қаржылық жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:09, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарында ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Оглавление

Кіріспе
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымы
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
Кәсіпорынның қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер жүйесі
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау
Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
іпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру және қаржылық даму стратегиясы
Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру критериилері есебі
Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы
Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылғын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Каржылык жагдай.doc

— 707.00 Кб (Скачать)

Абсолютті      өтімділік     коэффициенті     ақшалай      қаражат,      жеңіл    өткізілетін        құнды     қағаздардың        пассивтеріне     қатынасы       ретінде      есептеледі .      Бұл     көпсеткіштің      теориялық    мәні  -   жеткілікті    деп    0,2-0,5    тен     жоғарғы    мәні      есептеледі.

Сонымен    қатар жалпы  активтер  суммасындағы ақшалай    қаржылар мен жеңіл өткізілетін     құнды    қағаздардың      үлес    салмағын    есептеген   де    дұрыс.

Қатерлі өтімділік   коэффициенті  келесі  формуламен  анықталады:

Кқат өтім =

             

Мұндағы : ДҚ  -  дебиторлық    қарыз

АҚ-  ақша    қаражаттары

 

Абсолютті өтімділік коэффициенті коэффициенті келесі     формуламен   анықталады:

Кабс.өтім  =  

Мұндағы: АҚ- ақша    қаражаттары

 

1.  Ағымдық   өтімділік  коэффициенті

 

2003 жылы Кағ. өтім = 90054 мың теңге /102106  мың  теңге =  0,88

                                

2004 жылы Кағ.өтім =  89345 мың  теңге  /107507 мың теңге =  0,83

                               

2005 жылы Кағ.өтім = 94010 мың  теңге /114232 мың  теңге =  0,82

                           

              Бұл көрсеткіштің  деңгейі өзінің нормативтік деңгейінен әлдеқайда төмен (≥2-2,5), яғни талданушы мерзім ішінде 0,88-ден 0,82-ге дейін төмендеу тенденциясына ие болған. Кәсіпорын өзінің ағымдық міндеттемелерін ағымдық активтермен жабу мүмкіндігі жоқтығын, бұдан оның балансының құрылымының тұрақсыздығы жөнінде қорытынды жасаймыз.

   

2.  Қатерлі   өтімділік коэффициенті

                                                                                                                                             

2003жылы Кқат.өтім =18903+506мың теңге/102106мың теңге = 0,19

                                    

2004жылы Кқат.өтім =11215+1060мың теңге/107507мың теңге=0,12 

                                     

2005жылы Кқат.өтім =9280+1540мың теңге/114232мың теңге= 0,09

                                      

              Қатерлі өтімділік коэффициенті көрсеткіші талданушы мерзім ішінде қатты төмендеп кеткен, және оның мәнi нормативтік деңгейінен әлдеқайда төмен (≥0,7-0,8), бұдан біз кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігі деңгейіне қатер төніп тұр деп қорытындылаймыз.

 

3.  Абсолютті  өтімділік  коэффициенті

 

2003 жылы Кабс.өтім  = 506  мың теңге / 102106  мың теңге =  0,004

                               

2004 жылы Кабс.өтім  = 540  мың теңге /107507  мың теңге  =  0,005

                               

2005 жылы  Кабс.өтім = 1540  мың теңге /114232  мың теңге  =0,013

 

              Абсолютті өтімділік коэффициенті талданушы мерзім ішінде кішкене өскен, бұған себеп – ақшалай қаржының көлемінің өсуі болып отыр. Бірақ оның мәнi нормативтік деңгейінен (0,2-0,5-тен     жоғарғы мәні  есептеледі) төмен. Бұл көрсеткіштің төмен өтімділік     деңгейі - бұл  әкімшіліктің  еркін іс-әрекетінің болмауы болып    табылады. Өтімділіктің төменгі деңгейінің әсері кәсіпорынның  өзінің ағымдық қарыздары мен міндеттемелерін төлеуге қабілетсіздігіне әкеліп отыр.    

 

4.  Ағымдық   активтердегі  ақшалай   қаражаттардың   үлесі

 

d = ақшалай  қаражат

                                                                               ағымдық  активтер

 

2003 жылы  d =  506 мың теңге      = 0,005

                           90054  мың теңге

 

2004 жылы  d =  540  мың  теңге   = 0,006

                             89345 мың  теңге    

 

2005 жылы   d =  1540  мың  теңге      = 0,016

                              94010  мың  теңге   

 

              Ағымдық активтердегі ақшалай қаражаттардың үлесінің талданушы мерзім аяғына қарай өсуі ақшалай қаражат мөлшерінің өсу тенденциясымен түсіндіріледі.

2.3.1.  кестеде  акционерлік   қоғамның    өтімділік көрсеткіштеріне    талдау    жүргізілген.   Кесте    деректері   бойынша   талданып   отырған   мерзім   ішінде   2003 – 2005  жылдары    ағымдық   активтер   суммасы    3956  мың   теңгеге , оның    ішінде    тауарлық-материалдық    запастар мөлшері  12545  мың   теңгеге , ақшалай    қаражат   1034   мың   теңгеге  артып   отыр.   Ал  дебиторлық    қарыз   - 9623  мың   теңгеге кеміген.

Ағымдық   пассивтер   көлемі   12126  мың   теңгеге    өскен, кредиторлық     қарыз    мөлшері   де   15601  мың   теңгеге    өскен.   

Енді    өтімділік    көрсеткіштеріне    талдау    жасайық.   Таза   айналым    капиталы    талданушы үш жыл ішінде де теріс мәнге ие



Кесте  2.3.1.

Кәспіорын балансының өтімділік  көрсеткіштерін  талдау

 

 

Көрсеткіштер

 

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

2004/2003

2005 жыл

Ауытқу

2005/2004

1.Ағымдық  активтер

 

90054

89345

-709

94010

+4665

1.1.Тауарлық-материалдық запастар, мың  теңге

70645

77070

+6425

83190

+6120

1.2.Ақшалай  қаражат, мың  теңге

506

1060

+554

1540

+1000

1.3.Дебиторлық  қарыз, мың  теңге

18903

11215

-7688

9280

-1935

2. Ағымдық пассивтер

102106

107507

+5401

114232

+6725

2.1.Қысқа  мерзімді  несие  мен  заемдар,мың  теңге

2525

4500

+1975

2050

-2450

2.2.Кредиторлық  қарыз, мың  теңге

99581

103007

+3426

112182

+9175

3.Өтімділік көрсеткіштері

 

 

 

 

 

3.1.Таза  айналым капиталы, мың теңге

-12052

-18162

-6110

-20222

-2060

3.2.Ағымдық активтердегі таза айналым капиталының  үлесі, %

-

-

-

-

-

3.3.Ағымдық өтімділік коэфиценті

0,88

0,83

-0,05

0,82

-0,01

3.4.Қатерлі    өтімділік коэфиценті

0,19

0,12

-0,07

0,09

-0,03

3.5.Абсолютті өтімділік коэфиценті

0,004

0,005

0,001

0,013

0,008

3.6.Ағымдық  активтердегі ақшалай қаражат  пен  қысқа  мерзімдік  құнды  қағаздар  үлесі

 

0,005

 

0,006

 

0,001

 

0,016

 

0,015

 



болған.  Ағымдық     өтімділік    коэффициенті    берілген    кәсіпорында   талданушы мерзім ішінде 0,88-ден   0,82 –ге дейін қысқарды. Басты себепші болып ағымдық пассивтердің ағымдық актвитерден басым болуы болды. Ал қатерлі өтімділік көрсеткіштері бұл мерзім ішінде біршама төмендеп кетті. Себебі дебиторлық қарыз көлемінің осы мерзім ішінде төмендеп кетуі болды. Ал    абсолюттік    өтімділік   коэффициентінің    мәні    кішкене өскен, бұл ақшалай қаражат мөлшерінің өсуімен байланысты болған.  

Кәсіпорынның   төлемдік   қабілеті    оның   несиелік   қабілетінің    ұғымымен   тығыз    байланысты.   

 

Кесте   2.3.2. 

Төлемдік   қабілеті   мен   несиелік  қабілеті  белгісі  бойынша  топтау

Кәсіпорын

2002жыл

2003жыл

2004жыл

«Ай-Дан-Ақ құс»

ЖШС

К <1

1 класс

K<1

1 класс

K<1

1 класс

 

Несиелік   қабілеті  -  бұл   несие   алуға    мүмкіндік   беретін    және  оны   өз   уақытында   қайтара   алу   мүмкіндігі    бар    кәсіпорынның   қаржылық    жағдайы.    

Кәсіпорынның    төлемдік    қабілеті    мен   несиелік    қабілетін    бағалау   барысында   қатерлі   өтімділік   коэффициенті   0,5-тен   төмен    түспеу   керек,   ал   жалпы    коэффициент   1,5-нен    төмен   болмау    керек.   Ағымдық   өтімділік    коэффициенті    <1  кіші    болса,   онда   кәсіпорын  1  класқа,  егер   1-1,5   болса,    онда   2   класс,   ал   >1,5   жоғары   болса    3   класқа   жатқызамыз.   

Егер     кәсіпорын   1   класқа    жатса,   онда    банк    несиеге   қабілетті    емес     кәсіпорынмен   жұмыс   жүргізіп   жатыр   деп   есептейміз.  

Банк    бұл    жағдайда   тек    ерекше    шарттармен    үлкен    процентке    ғана   несие    бере    алады   (2.3.2. кестеде     көрсетілген).

 

 

 

 

 

2.4   Кәсіпорынның   төлемдік   тұрақтылығын   бағалау  

 

 

              Кәсіпорынның    қаржылық     тұрақтылық    ұғымы   болашақ   төлемдік    қабілетімен    тығыз    байланысты.              Қаржылық    тұрақтылықты    бағалау    сыртқы     талдау   субъектілеріне    кәсіпорынның    қаржылық     мүмкіндіктерін    ұзақ    болашаққа    (1   жылдан    жоғары)    анықтауға     мүмкіндік    береді.     Себебі    нарықтық    экономика     жағдайында      өндіріс    процесін     жүзеге    асыру,    оны   ұлғайту,    кәсіпорынның      әлеуметтік    және    басқа    қажеттіліктерін    қанағаттандыру    өзін  -  өзі   қаржыландыру    есебінен,    яғни    өзіндік    қаржылық     көздері    есебінен,   ал  олардың    жеткіліксіздігі     жағдайында     қарыздық    көздері    есебінен    жүргізілетін    болғандықтан,    сыртқы    қарыздық      қаржылық    көздерден    қаржылық      тәуелсіздігінің     үлкен    маңызы     бар,     бірақ    оларсыз,     оларды    кірістірмей     қызмет    жүргізу     көбіне    мүмкін    емес.     Сондықтан    қарыздық ,    өзіндік     және    жалпы    капитал    қатынастары    әр   түрлі    позицияларда     зерттеледі.

              Қарыздық    қаржылар     ағымдық    пассивтер,    ұзақ    мерзімдік    пассивтер,    басқа    пассивтер    суммасы    түрінде    кәсіпорынның    қарызын    білдіреді,    яғни    баланс    пассивінің   II    және     III     бөлімдерінің     қорытындылары    суммасы    түрінде       есептеледі.

              Жалпы   капитал  -  бұл   меншіктік    капитал    ( жарғылық   қор,  арнайы   қорлар,   резервтік    капитал ,    бөлінбеген    пайда,     мақсаттық    қаржыландыру     қорлары ),    акционерлік    капитал,  қарыздық      капитал      суммасы,    яғни    баланс    жиыны.

Информация о работе қаржылық жағдай