Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 06:44, доклад
Экономиканы мемлекетті реттеу әдістері дегеніміз — экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін әлеуметтік-экономикалық процесстерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы. Бұл аралас реттеу әдісі әкімшілік, құқтық және экономикалық реттеу құралдарынан тұрады. Алайда күнделікті өмірде әкімшілік-әміршілік жөне базарлы (нарықтық) реттеу әдістері дегенді көп естудеміз. Ел аузында осындай әдістердің айтылуы, біздің ойымызша экономиканы реттеу, басқару ісінде не әкімшілік, не экономикалық құралдар жүйесінің басым болуынан.
1. Кіріспе.
2. Қаржы нарығын реттеушілер қызметінің құқықтық негізі.
А) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Б)Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА)
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Баяндама
Пәні: Қаржы нарығы мен делдалдар.
Тақырыбы: Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.
Мамандық: МЖБ 10-500-61
Орындаған: Тайтинова Ж.Т.
Тексерген: Абжанова А.Қ
Қостанай,2012
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Қаржы нарығын реттеушілер қызметінің құқықтық негізі.
А) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Б)Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА)
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ.
2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Экономиканы мемлекетті реттеу әдістері дегеніміз — экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін әлеуметтік-экономикалық процесстерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы. Бұл аралас реттеу әдісі әкімшілік, құқтық және экономикалық реттеу құралдарынан тұрады. Алайда күнделікті өмірде әкімшілік-әміршілік жөне базарлы (нарықтық) реттеу әдістері дегенді көп естудеміз. Ел аузында осындай әдістердің айтылуы, біздің ойымызша экономиканы реттеу, басқару ісінде не әкімшілік, не экономикалық құралдар жүйесінің басым болуынан. Әкімшілік реттеу, ықпал жасау әдісінде әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуде, басқаруда мемлекеттің атқару органдарының шаруашылық субъекталарының іс-қызметтеріне тікелей араласуы айрықша жөне басым болады.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады.
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУШІЛЕР
ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұлттық Банк Қазақстанның орталық банкі болып табылады және отандық банктік жүйенің жоғарғы (бірінші) деңгейін иеленеді. Ұлттық Банкі қызметінің негізгі мақсаты елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан оның функцияларына мемлекеттің ақшалай-несие саясатын әзірлеу және жүргізу, төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету, валюталық реттеуді жүзеге асыру және қаржы жүйесінің тұрақталығын қамтамасыз етуге көмек көрсету кіреді.
Сондай-ақ, Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде орталық банктері және басқа елдердің банктері, халықаралық банктері және басқа қаржы-несиелік ұйымдар қатысында Қазақстан Республикасының мүдделерін ұсынады. Көріп отырғандай, еліміздің бас банкі ауқымды жалпы мемлекеттік және халықаралық қаржы мәселелерін орындайды, ал қазақстандық қаржы қызметтері тұтынушыларының, жеке инвестордың мүдделерін қорғау мемлекеттік кепілдендіру қоры мен екінші деңгейлі банктерді лицензиялау және қадағалау арқылы жанама түрде жүзеге асырылады.
Дегенмен, айына бір рет арнайы белгіленген орында Ұлттық банк басшылары, Персоналмен жұмыс істеу департаментінің директорынан бастап Төрағамен аяқтап, келушілерді – қарапайым азаматтарды, ұйым өкілдерін қабылдайды – олардың сұрақтарына жауап береді.
Ұлттық Банк акционерлік қоғамның құрылтайшылары:
● «Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры»
● «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры»
● «Қазақстанның ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» болып табылады.
Сонымен қатар Ұлттық Банк «МЖЗҚ (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры) акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
2004 жылға дейін Ұлттық банк еліміздің қаржы нарығының негізгі реттеушісі болды. Орталық банкте реттеу және қадағалау функцияларының мұндай үйлесімі оны Ұлттық банктен бөлу арқылы дербес мемлекеттік қадағалау органын құруға аралық қадам болды.
2003 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) туралы ереже бекітілді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі – бұл қаржы нарығын және оның «ойыншыларын» реттейтін және қадағалайтын негізгі мемлекеттік орган. Реттеушінің негізгі мақсаттары: қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржы жүйесіне сенімді қол-дау көрсету қаржы қызметтері тұтынушыларының мүдделе-рін тиісті деңгейде қамтамасыз ету, қаржы нарығында әділ бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау. ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық банкін одан агенттік бөліп шығару жолымен қайта үйымдастыру нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен] агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Агенттік қаржы рыногы мен қаржы үйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен занды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру;
адал бәсеке принңиптерінде қаржы үйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар жасау;
қаржы үйымдарының қызметін реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін арттыру, олар қабылдаған міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану;
қаржы үйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы үйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру шараларын жасау;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы үйымдарының мониторингі;
қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейім салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
қазіргі заманғы технологияларды ендіруді ынталандыру түтынушылар үшін қаржы үйымдары мен олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, соның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорларының қызметін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды.
Агенттіктің құрылымы:
басшылық;
стратегия және талдаудепартаменті;
заң департаменті;
банктерді қадағалау департаменті;
бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті;
сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы үйымдарын қадағалау департаменті;
қаржы үйымдарын тарату департаменті; агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті;
бухгалтерия;
лицензиялау басқармасы;
қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.
ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен агенттіктің құрылымы мынадай бөлімшелермен толықтырылды:
1. ақпараттық технологиялар басқармасы;
2. өңірлік өкілдер басқармасы;
3. үйлестіру бөлімі — өкілдік (Астана қаласы);
4. халықаралық қатынастар және жүртшылықпен байланыс бөлімі.
ҚҚА қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын және заңды мүдделерін бұзбау үшін шаралар қабылдайды, әділ бәсекелестік қағидатымен қаржы ұйымдары үшін тең жағдайлар жасайды және қаржы нарығының «ойыншылары» өз уақытында және толық көлемде олармен қабылданған міндеттемелердің орындалуын қадағалайды.
Агенттік қаржы ұйымдары қызметінің және олармен көрсетілетін қаржы қызметтерінің ашық болуына, қаржы қызметтері тұтынушылары үшін ақпараттың толық және объективті қолжетімділігіне ықпал етеді, жаңа қаржы құралдарының және жеке инвесторлар үшін қызметтердің дамуын қолдайды, қазіргі заманғы технологияларды ендіреді, шешімдерді қабылдау кезінде тәуекелдерді дәл өлшейтін қаржы ұйымдарын басқаруға ықпал етеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығы сақталуы үшін қаржы ұйымдары мен қаржы нарығының мониторингін жүргізеді, қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында тәуекелдерге жиі ұшырайтын қаржы нарығының салаларында қарқынды жұмыс істейді.
ҚҚА қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын жә-не мүдделерін қорғау үшін не істейді? Агенттіктің www.afn.kzвеб-сайтында өзінің қаражаттарын сауатты басқару, қаржы өнім-дерін дұрыс қолдану және инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін қазақстандықтарға қажетті барлық ақпарат ұсынылған.
Мұнда қаржы қызметтерінің тұтынушылары үшін нақты заңнама да, әртүрлі жариялымдар да, арнайы мәліметтер де бар: қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық шарттарынқамтитын қысқаша жадынамалар және нарықтағы өзекті, өмірдің ұсақ-түйегіне қажетті кеңестер; екінші деңгейлі банк-тердің сыйақыларының мөлшерлемелері туралы, таратылған «Валют-Транзит Банкі» айналасындағы жағдайлар, жарналық инвестициялық қорлардың қызметі, үлескерлер үшін сақ-тандыру, тіпті қаржы пирамидалары жайында түсіндірмелер бар.
Мұнда өзгешелі терминдерге түсінікті анықтамалар берілген қаржы сөздігі жарияланған. Несие, депозит бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесін, салым бойынша сыйақы көлемін, ал банкті таратқан жағдайда – депозит бойынша талап ету сомасын есептеуге болатын арнайы калькуляторлар ұсынылған.
Қаржы қызметтерінің тұтынушыларымен тікелей жұмыс үздіксіз жүргізіліп келеді. ҚҚА әрбір қаржы ұйымының атына келіп түскен шағымдарды тіркейді және әрбір жағдайды жеке қарастырады. Сайтта нақты қаржы ұйымдарының: банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының атына әр айда келген шағымдардың саны туралы статистикалық ақпараттар, қаржы қызметтерімен байланысты өзекті, кеңінен таралған проблемалар туралы түйіндер, сонымен қатар қаржы қызметтері тұтынушыларының мүдделерін шектеу деректерін жою үшін қандай шаралардың қолданылу керектігі және процестің қай кезеңде екендігі жайында мәліметтер ұсынылған.
Азаматтар ҚҚА-мен аталмыш веб-сайт немесе сенім телефоны: (727) 278 81 00 және e-mail: afn@afn.kz арқылы хабарласады.
ҚҚА нөмірін термес бұрын, қаржы қызметтері тұтыну-шыларымен жиі қойылатын сұрақтары және олардың жауаптары жарияланған тарауды меңгеріп алу керек. Мұнда барлық қаржы нарығы ұсынылған: банк жүйесі, сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі, сонымен қатар банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал, керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінгі қардыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады.
Информация о работе Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі