қаржылық жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:09, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарында ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Оглавление

Кіріспе
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымы
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
Кәсіпорынның қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер жүйесі
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау
Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
іпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру және қаржылық даму стратегиясы
Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру критериилері есебі
Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы
Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылғын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Каржылык жагдай.doc

— 707.00 Кб (Скачать)


2.1.5.   кестеде    құс    фермасының    дебиторлық    қарыз    құрамы   мен    құрылымына    талдау жүргізілген.   Себебі    дебиторлық    қарыз     айналым    қаржыларының  маңызды    бөлігі    ретінде    есептеледі.   

Кесте    деректерінен   2003-2005 жылдар   ішінде  дебиторлық    қарыз    мөлшері    49 %  -ға  кеміп   отырғандығын көреміз, бұл жақсы нышан болып табылады. Оның ішінде   алынуы тиісті есеп шоттар   2003  жылға қарағанда  2005 жылы   40% - ға  кеміген. Басқа дебиторлық    қарыздар мөлшері 2005   жылы  35,2% - ға азайғанын  көреміз, ал күмәнді дебиторлық қарыз көлемі  кішкене өскенін көреміз. Жалпы алғанда дебиторлық қарыз көлемі қысқаруы оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы жөнінде алдын-ала қорытындыжасауға мүмкіндік береді. 

 

 

 

2.2  Кәсіпорын активтерінің      қалыптасу   көздерін   талдау

 

              Кәсіпорын негізгі, айналым қорларын  және  материалдық емес    активтерін меншіктік және қарыздық (кірістірілген)  қаржы көздері  есебінен    алады. Оларды бағалау үшін баланс пассивіндегі деректері     пайдаланылады.

              Меншіктік  айналым   қаржылары  -  бұл    кәсіпорын    қарамағындағы    және    өзіндік    ресурстар   (пайда және тағы  басқа)  есебінен  құралатын    қаржылар.  Меншіктік  айналым  қаржыларының  қозғалысы  процесінде    олар   өзіндік  қаржылардың      бір   бөлігі    ретінде     авансіленген    еңбек    ақы, бірақ    уақытша    бос    жүрген    қаржылармен    берілуі    мүмкін.

Бұл    қаржыларды    меншіктік    қаржыларға    теңестірілген   немесе  тұрақты    пассивтар    деп    атайды.

              Қарыздың    айналым    қаржыларына  -  банк несиелері,   кредиторлық    қарызы   (коммерциялық    кредит    және  басқа   пассивтер    жатады.

              Кәсіпорынның    тиімді    жұмысы  -   бұл  минимальды     шығындармен      максимум    нәтижелерге    жету    болып    табылады.      Шығындарды     минимализациялау   -   бұл    ең    алдымен    кәсіпорынның    айналым     қаржыларының    қалыптасу    көздерінің    құрылымын    оптимизациялау    есептеледі,    яғни   өзіндік    және    қарыздық     ресурстардың    тиімді    сапалы      түрде     үйлесуі     есептеледі.

              Кәсіпорынның     айналым    құралдары    үнемі     қозғалыста  болады     және    айналым    жасап    отырады.     Айналым    сферасынан     олар    өндіріс    сферасына    өтеді,    содан   кейін    өндіріс    сферасынан     қайтадан    айналым    сферасына    өтеді.

              Ақша    қаржылардың    айналысы     кәсіпорынның   өзінің    материалдық     ресурстарын    және    басқа    элементтерін    сатып    алу    сәтінен    басталады     және    осы    шығындардың    өнімді    өткізуден    түскен    түсімі      түрінде     қайтарылады.     Содан    соң   ақшалай     қаражаттар    қайтадан     кәсіпорынмен     материалдық      ресурстарды    сатып    алу    үшін    және    оны    өндіріске    еңгізу    үшін     пайдаланылады. 

