қаржылық жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:09, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарында ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Оглавление

Кіріспе
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымы
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
Кәсіпорынның қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер жүйесі
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау
Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
іпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру және қаржылық даму стратегиясы
Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру критериилері есебі
Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы
Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылғын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Каржылык жагдай.doc

— 707.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның  барлық  ресурстары  ішінде  ең  маңызды  орынды  еңбек  ресурстары  алады.  Кәсіпорынның  еңбек  ресурстары  дегеніміз -  еңбекке  жарамды  16  жас – 63  жас  аралығындағы  адамдар.

Кәсіпорындағы  еңбек  ресурстары  -  бұл  кәсіпорын  басшылығы  тарапынан  тұрақты  қамқорлық  объектісі  болып  табылады.

Тауарлы  өнім  дегеніміз  -  барлық  өндірілген  өнімнің  сатуға  түскен  бөлігі.

Кәсіпорын  шығындары  дегеніміз  -  өнім  өндірісіне  қажетті  барлық   факторлардың  ақшалай  бейнеленуі.   Өнімнің  өзіндік  құнын  құраушы  шығын  элементтеріне  келесі  көрсеткіштер  жатады:

-              материалдық   шығындар;

-              еңбекке   ақы   төлеу   шығындары;

-              амортизациялық   төлем   шығындары;

-              әлеуметтік   төлем   шығындары;

-              басқа   да   шығындар.

Кәсіпорынның келесі  көрсеткіші  -   бұл  негізгі  қорлары.

Кәсіпорынның негізгі қорлары - бұл өнім өндірісі процесінде  ұзақ   уақыт   бойы   пайдаланылатын және өзінің  құнын тозуына қарай дайын   өнімге  ауыстыратын  кәсіпорын   активі.

Кәсіпорынның таза табысы - бұл  өнімді сатудан түскен  табыстан өнімнің өзіндік   құнын және салықтарды шегеру арқылы анықтаймыз. Кәсіпорынның тиімділік көрсеткіштеріне  қор қайтарымдылығы, қор   сыйымдылығы,  қор  жарақтандыру, табыстылық көрсеткіштері    жатады.

Қор қайтарымдылық көрсеткіші  -  өндірілген  өнім көлемінің   негізгі   қорлардың орташа жылдық   құнына   қатынасы арқылы анықталады.   Қор   сыйымдылығы   осы   көрсеткішке   кері   көрсеткіш.

Қормен жарақтандыру көрсеткіші -  негізгі   қорлардың орташа жылдық құнының     жұмысшылар   санына   қатынасы арықылы анықталады.  

1.3.1. кестенің  мәліметтері бойынша «Ай–Дан Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  өнім өндіру көлемі 2003 жылы 16637 мың дана жұмыртқа мен 65 тонна құс еті болса, 2004 жылы  27198  мың дана жұмыртқаға, ал құс еті 70 тоннаға жетіп   отыр, ал 2005 жылы 38365 мың дана жұмыртқаға, ал құс еті 74 тоннаға дейін өскен, яғни кәсіпорынның өндірген өнім көлемі жыл сайын арта түсуде.   Бұл кәсіпорын өніміне сұраныстың өсуімен түсіндіріледі. Өндірілген өнім көлемінің өсуіне сонымен қатар жұмыртқалаушы тауықтың орташа көрсеткішінің 91012 бастан 2003 жылы 159563 басқа дейін 2005 жылы артуымен байланысты болған.

              Кәсіпорынның өнімін өткізуден түскен табыс мөлшері 2003   жылы 115104 мың  теңгеден  2005   жылы  216889 мың теңгеге   дейін артып    отыр. Оның ішінде жұмыртқаның сатылу ауқымы 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда 40,5% -ға өскен, немесе 10841 мың дана жұмыртқаға артқан. Ал тауық етінің сатылу ауқымы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 5,7% -ға өскен.

              Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2003 жылы  133977  мың  теңгеден   2005 жылы 180668 мың теңгеге дейін артқан, бұл өз кезегінде өндіріс көлемінің артуымен байланысты болып отыр.  Таза табыс көлемі 2003 жылы зиянмен жұмыс жасаса, ал соңғы екі жылы 30755 мың тенге 2004 жылы және 36221 мың тенге 2005 жылы құрды. Осы келтірілген деректерге қарай отырып  кәсіпорын қызметінің   едәуір жақсартылғанын  байқаймыз.

