Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Циклдік толқуларды бәсеңдету мен жағымды экономикалық  коньюктураға жетудің құралы - У. Митчеллдің ойынша, әдейі мемлекеттік жоспарлау органын құру. Жоспарлау мұнда директивалық емес нұсқау және ол ғылыми болжамға негізделген, түпкі мақсатқа жеткізетін болуы тиіс. "Гарвард барометрі" мамандарының болжамы 1929 — 1930 жылдардағы экономикалық дағдарыс қарсаңында экономиканың гүлденуін қамтамасыз ете алмады. Зерттеудің методологиялық базасының жетімсіздігін көрсетті. Бірақ ол 20-30-жылдардағы институционалистердің басты тұжырымы, ережесі — экономикадағы әлеуметтік бакылаудың қажеттігін жария еткізді.

Сөйтіп, институционализм 30-шы жылдарда дүниеге келген мемлекеттік зерттеудің кейнсиандық және неолибералдық концеітаияларға жол салушы болды. Негізгі идея — мемлекеттің экономикаға араласуы .

 

№10 лекция. Социалистік идеялардың эволюциясы

Дәріс мақсаты:Утопиялық социализмнің пайда болуы (Т.Мор, Т.Кампанелла). 19ғ.   басындағы   Батыс   Европаның   утопиялық   социализмі   (А.Сен-Симон, Р.Оуэн, Ш.Фурье), Социал-демократтардың экономикалық           көзқарастары. Социализмнің іс жүзінде және логика бойынша революциялық және реформаторлық бағыттарының пайда болуы мүмкін емес екендігі туралы концепциялар (М.Вебер, Ф.Хайек, Л.Мизес, Л.Роббинс). Бәсскелестік социализм концепциясы (А.Пигу, А.Лернер, Р.Моссе).

Дәріс жоспары:

1.Утопиялық социализмнің пайда болуы және дамуы.

2.Социал-демократтардың         экономикалық         көзқарастарының эволюциясы. Реформашыл  және революцияшыл бағыттары.

3.Бүгінгі тандағы социализм  теориялары

 

Қанаушылықты, экономикалық және әлеуметтік теңсіздікті жою теория ретінде утопиялық социализмде көп ғасырлық тарихы бар. Бірақта шынайы социалистік теориялар капитализмнің даму кезеңінде пайда болады. Батыс Европалық социализм капиталитік өндірістік қатынастардың жағдайында пайда болады. Ол кезде пролетариат пен буржуазия арасындағы таптық күрес онша дамымаған, ал пролетариат  жеке тап ретінде қалыптаспады.

Ертедегі социалистік  утопияда Платонның шығармаларынан бастап Т.Мор, Т.Кампанелла және басқалары  әдетте мораль тұрғысынан жеке меншікті сынады. Олардың утопиялық клнцепцияларынан қоғамдық құрылымның қарапайым идечсы білінді: мұнда тұтынудың бірдейлігі, қабілетінің теңдігі басым еді. Бірақ 19 ғасырдың 1-ші жартысынан бастап, классикалық политэкономияның өкілдері еңдектерінің ықпалынын социалист-утопистерінің доктриналарында айтарлықтай өзгерістер болды. Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуына байланысты утопиялық-социализм үшін бұл кезеңде жаңа экономикалық шындықты зерделеу тән еді. Мұндай зерделеу экономикалық ой-пікірдің осы мектебінің лидерлері – англиядағы Р.Оуен, франциядағы К.Сен-Симонның шығармаларынан көрінді. Міне, осы авторлар өздерінің идеяларын 19ғ-ң басында экономикалық жағлайлармен және классикалық саяси экономия мектебінің принциптерімен тығыз байланысты. Айталық, классиктер сияқты, оларда техникалық, ғылыми жаңалықтарды тездетуді, қоғамдік өндірудің жан-жақты өсуін қалады. Сонымен қатар олар классиктермен бірге табиғи тәртіпті жақтады, яғни әрбір адам мен қоғамдық идеалды әлеуметтік құрылысы үлгісін ұсынды. Мұндағы айырмашылық :үлгісінің мәні мен құру жолдары әрқайсысында түрліше болады. Мысалы, социалист-утопистер классиктерге қарағанда өнеркәсіп төңкеріісін қабылдамады. Р.Оуэн, жеке меншік институтін, К.Сен-Симон экономикадағы еркін бәсекені тежемейтін идея мен тәжірибені сынады, өйткені соңғылары тек адамды адамның қанауының себебі ғана емес, олар шаруашылық өмірді сөзсіз монополизациялап, экономикалық дағдарысқа әкеледі. Осыдан келіп үгіт пен насихатты мынадай мақсаттарға жетуге шақырады: антогонистік таптарды құрту, бәсекені жою, еркіндікті сақтау, өндірісті еңбекшілердің ассоциациясы ұсынған шеңберде дамыту және мұнда әрбіреуі өз еңбегінің толық өнімін сақтайды. Мынаны атап өту керек: бір жағынан, социалист-утопистерінің жаңа ұрпағы бұрыңғылары сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңарудың эволюциялық мүмкіндігін жоққа шығарады, революциялық, яғни эксплуататорлық қоғамды күшпен қаратуға да көнбейді. Бірақ, екінші жағынан, олардың доктриналары социалистерге тән әлеуметтік әділеттік идеяны үгіттеп, насихаттайды, оның табиғи  сипатына сенуге болады, егер бүгінгі әділетсіздіктен бүкіл әлем деңгейінен бас тартса.Ал бұл жағдай утопистік мазмұн емес, бұл  - антирыноктык доктрина. Ең соңында, 19ғ-ң  бірінші жартысында утопиялық социализмнің антирыныктық доктриналарының мәнінде алшақтық байқалады. Мұны бұл мектеп авторларының мыналарды түсінулерінен көреміз :

Біріншіден, индивидуализмді  ұжымдықтан ауыстыру механизімі;

Екіншіден, еңбекшілерді біріктіргенде ұжымды ұйымдастыру  принципі;

К.Сен-Симон және оның пікірлестері «ұжымдықтың шын жаршылары», өйткені  олар ұлттың барлық мүшелерін ұжымдық ұйымға тартуға тырысты және мұндай бірігуді жоғарыдан бастауға, яғни национализациялау, басқа да экономикалық үкіметтің әрекеті арқылы саяси үкіметті ауыстырады. Р.Оуен, Ж.Фурье жәнеолардың ізбасарлары – «социалистер-ассоциалистер», «сен-симонистерге» қарағанда индивидуалистердің бұқара арасында жойылып кетпеуін, оларды ұсақ автономды топтар ұйымы арқылы сақтауға тырысады, яғни бірігу жоғарыдан емес төменнен келеді.

Роберт Оуэн (1771-1858) – ағылшынның социалист-утописі, социалистік жаңартудың  жобаларын ұсынған еңбектерінің авторы. Мұның ішінде «Адам мінездерінің қалыптасуы туралы» (1813-1814), «Нью-Ланарк графствосына баяндама»(1820), «Жаңа рухани әлем туралы»(1836-1844).

Құн трактовкалары туралы оның теориялық көзқарастары классиктерге әсіресе Д.Рикардоға жақын. Айталық, ол одан құнның еңбектік теориясын қабылдады, бірақ товар  құндылығын қоламады. Соңғы әділетсіз пайда болуы – ауыл жұмысшыларының қайыршылануы мен экономикалық дағдарыстың себебі. Р.Оуэн Мальтустың халық өсуі теориясын дақабылдамайды: «дене еңбегін дұрыс басқарғанда елдер халықтың шексіз өсуі жағдайында және бәріне тиімді  тіршілік заттарын бере алады».