              Кәсіпорынның    меншіктік    және    қарыздық    қаржы     көздерінің     құрамы    мен    құрылымына    талдау     жасайн   болсақ     2.2.1.    кестенің      мәліметтері    бойынша  талданушы мерзім ішінде кәсіпорынның барлық    қаржы    көлемі     16,1 % -ға    өсіп   отыр,   оның    ішінде    меншікті    капитал     көлемі    29,5%-ға,    қарыздық    капитал  көлемі 11,8 %- ға   өсіп   отырғанын   байқаймыз.    Меншікті капитал құрамында  жарғылық қор көлемі 82 мың тенгеден 2003 жылы 2480 мың тенгеге дейін 2005 жылы өскен.  Бұл кәсіпорынның өндіріс ауқымын ұлғайту мақсатында жасалған шараларының бірі болып табылады. Қосымша төленбеген капитал  көлемі үш жылда да 105738 мың тенге құраған. Кәсіпорында өткен жылдардың бөлінбеген зиян мөлшері жыл сайын алынған табыс есебінен кішкене азайған. Талдау    мәліметтеріне   қарай    отырып,   2005    жылы    меншіктік   қаражат құрамында басым үлес салмаққа қосымша төленбеген капитал 79,05 %  - дан 2003 жылы 68,1%-ға дейін 2005жылы  төмендеп,   құрағанын көреміз.      Ал   жарғылық   қор   көлемі  үлесі 0,06%дан 2003 жылы 1,6% - ға дейін 2005 жылы  ұлғайғандығын байқаймыз.    Бөлінбеген зиян көлемі 74167 мың тенгеден 2003 жылы 67220 мың тенгеге дейін 2005 жылы  төмендеген. Жалпы кәсіпорын қаражаты көлемінде меншікті капитал үлес салмағы 23,71%-дан 2003 жылы 26,4%-ға дейін 2005 жылы артқан, бірақ қарыздық капитал көлемі одан басым үлес алған. Оның үлес салмағы 76,29%-дан 2003 жылы 73,6%-ға дейін 2004 жылы өскен. Яғни кәсіпорынның сыртқы қарыздық көздерге тәуелділігі артып отыр. Қарыздық қаражат құрамында ұзақ



Кесте  2.2.1

Меншіктік  және қарыздық  қаржы  көздерінің  құрамы  мен

құрылымына  талдау

 

Көрсеткіштер

2003жыл

2004жыл

Ауытқу

2004/2003

2005жыл

Ауытқу

2005/2004

мың

теңге

%

мың

теңге

%

мың

теңге

%

мың

теңге

%

мың

теңге

%

1. Барлық  кәсіпорын қаржысы, оның  ішінде

133759

100

142850

100

9091

6,8

155230

100

12380

8,7

1.1. Меншікті  капитал

31653

23,71

35343

24,8

3690

11,6

40998

26,4

5655

4,0

1.1.1. Жарғылық  қор

82

0,06

1255

0,9

1173

15,3 есе

2480

1,6

1225

97,6

1.1.2. Қосымша  төленбеген капитал

105738

79,05

105738

74,0

-

-

105738

68,1

-

-

1.1.3. Бөлінбеген табыс (зиян)

-74167

-55,4

-71650

-50,1

-

-

-67220

-43,3

-

-

1.2. Қарыздық  капитал

102106

76,29

107507

75,2

5401

5,2

114232

73,6

6725

4,7

1.2.1.Ұзақ  мерзімді

несиелер

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1.2.2.Қысқа  мерзімді 

несиелер

2525

1,9

4500

3,2

1975

78,2

2050

1,3

-2450

-54,4

1.2.3.Кредиторлық 

қарыз

99581

74,39

103007

72,0

3426

3,4

112182

72,3

9175

8,9

 



мерзімді несиелер мен заемдар орын алмаған, яғни кәсіпорын кірістірмеген, ал қысқамерзімдік қарыздары мен несиелері орын алған. Оның ішінде қысқамерзімді қарыз көлемі 74,39%-дан 2003 жылы 72,3%-ды 2005 жылы кішкене төмендеген, бірақ оның абсолюттік шамасы артқан.

Меншіктік көздердің оның жалпы суммасына қатынасы меншік    коэффициенті деп аталады. Бұл коэффициент кәсіпорынның  меншік иелері   мен акциялар, қарыз берушілер,  кридитор  иеларі  арасындағы  көзқарастар қатынасын сипаттайды.

 

Км = МК / ЖК

 

мұндағы: МК-меншікті капитал;

      ЖК- жалпы капитал.

 

2003 жылы    Км =31653 : 133759 = 0,23

204 жылы                  Км =35343 : 142850 = 0,25

2005 жылы     Км =40998 : 155230 = 0,26

 

Талданушы кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәнi соңғы үш жыл ішінде кішкене өскенмен, бұл шама өте төмен болып табылады. Оның тиімді мәнісі 50 пайыздан жоғары болуы тиіс. Ал біздің кәсіпорында оның шамасы өте төмен, яғни бұл кәсіпорынның  қаржылық жағдайының нашарлығы жөнініде, қаржылық тұрақтылығының төменгі дәрежесі жөнініде дәлел болады.

Батыс экономистері меншік коэффициентін,   жеткілікті  жоғарғы    деңгейде  ұстап  тұрған  дұрыс деп ойлайды.  Бұл өз    кезінде    қаржылардың    көздерінің    тиімді   тұрақты    құрылымын    ұстап    тұруға   мүмкіндік     береді.

 

 

2.3    Кәсіпорынның   төлемдік   қабілетін    бағалау

 

 

Кәсіпорынның   төлемдік   қабілеті     деп   -  оның   өзінің   жедел    міндеттемелері   бойынша    төлемдерді    өз   уақытында жүргізу    қабілетін    түсінеміз.    Талдау    процесінде    ағымдық және    перспективалық    төлемдік    қабілеті    зерттеледі.

              Ағымдық     төлемдік     қабілеті    есептегі     мерзімде   баланс   деректері    бойынша    оның    төлемдік    қаржыларын    жедел    міндеттемелермен    салыстыру    арқылы    анықтаймыз.    Төлемдік    қаржылардың     суммасын    анықтау    сұрағы    бойынша    әр   түрлі    көзқарастар    бар.   

Анағұрлым    дұрысы  -  төлемдік    қаржыларға    ақшалай    қаражаты,    қысқа    мерзімдік      мерзімдік    құнды    қағаздары,    себебі    олар   тез   өткізіліп    ақшаға   айнала    алады,    сондай  - ақ     дебиторлық    қарыздың  қайтарылуы    мүмкін     болатын    бір     бөлігін    жатқызамыз.      Ал    жедел    міндеттемелерге    ағымдық    пассивтер,    яғни    міндеттемелер   мен    қарыздар;     қысқа    мерзімді    банк     несиелері ;      тауарлар,    қызметтер    мен    жұмыстар    үшін    кредиторлық    қарызы,    бюджетке    және    басқа   заңды   мен   физикалық    тұлғаларға     кредиторлық    қарыздарын    жатқызамыз.      Төлемдік    қаржыларының     оның        

жедел    міндеттемелерінен     басым   болуы    кәсіпорынның   төлнмдік    қабілеттігі    жөнінде    дәлел    болады.     Ал    төлемдік    қабілетсіздігі     жөнінде    есептегі     және    банктегі     басқа    есеп  -    шоттарында     ақшаның    болмауы,    мерзімі    өтіп    кеткен     банк    кредиттері,     қарыздары,    қаржылық     органдарға     қарыздары,    еңбек    ақы    бойынша     төлем    мерзімдерінің      бұзылуы    куә     бола    алады.

              Кәсіпорынның    төлемдік   қабілетін    анықтау    үшін    өтімділік       көрсеткіштері     пайдаланылады.    Өтімділіктің екі    концепциясы    бізге    белгілі:

              I  - сі    бойынша    қысқа    мезімдік    өтімділік   (1  жылға  дейін)    деп    кәсіпорынның    өзінің    қысқа    мерзімдік    міндеттемелерін     төлеу    қабілеті. 

              II  -сі   бойынша    өтімділік  -  бұл    ағымдық    активтердің   ақшалай     қаржыларына    айналу      жылдамдығы    деп    түсінеміз.      Мұнда    жылдам    оларды    өткізу     нәтижесінде       ағымдық     активтердің     құнсыздануы    деңгейі     де    ескеріледі.  

              Қысқа      мерзімдік     ликвидтілік    болмауы     кәсіпорынның    өзінің     іскерлік   мүмкіндіктерін     пайдалануға     қабілетсіздігін    білдіреді.    

              Өтімділіктің  төмен    деңгейі   -   бұл   әкімшіліктің    еркін    іс  -  әрекетінің     болмауы    болып    табылады.    Өтімділіктің   басқа    күрделі     зардаптарына    кәсіпорынның    өзінің     ағым-  дық      қарыздары     мен    міндеттемелерін     төлеуге    қабілетсіздігін      жатқызамыз.     Себебі,   бұл   өз   кезегінде    кәсіпорынның      ұзақ    мерзімдік    қаржылық    бөлулері    мен    активтерін    мәжбүрлік     сатуына    әкеледі,   ал    тіпті    нашар    жағдайларында   -   төлемсіздіктер    мен    банкротқа     әкелуі    мүмкін.

              Тұрақсыз    қаржылық    жағдай     тұтынушыларға     да,   жабдықтаушыларға   да    әсер    етуі    мүмкін.                   Бұл    әсер  жабдықтаушылармен     контрактінің     орындалуымен,    оларды    жоғалтумен        мазмұндалады.

              Өтімділік    шараларының      бірі    ретінде    айналым    капиталы    (ағымдық   активтер)   саналады.    Ол     бірнеше   өтімділік    көрсеткіштерін     есептеу    үшін    пайдаланылады. Бұл    ең    алдымен     таза    айналым    капиталы  -  ол    ағымдық     активтердің,     ағымдық    пассивтерден     басым    болуы      мен     беріледі.      Егер    ағымдық     пассивтер    ағымдық    активтерден    басым    болса,    онда    айналым    капиталы    дифициті     пайда    болады.  

              Таза      айналым     капитал       көрсеткіші    ішкі    және    сыртқы    талдау     субъектілерімен      пайдаланылады.    Себебі    ол    кредиторлар     қауіпсіздігін    және    күтпеген    шығындарды     қаржыландыру    үшін    резервті    қамтамасыз    етеді.

              Ағымдық    қатынастар  -  бұл    ағымдық    активтердің    ағымдық     пассивтерге     қатынасы    болып    табылады.      Нарықтық     экономикасы    дамыған    елдерде     бұл     көрсеткішке     кәсіпорынның    ағымдық     өтімділігін     бағалау    барысында     үлкен    көңіл        бөлінеді.     Оның      кең    пайдаланылуының     негізгі      себептеріне :

              1 – ден     ағымдық     қатынас    ағымдық       активтердің     ағымдық    пассивтерді       жабу     деңгейін     бейнелейді,    бұл     шама      неғұрлым     жоғары     болған     сайын,      соғұрлым    қысқа    мерзімдік      міндеттемелерді     төлеу    сенімділігі     көбірек     болады.     Сондықтан    бұл     көрсеткішті     жалпы   жабу     коэффициенті     деп    те     атауға     болады.

              2 – ден     ағымдық     активтердің     ағымдық     пассивтерден   басымдылығы      ағымдық     активтерді    сату     немесе    өтімділігі       барысында     зиянның     пайда     болуына    кедергі      жасайды.

              Өтімділіктің    келесі    көрсеткіштерін      есептейміз :

- ағымдылық    өтімділік   коэффициенті     (ағымдық   қатынас);

- қатерлі    (жылдам)       өтімділік     коэффициенті ;

-  абсолютті       өтімділік     коэффициенті.

              Ағымдық      өтімділік    коэффициенті   келесі    түрде     анықталады :

 

Кағ. өтім  = 

 

Мұндағы : ОК  -  ағымдық   активтер,  теңге

ТО  -  ағымдық міндеттемелер,  теңге

 

              Оның      теориялық    жеткілікті    деңгейі   2-2,5    шекарасында     болады.     Қатерлі    өтімділік   коэффициенті     ақшалай    қаржылар,   жеңіл    өткізілетін     құнды     қағаздар,     дебиторлық    қарызы    суммасының     ағымдық    пассивтерге      қатынасы     арқылы     есептелінеді.       Оның     теориялық     жеткілікті     деңгейі    ≥1,0    шекарасында     болады.      Бұл       коэффициент   сондай – ақ    өндірістік     запастар    мен     шығындарды      шегергендегі       ағымдық    активтердің       ағымдық    пассивтерге қатынасы        ретінде    анықталады.   

Бұл    жағдайда    ликвидтерге     дайын    өнімді,      түсірілген     тауарларды      жатқызамыз.

Информация о работе қаржылық жағдай