қаржылық жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:09, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарында ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Оглавление

Кіріспе
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымы
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
Кәсіпорынның қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер жүйесі
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау
Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
іпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру және қаржылық даму стратегиясы
Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру критериилері есебі
Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы
Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылғын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Каржылык жагдай.doc

— 707.00 Кб (Скачать)

 



өсіп  отыр.  Бұл мәннің оң  тенденция  беру кәсіпорында  таза пайданың  өсуімен  байланысты  болып отыр.   Өткізілген    өнімнің  пайдалылық коэффициенті де 1%-ға артқан. Ағымдық    активтердің айналымдық коэффициенті талданып отырған    мерзім    ішінде 1,02  -ге жоғарылаған, ал жалпы активтердің айналымдылық    коэффициенті   10,68 – ге   артқан.

              Сонымен   бірге  бізге белгілі, неғұрлым айналым   қаржылары    жасайтын  айналымдар саны көп болса, онда  соғұрлым  айналым қаржылары жылдамырақ айналып,    тиімдірек    пайдаланылады.

              Біздің жағдайымызда талданып отырған мерзім  ішінде    берілген жалпы айналымдылық коэффициенті жылдамдатылған.. Бұдан  қоғамда    айналым қаржылары тиімді пайдаланып отыр деп  қорытынды    жасаймыз.

              Төлемдік қабілеті төмен кәсіпорындардың балансының  қанағаттанарлықсыз құрылымын бағалау үшін, критерийлер    ретінде  келесі көрсеткіштер пайдаланылады: өтімділіктің жалпы     коэффициенті, кәсіпорынның меншіктік айналым қаржыларымен     қамтамасыз етілу коэффициенті  және төлемдік қабілетін  қалпына    келтіру  коэффициенті.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.   Кәсіпорынның  төлемдік қабілетін   қалыптастыру және қаржылық  стратегиясы

3.1 Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын бағалау

 

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының ңБанкроттық туралың 07.04.95. жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбек ақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланыстыкредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің  жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі есептерін келтірейік:

1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

-              инфляцияның аса жоғары деңгейі;

-              фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының тымендеуі;

-              бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

-              банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

-              жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

-              өндіріс көлемінің төмендеуі;

-              ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

-              ақталмаған жоғары шығындар;

-              өнімнің төменгі рентабельділігі;

-              өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

-              үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

-              екі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруғда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.

   Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

-              банкроттықты құқықтық реттеу;

-              кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің норметивтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

-              перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

-              қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

-              банкроттық процедураға қатысушыларғы көмек көрсету;

-              кең ауқымды қоғам үшін банкроттық жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмнің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының ңБанкроттық жайындаң Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе  ңБанкроттық жайындаң Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында кредиторлардың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.

Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.

Банкроттық ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық  ңауруынң және одан  ңарылуң жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу жолдарын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зеттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі және жоғарлауы қандай? Деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.

Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесін зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиылық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілік ақпараттармен қамтамасыз етуі керек. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа негізделуі керек.

Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп есеп беруі кеөеңі мен екінші кеөеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданылатын бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.

Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:

а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;

б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.

А. Несие беру қабілеттігі индексінің есебі.

Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-математикалық модельдеу көрсеткіштер динамикасын  келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байланысты балгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономика-математикалық модельдеудің қаржылық болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық- математикалық модельдер қолданылады.

Ә. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.

Келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштерге жататындар:

-         негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;

-         мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;

-         айналым қаражаттарының аса тапшылығы;

-         дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;

-         банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;

-         тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін паыдалану (мәжбүрлі) және тағы басқа.

Қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштерге жататындар:

-         мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;

-         кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, нақты бір жобадан тәуелді болуы;

-         кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;

-         кәсіпорынды техникалық және технологиялық тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау және тағы басқа.

Б. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.

Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негізретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық- экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен, сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Экономика министірлігімен бекітілген кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау  тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі ңТөлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстарң жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етеді.

В. Қаржылық ағымдардың талдауы.

Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмау қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:

-  кірістер;

-  шығындар;

-  олардың айырмасы;

-  нақты бар болуы;

Егер болашақта 4- көрсеткіш теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредитор оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жаңдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол – соңғы көрсеткіштердің теріс болуы.

°ëåìäiê ò¸æiðèáèåäå ê¸ñiïîðûííû» ò½ðàºòûëû¹ûí áîëæàó æ¸íå ò¸óåêåëií àíûºòàó ìåí áàíêðîòòûººà ½øûðàóûí àéºûíäàó ¾øií ýêîíîìèêà-ìàòåìàòèêàëûº ìîäåëüäåð ºîëäàíûëàäû. Ñîëàðäû» iøiíäå ê¼ï ºîëäàíûëàòûí ìîäåëü – á½ë àìåðèêàíäûº ýêîíîìèñò Ý.Àëüòìàííû» Z – ìîäåëüäåði. Á½ë ìîäåëüäåðäi» ºàðàïàéûìû åêi ôàêòîðëû ìîäåëü áîëûï ñàíàëàäû. Îë ìîäåëü åêi ê¼ðñåòêiøêå íåãiçäåëåäi: æàëïû ¼òåëó êîýôôèöèåíòi íåìåñå à¹ûìäà¹û өтімділік êîýôôèöèåíòi (Êòë) æ¸íå ºàðæûëûº ò¸óåëäiëiê êîýôôèöèåíòi (Êç).

Àìåðèêàíäûº ò¸æiðåáèåäå êåëåñi Z – ìîäåëi ºîëäàíûëàäû.

 

 

-0,3877 – ò½ðàºòû ê¼ðñåòêiø;

-1,0736 – à¹ûìäûº өтімділік ê¼ðñåòêiøòåðiíå àíûºòàë¹àí êîýôôèöèåíò ê¼ëåìi;

+0,0579 – áàëàíñ ïàññèâiíäå қарыздық ºàðæûëàðäû» ¾ëåñ ñàëìà¹ûíû» ê¼ðñåòêiøòåði ¾øií àíûºòàë¹àí êîýôôèöèåíò.

 

              Åãåðäå ê¸ñiïîðûíäà Z=0, áàíêðîòòûººà ½øûðàóäû» ûºòèìàëäûëû¹û 50%. Åãåðäå Z<0, áàíêðîòòûººà ½øûðàóäû» ûºòèìàëäûëû¹û 50% ò¼ìåí æ¸íå Z ò¼ìåíäåóiíå áàéëàíûñòû, îë ò¼ìåíäåé áåðåäi.

              Áiðຠá½ë ìîäåëü áàíêðîòòûºòû áîëæàóäà æî¹àð¹û ä¸ëäiêòi ºàìòàìàñûç åòïåéäi. Ñåáåái, îë ê¸ñiïîðûííû» ºàðæûëûº æà¹äàéûíà ¸ñåð åòåòií áàñºà ìà»ûçû çîð ôàêòîðëàðäû åñåïêå àëìàéäû (òàáûñòûëûº, àêòèâòåð ºàéòàðûìäûëû¹û, ê¸ñiïîðûííû» iñêåðëiê àêòèâòiëiãi).

Информация о работе қаржылық жағдай