Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 23:32, курсовая работа

Краткое описание

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжрибесі мен теориялық негіздері
1.1Аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық негіздері........................4
1.2.Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын құралдар................................8
ІІ Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің ерекшеліктері мен даму бағыттары
2.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін қалыптастыру және басқару...................................................................................13
2.2. Аймақтық саясатты басқарудың шетел тәжрибесіндегі бағдарламалық әдісі мен жоспарлау механизмдері........................................................................19
2.3. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде әлеуметтік-экономикалық механизмдерді қолдану барысы және жетілдіру жолдары.................................22
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29

Файлы: 1 файл

Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер (курсовая).doc

— 180.50 Кб (Скачать)

                                                                                             ТГІҚН-ИК-002/24

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А. Ясауи атындағы халқаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты

«Экономика»  факультеті

«Менджмент  және маркетинг» кафедрасы

«Муниципалды  менеджмент» пәнінен

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Қабылдаған:э.ғ.к.аға оқытушы Дандаева. Б

                                                                  Орындаған:    Рысбекова. М

                                                           Тобы:                  ЭМБ-515

 

                                   Түркістан -2008ж

 

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

І Аймақтық саясатты жүргізуде  қолданылатын механизмдердің тәжрибесі  мен теориялық негіздері

1.1Аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық негіздері........................4

1.2.Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын құралдар................................8

ІІ  Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің ерекшеліктері мен даму бағыттары

2.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі  қаржылық механизмдерін қалыптастыру және басқару...................................................................................13

2.2. Аймақтық саясатты басқарудың  шетел тәжрибесіндегі бағдарламалық әдісі мен жоспарлау механизмдері........................................................................19

2.3. Қ.Р-да аймақтық  саясатты жүргізуде әлеуметтік-экономикалық механизмдерді қолдану барысы және жетілдіру жолдары.................................22

Қорытынды............................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің ерекше бағыты ретінде  қарастырылатын аймақтық саясаттың  қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды  жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро  экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады.

І Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжрибесі мен теориялық негіздері

 

1.1  Аймақтық  саясатты жүргізудің ғылыми теориялық  негіздері

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды  жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро  экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің ерекше бағыты ретінде  қарастырылатын аймақтық саясаттың  қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.

Нарықтық  қатынастарды қалыптастыру барысында  жүргізілген реформалар аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіпң жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. (1-кесте). Ал АҚШ-та ең «алдыңғың және ең «артта қалғанң штаттарының арасындағы айырмашылық небәрі 1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2005 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылык 12 есе болған.

Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсартуң қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағыы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі зкономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономи-калық, экологиялық ерекш проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

  • Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
  • индустриялық дамыған;
  • агроөнеркәсіптік;
  • дағдарыстық.

Сонымен бірге осы  топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

  • экологиялық дағдарыстың терендеу үрдісінің алдын алу;
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте кауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Проблемалық аймақтардың  қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымсн, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аймақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

      Аймақтардың  дағдарыстығының басты белгілері  болып табылатындар:

  • өндіріс қарқынының төмендеуі;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
  • жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
  • демографиялық, экологиялық, әлеумеггік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүру деңгейі  мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіруң саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндет-терінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық -даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындау жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың  өзіндік  дамуын   ынталандыру:   халықтың  әлеуметтік бейімділігін  қолдау  (қолайлы  жерлерге   көшіп-қонуға  көмек көрсету);  артта қалған  аймақтарға капитал  мен  инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады 

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

      Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыган мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекетгік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шетел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.


Аймақтық басқару құрылымының  деңгейлері бойынша функциялар мен  міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

 

1.2. Аймақтық  саясатты жүргізуде қолданылатын  құралдар

Макроэкономикалық денгейдегі аймақтың экономикалық саясаты мемлекетпен оның басқару органдары, заң және үкіметтің атқарушы органдары арқылы іске асырылады. Аталған жоғарғы денгейде жалпы ұлттық экономика мен әрбір аймақтың дамуы туралы шешім жалпы ұлттық ;; мүдделерді есепке ала отырып қабылданады. Сонымен бірге ұлттық эконмиқаны біртұтас ретінде ғана қарастырып қоймай, әртүрлі белгілері бойынша бір-бірінен өзара ерекшеленетін, бірігіп қызмет атқаратын жүйе рнтінде қарастырған дүрыс. Бүл жүйеде, нақты бір аймаққа территория бойынша бекітіліп берілгеніне қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін, оның әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттықжәне экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бүл . әскери-өнеркәсіп кешені, бәсекелестік қабілетті, ғылыми ауқымды және жоғарғы технологиялы салалар және маңызды мәдени және әлеуметтік объектілер. Аталған объектілердің дамуын реттеу жоғарғы денгейдегі мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың негізгі қызметі болып табылады.

Информация о работе Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер