Қазақстан республикаксының инвестициялық тармымдылығы және оның перспективасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 11:23, реферат

Краткое описание

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн: жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу; инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Оглавление

КIРIСПЕ
1-БӨЛІМ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. И
1.2 ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ТАЛДАУ
1.3 ШЕТЕЛДІК КАПИТАЛ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
2-БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРМЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1 ЕЛІМІЗДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛ-АХУАЛЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ КЕЛТІРУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАКСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

Алтынай.docx

— 196.98 Кб (Скачать)

 

Бұрынғы КСРО елдеріне шетел капиталдарының тартылу  бағыттарын анықтау үшін шетелдердің  тәжірибесін зерттеу маңызды. Түрлі  даму елдер топтарына жатуына  қарамастан Қазақстан Республткасы Жапония, Германия мен ортақ ұқсастықтарға  ие:

- өндіріс құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі, инфлияцияға әкелген терең дағдарысытың басталуы;

- бұрынғы әлеуметтік жүйенің күйреуі және қоғамдық санада жаңа ойлауды қалыптастыруды қажеттігі;

- жоғары білікті және арзан еңбек ресурстары орын таба алатын ішкі рынокты кеңейтудің потенциалды мүмкіндіктері;

- шетелден инвестициялар ағымы көбейуге қажетті объективті алғышарттардың болуы (заңдық режим, инвесторлардың ұлттық режиммен тең қарастырылуы, жеңілдіктер жүйесінің болуы);

Қазақстандық  қоғамның тұтастығы, халықтың сабырлығы, үкіметтің шетелдік инвесторларға  жағдай жасауы және оппозициялық партиялардың толық қалыптаспауы көрініс тапқан жағымды әлеуметтік – психологиялық  ортаның болуы.

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік – экономикалық салдарын есепке ала отырып Қазақстан  төмендегі бағыттарды қамтитын экономиканың қаржылық тұрақтану кезеңінің бастапқы уақытында қажетті қатаң методтарды қолданды: үкіметтік кредиттер мен  кепілдіктерді шектеу (себебі үкіметтік  кредиттер алдын-ала төлемді, кепілдік беруді және соманы прцентімен қайтаруды  талап етеді). Мұндай жағдайда елге келетін инвестицияларды көбейту  мүмкіндіктері кеңейеді. Инвестицияларды  тарту жолының бұл түрі төмендегі  факторлармен басым:

- тіке шетелдік инвестициялар донордың келешектегі мүдделерінің іске асырлуына мүмкіндік береді;

- өндіріс үрдісін басқару донорлық қатысу құқығын иелену мүмкіндігі;

- сыртқы қарыздың сомасына тәуелсіз үлкен көлемде қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз етеді;

- іскерлік және шаруашылық беле шаруашылық белмасыз ететін өндірістік және ғылыми – техникалық ынтымақтастық түрлерін кеңейтуге мүмкіндіктер қалыптастырады;

Мұның барлығы Үкіметтік инвестициялық бағдарламаны қабылдау бағытын қалыптастырады: құрлыс және объекттерді сатып алумен қатар біріккен кәсіпорындар және филалдар салу,  объекттерді шетел компанияларына басқаруға беру, акционерлік және банктік мекемелердің инвестициялары арқылы донорладың кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісіне қатысуын кеңейу. Пайдаланудағы бағыттардың сипатында өзгерістер байқалуда. Мысалы біріккен кәсіпорындар алып сату іскерлігінен өндірістік, банктік, құрылыстық және ауылшаруашылығында көбейе бастады. 1997 жылы жұмыс істеп жатқан біріккен кәсіпорындар саны 1388 жетіп, оның ішінде шетелдік инветорлар басқаратын кәсіпорындар саны – 100 болды. Серіктестер мүдделерінің өзгеруі олардың өндірістік мақсаттарды іске асырып, өнімнің рыногын сақтауға ұмтылысын анықтайды; Қазақстан Республикасы экономикасына салынған айналыстағы капиталдардың көбеюі жеке жобалар бойынша жекешелендіру үрдісіне әсер етті.

