Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Экономикалық  теорияда бұл жағдай "Кларк заңы" дегенді білдіреді: тауардың бағасы шекті пайдалылықтың құрамдас бөліктерінің сомаларына тең, және әрбір жеке тұтынушы тобына бөлек шекті пайдалылық сәйкес.

Келесі универсалды (жан-жақты) заңға жататыны айырықша еңбек өнімділігі заңы. Кларк теориясында өндірісте төрт фактор өз-ара әрекет етеді: ақша түріндегі капитал күрделі игіліктер (өндіріс құралдары мен жер), кәсіпкердің іс-әрекеті, жұмысшы еңбегі. Әрбір өндіріс факторы айырықша еңбек өнімділігіне ие және ендірілген өнім құнына өзіндік үлес қосады. Тиісті фактор иесіне сол фактордың үлесі тиеді- міне Кларктың бөлініс заңы дегеніміз осы. Капитал- процентті, күрделі игіліктер- рентаны, кәсіпкерлік қабілет- кәсіпкерлік пайданы, еңбек- жалақыны әкеледі.

Үшінші заң - кемімелі еңбек өнімділігі заңы. Қалғандарын өзгертпестен кез-келген өндіріс факторын ұлғайту өнім есімін азайтады. Жерге қатысты кемімелі еңбек өнімділігі туралы тұжырымдаманы Т.Мальтус, капиталдың кемімелі еңбек өнімділігі туралы И.Тюнен жазған болатын. Кларктің енгізген жаңалығы- бұл әрбір фактордың өндірген шекті өнімінің шамасына сай тиесілі сыйақысы туралы мәлімет.


Кларк шекті  еңбек өнімділігі арқылы табыстардың бөлінісі кезінде сақталатын әділеттіліктің нормативті принципін байқады.

Кларк экономикалық теорияны статикаға және динамикаға бөледі. Статика- экономикалық заңдардың іс-әрекетін тұрғындар санының, ақша капиталының, техника мен технологияның және басқа да маңызды факторлардың өзгермейтін шартында қарастырады.

Статика- бұл  қоғам жағдайының дамусыз, тыныштық пен тепе-теңділікте сипатталуы. Дәл осы статикада шаруашылықтардың тепе- теңділігін қамтамасыз етудің негізгі заңдылықтары ашылады. Кларктің пікірінше, дәл осы жағдайда "өндірістің әрбір факторына тиесілі үлесінің жүктелуін" зерттеу қажет. Бұл зерттеулер шекті пайдалылық пен кемімелі өнімділіктің табиғи заңдары негізінде жүргізілуі тиіс. Бұл тәсілдер жалақы мен процент және рентаның талқыламасында қолданылады. Кларк жалақының жұмысшының "шекті еңбек өнімділігімен" анықталатынын жазады. "Шекті еңбек өнімділігі дегеніміз" не? Кларктің пайымдау барысы мынадай: тұрақты капитал мөлшері мен техниканың тұрақты деңгейінде кәсіпорындарға пайдаланатын жұмысшылардың санын көбейту, жаңадан қабылданған әрбір жұмысшының еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Кәсіпкер  жұмысшылар санын "немқұрайлылық  аймағына", яғни соңғы қабылданған жұмысшы өзіне тиесілідей өнім өндірісін қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткенше көбейте алады. "Немқұрайлылық аймағына" қатысты жұмысшының еңбек өнімділігі "шекті еңбек өнімділігі" деп аталады.

Кәсіпорындағы жұмысшылар санын "немқұрайлы аймақтан", "шекті еңбек өнімділігінен" одан әрі ұлғайту өндіріс факторы капитал үшін тиімсіз, залалға ұшыратады. Осының нәтижесінен барып Кларк мынадай тұжырым жасайды: жалақы мөлшері, біріншідең еңбек өнімділігіне, екіншіден, жұмысшылардың жұмыспен қамтылу деңгейіне байланысты. Неғұрлым жұмысшылар жұмыспен көбірек қамтылса, соғұрлым еңбек өнімділігі төмен және жалақы да темен болуы қажет. Кларктің осы шекті еңбек өнімділігі концепциясы батыстың экономикалық ілімдеріне зор үлес қосты. Оның есімі осы концепцияның арқасында әлемге әйгілі болды. Шекті еңбек өнімділігі табыстарды қалыптастыруда басты принципке айналды.


Экономикалық теорияның  келесі бөлімі динамика қайсібір жаңа заңдылықтарды ашпайды. Ол тепе- теңділіктің бұзылуың сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін, салалық диспропорцияларды т.б. қарастырады. Экономиканың кейбір категориялары динамикамен байланысты. Мысалы кәсіпкерлік табыс. Кәсіпкерлік табысты Кларк техникалық прогресс үшін берілетін сыйақыға жатқызады. Оны өндіріске серпінді бастама енгізген адам алады. Техника жетістігі мен жаңа технология тоқтаған сәтте, яғни қалыпты жағдай туғанда, еркін бәсекелестік кәсіпкерлік табысты біліктілігі жоғары жұмысшының жалақысымен теңестіреді.


Кларктің  шекті және айырықша өнімділік концепциялары шектеулі ресурстар тұсында оңтайлы мәселелерді шешуге зор үлесін қосты.

4. Лозанн мектебі.  Жалпы тепе-теңділіктің талдауы (Л.Вальрас). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы(В.Паретто)


Лозанн мектебі  алғаш рет математикалық жолмен - теңдеу жүйесі түрінде жалпы экономикалық тепе-теңділіктің теориясын жасады. Лозанн мектебінің негізін салушылар Швеицариядағы Лозанн университетінің профессоры Леон Мари Эспри Вальрас (1834-1910) және Вильфредо Парето (1848-1923) болды.

Вальрас Францияда туған 50-ші жылдары әйгілі экономист-әкесінің ықпалымен экономикалық теорияны зерттеуді бастайды.

Вальрастың  есімін әйгілі қылған еңбектерінің ішіндегі "Таза экономикалық теорияның элементтері" (1874), "Ақша теориясы" және "Биметаллизмнің математикалық теориясын" атауға болады. Вальрас жалпы экономикалық тепе- теңділіктің тұйық математикадық моделін әзірлеген алғашқы экономист. Мұның негізіне ол өндіріс пен айырбас лроцесіне қатынасатындарды  екі үлкен топқа бөлуді жатқызды: өндіргіш қызметтерді (жер, капитал еңбек), немесе өндіріс  факторларын иеленетіндер және осы әлуетті өндіріс факторларын іске қосушы кәсіпкерлер. Өндіріс факторларының иелері өз қызметтерін рынокта кәсіпкерлерге ұсынады және өз кезегінде олар өндірілген тұтынушылық өнімдерді сатушылар болып табылады. Өндіргіш қызметтер мен тұтынушылық тауарлар рыногы өзара байланысты. Осылайша Вальрас моделінде екі рыноктың -өндіргіш қызметтер мен тұтыну заттарының тепе-теңділігін сипаттайтын жүйеге маңызды орын беріледі. Талдау нәтижесінде Вальрас мынадай тұжырымға келеді: бір  жағдайда өндіріс факторларының иелері сатушы рөлінде, ал кәсіпкерлер-өндіріс факторын сатып алушы, келесі жағдайда- өндіріс факторларының иелері сатып алушы, ал кәсіпкерлер- тұтыну заттарын сатушы болып табылады. Бұл жағдай Вальрасқа экономикалық жүйені бүтіндей қарастыруға және жалпы тепе-теңділіктің үш шартының барлығын анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикадағы тепе- теңділік мынадай үш шарттың сақталған жағдайында қамтамасыз етіледі: 1) өндіргіш қызметтерге деген тиімді сұраныс пен осы қызметтердің ұсынысы тең болған жағдайда; 2) рыноктағы өнімдер бағасы тұрақты болғанда; 3) өнімдердің сату бағасы оны өндіруге кеткен (өндіріс факторларындағы) шығындарға тең болғанда. Математикалық моделдеу түрінде тепе- теңділіктің бұл шарттары төрт түрлі өзара байланысты теңдеу жүйесі арқылы көрінеді.

Бірінші жүйе өндіргіш қызметтердің (өндіріс факторлары) ұсынысын сипаттайды. Қызметтердің әрбір түрінің ұсынысы сол қызметтердің және барлық дайын енімдердің рыноктық бағасының функциясы болып табылады.

Екінші теңдеу жүйесі дайын өнімдерге деген сұранысты сипаттайды. Әрбір енім түріне деген сұраныс- барлық өндіргіш қызметтер (өндіріс факторлары) мен өнім түрлері бағаларының функциясы.

Үшінші теңдеу жүйесі өндіргіш қызметтерді (өндіріс факторларын) тұтынуды білдіреді. Барлық дайын өнімді өндіруге шығындалған әрбір өндіргіш қызметтердің (өндіріс факторының) сомасы осы қызмет түрлерінің жиынтық ұсынысына тең болуы тиіс.

Төртінші теңдеу жүйесі өндіргіш қызметтер мен дайын өнімдердің бағаларының қатынастарын көрсетеді. Әрбір дайын өнімнің бағасы оны дайындауға шығындалған барлық өндіргіш  қызметтердің бағаларының қосындысына тең.


Жеке рыноктың тепе- теңділігін қарастырған О.Курно, У.Джевонс, А.Маршалдың моделдерімен салыстырғанда, Вальрас моделі симметриялы рыноктың жалпы экономикалық тепе-теңділігін сипаттайды. Осыған байланысты Вальрас-қазіргі заманғы макроэкономикалық моделдеудің негізін салушы болып табылады.Бұл теңдеулер жүйесі бірінші рет өнім өндірісі мен ендіріс факторларының шығындары арасындағы қатынастарды керсетті. Осыған байланысты көптеген авторлар Вальрасты  өндірістік функциялар  мен "шығындар - өндіріс" талдауының алғашқы жолын салушы деп есептейді.

Вальрас дайын  өнімдердің ұсынысының мелшері сол қарастырылып отырғын тауардың бағасына, өзге де тауарлардың бағасына, өндіріс шығындарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын көрсетті. Мұндай шешім  шаруашылық тепе-теңділігінің қалыптасуына әсер етуші объективті факторлардың түсінігін одан әрі ұлғайтты.

Вальрас алғаш  рет еркін рынок  шартындағы жалпы экономикалық тепе-теңділік моделін жасай отырып, талдау барысындағы математикалық пайымдаулардың рөлінің маңыздылығын, рыноктық экономикалық тепе-теңділіктің әлеуметтік жағынан тұрғындар үшін тиімділігін, ұтымды жақтарын керсетті.

Жалпы экономикалық тепе-теңділік моделінің одан әрі талдануы К.Эрроу-Ж.Дебре, Л.Маккензи, Р.Раднер, В.Парето еңбектерінде жалғасын тапты.

Вильфредо Парето (1848-1923)- итальян экономисі әрі социологы, Вальрастың шәкірті.

Паретоның алдыңғы  қатардағы еңбектеріне "Саяси  экономия курсы" (1898), "Саяси экономия ілімі" (1906), "Жалпы ооциология бойынша трактат" (1916) жатады.

Парето экономикалық құбылыстардың арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды теріске шығарады, оның орнына функционалдық талдауды ұсынады.

Пайдалылықты  Паретоның пікірінше өлшеуге  болады, бірақ сандық көрсеткіштердің көмегімен емес, тұтынушылық игіліктердің мағыналылығын салыстыру жолымен, олардың артықшылық көрсеткіштерін бағалау жолымең сатып алушылар үшін кезектілігімен анықталады.

Осылайша  Парето пайдалылықты кардиналдық (абсолюттік) талдаудан ординалдық (салыстырмалы) талдауға көшеді. Оның осы идеясынан бастап тұтынушылар артықшылығы категориясына өту басталады. Парето  сандық мағынадан гөрі реттілік, дәрежелік мағынаға мән беретін "артықшылық" түсінігін енгізеді. Берілген  игілік басқалардан гөрі пайдалырақ деген тұжырымдама, Паретоның түсінігінде адам бұл игіліктен гөрі өзгесіне артықшылыпен қарайды дегенді алмастырады. Мұнда жекелеген игіліктердің емес, олардың жиынтығының артықшылықтары салыстырылады.

Артықшылық  ұғымына сипаттама беру үшін Парето өзіне дейінгі ағылшын экономисі Ф.Эджуорттың ұсынған талғаусыздық қисығын пайдаланды. Талғаусыздық қисығы субьектілердің таңдаған артықшылықтарының бөліну тәртібін бақылауға мүмкіндік береді, екі альтернативті игіліктерді өз ара нақтылау сәтіндегі "талғамсыздығын" көрсетеді.

Парето сонымен қатар  тепе- теңділік шартында экономикалық оңтайлылыққа (оптимум), яғни экономикалық ресурстардың және өндірілген игіліктердің оңтайлы бөлінісі жағдайына жетуге болады ма? деген сұраққа жауап табуға тырысады. Осы сұраққа жауап ретінде Парето ресурстардың тиімді бөлінісінің критериін қалыптастырады. Бұл принциптер Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясының негізін құлаушы немесе "Парето оптимумы" деп аталады. Бұл теория-барлық тұрғындардың әл- ауқаттылық жағдайын жақсартуға немесе көркейтуге байланысты өзгерістерін бақылауға мүмкіндік беретін қоғамдық ең жоғарғы (максималды) пайдалылықтың түсінігі.


Паретоның оңтайлылық ситуациясында экономикалық процеске кез келген қатынасушының жағдайын, бір уақытта ең аз дегенде біреуінің әл ауқатын түсірмей жақсартуға болмайды. Рыноктың осындай жағдайын Парето оңтайлы деп есептейді.

Парето  оптимумы бойынша қоғамның әл ауқаттылығының максималды жағдайға жетуі, ал ресурстардың оңтайлы бөлінуі, осы бөлінудің кез келген өзгерісі экономикалық жүйенің ең болмағанда бір субьектісінің әл ауқатын төмендеткен жағдайда орыналады.

Нақтылығында оңтайлылықтың екі критериі бар. Біріншісі ресурстардың бөлінісіне қатысты (біреуінің пайдалылығын жақсарту, басқа біреуінікін төмендетеді), екіншісі- өндіріске қатысты (біреуінің пайдалылығын жақсарту, басқа біреуінікін темендетпейді). Жеке адамның немесе фирманың әл-ауқаттыльғын анықтау мәселе тудырмайды, қоғамның бүтіндей әл- ауқаттылығын анықтауда мәселе туындайды. Паретоның пікірінше оңтайлылыққа рыноктың барлық турінде, экономиканың барлық секторында тепе- теңділік орнаған жағдайда жетуге болады. Мұндай оңтайлылық жағдайға тек рыноктық бәсекелестік жағдай ұмтылады.

Паретоның көзқарастарын  қорытындылай келе, оның мәнісін мынадай екі тұжырымдамаға сиғызуға болады:

  • кез келген бәсекелестіктегі тепе- теңділік оңтайлылықты білдіреді (тікелей түсініктегі теорема);
  • оңтайлылыққа бәсекелестік жағдайындағы тепе-теңділікпен жетуге болады, бұл мынаны білдіреді, кейбір таңдаулы критерилерден шығатыны, оңтайлылыққа ең жақсы 
    тәсіл рыноктық механизм арқылы жетуге болады.

Қазіргі экономикалық теорияда ғалымның ұсынған тұтынушылардың артықшылық тәсілі мен Парето оптимумы пайданың ең шегіне жетуде оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік жасау үшін пайдаланылады.

 

 

 

 

№7 лекция. Жаңаклассикалық мектеп пен жаңа либерализмнің

эволюциясы. Бүгінгі  таңдағы секішілік (консерватизм)

Дәріс мақсаты:

Жанаклассикалық жаңғыру  мен консервативтік жылжудың жағдайлары. ГФР-да (В.Ойкен, В.Репке) және Франциядағы  жаңа-ымыршылдық нарықты шаруашылық теориясы (Л.Эрхард). Бүгінгі таңдағы  консерватизмнің негізгі ағымдары. М.Фридмен: экономиканы сауыктырудың монетаристік емдері. Монетарлық тәртіп. Ұсыныстың экономикалық теорияларысы (Г.Стейн, Л.Лаффер). Ұтымды күту теориясы және жаңа классикалық макроэкономика (Р.Лукас, Дж.Мут, Т.Сарджент, Н.Уоллес).

Дәріс жоспары:

1.ГФР-дағы жаңаымырашылдық (В.Ойкен). Әлеуметтік нарықты шаруашылық теориясы (П.Эрхард).

2.Америка монетаризімі (М.Фридмен).

3.Тиімді күту теориясы (Р.Лукас).

 

Неолиберализм концепциясының теориялық түсіндірулері мен  тәжірибелік ұсыныстары шексіз еркін  бәсеке идеяларынын. басымдылығы мемлекеттің экономикалык процестерге белгілі араласуы аркылы жүретініне негізделді. Егер кейнсиандыктар бірден экономикаға мемлекетттің араласуының белсенді шараларын бірінші орынға қойса, неолибералистер — мемлекеттің реттеудегі енжарлығын атады. Кейнсиандық үлгі бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығы экономиканың әр түрлі салаларын инвестициялауға, үкіметтік тапсырыстың көлемін ұлғайтуға салық саясатын нығайтуға бағытталады. Олардың шекті көрінісі - экономикалық тарих көрсеткеніндей мемлекеттік бюджет тапшылығы мен инфляция. Неолибералистер экономиканы либерализациялады, еркін баға белгілеу принципін қолдануды, экономикада жеке меншік пен мемлекеттік емес шаруашылық құрылымдардың басым болуын жақтап, мемлекеттің экономикадағы қызметіне тек "түнгі күзетші" мен "спорттағы төреші" сияқты рольдерді қалдырды.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)