Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 23:32, курсовая работа
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжрибесі мен теориялық негіздері
1.1Аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық негіздері........................4
1.2.Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын құралдар................................8
ІІ Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің ерекшеліктері мен даму бағыттары
2.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін қалыптастыру және басқару...................................................................................13
2.2. Аймақтық саясатты басқарудың шетел тәжрибесіндегі бағдарламалық әдісі мен жоспарлау механизмдері........................................................................19
2.3. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде әлеуметтік-экономикалық механизмдерді қолдану барысы және жетілдіру жолдары.................................22
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29
Аймақтық саясатты қалыптастырудың негізі мыналар:
1. мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделері
Аймақтық экономиканы реттеудің жалпы мемлекеттік тәсілі, республиканың тұтастай аумағында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделерінен де туындайды. Ол өз кезегінде, әр түрлі себептерден әлеуметтік тұрғыда артта қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі арнайы бағдарламаларды жасап дайындауды немесе ірі үкімет шешімдерін негіздеуді талап етеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның ауылдық аудандары бойынша кезінде жасалып дайындалған болатын, бірақ олардың орындалуына кейбіреулеріне көңіл толмайды. Жоғарыдағыны жүзеге асыру үшін үш әдіс қолданыладьг.
Жоғарғы макроэкономикалық денгейдегі мемлекеттің реттеуші күші төмендегі үш бағытта шоғырланады : ұйымдастыру-басқару, заңды-құқықтық, қаржы-экономикалық.
Ұйымдастыру - басқару бағытында негізінен аймақтық экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асыру жауапкершілігі жүктелетін аймақтың дамуын реттейтін негізгі органдар мен институттар қалыптастырылады, алға қойған мақсаттарды шешудегі ұйымдық құрылымдардың өкілеттіктері мен ролі анықталады.
Аймақтардың дамуын заң-құқықтық реттеу Конституцияға сәйкес орталық пен аймақтық мемлекеттік үкімет органдарының арасындағы өкілеттіктерді шектеуді анықтайтын көптеген арнайы заңдармен реттелінеді.
Жалпы аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері балансталынған ұлттық дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, ұлттық тұтастықты нығайтуға септігін тигізуі керек және азаматтарға олардың өмір сүру ортасына тәуелсіз бірдей мүмкіндіктер беруі қажет.
Аймақтық дамуды қаржы-эконмикалық реттеу әлемдік тәжірибеде тексерілген және кең тараған реттеу формалары мен әдістерін пайдалануды қарастырады. Бұл: жоспарлау, және болжамдау, қаржы - несие және бюджеттік-салық жүйесі. Аймақтық дамуды реттеу құралдарын олардың әмбебаптығы мен әсер ету көлеміне қарай екіге бөледі:
адрестік реттеуіштер мен микро құралдар
Аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика субъектілер қызметіне тікелей әсер ету үшін қолданылады. Әсер етудің екі басты бағыттарын бөліп көрсетуге болады: еңбекке және капиталға.
Аймақтағы толық және тиімді жүмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржыларға кадрларды қайта дайындау үйымдастырылады, жүмыс орындарын қүру үшін субсидия және мақсатты несиелер бөлінеді.
Капиталға әсер етудің негізгі микроэкономикалық құралы болып әртүрлі инвестициялық гранттар табылады. Олар аймақтың экономикалық өсуіне септігін тигізетін нақты объектілерді инвестициялау үшін бөлінеді.
Макро және микроқұралдар орталық үкімет сияқты, аймақтық органдармен қолданылады. Мемлекеттік реттеудің тиімділігі көптеген жағдайда әртүрлі макро және микроқұралдар бір-бірімен табысты сәйкес келетіндігіне, сондай-ақ қаржыларды мақсатты пайдалануға байланысты.
Белгіленген облыстардағы әкімшілік шекараларында Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму денгейі бойынша бір-бірінен тез айыруға болады. Барлық неғұрлым маңызды экономикалық көрсеткіштер мен халықтың өмір сүру денгейі және сапасы көрсеткіштері өте үлкен диапазонда ауытқиды.
ЖІӨ көлемі бойынша бір адамға шақканда ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысы (581,7 мың тегне) мен ең төменгі Жамбыл облысындағы (50,2 мың тенге) көрсеткіш арасындағы айырмашылық 2000 жылы 11,6 есені қүрады, орта айлық жалақы көлеміндегі алшақтық жоғарғы Атырау облысы мен төменгі Алматы облыстары арасы нда 3,1 есе, тіркелген қылмыс көрсеткіштерінің ауытқуы 5,4 % құрады. Ең төменгі өмір сүру көрсеткіштерінің ауытқуы Маңғыстау облысында 134,6 % пен Оңтүстік Қазақстан облысында 72,0 % аралығында.