Дегенмен, еліміздің  экономикалық қауіпсіздігіне іштен  ж2не сырттан қауіп төндіретін бірнеше  жағымсыз факторлар төмендегідей:

  1. Халық шаруашылығының белгілі салаларының дамуында үлкен теңсіздіктің пайда болуына әкелген мұнайгаз, қара және түсті металлургияның донор үшін негізгі инвестициялық обьект ретінде сақталуы. Инвестициялардың мұндай сипатта дамуы кейбір салаларда шетел инвесторларының монополистерге айналуына әкеледі (темекі өндіру, маргарин өндірісі т.б.).
  2. Тіке шетелдік инвестициялар құрылымның 70% негізінен инвестор-кәсіпорыннан оның филалдары, заим, сауда түрінде алатын қаржыдан тұрады. Мұндай инвестициялар фирмааралық қарыздардың қалыптасуына және қатал шартты комерциялық кредиттердің таралуына әкелді.
  3. Негізгі инвестор тарапынан кредит беру қаржыландыру инвестициялар көлеміне сай емес пайданың  трансферттелуіне әкеледі. Мысалы дүниежүзілік практикада пайданың кетуі инвестициялардың 20% аспайды, пайданың қайтадан инвестициялану үрдісі бухалтерлік және басқа жолдармен алдмай-ақ елден қаржының кетуіне себеп болады, яғни мемлекеттен тіке және жанама пайда шығарылады.

Тәуелсіздік алған қысқа мерзімде Қазақстан  оң бағытта бірқатар қадамдар жасады. Шетел инвесторларының күткен үміті, кейбір факторлардың орын алуынан, ақталмады. Дөкейшіліктің, нормативтік актілердің айқын еместігі секілді өзге де факторлар  оның себебі болып табылады. Жетпіс жылдық мұрадан бір күнде құтылудың  мүмкін еместігі олар да түсінді. Бақытқа  орай, жағдай тұрақтана бастады, онымен бірге Қазақстанның бизнес жасауға  қолайлы орын екндігі байқалды.

Шетел инвесторларының  пікірінше, Қазақстандағы инвестициялық  ахуал тұрақсыз, бірақ болашағы зор. Инвестициядан қомоқты пайда  мүмкіндігі бола тұрса да, ақынсыздық Қазақстанға шетел инвестициясының  келіп құйылуына кедергі келтіруде. Бұл айқынсыздық бірнеше түрлі  болса да, қайсыбір ретте, Республика Үкіметі саяси бағытының тұрақсыздығымен  және бұрмалылығымен байланысты.

Бұл бес кедергінің ішінде тек қаржы тәуелділігі  ғана Үкімет бақылауынан тыс. Әйтсе  де, қаржы тәуелділігі қалған Үкімет бақылауындағы төрт позициямен тығыз  байланысты. Бизнесмендердің айтуынша, Қазақстан Үкіметіндегі дөкейшілдік олардың Қазақстанда жұмыс істеуіне үлкен кедергі болуда. Кейбіреулері: “Шетелдік құрылғыларды ел экономикасына тарту үшін бизнеспен басқаруға қатынасты өзгерту керек. Дөкейшілдік барлық қызмет түрімен байланысты және ол дамуды тежеуде. “Барлығына төлеу керек” деген талапты орындай отырып, шешуші сөзге ие бола алмаушылығы шетелдік ірі инвестиция көзінің Қазақстанға деген сенімін жоғалтуда. Сондықтан да Қазақстан шетел инвесторларына деген өз ықыласының барлығын әрқашанда сөзбен емес, іспен дәлелдеуге керек”, - деп атап айтуда.

Тіпті, бәсекелес  министрліктер мен билік органдарының арасындағы өкілеттігінің нақты  айқындалмауынан және Қазақстандағы  билік органдары компанияларды  инвестициялаудың ұзақ мерзімді тұтас  кепілді инвестиция  түрінен қысқа  мерзімді ақшалай қатысуды артық  көретіндігін де жасырмайды.   

Қазақстанға инвестиция тартудың үшінші бір кедергісі  – ел халқы санының аздығы және қаржы кестесі. Жаңа Салық Кодексі  кейбір шетелдіктер тарапынан да құпталуда, дегенмен де, салық салу деңгейі және Салық Кодексінің күрделі болуы әлі де болса инвестиция үшін кедергі болып отыр. Қазақстан Үкіметінің жек нарыққа әсер етуінің де жалпы деңгейі сақталуда. Үкіметке мемлекеттік реттеудің және дәрежесінің күрделілігін төмендету керек. Салық салу және реттеудің жалпы деңгейі инвестиция пайдасын төмендетеді, ал пайданың азаюы шетел инвесторларының ел экономикасына қалыптасуына тосқауыл болды. Жалпы алғанда, шетел инвесторлары Қазақстанның Салық Кодексін әлі де күрделі деп есептейді. Ал салық заңдарының жүзеге асуындағы тұрақсыздық Салық Кодексінің одан әрі іске асуын күрделендіруде.

Ішкі экономикалық құқықтық жағдайдың инвесторларға  қолайлы жақтары:

  1. Экспорттық кеден алымдарының салыстырмалы түрде аз болуы (орта есеппен 7,5%-ке қысқартылуы).
  2. Экспорттық лицензиялауға жататын тауарлардың жалпы санының аздығы (35 тауар түріне қысқартылуы).
  3. Экспорттық контингент санының көп еместігі.
  4. Кеден қызметінің төлем 1994 жылдан теңгемен есептеледі.

Ішкі экономикалық құқықтық инвесторларға қолайсыз жақтары:

  1. Ішкі сауда монополиясын кеңейтудің түбегейлі болмауы.
  2. Валюта айналымының қайталану жағдайы.
  3. Экспорттық шектеуге жататын кейбір тауар түрлеріне рұқсат алудың ұзақтығы және қиындығы.
  4. Кез-келген уақытта өзгеруі мүмкін жеке нұсқаулар жиынтығы.
  5. Экономикалық даму теріс болғанда, ішкі экономикалық өсу деңгейінің шектеліп қалу қаупі.

Шетел фирмалары үшін анықталмаған жағдайдың бірі – туындаған мәселені шешуге көмектесетін нақты органның болмауы. Олардың ойынша, өздері “One stop shop” (бір ғана дүкеннен бір аялдағанда сатып алу) атайтын, мүмкіндігінше  туындаған мәселелерді шешетін  бір органның болғаны дұрыс. Мысалға, Ұлыбританияда ондай орын бар. Ол – “Ұлыбританияның өнеркәсіп  және сауда инвестициясы бюросы”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Шетелдік капитал инвестицияның  негізгі қайнар көзі ретiнде

 

Инвестицияның негізгі көзi - жинақ болып табылады. Бiрaқта жинақты бiр шаруашылық агент орындаса, инвестицияны басқа да топ мүшелерi немесе шару ашылық субъектiлер орындайды. Сондықтанда,  ғалымдар aнықтaу барысында инвестицияның мағынасына емес, соншалықты оның  мақсатты бағыттануына көңiл аударуыды қажетдеп санайды.

Капитал құнының өcуiнe байланысты инвестициялық процестi Кейнс қарастырды. Оның анықтамасы бойынша инвестиция - берiлген кезеңдегi өндipicтiк іс-әрекет нәтижесiнде капиталды мүлiк құндылығының ағымдық өсуi немесе берiлген кезеңдегi табыс бөлiгi, яғни, қолданысқа берiлмеген табыс.

В.Фельзенбаум айтады инвестиция түсінігі "капитал ағымдары" түсінігіне және "қаржылық" портфельдi инвестиция түсінігін мағынасына жақын нақты  инвестицияны көpceтeдi. Яғни, акцияға, облигацияға  және басқа да бағалы қaғаздарға салу табыс алу үшiн меншiк құқығын  беретiн меншiк иесiн бiлдiретiн  құжат. Бұл жағдайда инвестициялық  іс-әрекеттiң объективтiлiгiн бiлдiредi.

Тәжiрибе жүзiнде әр түрлi зерттеушiлер арқылы инвестиция түсінігінің  мәнін бередi. Жалпы осы кезге  дейiнгi тұрмыстық сана деңгейiнде  инвестиция түсінігіне жер сатып  алу үшiн жұмсалынған салымдар жылжымайтын мүлiк, акция, құрылыс  үшiн, техника және тағы басқалары.

Инвестицияны нақты және қаржылай деп бөледi. Нақты инвестициялар  жаңа, жабдықтау мақсатында немесе кәсiпорынды техникамен жабдықтау  мақсатында салынады. Қаржылық салымдар мемлекеттiң, басқадай кәсiпорндардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздардың және акцияларын сатып  алуғ а жұмсалынады.

Бiрiншi жағдайда инвестор өндiрiстiк  негiзгi қopдың және айналым құpалдарын  қалыптастыру maқcaтында өзiнiң өндiрiстiк  капиталын көтepeдi.

Екiншi жағдайда инвестор бағалы қағаздардың табысын дивидент алу  арқылы өзiнiң қаржылық капиталын  көтередi. онымен қaтap, тiкелей және портфельдi инвестицияны бөледi. Қазақстан Республикасы "тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк  қолдау" туралы заңында тiкелей  инвестициялау қазақстан республикасның егемен кепiлдiктерiне байланысты және қазақстан республикасына берiлетiн  ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кipeтiн инвестицияларды  қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi деп көрсетiлген.

Тiкелей  инвестицияларды  мемлекеттiк  қолдаудың мақсаты: экономикалық басым секторларында тауарлар өндipудi, жұмыс aтқapу мен қызмет көpceтудi, жеделдете дамытуды қаматамасыз ету үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау болып табылады. Портфельдi инвестиция - бұл жалпы айтқанда портфельге, бағалы қaғаздар немесе мүлктердiң құндылығына салынады.

Мысалы, инвестор әртүрлi фирмалар шығарған бағалы қағаздар жиынтығын  немесе бiрыңғай қордың акцияларын сатып  алады. Инвесор сатып алғаннан кейiн  компания бағалы қағаздар портфелiндегi үлесiне талап қояалады.

Инвестициялаудың  басқадай формалары жер учаскелерiнiң, мулiк құқығын (ақшалай эквивалентпен есептелiнедi) өнеркәсiптiк меншiкке беру лицензиясы, өндiрiстiк құпиялар және тағы басқалар. Жалпы мақcaтқa жету процесiнде қазақстан республикасы мынадай мiндеттердi шешедi:

  1. Жаңа технологияларды, озың техника мен "ноу-хауды" енгiзу;
  2. Iшкi рынокты жоғары сапалы тауарлармен және көрсетiлетiн қызметтермен толықтыру;
  3. Отандық  тауар  өндiрушiлердi  мемлекеттiк  қолдау  және

ынталандыру ;

  1. Экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын өндiрiстердi дaмыту;
  2. Қазақстан республикасының шикiзат ресурстарын ұтымды да кешендi пайдалану;
  3. Менеджмент пен маркетингтiң осы заманғы өндipicтepiн енгiзу;
  4. Жаңа жұмыс орындарын құру;
  5. Жергілiкті кадрларды оқытып-үйретудiң үздiксiз жүйесiн енгiзу,

олардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру;

9. Өндipicтiк қарқындылығын қамтамасыз ету;

10. Қоршаған табиғи ортаны  жақсарту.

Бiздiң салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттiн: белсендi рөлiне және айтарлықтай шетел инвестицияларын  тартуға негізделеді.

Экономиканың бірнеше  секторы бар: табиғи ресурстарды  игеру, елiмiз үшiн бұлар тұpaқты  маңызға ие, осы салаларды дaмыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтiк  салаға да, сондай-ақ қазақстанның халықаралық  қауымдастыққа кipуiнe ықпал етедi. Бұлар капиталды қажет eтeтiн салалар, оларды дaмыту үшiн шетел капиталымен  қaтap мемлекетің қaтaң стратегиялық бақылауға қажет.

Бiрақ тіпті Адам Смиттің  де мойындағанындай , жекеше секторды қызықтырмайтын кейбiр қоғамдық мұқтаждар  да бар. Мұндай жағдайларда және осы  мұқтаждарды қамтамасыз етудгі соңы peтiндe мемлекет оны өз мойнына алады.

Әрбір  фирманың iс-әрекетінде  маңызды  сфера инвестициялық операциялар болып келедi. Яғни, әрбiр жобалардың icкe асуы үшiн салынған аiқша құралдары жыл iшiндегі фирманың пайда алуындағы бірден бiр жол болады. Коммерциялық тәжiрибеде келесi инвестиция типiн ажыратуға болады:физикалық активтерге инвестиция; ақшалай активтерге инвестиция; материалды емес активтерге инвестиция.

Информация о работе Қазақстан республикаксының инвестициялық тармымдылығы және оның перспективасы