Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:07, реферат
Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі
Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі
Жұмыс уақытының ұзақтығы:
қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс)
ртылған
толық емес
Жұмыс уақытына мыналар жатады:
дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары);
технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік;
еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және бюасқа да кезеңдер.
Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі:
он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар;
ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге.
Толық емес жұмыс уақыты:
толық емес жұмыс күні
толық емес жұмыс аптасы
күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту.
Назар аударыңыз!
Толық
емес жұмыс уақытымен
жұмыс істеген қызметкердің
жыл сайынғы еңбек демалысы
төлемінің шектелуіне
әсер етпейді.
Жұмыс аптасының түрлері:
Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы
Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 40 сағаттық апталық норма бойынша 8 сағаттан аспауы тиіс, 36 сағаттық апталық норма кезінде 7 сағат 12 минуттан және 24 сағаттық апталық норма кезінде 5 сағаттан аспауы тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасында – 40сағаттық апталық норма кезінде 7 сағаттан, 36 сағат апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағат аптаоық норма кезінде 4 сағаттан аспауы тиіс.
өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі.
Түнгі
уақыт сағат 22.00 -06.00
аралығы болып саналады.
Үстеме жұмыстар:
әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс.
айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.
Үстеме
жұмысқа жұмылдыру тек
жұмысшынының жазбаша
келісуі арқылы, басқа
жағдайда Еңбек Кодексі
бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:
елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;
суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;
ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.
Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:
жүкті әйелдер;
он сегіз жасқа толмаған қызметкер.
Жұмыс уақытына мыналар кіреді:
күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді);
үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар.
төленетін және төленбейтін уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен жұмыс уақытынан айырылу.
жұмыс
уақытында жұмысшыны басқа орында қызметке
жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген
еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына
толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу.
Демалыс уақыты
Демалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.
Демалыс уақытының түрлері
жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) — демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;
күнделікті демалыс (ауысымаралық);
демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);
мейрам күндері;
еңбек демалыстары.
Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер
демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін бекітілуі тиіс.
демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін 8 сағаттан көп күнделікті жұмыс жалғасымындағы жұмыс уақытының тұрақсыз жинақталған есебі режимі кезінде бекітіледі.
үзіліс
пен тамақтануға берілетін
үзіліс беруге мүмкіндік болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші арнайы жабдықталған орында жұмыс уақытында жұмысшының тынығуына және тамақтануына мүмкіндік беруі тиіс.
Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер
жекелеген
жұмыс түрлеріне жұмыс
ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;
бір
жарым жасқа дейінгі баласы бар
жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым
жасқа дейінгі анасы жоқ
бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.
Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар);
баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады;
үзіліс уақыттарында әйелдердің (әкелер, асырап алушылар) еңбек ақылары сақталады.
Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.
Демалыс күндері
бес күндік жұмыс аптасында жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн;
мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады;
өндірістік-техникалық
жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз
ету қажеттігі жағдайында үздіксіз
жұмыс істейтін орындар немесе демалыс
күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс
орындарындағы жұмысшыларға демалыс
күндер аптаның кез келген күні,
жұмысшылардың өкілдерімен
іссапардағы
жұмысшы бағытталған жұмыс
Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу
Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу үшін жұмыс берушінің ықыласымен, жұмысшының жазбаша келісімі қажет;
Жұмысшының келісімінсіз демалыс және мейрам күндері мына жағдайда жұмысқа жұмылдырылады:
төтенше жағдайларды, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттардың алдын алу үшін, немесе олардың салдарын жедел жою үшін
қайғылы оқиғалар, мерт болу немесе мүлікке зиян келтіруді зерттеп алдын алу үшін
ұйымның немесе оның бөлімшелерінің ары қарайғы қалыпты жұмысына әсер ететін жедел, алдын ала жоспарланған жұмыстарды шұғыл орындау үшін.
Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жұмысшының ықыласымен беріледі.
Демалыс және мейрам күндері жұмыс кезінде жұмысшының қалауы бойынша басқа күні демалыс беріледі немесе жұмысшының күндізгі сағаттық төлемдерінен тыс, екі еселік мөлшерден кем емес төлем төленеді.
Жұмысшыларды демалыс жән мейрам күндері қызметке жұмылдыру жұыс берушінің актісімен рәсімделеді.
Еңбек демалысы
Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы ұзіліссіз демалысқа босату.
Демалыс түрлері
төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары;
әлеуметтік демалыстар:
жалақысы сақталмайтын демалыс
оқу демалысы
баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.
Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары мыналарға ұсынылады:
ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы;
бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта.
Жыл сайын төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.