Кәсіпорында еңбек  өнімділігі  2003 жылы 935,8 мың теңге болса,  2004  жылы  1272 мың теңгені, ал 2005 жылы 1630,7 мың тенгені құрайды.  Бұл көрсеткіштің өсуіне өндіріс ауқымының артуы, өндірілген өнім көлемінің тура пропорциоанлды әсер еткен. Кәсіпорында жұмысшылар санының артуымен байланысты еңбек ақы қоры өскен. Бір жұмысшының орташа еңбек ақысы 8157 тенгеден 2003 жылы 12207 тенгеге дейін 2005 жылы өсіп отыр. Бұған да кәсіпорынның табысының артуы ықпал еткен.

 

 

 

 

 



Кесте  1.3.1

«Ай-Дан-Ақ қус»   ЖШС-нің қызметін бейнелейтін

негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері жүйесі

 

 

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем бірлік

 

2003

 

2004

Ауытқу

2004/2003

 

2005

Ауытқу

2005/2004

%

+,-

%

+,-

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Өнімнің өткізуден түскен табыс

мың теңге

115104

165389

143,7

50285

216889

131,2

51500

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың теңге

133977

134634

100,5

657

180668

134,2

46034

3

Жалпы жұмыртқа   жиыны

мың дана

16637

              27198

163,5

10561

38365

140,1

11167

4

Құс еті

тонна

65

70

107,7

5

74

105,7

4

5

Жұмыртқалаушы тауықтың орташа көрсеткіші

бас

91012

116365

127,9

25353

159563

137,1

43198

6

Жұмыртқаның сатылу

ауқымы

мың дана

15105

26804

177,5

11699

37645

140,5

10841

7

Тауық етінің  сатылу

ауқымы

тонна

65

70

107,7

5

74

105,7

4

8

Жұмысшылар саны

адам

123

130

105,7

7

133

102,3

3

9

Бір жұмысшының орташа

еңбек ақысы

теңге

8157

8758

107,3

601

12207

140

3449

 

1.3.1 кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10

Еңбек ақы қоры

мың теңге

12040

13662

113,5

1622

19482

142,6

5820

11

Еңбек өнімділігі

мың теңге

935,8

1272

136,0

336,2

1630,7

128,2

358,7

12

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тенге

42462,3

48604,5

114,4

6142

57362,5

934

512,2

13

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

мың тенге

87627,4

89699,5

102,3

2072

91677,5

442,4

896,0

14

Қор қайтарымы (1/12)

тенге

2,71

3,40

1,25

0.86

3.78

0,14

10,6

15

Қормен жарақтануы (12/8)

мың тенге

345,2

373,8

108,2

877,4

431,2

9,13

170,7

16

Табыс/зиян,  (+/-)

мың теңге

-18873

+30755

163

49628

+36221

117,8

5466

17

Рентабельділік

%

-

22,8

-

-

20,0

-

-2,8



2   «Ай-Дан Ақ құс»    жауапкершілігі шектеулі серіктетігінің   қаржылық   жағдайына   баға   беру

2.1      Кәсіпорын балансының  құрамы  мен  құрылымын  талдау

 

Кәсіпорын    қаржылары  -   бұл   өнімді   өндіру   мен   өткізу Процесінде;   басқа   да   қызмет   түрлерін   жүзеге   асыру   барысында   қалыптасатын   ақшалай   қатынастар   жүйесі   болып   табылады.  

Кәсіпорынның   қаржылық   жағдайы  -  қаржылық   ресурстардың;   өнімді   өткізуден   түскен   ақшалай   қаржылар;   банк   несиелері   мен   уақытша   кірістірілген   қаражаттар;   жабдықтаушыларға   қарыздарын   және   басқа   несиелерге   қарыздарын,   арнайы   қорлардың   уақытша   бос   еркін   қаржыларын    құралуын,   орналасуы   мен   пайдалануымен   мазмұндалады.   Кәсіпорындардың   жұмыстың   нарықтық    жағдайларға   өтуімен   байланысты   оның   қаржылық   жағдайының   тұрақтылығы   жөнінде   мәселе   пайда   болады.

Кәсіпорынның   қаржылық   жағдайы   оның   қалыпты   өндірістік,   коммерциялық   және   басқа   қызмет   түрлерін   жүзеге   асыру   үшін   қажетті   қаржылық   ресурстармен   қамтамасыз   етілуі   мен   оларды   тиімді   орналастыру   мен   пайдаланумен,   басқа   шаруашылық   субъектілерімен   қаржылық   өзара   қатынастарымен,   төлнмдік    қабілеті   мен   және   қаржылық   тұрақтылығымен   сипатталады.   Кәсіпорынның   өз   уақытында   төлемдерін   жүргізіп   отыру   қабілеті   оның   қаржылық   жағдайының   жақсы   екендігіне   дәлел   болады.

Кәсіпорынның   қаржылық   жағдайы    өндірістік,   коммерциялық, қаржылық    қызмет   нәтижелеріне   байланысты.   Үздіксіз   өнім   шығысы   мен   жоғарғы   сапалы   өнімді   өткізу   кәсіпорынның   қаржылық   жағдайына   тиімді   әсер   етеді.   Ал   өндірістік   процестегі   үзілістер,   өнім   сапасының   төмендеуі,   оның   өткізумен   байланысты   қиындықтар   кәсіпорынның    есеп – шотына    түсетін   қаржылардың    түсетін   көлемінің   азаюына    әкеледі.   Нәтижесінде   оның   төлемдік   қабілеті   төмендейді.

Ақшалай қаржылардың болмауы материалдық ресурстармен   қамтамасыз  етудегі  үзілістерге   әкеледі.

Кәсіпорынның практикалық жұмысында жақсы жұмыс істейтін   кәсіпорындарда да қаржылық ресурстарды тиімді орналастыру мен   пайдалану   жеткіліксіздігімен    байланысты қаржылық   қиындықтар   болуы мүмкін. Сондықтан қаржылық қызметі  қаржылық    ресурстардың   тиімді   пайдалануы    мен   жүйелі   түсімін    қамтамасыз   етуге,   есептік   және   несиелік   тәртіп    сақтауға,   өзіндік   және   қарыздық   қаржылардың    тиімді   қатынасына   әкетуге,   кәсіпорынның  -   тиімді   жұмыс   жасау   мақсатында   қаржылық   тұрақтылыққа   бағытталуы   тиіс.  

Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайы тек өндірістік- экономикалық факторлар  жиынтығы ғана емес, сондай–ақ оның қаржылық    қатынастарының барлық элементтерінің өзара іс-әрекет жасау нәтижесі    болып  табылады.

              Қаржылық   жағдай  -  ағымдық   және   перспективалық   төлемдік   қабілеті,   айналымдылық,   өзіндік   және   қарыздық    қаржылар   мөлшері,   оларды   пайдалану   тиімділігі   және   таы   басқалар   сияқты    көрсеткіштер   жүйесін   сипаттайды.

              Қаржылық   жағдайдың   ішкі   және   сыртқы   талдауын   бөліп    айтамыз.   Ішкі   талдау  -  кәсіпорынды    басқару   қажеттері   үшін   жүзеге   асырылады.   Оның    нәтижелері   қаржылық   жағдайды   жоспарлау,   бақылау   мен   болжамдау   үшін   пайдалынады.    Сыртқы   талдау  -  жарияланатын   информацияны   пайдаланушы   талдау   субъектілерінің   барлығымен   жүргізіледі.    Бұл   талдау   мазмұны   қаржылық   ресурстар   меншік   иелері   мен    бақылаушы    органдар     көзқарастарымен    анықталады.

              Ішкі және  сыртқы талдаудың негізгі міндеттері   етінде  есептелінеді:

     қаржылық  жағдайдың  жалпы бағалануы және  оның   өзгерістерінің   факторларын   зерттеу;

     қаржылары   мен   оның    көздері   арасындағы,    олардың   тиімді    орналасуы   мен   тиымді   пайдаланылуы    арасындағы   сәйкестікті    зерттеу;

     қаржылық,   есептік   және  несиелік тәртіпті   сақтау;

     кәсіпорынның өтімділігі   мен   қаржылық   тұрақтылығын  анықтау.

     қаржылық   жағдайдың   тұрақтылығын   ұзақ   мерзімдік   және   қысқа   мерзімдік    болжамдау   т.б.

              Бұл   міндеттерді   шешу   үшін   келесіні   зерттеу   қажет:

-         кәсіпорынның   қаржыларының   құрамы   мен   құрылымы;

-         олардың   өзгерістерінің    себебтерімен   зардаптары;

-         кәсіпорынның   қаржыларының    көздерінің    құрамы   мен  

-         құрылымы;

-         олардың    өзгерісінің    себептері    мен    зардаптары;

-         ұзақ    мерзімдік    активтердің   құрамы,    құрылымы    мен    өзгерістерін   зерттеу;

-         өндіріс   пен   айналым   сферасындағы    ағымдық    активтердің    құрамы   мен   құрылымы,    оның   өзгерістерінің    себептері    мен    зардаптарын    зерттеу;

-         дебиторлық    қарыз     ликвидтілігі    мен    сапасы;

-         қаржы   көздері    құрамы    мен   құрылымы   және    оның    өзгерістерінің    себептері   мен   зардаптары;

Информация о работе қаржылық жағдай