Ол өзінің Нью-Ланарк фабрикасының жұмысшылары үшін 19ғ-ң  өзінде әдейі жабдықталған тұрғын үй, асхана, сауда орындарын, жинақ кассаларын, бала бақшасы мен т.б. ашты. Ол мұнда еңбек тәртібін тиісті фабрика заңдары  шықпастан жарты ғасыр бұрын орнатты. Олардың негізгілері :

  1. ересек адамдар үшін жұмыс күнін 17-ден 15 сағатқа қысқарту;
  2. 10 жасқа дейін балалар еңбегін пайдаланудан бас тарту;
  3. дәстүрге айналған айып салуды жою.

Өзінің көптеген шығармаларында Оуэн «қоғамның ақылға қонымды құрылысы»  концепциясын негіздеуге тырысады.Оның ойынша, мұндай жаңа қоғамға өтудің негізгі шарты – ақылға сыйымды заңдар арқылы ештеңе өндірмей тұтынудың себептерін жою, сөйтіп «барлық әлеуметтік жүйені» күшпен күйрететін  апатын алдын алу. Ғалымның пікірінше, адамдар көретін көптеген әділетсіздіктің, қылмыстың, кедейліктің басты күнәкері – жеке меншіктің үстемдігі, ал машина – «керемет игіліктің» көзінен «керемет қарғысқа» айналады. Оуэн  кез-келген күшпен болатын төңкерісті қоламады, ол «жалғандықтан шындыққа сөзсіз өтуде», аяғы «адамның санасы мен әдетіндегі төңкерісте» сол кездегі үкіметтің тиімді басшылығына және»өтпелі тәртібіне» сенеді. Әділетсіз қоғамдық құрылысты ауыстыру «бірте-бірте бейбіт және ақылмен», «ғылыми бастаманы» жүзеге асыру жолымен жүреді. Мысалы, жерді сатқысы келгендерден рыноктық бағамен алып, болашақта қоғамдық меншікке айналдыруы керек,сөтіп ол мемлекеттік табыстың бірден бір көзі болсын және т.б. Оуэн жүйелеп, рационалды конституцияның 26 заңында мыналарды көрсетеді:

  • қол еңбегінің орнына түрлі салаларда, үй шаруашылығында машинаны кеңінен еңгізу
  • еңбек құндылықтың өлшеуінің бірден-бір өлшемі.
  • әртүрлі тәсілдерді, әсіресе күнделікті баспасөз пайдалану арқылы халық ағартуды күшейту
  • тиймсіз жеке меншікті, тиісінше пайданы, өндірушілердің тікелей контактілер арқылы жою және т.б.

Клод Анри де Рубруа Сен-Симон (1760-1825) – француздың социалист-утописі. Социалистік идеялар бағытындағы көзқарастары үшін автордың дәрежесі мен графтік титулдан бас тартқан. Оның айтарлықтай ғылыми шығармаларының ең бастылары: «Женева тұрғынының замандастарына хаты»(1803), «Өнеркәсіп жүйесі туралы»(1821) , «Өнеркәсіпшілердің  катехизісі»(1833-1824).  Сен-Симон үшін еркін бәсекелі экономикалағы әлеуметтік жүйе – тек өшіп бара жатқан  феодализм мен әлі де қол жетпеген идеалды әлеуметтік ұйымның арасындағы өтпелі кезең. Басқа да утопист-социалистер сияқты ол да индустриалды қоғамда таптар жойылады, үкімет саяси қызметтің орнына тек экономикалық жұмыспен айналысадтындағын қалайды. Бірақ ол социализмдегі жеке меншікті жоққа шығармайды.

Сен-Симонның методологиясының тарихи сипаты мынада: фелдализмнің күйреуі сол кезде аяқталады, қашан қоғам ерікті түрде феодалдық жүйенің конституциялық режимге, таза өнеркәсіптік жүйеге өту шығындарын өз мойнына алса.