Қазіргі кезде ҚР аймақтары әртүрлі белгілері белгілері бойынша топтастырылады. 2001 жылы қабылданған ҚР 2002-2006 жылдардағы аймақтарының даму Концепциясына бойынша Қазақстан аймақтары жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) және бір адамға шаққандағы өнім көлемі көрсеткіштері бойынша 6 топқа бөлінді.
Бірінші топқа ЖАӨ және бір адамға шаққандағы өнім көлемі көрсеткіштері ең жоғары аймақтар кіреді. Бұл дамыған қаржы секторы, жоғарғы ғылыми-техникалық көрсеткіштері бар Астана және Алматы қалалары.
Екінші топты көмірсутегі минералды ресурстарына бай облыстар құрайды : Маңғыстау және Атырау облыстары. Аталған облыстар елдің өнеркәсіп өнімінің 1/3 береді, халықтың саны жалпы халықтың 5,2 % қүрайды.
Үшінші топ-табиғи минералды-шикізат ресурстарына бай және жергілікті щикізатты пайдаланатын өнеркәсіптік облыстар. Бұл Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. Аталған облыстар ЖАӨ 26,6 % береді.
Төртінші топқа табиғи ресурсқа бай және біраз ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлері бар облыстар жатады. Бұл Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл
және ОҚ облыстары. Бірінші 2 облыста орташа табыс республикалық денгей көлемінде болса, қалған екеуінде ол көрсеткіштен төмен. Олар ЖАӨ 17,2 %, оның ішінде АШ өнімінің 35,2 % береді.
Бесінші топтағы облыстарға Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Бұл облыстарда машина құрылысы, оның ішінде қорғаныс бағытындағы машина жасау дамыған және АШ мақсатындаға шамалы жері бар. Республикалық ЖАӨ үлесі-8,3 %, АШ өніміндегі үлесі 16,6 және өнеркәсіптік өндірісте 4,4 % қүрайды.
Алтыншы топтағы облыстар негізінен аграрлық облыстар-Ақмола, Алматы, Қызылорда, Халықтың табысы ең төменгң денгейде. Республикалық ЖАҚ үлесі -10,8 %, АШ өніміндегі үлесі-27,8 %.
Аймақтарды нақты белгілері бойынша топтастыру аймақтың дамуының мүмкін болатын бағыттарын анықтауға және олардың денгейлерін көтеру бойынша іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
ІІ Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің ерекшеліктері мен даму бағыттары
2.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін қалыптастыру және басқару
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және несиелік ресурстардан құралады.
Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайымен деңгейі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғышарты болып табылады. Аймақтың экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму барысы оқу құралының алдыңғы тарауыңда қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз.
Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе, аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалык және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан - федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді .
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден кұралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңызды қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байлаңысына негізделген және оларды жасактау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты , өндіріс дамуыньщ аймақтық деңгейі, оның құрылымы , инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.б. сан алуан факторлар әсер етеді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.
Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен денсаулық сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыруды және заңды түрде бекітілген жеңілдіктерді жүзеге асыруды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды; мәдениетті, спортты, туризмді және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын; шағын және орта бизнесті дамытуды; жұмысбастылықты қамтамасыз етуді қаржыландыру және кезекті қаржылық жылға арналған бюджетте қарастырылған басқа да бағдарламаларды қамтамасыз ету. Мемлекеттік банктер арқылы қайтарымды негізде берілетін бюджеттік қаражаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады.
Табыстық түсімдердің шектелуі жағдайында құрылымы мен құрылу әдістері нарыққа өткеннен бастап айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жергілікті бюджеттердің өзіндік табыстық базасының құрылуына ерекше көңіл бөлінеді. Ең алдымен, бұл нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында табыстарды алу көздерін, олардың деңгейлерін, жалпы қоғамдағы, сондай-ақ, жекелеген шаруашылық жүргізуші субъект пен азаматтардың тұтынулары мен жинақтарын реттеу үшін қолданылатын әдістерге қатысты. Бұл әдістер мемлекеттік билік органдарының барлық буындары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізін құруда маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының аймақтық бірегей бюджеті жергілікті бюджет бола отырып, елдің бюджет жүйесінің дербес буыны болып табылады. Әр жыл сайын заңды түрде Қазақстанның республикалық бюджеті бекітіледі. Осы бюджет арқылы республика аумақтарында бюджеттік үрдіс және бюджеттік реттеу жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бекітілгеннен кейін, субвенциялар мен бюджеттік алып алулардың шамасы белгілі болғаннан соң барып бекітіледі.
Информация о работе Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер