Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:09, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарында ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Кіріспе
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымы
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
Кәсіпорынның қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер жүйесі
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау
Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
іпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру және қаржылық даму стратегиясы
Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру критериилері есебі
Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы
Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылғын әдебиеттер
- төлемдік қабілеттілігі және қаржылық бейімділігі;
- активтердің пайдалану тиімділігі мен инвестициялар қайтарымдылығы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін мнформацияның негізгі көзі ретінде бухгалтерлік баланс есептеледі. Қазіргі кезде пайдаланылатын кәсіпорын балансы нарықтық экономика жағдайында өз мазмұны бойынша мемлекеттік отандық стандарттарға жақындатылған.
Кәсіпорынның қаржыларын - жалпы сипаттау үшін ондағы өзгерістердің құрамын, құрылымын зерттеу қажет. Баланс деректері бойынша аналитикалық кестесі құрылады. Кестеде 2–3 жылғы баланс деректері пайдаланылды.
2.1.1 кестеде «Ай-Дан Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы құрамы мен құрылымын талдау деректері берілген.
Кесте деректері бойынша кәсіпорынның жалпы қаржы көлемі 2003 жылы 133759 мың теңгеден 2005 жылы 155230 мың теңгеге дейін өсті. 2003 жыл мен 2005 жылдарды салыстырсақ, онда 21471 мың теңгеге, яғни 16% - ға өскенін байқаймыз. Ұзақ мерзімді активтер суммасы өткен жылмен салыстырғанда 17516 мың теңгеге, 40%- ға өскен. Ағымдық активтер 3956 мың теңгеге, 4,3 %- ға өсіп отыр. кестеде «Ай-Дан Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы құрамы мен құрылымына тоқталатын болсақ, ұзақ
Кесте 2.1.1
«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы құрамы
мен құрылымын талдау
Көрсеткіштер
| 2003 | 2004 | Ауытқу 2004/2003 | 2005 | Ауытқу 2005/2004 | |||||
мың теңге | %
| мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | |
Барлық қаржысы |
133759 |
100 |
142850 |
100 |
9091 |
106,8 |
155230 |
100 |
12380 |
108,7 |
оның ішінде: 1.1.Ұзақ мерзімді активтер |
43704 |
32,70 |
53505 |
37,5 |
9801 |
122,4 |
61220 |
39,4 |
7715 |
114,4 |
1.2.Ағымдық активтер | 90054 | 67,3 | 89345 | 62,5 | 709 | 99,2 | 94010 | 60,6 | 4665 | 105,2 |
мерзімді активтердің үлес салмағы 32,7% -дан 2003 жылы 39,4%-ға дейін 2005 жылы өсіп, ал ағымдық активтер үлес салмағы керісінше 67,3%-дан 2003 жылы 60,6%-ға дейін 2005 жылы төмендегенмен, оның үлесі басым екендігін көреміз.
Сонымен кәсіпорынның қаржыларының мобильді бөлігі - айналым құрадарының өскенін байқаймыз.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері - бұл ұзақ мерзімдік мақсаттармен қозғалмайтын мүлікке, облигацияларға, акцияларға т.б. қаржыларды бөлу болып табылады. Олар баланс активтерінің I бөлімінде бейнеленеді. Ұзақ мерзімді активтерге материалдық емес активтер де жатады.
Аналитиктер оларды осы активтерге қаржы бөлу тәуекел деңгейін бағалау үшін зерттейді. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау үшін 2.1.2. кесте деректерін пайдаланамыз.
Кесте деректері бойынша ұзақ мерзімді активтердің жылдан жылға артып отырғанын көреміз. 2003 жылмен салыстырғанда 2005 жылы олардың жалпы көлемі 40%-ға көбейген. Оның құрамында негізгі қорлар үлесі орын алған, ал материалдық емес активтер кәсіпорын балансында орын алмаған. Негізгі қорлардың бастапқы құны 105753 мың тенгеден 2003 жылы 110472 мың тенгеге 2005 жылы өскен. Олардың тозу шамасы да талданушы мерзім ішінде өсу тенденциясына ие болған. Негізгі қорлардың қалдық құны 43704 мың тенгеден 2003 жылы 61220 мың тенгеге дейін 2005 жылы өскен. Негізгі қорлардың тозу деңгейі оның тозу шамасының негізгі қорлардың бастапқы құнына қатынасы ретінде анықталады және талданушы кәсіпорында оның деңгейі 58,6%-дан 2003 жылы 44,5%-ға дейін 2005 жылы төмендеген, ал жарамдылық деңгейі, керісінше, 41,4%-дан 2003 жылы 55,4%-ға дейін 2005 жылы өскен. Бұдан кәсіпорында негізгі қорлардың техникалық жағдайы салыстырмалы түрде жақсарған деп қорытынды жасай аламыз.
Ағымдық активтер (айналым құралдары) жалпы кәсіпорын қаражаты суммасында анағұрлым үлкен үлес салмақ алады. Оларды тиімді пайдалану және өндіріс айналым сферасына дұрыс еңгізу кәсіпорынның табыстылығына өз әсерін тигізеді.
Сонымен қатар кәсіпорынның төлемдік қабілеті мен қаржылық тұрақтылығы ағымдық активтерге байланысты.2.1.3 кестеде ағымдық актвитердің құрамы мен құрылымына талдау деректері берліген.
Кесте 2.1.2
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Көрсеткіштер | 2003жыл | 2004жыл | Ауытқу 2004/2003 | 2005жыл | Ауытқу 2005/2004 | |||||
мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | |
1.Ұзақ мерзімді активтер- барлығы |
43704 |
100 |
53505 |
100 |
9801 |
122,4 |
61220 |
100 |
7715 |
114,4 |
Оның ішінде: 1.1. Материалдық емес активтер |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1.2. Негізгі қорлардың бастапқы құны | 105753 | - | 105865 | - | 112 | 100,1 | 110472 | - | 4607 | 104,4 |
1.3. Негізгі қорлардың тозу шамасы | 62049
| 58,6 | 52360 | 49,5 | -9689 | 84,3 | 49252 | 44,5 | -3108 | 94,0 |
1.4. Негізгі қорлардың қалдық құны |
43704 |
100 |
53505 |
100 |
9801 |
122,4 |
61220 |
100 |
7715 |
114,4 |
1.5. Негізгі қорлардың жарамдылық деңгейі | -
| 41,4 | - | 50,5 | - | 9,1 | - | 55,4 | 4,9 | - |
Кесте 2.1.3
Ағымдық активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Көрсеткіштер | 2003 жыл | 2004 жыл | Ауытқу 2004 /2003 | 2005жыл | Ауытқу 2005/2004 | |||||
мың тенге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | |
1.Барлығы оның ішінде : |
90054 |
100 |
89345 |
100 |
-709 |
99,2 |
94010 |
100 |
4665 |
105,2 |
1.1.Тауарлы-материалдық запастар |
70645 |
78,4 |
77070 |
86,3 |
6425 |
10,9 |
83190 |
88,4 |
6120 |
10,8 |
1.2.Ақша қаражаты | 506 | 0,5 | 1060 | 1,2
| 554 | 2 | 1540 | 1,7 | 480 | 1,5 |
1.3.Дебиторлық қарыз | 18903 | 21 | 11215 | 12,5
| -7688 | 0,6 | 9280 | 9,9 | 1935 | 0,8 |
2.1.3. кестенің мәліметтері бойынша ағымдық активтердің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 3956 мың теңгеге, яғни 4,4%-ға өскен. Оның ішінде тауарлы- материалдық запастар мөлшері есепті жылы 2003 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға ұлғайған немесе 12545 мың теңгеге артты. Ал ақша қаражаттары көлемі талданушы мерзім ішінде 3 есеге немесе 1034 мың тенгеге өскен. Дебиторлық қарыз мөлшері 50,9 % - ға немесе 9623 мың тенгеге қысқарған. Тауарлық-материалдық запастар көлемінің өсуі жыл сайын артып отырған өндіріс көлемімен түсіндіріледі. Ал ақша қаражатының өсуі мен дебиторлық қарыздың қысқаруы – бұл жақсы нышан болып табылады. Яғни кәсіпорын басшылығы дұрыс қаржылық саясат жүргізіп келеді деп алдын-ала қорытынды жасауға болады.
Ағымдық активтердің құрылымында да бірқатар өзгерістер орын алған. Ағымдық активтер құрылымында басым үлес салмаққа тауарлық-материалдық запастар алып отыр. Барлық тауарлық- материалдық запастар үлесі 2003 жылы 78,4%-дан 2005 жылы 88,4% -ға дейін артып отыр, яғни 2003 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 10% - ға артып отыр. Дебиторлық қарыздар үлес салмағы 21%-дан 2003 жылы 0,6%-ға дейін 2005 жылы төмендеп отыр. Ал ақша қаражаты үлес салмағы жыл сайын кішкенеден өсіп отырған.
Кәсіпорынның айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдатуға мүмкіндік беретін ақша қаражаты болуы тиіс. 2.1.4. кестеде кәсіпорынның ақша қаражаттарының құрамы мен құрылымының деректері берілген. Барлық қаражаты 2003 жылы 506 мың теңге, 2004 жылы 1060 мың теңге, 2005 жылы 1540 мың теңгені құрап отыр. 2003 жылмен 2005 жылды салыстырғанда ақша қаражаты 3,4 % - ға өскенін байқаймыз. Кассадағы ақша қаражатын да 2002 жылы мен 2004 жылды салыстыра кетсек, 58% -ға өскенін байқаймыз. Есеп айырысу шоты бойынша ақша қаражаты 33,3% - ға өскен. Ақша қаражаты – бұл ең мобильді активке жататынтықтан, оның мөлшерінің өсуі жақсы фактор болып табылады.
Осы мәліметтерге қарай отырып кәсіпорынның айналым құралдарының жылдам қозғалыста болып, тиімді жұмыс жасап отырғанын көреміз. Енді дебиторлық қарыз құрамы мен құрылымына талдау жасайық (кесте 2.1.5).
Кесте 2.1.4
Ақша қаражаттарының құрамы мен құрылымына талдау
Көрсеткіштер
|
2003 жыл |
2004 жыл |
Ауытқу 2004/2003 |
2005 жыл |
Ауытқу 2005/2004
| |||||
мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | |
1.Барлығы оның ішінде: |
506 |
100 |
1060 |
100 |
554 |
209,5 |
1540 |
100 |
480 |
145,3 |
1.1.Кассадағы ақша қаражаты
|
85 |
16,8 |
110 |
10,3 |
25 |
129,4 |
135 |
8,8 |
25 |
122,7 |
1.2.Есеп айырысу шоты
|
421 |
83,2 |
950 |
89,7 |
529 |
225,6 |
1405 |
91,2 |
455 |
147,9 |
Кесте 2.1.5.
Дебиторлық қарыз құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер |
2003жыл |
2004жыл |
Ауытқу 2004/2003 |
2005жыл |
Ауытқу 2005/2004
| |||||
мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | |
1. Барлығы Оның ішінде:
| 18903 | 100 | 11215 | 100 | -7688 | 0,6 | 9280 | 100 | -1935 | 0,8 |
1.1. Аванстық төлемдер
| - | - | 110 | 1 | 110 | 1 | 1041 | 11,2 | 931 | 10,2 |
1.2.Алынуы тиісті есеп шоттар | 10238 | 54,2 | 6292 | 56,1 | -3946 | 0,7 | 6236 | 67,2 | -560 | 0,10 |
1.3.Күмәнді дебиторлық қарыз көлемі
| 662 | 3,5 | 821 | 7,3 | 159 | 3,8 | 981 | 10,6 | 160 | 3,3 |
1.7.Басқа да дебиторлық қарыздар
| 8003 | 42,3 | 3992 | 35,6 | -3852 | -6,7 | 1022 | 11,0 | -2970 | -24,6 |