Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:07, реферат

Краткое описание

Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі

Файлы: 1 файл

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.docx

— 45.89 Кб (Скачать)

     Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін  мереке күндерін есептемегенде, жыл  сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері  мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік  күндермен есептеледі.

     Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық  беретін еңбектегі жұмыс стажина (өтіліне):

     1)    жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс  істеген уақыты;

     2)    жұмыстан заңсыз босату кезінде  амалсыздан бос жүрген уақыт;

     3)    емделуде болып, еңбекке уақытша  жарамсыздық парағымен расталуға  уақыт қосылады.

     Жұмыс істеген бірінші жылы үшін қызметкерге  еңбек демалысы жеке еңбек шарты  бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкерлердің  қалауы бойынша жыл сайын еңбек  демалысы бөлініп берілуі де мүмкін.

     Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек  демалысын берудің кезектілігі  жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс  кестесінде, жұмыс берушінің актілерінде  белгіленеді. Өндіріс қажеттеріне  байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының  басталуынан кемінде екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде  хабарлауға міндетті.

     Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары еңбек туралы заңдармен рұқсат етілген. Заңның  63-бабына сәйкес еңбек демалысы қызметкер  еңбек демалысы кезеңінде еңбекке  уақытша жарамсыз болған кезде, жүкті  болуы мен босану бойынша демалысы кезінде толық немесе бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл орайда еңбек демалысы кезіндегі күндерге еңбекке уақытша  жарамсыздығы бойынша жәрдемақы  төленбейді.

     Жыл сайынғы еңбек демалысы (не оның бір бөлігі) тек қызметкердің келісімімен  немесе оның өтініші бойынша ғана ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың  келісімібойынша ауыстырылған еңбек  демалысы келесі жылдың демалысына қоылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша  басқа уақытта жеке берілуі мүмкін.

     Жалақы  сақталмайтын демалыстар тараптардың  келісімі бойынша қызметкерге отпасы жағдайына және басқа да дәлелді  себептер негізінде берілуі мүмкін. жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімімен берілу себептері көрсетілген жұмыс  берушінің актісімен рәсімделеді. Заң жалақы сақталмайтын демалыс  беру мерзіміне шек қоймайды.

     Заңдарда  қызметкерлердің кейбер санаттарына  әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66- бабына сәйкес әйелдерге жүктелігі мен босануы  бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан  кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс  беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс беруші қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезенге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық беріледі.

     Жаңа  туған нәрестелерді тікелей перзенханадан  асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннкен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толған күнге толғанға дейінгі  кезенге (ата-анасының біріне) демалыс  беріліп оның ұйымда жұмыс істеген  ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің  қаражаты есебінен оған осы кезеңге  жәрдем ақы төленеді.

     Жүктілігі және босануы бойынша демалыстардың  басқа, заңдар бір жарым жасқа  балалары бар аналарға бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмайтын қасымша демалыстар беруге қарастырған. Қосымша демалыс уақыты ішінде олардың жұмыс орны (қызметі) сақталады.

     Бұл демалыс сәби бір жарым  жасқа  толғанға дейін кез-келген уақытта  толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін.

     Бір жарым жасқа балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берілетін қосымша  демалыс жалпы еңбек өтіліне, және мамандық бойынша жұмысын өтіліне  есептелінеді. бірақ бұл уақыт  жыл сайынға еңбек демалысына құқық беретін жұмыс өтіліне  қосылмайды.

     Оқу демалысы. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады бұл  демалстар қызметкерге ұйымда жұмыс  істеу ұзақтығына қарамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде  білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер  емтихандарын тапсыру кезеңінде  ақы төленетін немесе ақы төленбейтін  қосымша демалыс берілуі мүмкін. Оқу демалыстарын беру тәртібі жеке еңбек ұжымдық шарттарда белгіленеді.

     Оқу демалысын алу үшін қызметкер  жұмыс берушіге тиісті оқу орнының  емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер  емтихандарын туралы шақыру – анықтамасын  ұсынады. 
 
 

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІ

     5-тарау.  Жұмыс уақыты 

      45-бап. Жұмыс уақытының қалыпты  ұзақтығы

      1. Қызметкер жеке еңбек шартының  талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн  орындауға мiндеттi уақыт жұмыс  уақыты болып есептеледi.

      2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы  аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.

      3. Жеке еңбек шарттарында тараптардың  келiсiмi бойынша жұмыс уақытының  ұзақтығы азырақ көзделуi мүмкiн. 

      46-бап. Қызметкерлердің жекелеген  санаттары үшiн жұмыс уақытының  қысқартылған ұзақтығы

      1. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары  үшiн жұмыс уақытының қысқартылған  ұзақтығы:

      1) он төрт жастан он алты  жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн  - аптасына 24 сағаттан; он алтыдан  он сегiз жасқа дейiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

      2) ауыр дене жұмыстарында және  еңбек жағдайлары зиянды (өтe зиянды) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер  үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын  болып белгiленедi.

      2. Жұмыс iстеу жұмыс уақытының  ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн  өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер  мен қызметтердiң тiзiмiн, сондай-ақ  еңбек жағдайлары зиянды (өте  зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi (өте қауiптi) жұмыстардың  тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

       Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      47-бап. Бес күндiк немесе алты  күндiк жұмыс аптасы және күнделiктi жұмыстың ұзақтығы

     Қызметкерлер  үшiн екi демалыс күнi бар бес  күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде  күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе қызметкерлердiң өкiлдерiмен келісе отырып, және жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi бекiтетiн ауысым кестесiмен белгiленедi.

     Өндiрiсiнiң  сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша  бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу орынсыз ұйымдарда бiр күндiк  демалысы бар алты күндiк жұмыс  аптасы белгiленедi. Алты күндiк жұмыс  аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық  норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиiс.

     Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс  аптасын еңбек немесе ұжымдық  шарттардың талаптарымен жұмыс берушi белгiлейдi.

     Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      48-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс

      1. 22 сағаттан бастап таңғы сағат  6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып  есептеледi.

      2. Жүктi әйелдердi және бiр жасқа  дейiнгi баланы емiзетiн аналарды  түнгi уақытта жұмыс iстеуге тартуға  олардың жазбаша келiсiмiмен ғана  жол берiледi.

      3. Түнгi уақытта жұмыс iстеуге  он сегiз жасқа толмаған адамдар  мен түнгi уақытта жұмыс iстеуге  тыйым салатын медициналық қорытындысы  болған жағдайда өзге де адамдар  жiберiлмейдi. P020041 V970558 V001211

       Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20, 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

      49-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарды  шектеу

      1. Осы Заңның 45-бабында белгiленген  жұмыс уақытының ұзақтығынан  тыс жұмыстар мерзiмнен тыс  жұмыстар деп есептеледi.

      2. Мерзiмнен тыс жұмыстарға тартуға,  осы Заңның 51-бабында көзделген  жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң  келiсiмiмен ғана жол берiледi.

      3. Мерзiмнен тыс жұмыстарға он  сегіз жасқа толмаған қызметкерлер  мен жүкті әйелдер жiберiлмейдi. Мүгедектер, жеті жасқа толмаған  баласы (он алты жасқа толмаған  мүгедек баласы) бар әйелдер мерзiмнен  тыс жұмыстарға олардың жазбаша  келiсiмiмен тартылады.

       Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      50-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстардың  шектi мөлшерi

       Әрбiр қызметкер үшiн мерзiмнен  тыс жұмыстар бiр күнтiзбелiк  күн iшiнде екi сағаттан (ауыр дене  жұмыстарында және еңбек жағдайлары  зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда - бiр сағаттан) аспауға тиiс. Бұл  ретте мерзiмнен тыс жұмыстардың  жалпы ұзақтығы аптасына төрт  сағаттан, aл ауыр дене еңбегі  мен еңбек жағдайлары зиянды  және (немесе) қауiптi жұмыстарда аптасына  екi сағаттан аспауға тиiс.

       Еңбек жағдайлары өте зиянды  және өте қауiптi кезде мерзімнен  тыс жұмыстарға тыйым салынады.

       Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      51-бап. Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз  мерзiмнен тыс жұмыстарға жол  берiлетiн ерекше жағдайлар

       Қызметкердiң келiсiмiнсiз мерзiмнен  тыс жұмыстарға ерекше жағдайларда  ғана:

      1) елдiң қорғанысы үшiн, сондай-ақ  төтенше жағдайларды немесе дүлей  апаттарды, өндiрiстiк аварияларды  болғызбау немесе олардың зардаптарын  дереу жою үшiн қажеттi жұмыстарды  жүргiзу кезiнде; (Z030387; Z050029)

      2) сумен жабдықтау, газбен жабдықтау,  жылыту, жарық беру, канализация,  көлiк, байланыс жөнiндегi қоғамдық  қажеттi жұмыстарды жүргiзу кезiнде - олардың дұрыс жұмыс iстеуiн бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшiн;

      3) егер жұмыс үзiлiстi көтермейтiн  болса, ауыстырушы қызметкер келмей  қалған кезде осы Заңның 50-бабында  көзделген сағаттар санынан аспайтын  уақытқа жұмысты жалғастыру үшiн  жол берiледi. 

     52-бап.  Жұмыс уақытының есебi

     1. Жұмыс берушi қызметкердiң сол  жұмыс берушiде нақты жұмыс  iстеген жұмыс уақытының есебiн  жүзеге асыруға тиiс. 

      2. Өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша  қызметкерлердiң белгiлi бiр санаты  үшiн белгiленген апта сайынғы  жұмыс уақытының сақталуы мүмкiн  емес, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдарда,  жекелеген өндiрiстерде, цехтарда, учаскелерде,  бөлiмшелерде және кейбiр жұмыс  түрлерiнде есептi кезең iшінде  жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына  осы Заңда белгiленген қалыпты  жұмыс сағаттары мерзiмiнен аспауға  тиiстi жағдайда жұмыс уақытының  жиынтық есебiн жүргiзуге жол  берiледi.

      3. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс  уақытының күн сайынғы немесе  апта сайынғы ұзақтығы жұмыс  күнi немесе жұмыс аптасы сағаттарының  нормасынан артық немесе кем  болуы мүмкiн. 

      4. Есептi кезең ішiндегі жұмыс  уақыты сағаттарының жиынтығы  осы кезеңдегі сағаттардың нормасына  тең болмауы мүмкiн. 

      5. Жұмыс уақытының жиынтық есебін  жасаған кезде қызметкерлердiң  осы санаты үшiн белгіленген  орташа жұмыс күнi мен жұмыс  аптасының ұзақтығы сақталуға  тиісті шектегі кезең есепті  кезең болып танылады.

Информация о работе Жұмыс уақыты және демалыс уақыты