Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа
Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.
50-60 ж. жұмысында
Герцен мен Огарев
Шаруалар социализмі
А.И.Герцен мен
Н.П. Огаревтің социалистік
Бұл теорияның
жіберуші пункті қауымды жаңа
қоғамның шеткі ғимараты деп
тану болды. Герцен мен
Бұл кезде Герцен мен Огарев орыс қауымының ыдырай бастауының шынайы себептерін түсінбеді. Алайда шаруаларды жермен босату идеясы шаруалардың революциялық мүддесіне қызмет етіп, Россияның 60 ж.-да прогрессивті болды. Герцен мен Огаревтің тағы бір қателігі, олар орыс қауымын орыс тарихының жүрісінен даралап алып қарады, және капитализмнің дамуын сезбеді.
А.И.Герценнің
социалистік дүниетанымының
Дегенмен 50-60 ж. А.И.Герцен мен Н.П.Огаревтің социалистік ілімі үлкен маңызға ие болды. Олар шаруалардың революциялы қозғалысына, помещиктік және самодержавиелік қанаудан босатуға қызмет еткілері келгендерге бағдарлама ұсынды және Россиядағы крепостнойлықтың санын дамытуда жалғастырды.
Жоғарыда аталған мемлекет, шіркеу кызметкерлері мен ғылыми зиялы кауым Ресейдегі крепостниктік, феодалдык катынастарды жақтап, ия сынаумен катар, бүкілресейлік рынок псіг манфактуралык тәсілдің ықпалын сезді, олар туралы ой-пікірлер танытты.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында антикрепостниктік экономикалык реформа Ресейде қанат жайды. Айталык, А.Н.Радищевтің экономикалық реформасы жерге крепостниктік кұкық пен протекционистік кеден саясатын қамтыды. Н.С.Мордвинов, М.Сперанский сиякты үкімет кайраткерлері Ресейді куатты аграрлы-индустриальды елге айналдыруды, реформаны акша айналысы, несие мен бюджет, салық саясаты мен сот мекемелерінен бастауды ұсынды. Н.Мордвиновті Ресейдің классикалық экономикалық мектебінің өкілі болса, М.Сперанскийдің көзқарасы оның либерализмнен консерватизмге ауысу эволюциясын көрсетті.
Фермерлік шаруашылықты, мемлекеттік несиені кеңейту реформасын Н.Тургенев, жерге меншікті экспроприациялауды Н.Чернышевский жақтады. Осы кезендегі аграрлық реформаны (1907-1911 ғғ.) жұзеге асырушы Петр Аркадьевич Столыпин туралы әдейі айтқан жөн. Ол Ресей үкіметінің премьер-министрі және ішкі істер министрі болып істеді. Ал оның Ресейдегі аграрлық реформасының маңызы тек орыс шаруасына байланысты емес, сонымен қатар шет аймактардағы халықтар өміріне оң, теріс әсерлері аркылы бағалануы тиіс. Осы кезде Ресейдің экономикалық ғылымына, ондағы ой-пікірлердің калыптасуына марксизмнің орны ерекше болды. Сондыктан XIX ғасырдың бас кезіндегі Ресейдін экономикалық ілімін түзуде, рыноктық реформалардың проблемаларын зерделеуде С.Витге, М.А.Бакунин, Г.В.Плеханов, М.И.Туган-Барновский және В.И.Ленин көп еңбек сіңірді.
Нақтылап айтсак, марксист М.И.Туган-Барновский, О.Б.Струве, С.Н.Булгаковтардың экономикалык доктриндері, төңкерісшілер - П.Лавров, П.Ткачев, М.Бакуниндер, либералистер — Н.Даниэльсон мен Н.Михайловскийлер болды. Ал Ресейде марксизмнің экономикалық идеяларын кеңінен насихаттап, жүзеге асыруда Н.Н.Зибердің, Г.В.Плехановтың, В.И.Лениннін еңбектері зор еді. Қазақ оқырмандарына жоғарыда аталған экономист-қоғам қайраткерлерінің көбі таныс. Сонда да солардын. ішінде әлі де отандастарға олардың экономикалык білім-танымына, біздің ойымызша, үлкен әсер ететін орыс халқының философы, экономисі, публицисі, тіпті діни көзкарастары болған Сергей Николаевич Булгаков туралы хабар бергіміз келеді.
Интеллектуалдық өмірбаяны - Н. С. Булгаков (1871 - 1944) Орлов губерниясының священник отбасында дүниеге келеді. Негізгі еңбектері: "О рынках при капиталистическом производстве" (1897)," Капитализм и земледелие" (1900), "От марксизма к идеализму"(1904), "Краткий очерк политической экономии: основные черты современного хозяйственного строя" (1906), "Очерки по истории экономических учении" (1917). Еңбектерінің аттарынан көрініп отырғанындай, С.Н.Булгаковтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары қоғам өмірінің барлық саласын қамтыған. Мамандығы заңгер болғанымен, экономика, әсіресе, экономикалық ілімдер тарихы туралы шығармалары оның есімін әйгілі етті. "Краткий очерк политической экономии: основные черты современного хозяйства" (М., 1904) деген еңбегінде Булгаков С. Н. Ресей капитализмін отаршылдық та, экспорттық те ел емес, бюрократтық деп ерекшелейді. Ресейдің экономикалық
басқаруының барлық факторлары бар: территориясы, табиғи байлығы, халыктың көптігі. Оған сыртқы рыноктың керегі жоқ Бірақ экономикалық саясатты түбірінен өзгерту керек. Ол үшін шаруаларға кедергі болған бюрократтарды жойып, Франциядағы физиократтардың үлгісіне көшуді ұсынады: шаруалар жарлы болса, өнеркәсіп кедей, қазына нашар және ол өнеркәсіпті ынталандыруды да халықтың әл-аукатын көтерумен байланыстырады.
С. Н. Булгаков "Очерки по истории экономических учений" н Іси Іпығармасының кіріспесінде саяси экономиянын. міндеттерін негіздеп, экономикалық ілімдер тарихын оқытудың қажеттігін маңызын дәлелдейді. Оның анықтауы бойынша, саяси экономия шаруашылыктың нақты жақтарын, ал философия шаруашылыктың құндылығын зерттейді. Тарихты – адамның өзін-өзі түсіну құралының мағынасы деп, С. Н. Булгаков мұның тәжірибедегі нәтижесі — рухани азаттықтың маңыздылығы деп түсінеді. Бұл әсіресе, шаруашылықта дұрыс сияқты. Айталық, өмірдің экономикалық жағында заман қысымы қатты, оны бірден түсініп, бағалау оңайға түспейді, Сондықтан С. Н. Булгаков тарихи зерттеуді ұсынады: рухани экскурс жасап, экономикалық идеялардың дамуын терең зерттеуді қалайды
1917 жылы жарық көрген "Христианство и социализм" деген еңбегінде С. Н. Булгаков социализмді жақтаушылардың адамнын рухани мәніне селқос карағанын сынап, олардың мұны табиғат пен коғам құрылысымен ауыстырғанын кіналайды. Адам туралы социалистік ілімді христиандық сеніммен салыстырады. Мұнда Р. Оуэн мен К. Маркстің пікірлерін талдайды. Социализмнін. қайшылықтарына токталып, жеке-дара адамның, оның жеке басының жойылып кетуінен сактандырады. Сөйтіп, ол социализм тұсындағы мына сүрақтарға жауап іздейді: адам дегеніміз кім, оның адам табиғаты, адамзат қоғамы, прогресс неге әкеледі, тарихтың мағынасы. Міне, осы категориялардың анықтамаларын іздейді. Адамнын. мешандық қасиеттерін сынайды.
"Өтпелі
кезең" мен социализм туралы
концепциянын негізін қалаушыла
Келтірілгендер Н. Бухариннің экономикалық көзкарасының терендігін, ауқымының кендігін көрсетеді. Ол алдымен өтпелі кезеңнің обьективтілігін, яғни ескі коғамның, оның мемлекетінін ең төменгі сатысына дейін өзгеретінін және мұның басты себебі өндірістік қатынастардағы төңкерістен басталатынын дәлелдейді. Бұдан кейін ол өтпелі кезеңнін негізгі белгілерін талдайды. Пролетериат төңкерісінің бейбіт жолмен өтеді деп сенгендердін катты қателесетінін айтты.
Өзінің зерттеулерінде Н. Бухарин көбіне марксистік методологияны басшылыққа алады және оның мына үш сипатын айтады: объективтік қоғамдык. көзқарас; материалдық-өндірістік тұрғыдан бағалау; мәселені диалектикалық-тарихи тұрғыдан кою. Бірінші тәсілде қоғамдык мүддені жеке адам, жеке шаруашылықтан жоғары қоюды ұсынды. Жекелеген шаруашылықты, жеке адамды "атом" Робинзонада деп қарап, қоғамнан тыс өндіріс — "өтірік" деп санайды. Материалдық-өндірістік тұрғыдан карау өндірісті экономикалық өмірдің басқа салаларынан басымдылығына әкеледі, қоғам жүйе ретінде қаралып, оның материалдық жағдайына ұласуына мән беріледі.
Диалектикалық-тарихи тәсіл қоғамды, оның ерекше тарихи түрлерін қарайды, ал жалпы даму зандарының нақты көріністері қоғамдық формацияларды білдіреді. Мысалы, К. Маркс капиталистік өндіріс қатынастар жүйелерін қарастырады.
Өтпелі кезеңді ескі өндірістік катынастарды жаңамен алмастыру деп түсінген Н. Бухарин, оның революциялық процесс, күш көрсету арқылы жүретінін ескертеді. Және мұнда әлеуметтік күштеу мен мәжбүр ету экономикалық қызметі болады. Ол екі түрде — объективті дамыған экономикалык, қатынас экономиканы өркендетеді, не болмаса осы дамумен қайшылықта болып, оған кедергі жасайды. Өтпелі кезенде пролетариат үстемдігі анық ол мыналармен күрестен көрінеді:
Өтпелі кезеңнің жалпы үйымдык түрлеріне Н. Бухарин мыналарды жатқызды: мемлекеттік капитализм; социалистік диктатура жүйесі; социализация; национализация; муниципализация; баска да қоғамдастыру формалары. Н. Бухариннің экономикалық көзқарастарында әлемдік экономикалық процестер де үлкен орын алды. Әсіресе, әлемдік шаруашылық жүйесіндегі тепе-тендік, дүниежүзілік революциялық процесс, коммунистік төңкеріс, мемлекеттік пролетариат пен мемлекеттік буржуазияның карым-катынастары, коммунизмнің әлемдік жүйесі зерделенеді.
Ресейдің экономикалык тарихында П. Б. Струвенің орны ерекше. Оны мына еңбектері дәлелдейді: " Критические заметки к иопросу об экономическом развитии России" (1894), "Хозяйство и цена: критические исследования по теории и истории хозяйственной жизни" (1913), "Историческое введение в ІІолитическую экономию" (1916), П. Б. Струвенің жоғарыда аталған және басқа шығармаларында теориялық категориялар мен түсініктер түрлі елдердің шаруашылық өмірлерінің нақты деректерімен, мысалдарымен зерделенеді. Осылардың негізінде Струве саяси экономия фактілерді зерттеп, суреттеуі тиіс дегенді ұсынады. Оның ойынша, экономикалық ғылымның басты категориясы — баға. Себебі, баға — нақты факт, көрініп тұрған кұбылыс, осылардың негізінде барлык. экономикалық шындық құрылады.
Өтпелі дәуір мен социализм теориясы И. В. Сталиннің, көбірек Н. И. Лениннің көзқарастарында терең зерттелген. Ол түста жономикалық ой-пікірлер, көзқарастар партия съездерінде, ІІяеологиялык таластарда қызу талқыланады. Айталык, 1918 жылы РКП VII төтенше съезінде Ленин: біздер, Россия капитализм мсн социализмге өтудің бастапқы сатысында түрмыз, қанша саты, кс існ. болатынын білмейміз, білуімізде мүмкін емес деп ескерткен .
Өтпелі кезеңнің социализмге аяқ басуының мынадай жолдары анықталды:
- 1930 ж. — "кімді-кім" жеңеді деген сүрақ социализмнің пайдасына шешілді, советтік қоғамның социализм фазасына нақты өтуі басталды;