Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:31, реферат
Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Мәселен,
Қазақстан экономикасының тиімділігін
арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы
отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия
өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған
алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін
орналастырудың құрылымын айтарлықтай
өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта
барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс
Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық
көмірі негізінде елімізде құрылатын
ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін
электр қуатының 70%-ын береді. Осы база
негізінде өнеркәсіптің электр қуатын
қажет ететін салалары дамиды. Тасуға
ыңғайлы Обаған көмірі республиканың
басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге
жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын
игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына
88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған
орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия
өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар
салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар
кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның
аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан
күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте
фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру
арқылы аймақтық экономиканың тиімді
құрылымын жасауға болады.
Аймақтық экономика еліміздің басқа аудандарымен байланыста дамиды, интеграция және еріктілік принциптері сақталады, бірыңғай энергия, көлік, байланыс жүйелері қалыптасады. Аймақтық стратегиялық маңызы бар табиғат ресурстарын пайдалануда оған жеңілдіктер беріледі. Аймақтағы халықтың көші-қон проблемалары зерттеледі. Ол үшін аймақаралық және аймақтық бағдарламалар жасалады. Тұтас алғанда, Аймақтық экономика елдің өндіргіш күштерінің дамуына нақты жағдай жасауы және оған сүйенуі керек.