Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Біріншіден, Ярощенко социалистік өндіріс катынастарын өндіргіш күштерге "сіндіріп", анык көрсете алмады. Сөйтіп Сталин атап өткеніндей, социализм политэкономиясының басты проблемасы - өндіріс катынастарының орнына ол өндіргіш күштерді ұйымдастыру теориясын ұсынды. Л. Ярощенкоға жауап бере отырып И. В. Сталин, қоғамдык, өндірістің, соның ішінде социалистік, екі жағы - өндіргіш күштер мен өндіріс катынастарынан тұратынын, социалистік қүрылыстың базисі — социалистік өндіріс қатынастарынсыз мүмкін еместігін дәлелдейді.Сталин социализмнің политэкономиясын кең мағынада түсініп экономистерді Ф. Энгельстің ойын толық бермегендері үшін сынады яғни тар мағынадағы саяси экономияға аз көңіл бөлінгенін атап өтті.

И. В. Сталиннің  жалпы экономикалык зандар проблемасына назар аударуы - методологиялық, теориялык. жағынан қүнды кұбылыс. Онын, "коғамдық формациялар бір-бірінен өзіне тән зандармен ерекшеленіп кана қоймай, олар жалпы экономикалық зандармен де өзара байланысты"  - деп ойлауы методологиялык түрғыдан талас тудырмайтын процесс. Өкінішке орай, 30-шы жылдарда жалпы экономикалык зандарды мойындамау — саяси экономияны кең мағынада түсінуге кедергі келтірді. И. Сталиннің СССР-дағы социализмнің экономикалық мәселелері" және "Марксизм туы астында" журналындағы (1943, 7-8) статьяларында политэкономия пәні ретінде өндірістік қатынастарды зерттеуді үсынды және оны өндіргіш күштермен тығыз байланыста зерделеуге шақырды.

Қорыта айтқанда, И. В. Сталин кез келген қоғамдық экономикалык. формациаларда өндірістік қатынастар үш элементтен тұратынын дәлелдеді. Олар:

а) өндіріс қүрал-жабдык.тарына меншіктің түрі;

б) осыдан шығатын өндірістёгі түрлі топтар жағдайы және 
езара катьтнастары, Маркс айтқанындай, қызметтерімен өзара 
айырбас; в) бұларға түгелдей тәуелді өнімді алудың түрлері. Сталиннің мұндай теориялық тұжырымдары Советтік Ресейде ұзаққа созылған және терең ғылыми пікірталасқа түрткі болып, көптеген кітап, брошюралардың шығуына себеп бодды .

В. И. Лениннің социализм туралы ой-пікірлері мен  теориялык трактаттары оның "Совет үкіметінің кезектегі міндеттері", "Мемлекет және революция", "Азық-түлік салығы" және баска да көптеген еңбектерінде жарияланған. Ол социалистік қүрылыс гуралы ғылыми көзкарасты терендетіп, товар-ақша қатынастары мен рынокты, мемлекеттік капитализмді пайдалануды үсынды. В. И. Ленин жаңа экономикалық саясаттың негізін қалауға тырысты. Өндірісті қоғамдастыруға, "әскери коммунизмнен" азьгк - түлік саясатына, қала мен деревня арасында ақша-товар қатынастарын колдануды жақтады. Социализмге өту - бірнеше ғасырға созылуы мүмкін деп санады ол.В. И. Ленин марксизмді тереңдетті, оның экономикалык теориясын одан әрі дамытып, оларды социализм құрылысының нақты тәжірибесінде жүзеге асырды. Лениннің жоспарлы экономика, шаруашылық механизм сияқты ғылыми категориялары, шаруашылық есепті енгізу, азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы идеялары экономикалық ғылымды байытты, осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.

 

 

№11 лекция. Кеңестік  ғалымдардың экономикалық теорияға қосқан үлесі.

Дәріс мақсаты:А.Чаяновтың жанұялық шаруа қожалығы; шаруалар кооперациясы туралы теориялары. Е.Слуцкийдің: тұтынушы іс-әрекеттерін математикалық үлгі ретенде талдау. Н.Кондратьевтің экономикалық статика мен динамика мәселелерін зерттеуі. Конъюктураның үзақ мерзімдік толқыны туралы ілімі. В.Новожиловтің баға мен тепе-теңдік, товарлар тапшылығы, товар және ақша массаларының тепе-тендігі, туралы теориясы. Л.Конторович-ресурстарды оңтайлы бөлу және өндірісті протраммалау теорияның негізін қалаушы.

Дәріс мақсаты:

1.А.Чаяновтың еңбектеріндегі  жанұялық шаруа қожалығы және  шаруашылық  кооперациялары туралы  ілімі.

2.Н.Кондратьевтің экономикалық статика мен динамика меселесін зерттеуі.

 

1.Александр Васильевич Чаянов (1888—1937) — XX ғасырдың басындағы көрнекті аграрлық экономистердің бірі. Ол аграрлық саланы дамытудың түйінді проблемаларын терең зерттеуші, еңбекші шаруа қожалығы туралы теорияны жасаушы, кооперацияның айтулы теоретигі және жетекшісі, ғылымның ірі ұйымдастырушысы, тамаша педагог, кооперативтік қозғалыс пен кооперативтік ұйымнын көшбасшысы, 20-жылдардағы жаңа экономикалық саясат дәуірінің қоғамдық  және мемлекеттік қайраткері ретінде ғылымға енді.

Ірі аграршыл-ғалым  бола отырып, ол кооперациядан кез келген коғамдық құрылыста қажетті жалпы адамзаттық өзара көмек идеясын жүзеге асырудын нақты формасын көре білді. Ол ақпан революциясын және одан кейін казан тоңкерісін ешбір ойланбастан жағымды қабылдады,  . А.В.Чаянов аграрлық құрылыстың негізі кооперативтік шаруа қожалығы болуы тиіс деп пайымдай отырып, халық шаруашылығы өмірінің стихиялы дамуын мемлекеттік және қоғамдық шаралармен ойга қонымды үйлестіруді ұсынды. Өнеркәсіптегі ірі шаруашылықтың ұсақ шаруашылыққа қарағанда артықшылықтарына күмән келтірмей мойындай отырып, А.В.Чаянов ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары дәрежеде шоғырлануы пайдалы болмайды, ұсақ және орташа шаруа қожалықтарының болуы ыңғайлы деп есептеді.


"Кооперация туралы қыскаша курс" — А.В.Чаяновтың 1925 жылы шықкан, қалың көпшілік оқырманға арналып жазылған еңбектерінің бірі. А.В.Чаяновтың осы жұмысындағы практикалык, ұсыныстар маңызды мәнге ие болды. Бұл ұсыныстар дербес шаруашылық шеңберінен баяғыда шығып, қандай да бір формада қоғамдық қатынастар жүйесіне тартылған шаруа қожалығының даму проблемаларына да қатысты болды.

Кооперативтерде, нақты айтқанда, ірі шаруашылықтың  ұсақ шаруашылықка қарағанда артықшылықтары болатын өндіріс бөліктері ғана одақтық ұйымға бірігеді. Ауыл шаруашылығы кооперативі дербес шаруа қожалығын толықтырады, оған қызмет көрсетеді және мұндай шаруашылыксыз мәнсіз нәрсеге айналады.

Чаянов мұрасының  біз үшін маңыздылығы не?

Біріншіден, адам мен бастапқы еңбек ұжымының басымдығы.

Екіншіден, ол кооперативтің барынша көп түрдегі және барынша кең аукымдағы дамуы.

Үшіншіден, А.В.Чаянов кооперацияның түрлі нысандарын қарсы қоюды емес, үйлестіруді талап етті.

Онын "Кооперация туралы" еңбегі 7 тараудан тұрады. Онда ол кооперация — озіне тиімді өндіріс үдерістерін біртіндеп кооперациялау жолымен шаруа еңбегін жеңілдету және оның өмірін жақсарту жолдары мен формасы деп есептей отырып, кооперация туралы түсінікті аша түседі. А.В.Чаянов кооперацияның комегімен шаруаларды кедейлік пен басыбайлықтан қутқаруға болады деп жазды. Тұтыну кооперациясының базалық ережелері жазылған кооперациялық козғалыстың тарихи даму аспектілерін көрсетіп береді. Сонымен бірге мұнда ауылдык тұтыну коғамы, ауыл шаруашылығы және кредиттік серіктестік, май шайқау артельдері мен басқалар сияқты кооперативтің негізгі түрлері аталған.


Чаянов классикалық  саяси экономикалық теорияның шаруа  шаруашылығына пайдалынуының мүмкін еместігін дәлелдеді, оған капиталистік емес мативация тән болды. Чаяновтің  зерттеулері келесі қорытынды жасауға  мүмкіндік берді: шаруа шаруашылығы фермерлік шаруашылықтан өндіру мотивімен ажыратылады: фермер пайдалылық критерийді басшылыққа алады, ал шаруа шаруашылық – ұйымдастырушылық-өндірістік жоспарды басшылыққа алады,  яғни еңбек балансының, ақша бюджетінің, уақыт бойынша және әртүрлі салалар мен қызметтің түрлерінің, ақша құралдары мен өнімнің айналысының жиынтығын. Оның пайымдауы, шаруа жанұясын өндірістің рентабельділігі қызығушылықты тұдырмайды, оны жалпы табыстың өсуі, жанұяның барлық мүшелерінің тең жұмыспен қамтылуы қызықтырады.

Чаянов шаруа  шаруашылықтардың тұтынушылық табиғаты туралы тезисті нақтылағанда шекті  пайдалылық теорияны қолданды. Шаруа  шаруашылықта өндірісті көбейту  табиғи шектің бар болуын пайымдады. Бұл шек еңбектің шекті шығынының  жүгі алынатын сомманың шекті пайдалылықтың субъективті бағалауына тең болған пайда болады. Шаруа шаруашылығы өзінің жанұясы үшін барлық қажеттіліктерін алғанға дейін өзінің кұшін сол шеккешейін шығарады. Шаруа шаруашылығы теориясы мен Чаяновтің кооперациялау теориясы байланысты. Ресей үшін жекелеген шаруа шаруашылықтардың ірі шаруашылықтармен кооперативтік түрде үйлесуі оптималды болады, деп есептейді.

Оның пікірінше  кооперация қызметтің әртүрлі формалары  мен түрлерін біріктіре алады. Бұл  жерде жанұялық шаруашылықтар дақылдарды және малдарды өсіру процесті жүзеге асырады. Қалған барлық операцияларды, оның ішінде өнімді өндеу, оны тасымалдау, өткізу, несиелеу, ғылымның қызметі кооперативтік ұйымдармен жүзеге асырады, деп ойлаған.

Өтпелі кезең  мен социализм құрылысында ауыл шаруашылығы ұйымдастыру туралы Ресейде ғылыми тың пікірлер, көзкарастар қалдырған адам — Чаянов А. В. Ол Ресейдегі экономикалық (ой-пікірдің ұйымдық-өндірістік бағыттың өкілі және отбасы шаруа шаруашылығының негізін қалады.

2. Николай Дмитриевич  Кондратьевтің (1892-1938) ММУ Экономика институтында 1924 жылы оқыған баяндамасында динамикалық заңдылықтарды зерттеу бағдарламасы қамтылды. Н.Д.Кондратьев өзінің зерттеу жоспарларын тұжырымдай келе конъюнктуралық (жағдаяттық) үдерістердің сапалық тұрғыда әртекті екі тобын: бір жағынан, толқын тәріздес қайтымды, екінші жағынан — қайтымсыз үдерістерді бөліп көрсетуді негізге алды. Н.Д.Кондратьев экономикалық динамиканы зерттеуді кайтымды үдерістерді жан-жақты зерттеуден бастауды, ал одан кейін тренд (ғасырлық қозғалыс) проблсмасын әзірлеуге көшуді ойластырды. Оның зерттеулерінің келесі сатысы едәуір күрделі деңгейдегі проблема — халық шаруашылығы дамуының негізгі үрдістерін болжау болатын.

Қайтымды  үдерістерді зерделей отырып, Н.Д.Кондратьев түрлі кезендердегі экономикалық құбылулар белсенділіктерін — бір жылдан аз (маусымдық), үш жылдық,  7—11 жылдык сауда-енеркәсіп циклдерін және, ең соңында, конъюнктураның үлкен — 50—60 жылдық циклдерін бөліп көрсетті. Қазіргі  кезде әлемдік экономикалық әдебиетте жалпы көпшілік таныған мұндай жіктеме ол кезде жаңадан мойындала бастап еді. XX ғасырдың  10-жылдарындағы циклдік үдерістердің даму белгілерін сипаттай келе Н.Д.Кондратьев осы жұмысында конъюнктураның үлкен циклдері болатынын тұжырымдады. Экономикадағы циклділік түрлер туралы ұғымды елеулі кеңейтетін бұл проблеманың әзірленуі бұдан әрі қарайғы жерде оның ғылыми ізденістерінің маңызды бағыт-тарының біріне айналды.

Осы орайда, ұзақ уақыттық циклділік тұжырымдамасы, оны жақтаушылардың пікірінше, капиталистік шаруашылық озінің дамуында толық екі циклден өткенде пайда болған. Н.Д.Кондратьевтің ұзақ уақыттық кезенділік проблемасына қызығушылығы, ең алдымен, циклдік құбылулардың барлық түрін қамтитын және экономика дамуының кыска, сонымен бірге ұзак мерзімдік болжамдарын жасауға жарамды әмбебап тұжырымдамасын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Үлкен  циклдің өрлеуден құлдырау фазасына өтуін 20-жылдар шегі мен көрсете отырып, ғалым шын мәнінде 30-жылдары Батысты шарпыған Ұлы дағдарысты болжағандай болды. "Конъюнктураның ұлкен циклдері" мақаласы мен РАНИОН Экономика институтында 1926 жылы жасаған "Экономикалық конъюнктураның үлкен циклдері" баяндамасында Н.Д.Кондратьев уақытгық қатарларды талдаудың сол кездер үшін жаңа статистикалық тәсілдерін қолданып, ауқымды фактологиялык және статистикалық материалдардың ұзақ уақыттық циклділігі болатыны туралы гипотезаны нығайтгы.


Н.Д.Кондратьев экономикадағы ұзақ уақыттық құбылулар тұрақты сипатқа ие болады деген қорытындыға келеді. Ол өзінің пікірінше, ұзақ уақыттылық кезенділікпен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық үдерістердің кешенін бөліп көрсетті және олардың арасындағы ішкі өзара байланысты пайымдады. Мұнда әңгіме ғылыми-техникалық прогресс пен капиталдың жинақталу үдерісінің біркелкі еместігі туралы, өндірістің технологиялық құрылымындағы секірмелі өзгерістер және ақша айналымының жағдайы туралы, қоғамдық-саяси үдерістің және әлемдік капиталистік шаруашылық жүйесіне жаңа елдер тартылу үдерісінің өршуі мен бәсеңдеуі туралы болып отыр.

"Менің  баяндамамның тақырыбы — конъюнктураның (жағдаяттың) ауқымды цикддері мәселелері.

Экономикалық  ой, негізінен XIX ғасырдың басынан осы уакытқа дейін көбінесе үдерістердің бір түріне айтарлықтай жіті назар аударып келді... ол "өнеркәсіптік-капиталистік циклдер" деген атпен белгілі, шамамен 7—11 жылға созылатын ауытқымалы сипаттағы үдерістер болатын.

Капиталистік  халық шаруашылығы динамикасындағы  осы бір толқын тәрізді-циклдік тербелістер мәселесіне эконо-микалық ой дағдарыстарды зерделеу арқылы келді.

Өткен ғасырдың 50—60-жылдары Маркстің, Родбертустың және Жюглярдың еңбектерінде дағдарыстар табиғатын түсіну үшін аса маңызды екі қағидат орын алды: онда біріншіден олар ауық-ауық болып түрады, екіншіден олар тек капи-талистік қүрылысқа тән делінген.

Бірақ қайталана  беретін капиталистік дағдарыстарды  одан әрі зерттеген сайын дағдарыс түтастай капиталистік циклдің тек бір ғана фазасын қүрайтыны, цикл әдетте, үш негізгі фазалардан: өрлеуден — дағдарыстан — депрессиядан түратыны және цикддің барлық фазаларын зерделеу нәтижесінде ғана дағдарысты түсіну мүмкін екені айқын бола бастады.

    Кондратье эссер партиясы көзқарастарын жақтады.Олардың ой пікірлері жердің барлық еңбекшілердің меншігі деген көзқарасында негізделеді. Осы партияның өкілдері жерді социалдандыруды талап етті, яғни оны белгілі бір тұлғалардың жеке меншігінен алып қоғамдық иелікке беріп демократиялық ұйымдасқан қауымдарға пайдалануға беру керек.

Кондратьев  барлық жерлерді жалпы халықтың игілігі  жағдайына көшіруді ұсынды. Кондратьев, бірақ та, еңбектік шаруашылықтар  өздігінен өзі экономикалық болашаққа көзделмегенін, мемлекеттің мүдделері үшін дамуға мақсатталмағанын айтады. Осы формалардың шектеулілігін ол кооперация арқылы жоюға болады. Оның пікірі бойынша кооперация екі плюске иеленеді: пайдаға басымдылықтың болмауы; жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету мүмкіншіліктің болуы.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)