіүлгі сызба нұсқасын нәтижелерді бағалауды қалыптастыру мен қолданудың негізгі тәсілдері, осы сипаттамасының методикасы (әдістері көрсеті

 

                       Тұтынушы

                               Ақпарат көзі

         

Не қызықтырады

Тұтынушыда  болатын іс әрекеттер

Өндірістік  ұйымның директорлар кеңесі

Фирма ішіндегі ақпараттық сараптамалық қызымет,статегиялық  жоспарлау бөлімі

өзінің  ұйымының, оның аймақтық бөлімдерінің жұмыс ортасы ұйымдарының инвестикалық әрекетін бағалау

Инвестикалық  жоспарларды түзету, жұмыс ортасындағы  ұйымдармен қатынасты қайта қарастыру, ішкі ортаға биліктік тұрғыдан әсер ету

Аксионер

Директорлар кеңесінің есебі

инвестициялық әрекеттер нәтижелілігі, жаңа инвестициялық  жобаның пайдалылығы және перспективалылығы

акцияны қосымша сатып алу, акция пакетін  немесе оның бір бөлігін сату

әлеуетті  инвестор

Ресми есептер, сырқы сараптамашылар көзқарасының басылуы

Ұйымның инвестициялық қызықтырушылығы, инвестициялық  жаңа жобалардың пайдалылығы және перспективалылығы

Акцияны сатып алу, акцияларды сатып алудан бастарту

Ұйым- бәсекелес

ресми және ресми емес мәліметтер есебінің жарыққа шығуы

ұйым-бәсекенің  және оның бағыттылығының инвестициялық әрекетінің масштабы менг қарқыны

Жеке  инвестициялық жоспарлауды түзеу

Ұйым-әріптес

ресми және ресми емес мәліметтердің есебінің жарыққа шығуы

Инвестиция  әректтің нәтижелігі жаңа инвестициялық  жобалардың пайдалығы және перспективалылығы 

әлеуметті және ағымдағы серіктестіктің инвестивтілігін  түзету

Биржалық  сараптамашы

ресми және ресми емес мәліметтердің есептерінің  жарыққа шығуы

Ұйым-әріптестің инвестициялық әрекеттің қарқыны 

Болжамдар жасау, акцияның бағасын белгілеуде көтеру немесе түсіру бойынша ұсыныс жасау

 

 

 

Үкімет сараптамашысы

 

 

 

ресми мәліметтердің есептерінің  жарыққа шығуы

 

 

 

Ұйым-әріптестің инвестициялық әрекеттің  қарқыны

 

 

 

Өтіп жатқан өзгерістер көзқарасы  бойынша мемлекеттік билік ету  ұйымның ұсыныстары, болжамдар жасау 

Сыртқы  кеңесші ,аудитор

бухгалтерлік  құжат

Ұйым-тұтынушының  оның аймақтық бөлімдерінің инвестициялық  әрекетін бағалау

Инвестициялық жоспарлау, ішкі ортаға оңтайлылықты түзеуге  ұсыныстар жасау

Информация о работе Қазақстан республикаксының инвестициялық тармымдылығы және оның перспективасы