Ғалымның айтуынша өнеркәсіпшілер – үш ірі таптар : жер иеленушілер, фабриканттар және саудагерлер.  Оның айтуынша «өнекәсіпшілер табы»  әркезде үш  өнеркәсіпшіл емес таптқа – дворян мен буржуаға қарсы  тұрады. Бірақ, «өтпелі дәүір»  тұсында – ұлттың құрамында тек екі тап - өнеркәсіпшілер мен өзінің шекарасын ұлғайтқан «бақарушы таптар» қалады дейді. Сонымен, Сен-Симон бойынша, ғалымдар мен өнеркәсіпшілер көсемдерінің бейбіт күштері арқылы және корольдің еркімен өнеркәсіпшіл емес, топтардың билігі құлайды, ал ол мыналарға жол ашады:

  • қазіргі құрылысты заңды түрде мүмкіндігінше толық теңдік жүйесіне ауыстырады;
  • адал адамдар үшін қасіретті анархияны жояды;

Ең соңында К.Сен-Симон  қазіргі төңкерістің сөзсіз  мүмкіндігіне кәміл сенеді, соның арқасында  болашақта мемлекеттің жағдайы  жақсарып, бақытқа тез ие болады.

Шарль Фурье (1772-1832) – француз социалист-утописі. Ол өз замандастары  р.Оуэн мен К.Сен-Симондардан кем емес болашаққа әділетті әлеуметтік үлгіні ұсынды. Оның басты шығармалары: «Жалпы тағдыр және төрт қозғалыс теориясы»(1808), «Жаңа шаруашылық және социстар әлемі немесе ескі серияда бөлінген қызғылықты және табиғатқа тән еңбектің тәсілінің ашылуы» (1829). Ш.Фурье өзінің еңбектерінде классикалық политэкономияны, оның өкілдері жақтаған еркін бәсеке экономикасын қатты сынға алды. Ол классиктерге ауыр-ауыр сын сйтады. Олар байлық пен рахаттануды дінге айналдырғаны үшін, алтынды  көргенде қозып, гүлге оранған экономистерді айыптайды.

Францияда бір миллион  халық өнеркәсіп өндірісі мен  ауыл шаруашылығы еңбегінен айрылған. Фурье мынандай қортынды жасайды : еркін  бәсеке экономикасы саудагерлер  мен сауда агенттерін  шамадан тыс көбейтіп жібереді.Олар паразиттер мен екінші сорттағы адамдар. Өзінің жеке реформа  бағдарламасын көптеген салыстырмалардың негізінде ұсынады, бір жағынан, өркениет құбылысының кемшілігі; екіншіден, келісілгеннің артықшылығын айтады.

«Өркениетті құрылыстың»  кемшіліктеріне  мыналарды: кедейлерді тонау және байлардың одан әрі баюы, халық өсуінің анықсыздығы.

Үшінші және сыртқы тұтынуға  қажетті  егінінің жоғары шығымдылығы  – негрлер мен құлдарды босату, олардың  иелерімен келісу – мәдени үрдістің жоғары дәрежесіне жету – ешқандай теңгермешілдікке жол бермеу негізінде ғана мемлекеттің экономикасы көтеріледі.

Ресейдің  экономикалық ғылымы бүкіл әлемдік  қоғамдық ой-пікірдің құрамдас бөлігі ретінде дамып, оны байытып келеді. Россиядағы утопиялық социализмнің ерекшеліктері

