Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:07, реферат

Краткое описание

Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі

Файлы: 1 файл

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.docx

— 45.89 Кб (Скачать)

      6. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн  қолдану тәртібі жұмыс берушiнiң  актілерiмен айқындалады және  ұжымдық шартпен белгіленедi.  

     6-тарау.  Демалыс уақыты

      53-бап. Демалуға және тамақтануға  арналған үзiлiс

      1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) ішінде  қызметкерге демалу және тамақтану  үшін жинақтап алғанда ұзақтығы  бiр сағаттан кем болмайтын  үзіліс берілуге тиiс. Бұл үзілiс жұмыс уақытына енгізілмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.

      2. Yзiлiс беру уақыты мен оның  ұзақтығы жұмыс берушiнің актілерінде,  жеке еңбек, ұжымдық шарттарда  белгіленедi.

      3. Өндірiс жағдайлары бойынша  үзiлiс беру мүмкін емес жұмыстарда  жұмыс беруші қызметкерге жұмыс  уақытында демалу мен тамақтану  мүмкiндігiн қамтамасыз етуге  міндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртібi мен орны қызметкерлер өкілдерінің  келісімі бойынша жұмыс берушiнiң  актiлерiнде немесе ұжымдық шартта  белгiленедi.

       Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      54-бап. Арнаулы үзілістер

       Жылдың суық мезгілiнде ашық  далада, жылу берілмейтін жабық  үй-жайларда жұмыс iстейтін, жүк  тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын  қызметкерлерге жылыну және демалу  үшін арнаулы үзілістер беріледi. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына  қосылады.

       Бiр жарым жасқа толмаған баласы  бар жұмыс iстейтін әйелдерге  демалу мен тамақтану үшiн берiлетін  үзілістен басқа, баланы тамақтандыру  үшiн кемiнде жұмыстың әрбір  үш сағаты сайын ұзақтығы отыз  минуттан кем болмайтын қосымша  үзіліс беріледі.

       Бiр жарым жасқа толмаған екi немесе одан да көп баласы  болған жағдайда қосымша үзiлiстiң  ұзақтығы кемiнде бір сағат  болып белгiленедi. Баланы тамақтандыру  үшiн берiлетiн үзiлiстер жұмыс  уақытына қосылады және ақы  төлеуге жатады.

       Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      55-бап. Күн сайынғы демалыстың  ұзақтығы

       Жұмыстың бiтуi мен оның келесі  күнде (ауысымда) басталуы арасындағы  қызметкердің күн сайынғы демалысының  ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға  тиіс. 

      56-бап. Демалыс күндерi

      1. Қызметкерлерге демалыс күндерi (апта сайынғы үзіліссіз демалыс  уақыты, сондай-ақ осы Заңда көзделген  өзге де уақыт) берiледi.

      2. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында  қызметкерлерге аптасына - екі, ал  алты күндiк жұмыс аптасында  бiр демалыс күнi беріледi.

      3. Жалпы демалыс күнi жексенбi  болып есептеледі. Бес күндік  жұмыс аптасы кезiнде екiнші  демалыс күні жұмыс берушiнiң  актiсімен немесе жұмыс кестесімен  белгiленедi. Егер ұжымдық және  жеке еңбек шарттарында өзгеше  көзделмесе екi демалыс күнi де  қатарынан берiледі.

      3-1. Мұсылман күнтізбесі бойынша  атап өтілетін Құрбан айттың  бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік  Рождество демалыс күндері болып  табылады.

      4. Мерекелiк күндер жұмыс күндеріне  сәйкес келген жағдайда және  жұмыс уақытын ұтымды пайдалану  мақсатында Қазақстан Республикасының  Үкіметі демалыс күндерiн басқа  жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. (Z010267 қараңыз)

      5. Осы Заңның 59-бабында көздеген  жағдайларды қоспағанда, қызметкердi демалыс күндерінде жұмысқа тартуға  оның келiсімімен ғана жол беріледi.

       Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20, 2005.12.30. N 109 Заңдарымен.  

      57-бап. Yзiлiссiз жұмыс iстейтiн ұйымдардағы  демалыс күндерi

       Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары  бойынша немесе халыққа үнемi үзілiссiз тұрақты қызмет көрсету  қажет болуы себептi демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын  ұйымдарда, сондай-ақ үзілiссiз  өндiрiс жүргізілетін ұйымдарда  жұмыс берушiнің актісiмен бекiтiлген  ауысым кестесiне сәйкес, қызметкерлердің  әрбiр тобына демалыс күндерi аптаның  әртүрлi күндерінде кезекпен беріліп  отырады. 

      58-бап. Мереке күндеріндегі жұмыс

       Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары  бойынша немесе халыққа үзiлiссіз  тұрақты қызмет көрсету қажет  болуы себептi демалыс күндері  жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын  ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан  Республикасында белгiлеген мереке  күндерi жұмыс жүргізілмейді. (Z010267 қараңыз) 

      59-бап. Демалыс күндерiнде жұмысқа  тарту

       Демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға  мынадай жағдайларда: 

      1) төтенше жағдайларды немесе  дүлей апатты, өндiрiстiк аварияны  болғызбау не олардың зардаптарын  дереу жою үшiн; 

      2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң  жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау  және оны тергеу үшiн; 

      3) тұтас алғанда ұйымның немесе  оның жеке бөлiмшелерiнiң одан  әрi қалыпты жұмыс iстеуi тез орындалуына  байланысты болатын шұғыл, алдын  ала күтпеген жұмыстарды орындау  үшiн жол берiледi.  

      60-бап. Ақы төленетiн жыл сайынғы  еңбек демалысы

      1. Жеке еңбек шарты бойынша  жұмыс iстеушiлерге жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы  сақтала отырып, ақы төленетiн  жыл сайынғы еңбек демалысына  кепiлдiк берiледi.

      2. Еңбек демалысына ақы төлеу  ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк  үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

      3. Егер басқа нормативтiк құқықтық  актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық  шарттарда және жұмыс берушiнiң  актiлерiнде қызметкерлердiң жекелеген  санаттары үшiн көп күн көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде  күнтiзбелiк он сегiз күн болатын  жыл сайынғы еңбек демалысы  берiледi. (V011615 қараңыз)

      4. Ақы төленетiн жыл сайынғы  қосымша еңбек демалысы еңбек  жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк  орган белгілейтiн өндiрiстердiң,  жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың  тiзбесiне сәйкес ауыр дене  еңбегi мен еңбек жағдайлары  зиянды (өте зиянды) және қауiпті  (өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн  қызметкерлерге беріледі. (V001211; V001238 қараңыз)

       Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша  демалыста жүрген қызметкердi осы  демалыстан керi шақыртуға болмайды.

      5. Ақы төленетiн жыл сайынғы  еңбек демалысын берудiң талаптары  мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық  шарттармен белгiленедi.

      6. Қатарынан екi жыл бойы еңбек  демалысын бермеуге тыйым салынады.

       Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      61-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына  құқық беретiн жұмыс стажын  есептеу және жыл сайынғы еңбек  демалысын беру тәртiбi

      1. Еңбек демалысы күндерiне дәл  келетiн мереке күндерiн есептемегенде,  жыл сайынғы еңбек демалыстарының  ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс  режимдерi мен кестелерiне қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

      2. Жыл сайынғы еңбек демалысына  құқық беретiн еңбектегi жұмыс  стажына:

      1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс  iстеген уақыт;

      2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде  амалсыздан бос жүрген уақыт;

      3) емделуде болып, еңбекке уақытша  жарамсыздық парағымен расталған  уақыт;

      4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс  iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен  жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы  толық немесе iшiнара сақталған  уақыт қосылады.

      3. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.

      4. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.

      5. Қызметкердiң қалауы бойынша  жыл сайынғы еңбек демалысы  бөлiнiп берiлуi мүмкiн.

       Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.  

      62-бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы  еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi

      1. Қызметкерлерге жыл сайынғы  еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi  жеке еңбек, ұжымдық шарттарда,  демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнiң  актiлерiнде көзделген тәртiппен  белгiленедi.

      2. Өндiрiс қажеттерiне байланысты  демалыс кестесi өзгерген жағдайда  жұмыс берушi еңбек демалысының  басталуынан кемiнде екi апта бұрын  қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға  мiндеттi.  

      63-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын  ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары

      1. Жыл сайынғы еңбек демалысы  қызметкер еңбек демалысы кезеңiнде  еңбекке уақытша жарамсыз болған  кезде, жүктi болуы мен босануы  бойынша демалысы кезiнде толық  немесе бiр бөлiгi ауыстырылуы  немесе ұзартылуы мүмкiн, бiрақ  бұл орайда еңбек демалысы  кезiндегi күндерге еңбекке уақытша  жарамсыздығы бойынша жәрдемақы  төленбейдi.

      2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң  келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi  бойынша ғана ұзартылуы немесе  келесi жұмыс жылына ауыстырылуы  мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы  тараптардың келісiмi бойынша  келесi жылға еңбек демалысына  қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi  бойынша басқа уақытта жеке  берiлуi мүмкiн.  

      64-бап. Еңбек демалысынан шақырып  алу

       Жыл сайынғы еңбек демалысы  жұмыс берушiнiң ұсынысы бойынша  және қызметкердiң келiсiмiмен  үзiлуi мүмкiн (еңбек демалысынан  шақырып алу). Еңбек демалысының  осыған байланысты пайдаланылмаған  бөлiгi тараптар арасындағы уағдаластық  бойынша ағымдағы жұмыс жылы  ішінде берiледi немесе қызметкердiң  қалауы бойынша келесi жұмыс  жылындағы еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленедi.

      (P001942; V001211 (2-тарау 22-тармақты қараңыз) 

      65-бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар

       Тараптардың келiсiмi бойынша қызметкерге  оның өтiніші негiзiнде жалақысы  сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн. 

      66-бап. Жүктiлiгi және босануы  бойынша демалыстар. Бала асырап  алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн  демалыстар

       Әйелдерге жүктiлiгi мен босануы  бойынша босанғанға дейiн ұзақтығы  жетпiс күнтiзбелiк күнге, босанғаннан  кейiн елу алты (ауыр босанған  немесе екi немесе одан да көп  бала туған жағдайда жетпiс)  күнтiзбелiк күнге демалыс берiледi. Есептеу жиынтықтап жүргiзiледi  және демалыс әйелдiң ұйымда  жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен  жүктiлiгiне және босануы бойынша  осы кезеңге төленген жәрдемақыны  босанғанға дейiн нақты пайдаланған  күндерiнiң санына қарамастан  оған толық берiледi.

       Жаңа туған нәрестелердi тiкелей  перзентханадан асырап алған  әйелдерге (еркектерге) бала асырап  алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге  келген күнiнен елу алты күнге  толғанға дейiнгi кезеңге (ата-анасының  бiрiне) демалыс берiлiп, оның ұйымда  жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан  жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен  оған осы кезеңге жәрдемақы  төленедi.  

      67-бап. Үш жасқа дейiнгi балалары  бар аналарға, бала асырап алған  әйелдерге (еркектерге) жалақысы  сақталмай берiлетiн қосымша демалыс

Информация о работе Жұмыс уақыты және демалыс уақыты