Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы

Эдвард Хейстингс  Чемберлин (1899-1967) «Монополистік бәсеке теориясы өзара байланысты зерттеу» деген атпен кітаптың басты теориялық тұжырымы рынокты өзіне қаратып алудың негізгі шарты, яғни Гарвард профессорының сөзімен айтқанда, монополияның мәні - ұсынысты бақылау. Ал бұл бағаны бақылау, бір - бірінің орнын басатын бақталас тауарларға байланысты немесе өнімінің дифференциялануы. Осы туралы Э. Чемберлин былай деп жазады: «Дифференцияланумен бірге монополия пайда болады және бұл процестің монополия элементтеріне әрекеті кушейеді». Дифференциация дәрежесі барлықжерде сатушыға өз өніміне абсолюттік монополия береді, бірақ сонымен бірге ол жетілмеген алмастырушының бәсекесіне тап болады. Осыдан келіп ол барлық сатушыларды монополистік бәсеке әрекеттерінен пайда болған бәсекелес монополистер деп айтқан дұрыс дейді.


Э. Чемберлиннің көзқарасы бойынша, нарықтар өзара байланысты, өйткені мұның әрбіреуінде бір - біріне тәуелсіз сатушылар ұқсас өнімдерді сату үшін өзара әрекетке түседі. Ғалым мынаған қатты сенеді: «Нақты өмірде нарықтар түрліше жетілмеген, ал үстірт ойлаушылар олардың нәтижесі тепе -теңдікке тырысады дегендері, негізсіз». Әрбір сатушыны монополист ретінде қарау, олардың өзі сатып алушыларын түзейді, яғни өзінің рыногы уникальді тауар иемдену есебінен және өнімнің дифференциялану дәрежесі сатушылардың бағасын реттейді, нарықта монополист болады. Ал бұл тауарлар сату және қызмет көрсетудің шын көлемінің аздығын көрсетеді, оларға баға таза бәсекедегіден жоғары қойылған.

 «Өнімнің  дифференциациялануы» деп аталатын 4-тарауында Э. Чемберлин бұл категорияның мәнін аша отырып, дифференциацияланған өнімнің басты шарты - сатушының тауарлардағы немесе қызмет етудегі ерекше белгісінің болуы.

Ол белгі  сатып алушыға нақты және ойындағыдай болуы мүмкін. Бірақ, ең бастысы, ол осы өнімге басқапарға қарағанда артықшылық әкелсе болғаны. «Осындай дифференциацияланудың нәтижесінде, - деп жазады ол - сатып алушылар топталады, олар еркінен тыс журеді және оп жөн -жосықсыз (таза бәсекедегідей) болмай, артықшылыққа негізделген таңдау жолымен журеді».

Көріп отырғанымыздай, ғалымның ойынша бәсекелестік күрес тауарлар сапасын көтереді: мұны патенттер, авторлық құқық, фирма белгілері, фирманың буып - түюі және фирманың тиімді жерге орналасуы көрсетеді. Ал жарнама еркін бәсекенің шартына қарағанда рыноктардың бірігуіне жол бермейді. 
Сондықтан бәсекенің бағаға байланысты емес факторлары фирмаларды сатып алушылардың жаңа тұтыну қуаттарын іздеуге итермелейді, оларға «талғамның ақша ережелерін» егеді. Өзінің құн теориясы мен классикалық, неоклассикалық құн теорияларының арасындағы қайшылық бар деген ойды Э Чемберлин кітабының 6 тарауында жоюға талпынады. Шндағы түжырымда келтірілген аргументтері бірдей емес. Біріниідең өндіріс шығындары және өндірушінің сату бағалары; екіншіден, өткізу шығындары және соңғы бөлшек сауда бағасы мен өндіруші бағасы арасындағы айырма. Осымен байланысты мыналар атап көрсетілген: шығындар фабрика шеңберінде тауарды өндірумен шектелмейді, шын мәнінде өндіріс шығындарына тасымалдау, сорттау, сақтау, үйге жеткізу шығындары жатады, олар тауардың пайдалылығын көбейтеді, яғни оның қажеттігін қанағаттандыруға өте пайдалы етеді. Осыдан келіп мынадай қорытынды жасалады: шығындардың екі түрінің шекарасын анықтау (өткізу шығындары мен өндіру шыындары) құн теориясы үшін сондай іргетастық мәні бар, оны үсыныс пен сұраныс арсындағы айырмамен салыстыруға болады. Шын мағынасында бірінің айырмашылығы екіншіден туындайды. Өткізу шығындары белгілі тауарға сұранысты ұлғайтады, ендіріс шығындары оны ұсынуынан көбейтеді.


Біріншіден, Э. Чемберлин теориясы бойынша нақты  емес жасанды абстракцияны таза бәсеке категориясы орнына монополистік бәсеке туралы әңгіме қозғау дұрыс. Бұл жағдайда сатушылар өздерінің бір-бірімен бәсекелесу мүмкіндігін сақтайды, бағамен манипуляция жасайды, оның дәрежесін бақылайды, өзінің нарығында қожайын болады.

Екіншіден, ол енгізген «монополистік бәсеке»  деген түсінік «таза бәсекеніңальтернативі болады». Өйткені, монополистік бәсеке түсында:

-нарықтық  қүрылым кезінде сатушылар саны көп;

-фирма жұмысында  бәсекелес фирмалардың тиімді жүмысы әсер етпейді;

-сатып алушылар  түрлілігі сауда маркісіне байланысты және нақты сатушының сапалы сипаттамасына қарай өнімді артықкөреді;

-дифференциацияланған  өнім, яғни жақын субститут маркалы өнімдер, кез келген «жаңа» сатушыны шьғарады, әдеттегі салаға «кіру» немесе тауарлар тобы нарығына кіру шектелмеген. Үшіншіден, егер бурын классиктер және неоклассиктер экономикалық өндіріс шеңбері шартты таза бәсеке деп, ал бәсекелі күрес тек бірыңғай рынокта болады десе, Э. Чемберлин теориясы бойынша, бәсеке дифференциацияланған өнім негізінде монополия жағдайында орын алады. Өйткені, бір тұрлі ерекше қасиеттері пайда болады, сатып алушы тауар түрінің біреуіне өз басымдылығын білдіреді.


Төртіншіден, егер классиктер мен неоклассиктер монополияның таза бәсекені ығыстыруынан баға күресінің әлсіреуін көрсе, Э. Чемберлиннің көзқарасы бойыниа, бәсекелік күрес монополист- бәсекелестер арасында үнемі жүреді. Оны баға және бағаға қатысы жоқ бәсекенің дамуынан көрді, өйткені ол өнім сапасы мен жарнаманы жетілдіруімен байланысты еді.

Бесіншіден, Э. Чемберлиннің пайымдауы алғаш  рет экономикалық либерелизм идеясын зерттеушілерді мына ойға тусірді: таза бәсеке де, таза монополия да болмайды. Шын мәнінде: таза бәсеке саны көп сатушылар бар жерде болады, бірін-бірі алмастыратын бақталас тауарлар көбейгенде шиеленіседі. Осындан келіп мынадай қорытынды орынды сияқты: монополистік бәсеке жағдайында сатып алушыға бәсекелес тауардың біреуіне басымдылық көрсету; баламалы емес тауар сатушыны басқадан артық бағалау. Бұл Э. Чемберлиннің логикасы бойынша ірі шаруашылық жүргізуші субъектімен жарыста шыдап тұру және орта қолды сатушы (саудагер) мен өндіруші монополист болады, яғни монополия марксистік сынға қарамастан, қаржы бақылауының, өндіріс шоғырлануы, капитал орталықтануының салдары емес, өйткені ол рыноктікжүйеде күшейген бәсекеліктенденцияғатән.

1937жылы Э.  Чемберлин «Монополистікбәсекетеориясы» кітабына енгізген 9-тарауға көңіл аудару қажет. Мұнда ол біраз қосымшалар мен түзетулер жасаған. Көптеген комментарийлер (түсініктемелер) берілген. Айталық, ғалым өнімнің дифференциациялануын кең мағынада қарамауды ұсынады. Өйткені ол дифференциацияның кейбір сатушылар үшін маңызы шамалы. Тағы бір комментарийінде монополистік бәсеке түсінігімен байланысты мынаны айтады: «оны Гарвард профессоры бүгінгі экономикалықғылым көзқарасын таласқа шақыру үшін керекдеп сипаттайды, мұның мазмұнынан бәсеке монополия баламалық қүбылыстар деген түсінік шықпайды және жекелеген бағалаудың түсінігі бойынша не бәсеке категориясымен, не монополиямен түсіндіру керек».

Осымен қатар  жетілмеген бәсеке категориясымен монополистік бәсеке туралы айтқанда, ғалым кейбір пайымдаулардың тенденциялық жақтарын түсіндіреді: бір қүбылыстың екі әр түрлі есімі екенін, бүл категориялардың үқсастығы біршама бағаланған да айырмашылығы аз зерделенген. Автор былай деп жазды: «көбі бүл айырмашылықты білмей, мәселе тек тенденция деп көрсетіледі».

Зерттеуді жинақтай келіп Э. Чемберлин бәсекелі ортадағы монополияның табиғи мәнін терең сезінетіндігін білдіреді, яғни кәсіпкерпікті ең бастысы әрбір кәсіпкердің өзінің жеке монополиясын құруға тырысуы, оны кеңейтіп, мүмкін болса басқа кәсіпкердің өз монополиясын үлғайту әрекетінен қорғау.

Бірақ мақсат мынада: экономикалық ғылым арқылы өнім әр кезде дифференциацияланған, экономикалық әл-ауқат үшін барлық жағынан таза бәсекені «идеал» деп мойындауға болмайды.

Қорытындысында  мынаны атап өту керек; соңында Э.Чемберлин және монополистік теориясын жақтаушылар бәсекені «топтық монополия» кезінде сақтау тужырымын ұсынды. Ол бойыниа партнер -бәсекелестер арасында рынокқа әсер ететін салаларды бөліп алудағы мақсат - біртекті емес (дифференциацияланған) тауар өнімдерін шекті шығындар деңгейіне дейін бағасын төмендетпей өткізу. Э. Чемберлиннің теориялық тұжырымдарының қазіргі редакциясыныңтағы бір ерекшелігі мынада: «өнімнің дифференциациялану идеясымен қатар, яғни оның төтенше сапасымен қатар тағы біреуі - қосымша баға емес жағдайларда монополистік бәсекені күшейту, мысалы: ол жекелеген тауар өндірушілердің техникасын жетілдіру, сатып апушыларға ерекше қызмет көрсету, фирмалық респектабельді репутациясына (бедел) әкеледі».

 Дж. Робинсонның жетілмеген бәсеке туралы экономикалық теориясы

Джоан Волет Робинсон (1903-1983) Оның экономика ғылымында және дүние жүзіне әйгілі еткен еңбегі - «Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы» баспадан шыққанда ол 30 жаста еді.

Кітаптың  басты идеясы - монополия қызметінің рыноктық аспектілерін ашу. Бәсеке, мұның барысында (монополия) және олардың арасында экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуымен байланысты, оның ойынша жетілмеген (Э. Чемберлиннің термині бойынша - монополистік).

Э. Чемберлин  сияқты Дж.Робинсон еңбегіндегі бастапқы міндет - өңдірушілер өз өніміне монополист жағдайында баға белгілеу механизмін білу, яғни не себепті баға осы көлемде және сатып алушылар монополистік пайда келтіретін бағамен тауарды сатып алуға келіседі. Бірақ одан әрі автордың пайымдаулары Э. Чемберлиннің логикалық құрылымдарынан өзгеше. Айталық, егер соңғысы монополистік бәсекені тепе-тендіктегі рыноктың табиғи жайы деп сипаттаса, Дж. Робинсон жетілмеген бәсекеде алдымен бәсекелік шаруашылық жүйесінің тепе-теңдік жағдайының бұзылуын, жоғалтуын, тіпті жалдамалы еңбекті қанауды көрді.

Жетілмеген  бәсеке теориясының мазмұнды бөліктерінен белгілі болғанындай, монополияның мәні жағымсыз түрде, рьіноктық ортада әлеуметтік-экономикалық қатынастарды тұрақсыздандыратын фактор ретінде қаралады. Сондықтан бұл жұмыстың мынадай тұжырымдарын атап өту керек.

Біріншіден Дж. Робинсонның сенімі бойынша, жетілген бәсеке тұсында кәсіпкерлер жетілмеген бәсекеге қарағанда өндіріс монополиясына ынтасы аз, өйткені жекелеген фирмалар оптималды көлемге жете алмайды, тиімсіз қызмет істейді. Сондықтан монополист тек қана өз өнімдеріне бағаны көтеру, сонымен қатар салада өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік алады.

Екіншіден, Дж. Робинсонның көзқарасына сәйкес, монополия өнімінің тауары - субституттарына ерекше бөлінетін талап қояды, яғни басқаша айтқанда дифференциациялануға қосымша жағдайлар қажет, осыған сәйкес фирма монополистері фирма тиімділігін артықша бөлетін  көлемдерімен сипатталады,

Үшіншіден, жетілмеген бәсеке бар монопольді нарықта Дж. Робинсон көрсеткеніндей, мыналарды анықтайтын ситуациялар болуы мүмкік егер рынокта бірыңғай біріккен, сатып алушылар деп  қарамай бір-бірімен бәсекелес шексіз сатып алушылар рыногында сатып алушылардың саны қанша болады десек, мұндай сұраныстың шоғырлану ситуациясын, яғни рынокта көптеген ұсақ сатушылар және бір ғана сатып алушы әрекет етсе, оны ол монополия немесе сатып алушылар монополиясы деп атайды.

Төртіншіден, өзінің теориялық зерттеуін аяқтай келіп, Дж. Робинсон мынадай қорытынды жасайды: шын әлемде жетілмеген бәсеке шарттарының басым болуы өндіріс факторларын қанауға және ірі бірлестіктердің құрылуы бірі-бірімен бәсекелес ұсақ фирмаларды жұтып қоюға әкеледі.

Осындай және басқа да пайымдаулардан бастау алған өндірістің монополиялануы проблемасы Дж. Робинсон көрсеткеніндей, тиімділік және әділеттілік дилеммасын шешуі тиіс. Оның пікірінше, «монополизацияланудың артықшылығын түсіндіруде оның өндіріс тиімділігін арттыратындығын көрсету жеткіліксіз». Бірақ М.Блауг байқағанындай, «тиімділік» пен «әділеттілікке» сену экономикалық  ғылымның көптен бергі иллюзиясының бірі.

Өзінің зерттеу  нәтижелерінің негізінде Дж. Робинсонның  басқа да құнды қорытынды жасауы мұмкін еді. Соның ішінде, ол көрсеткендей, жетілмеген бәсеке қайшыльғын жою мақсатында экономикаға мемлекеттің араласуының нақты шаралары туралы ұсыныс күтілген еді.

 

 

№9 лекция. Әлеуметтік-институционалдық бағыт

Дәріс мақсаты:Экоңомикалық теорияда институционалдық ағымның пайда болуы. Америкалық институционализмнің пайда болуы және эволюциясы. Әлеуметтік-психологиялық   институционализм (Т.Веблен). Әлеуметтік-қүқықтық институционализм (Дж.Коммонс). Тәжірибелік (эмпирикалық) институционализм (У.Митчелл).

Дәріс жоспары:

  1. Америка институционализмнің пайда болуы және оның эволюциясы
  2. Соғыстанкейінгі кезеңдегі (50-80 жылдары) институционалдық әлеуметтік бағыттың дамуы
  3. Жаңаинституционализм

 

ХІХ-ХХ ғасырлардың  аралығында нақтылы тарихи жағдайлардың әсерінен АҚШ әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан күшті дамыған бірден-бір елге айналды. Мүнда тұңғыш рет экономиканың еркін бәсекеден гөрі монополистікке өтуі жалпылама түрде айқын көріне бастады. БұлАҚШ-тың антимонополистік шаралар қолданған алғашқы ел болуына себепкер болды, оның әкімшілігі XIX ғасырдың аяғында бүл шараларды өмірге енгізді. Бұл шараларды соңынан барлық дамыған мемлекеттер үкіметі қолданды.

XX ғасырдың бас кезінде АҚШ-тың ғалым-экономистері экономикадағы монополистік тенденциялардың күшейгенін талдап, өз елдеріндегі антимонополистік саясатқа іш тартып, экоиомикаға әлеуметтік бақылау концепциясының лидері статусын алуға тырысты. Оны түрлі тәсілдермен жүргізді. Олардың теориялары бүгінде әлеуметтік институциональдық немесе жай институциональды деп аталатын экономикалық ойдың жаңа бағытының бастамасы болды.

Зерттеу пәні

"Институционализм" терминінің негізіне институт ұғымының бір түсінігі жатады. Институционалистер мұны экономикадағы қоғамдық қозғаушы күштердің бір элементі деп қарайды. "Институттарға" институционалистер идеологтары түрлі категориялар мен құбылыстарды (мысалға, мемлекет, жанүя, кәсіпкерлік, монополия, жекеменшік, кәсіподақ, дін, рух, және т. б.) жатқызады. Олар дәстүрді, мінезді, этиканы, құқылық шешімдерді, коғамдық психологияны және ең бастысы экономика эволюциясын қажет етеді.

Институционализм — белгілі бір мағынада неоклассиктердің альтернативтік экономикалық теориясының бағыты. Егер неоклассиктер Смиттің жетілген рынокты шаруашылық механизмінен бастау алып, экономика өзін-өзі реттейді деп, таза экономикалық ғылымды жақтаса, институционалистер экономиканың қозғаушы күшіне — материалдық факторлармен қатар рухани моральдық, құқықтық және басқаларын жатқызып, оларды тарихи орнына қарай зерделейді. Баскаша айтқанда, институционалистер талдаудың пәні деп экономикалық және экономикалык емес әлеуметтік экономикалық даму проблемаларын есептейді. Ең бастысы, зерттеу объектілерін — институттарды, бірінші, екінші кезектегі деп қарамай, бір-біріне қарсы қоймайды.

                                                   Зерттеу тәсілдері

Көптеген  зерттеушілердің пікіршше, институционализм методологиясында Германиянын. тарихи мектебінің жалпы белгілері бар.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)