   ХІХ  ғ. 40-60 ж. крепостнойлыққа қарсы  бағыт Россияда радикалды бола  түсті және халық бұқарасына  арқа сүйеді. Крепостнойлық жүйе  дағдарысының кезеңі орнап, революциялық  жағдай пісіп жетілді. Батыстағы  капитализмнің де қарама-қайшылықтары  айқын көріне бастады. Сондықтан Россиядағы азаттық қозғалыстардың өкілдері антикрепостнойлық күресті капитализмге емес, социализмге бағыттады. Сен-Симонның, Фуры, Оуэннің утопиялық социализмінің идеялары Россияда “Крестияндық социализм” түрінде өзіндік даму алды. Бұл да утопиялық социализм болғанына қарамастан, ол батысевропалыққа қарағанда прогрессивті болды: крепостнойлыққа қарсы крестьяндық таптық күреске негіделді және еңбекші қауымның прогрессивті талаптарын ескеріп отырды. Орыстың утопиялық социализмінің  өкілдері крестьяндық төңкерістің қажеттілігін негіздеп қана қоймай, сонымен қатар оны іске асыруды халық бұқарасына ұсынды. Орыстың утопиялық социализмі  бұқаралық революциялық санасымен қоса дами отырып, осы бұқаралық ғылыми социализм идеяларын қабылдануына жағдайлар жасап дайындады.

   ХІХ ғ. 40-60 ж.  “Крестьяндық социализмнің” көрнекті  өкілдерінің бірі А.И.Герцен (1812-1870) және Н.П.Огарев (1813-1877) болды.В.И.Ленин Герценді өте жоғары бағалады. Ол әсіресе оның философиялық шығармаларын, соның ішінде “Письмо об изучении природы” еңбегіне жоғары баға берді. Орыс халқының арасында кең түрде революциялық үгіт-насихат жүргізу үшін Герцен 1847 ж. шетелге кетіп, 1853 ж. Лондонда еркін орыс типографиясын ұйымдастырады, онда “Полярная звезда” журналын, ал 1857 ж. бастап “Колокол” газетін шығарады. 1856 ж. Лондонға Огарев келеді. Ол еркін орыс типографиясы бойынша Герценнің көмекшісі болады. 10 жыл бойы олардың “Колокол” газеті  Россияның қоғамдық ойын оятып, помещиктермен және самодержавиелік тәртіппен күреске шақырды.

   Герцен мен  Огарев бар өмірлерін орыс  халқының азаттық алу ісіне  арнады. Саяси күресті дворянреволюционерлері  ретінде бастап, олар кейін орыс  демократиясының атақты қайраткерлеріне  айналды. Олардың революционер  ретінде қалыптасуына декабристер үлкен маңызын тигізді.

   40 ж. олардың  В.Г.Белинскиймен, ал 50-60 ж. Н.Г.Чернышевскиймен  бірліктері жемісті болды. Герцен  және Огарев 1789 ж. француз революциясының  идеяларын, ХVIII ғ. француз ағартушыларының  шығармаларын, утопиялық социализмді  жақсы білді. Бұлардың барлығы да олардың дүниетанымының қалыптасуына әсер етті. Герцен мен Огаревтің еңбектерінің ішінде атап кетуге тұратындары: Герценнің “Крещенная собственность” (1859), “К старому товарищу” (1869); Огаревтің “Разбор нового крестьянского уложения” (1861), “Частные письма об общем вопросе” (1866-1867), “Настоящее и ожидание” (1867), “Сплотимьтесь дружно” (1870) шығармалары.Крепостнойлықты  сынау   Герцен мен Огарев өздерінің экономикалық ойларының бастамасы ретінде крепостнойлықтың сынын ұсынды. “Орыс сұрағы – деп жазды Герцен “Полярная звезда” журналының алғашқы нөмірінде – крепостнойлық құқық туралы сұрақта тұжырымдалады. Россия онда құлдық жойылмайынша бір қадам алға баса алмайды”.   Феодалдық құрылысты Герцен де, Огарев те аяғына дейін аша алмағанымен, ондағы қарама-қайшы таптардың арасындағы антогонизмді үлкен ғылыми тереңдік әрі көркемдік күшпен суреттеп берді. Олар крепостнойлықтың нақты мәні экономикалық жағынан помещиктердің жерге деген меншігінде ғана емес, сонымен қатар крепостнойлардың помещиктерден тәуелділігінде жатқанын ашық көрсетіп берді. Крепостнойлық жағдайында Герцен көрсеткендей крестьянин “шоқындырылған меншікті” білдіреді. Герцен мен Огарев алғаш рет Россияда крепостнойлық жүйнің күні өте бастағанын және оның тауар-ақша қатынастарының прогрессивті дамуының әсерінен дағдарысын көрсетті. Герцен мен Огарев крепостнойлық жүйе тұйыққа тірелді,енді оны жою керек деген қорытындыға келді. 40-50 ж. Герцен мен Огарев крестьяндарға азаттық беруде дворяндыққа арқа сүйеу мүмкіндігін де қарастырды. Олар крестьяндарды босату “жоғарыдан” бейбіт жолмен жүруін нақтырақ деп санады. Алайда 60 ж. аяғына таман крестьяндық сұрақты революциялық шешу көзқарастарына түбегейлі ауысты. 1861 ж. рефомадан кейін олар крестьяндарға жердің барлығының бірден қайтарусыз өтуіне деген қажеттілікті түсінді. Билік дворяндар мүддесін қорғады.  Сондықтан да одан крестьяндарды босатуды күтудің қажеті жоқ болды. Крепостнойлықты жою әдісі ретінде олар крестьяндық революцияны санады. Ол “мужик” өзіне жер мен еркіндікті өзі табуы, патша самодержавиесін құлатып, халықтың жақсы тобымен Россияда демократиялық құрылысты орнатуы керек деп санады.   А.И.Герцен мен Н.П.Огаревтің аграрлық бағдарламасы шаруаларды жермен босатуда тұжырымдалды. Олар “орыс шаруасы тек жермен ғана еркін болғысы келеді” деп ескерді. Олардың бағдарламасының басты тезисі шаруаларға толық бостандық беру және оларға барлық жерді беру болды.   Міне, шаруаларды босатудың революциялық-демократиялық жобасы осы болды. Осы позиция тұрғысынан олар 1861 ж. патша реформасын сынап, оны жалған деп жариялады, себебі бұл реформа шаруаларға не бостандық, не жер бермеді. Олар шаруалар көтерілісін “Земля и воля” атты құпия қоғам арқылы дайындау жолына түсті.  Н.П.Огарев тіпті мұндай көтерілісті дайындау және жүргізу инструкциясын жазды.Капитализм мен буржуазиялық саяси экономиканы  сынау   А.И.Герцен мен Н.П.Огарев тек қана крепостнойлықты сынап қоймай, сонымен қатар капитализмді буржуазиялық саяси экономикамен қатар терістеді. Олар капитализмді жұмысшы таптың мүддесінен шыға отырып бағалады. Капитализмді феодализмненэксплуатациясының формасы және әдісімен ерекшеленетін жүйе ретінде қарастырды. Капитализмде жұмысшы өндіріс құралымен толығымен жаттанып, капиталистің баюы үшін жұмыс жасауына тура келеді. Олар капитализмге өндіріс құралдарын меншіктенушінің баюы үшін жүретінін біршама рет белгілеп, еңбек пен капитал, өндіріс пен тұтыну, қала мен ауыл арасындағы қарама-қайшылықтарды т.б. бірнеше рет көрсетті. Олардың пікірі бойынша жұмысшылардың капитализмге қарсы таптық күресі және оның қайшылықтарының дамуы күндердің күнінде антикапиталистік жұмысшылар революцияға әкелді. 1848 ж. революцияға дейін Герцен социализм жасына алдымен жұмысшылардың революциялық күресінің нәтижесінде Европа түседі деп санады. Алайда революциялық жеңілуі оның үмітін үзді. Тарихи процестің ғылыми түсінігін әзір білмеген Герцен өзінің бар үмітін халықтың босатылуына, орыс шаруаларына артады. Тек өмірінің соңында ол К.Маркс басқарған “Интернационалға” көңіл аударады. Дегенмен жұмысшылардың революциялық күресін жете бағалай алмады. 60 ж. аяғында Герцен мен Огарев капитализмді тарихи өтпелі құрылыс ретінде тек терең түсінді.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)