Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа
Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.
-үлкен жекешелендірудің қүқықтық, ұйымдыққ негіздерінжасау;
- халық шаруашылығының барлық салаларында жеке секторды дамыту;
Ресейдің өтпелі экономикасында Дж. М. Кейнстің макроэкономикалық теориясын басшылыкқа алу қажет болды. Кейнс өндірістің аздығы мен жаппай жұмыссыздықтың себебі — жиынтық тиімді сұраныстын жеткіліксіздігі. Ал 1987 жылдан бастап Ресейдегі бағаны либерализациялау және несие экспансиясы өнімділікті күшейтуі тиіс еді. Бірақ мемлекеттік тапсырыс күрт азайды. Ресейде жекешелендіру тәжірибесі болмағандықтан және мемлекеттік меншік үлесінің басым болуынан бұл процесс көп қиыншылықтармен жүрді. Президенттің жарлығыменен 1992 жылы жекешелендіру чегі ентізілді. Ол — максатты мемлекеттік бағалы қағаз, рублдік номиналь қүны бар, еркін сатылады және сатып алынады. Жекешелендіру чегіне түрлі объктілерді, инвестиция корларының акциясын сатып алуға болады. Ваучерге сатып — айырбасталатын қорлардың рыноктық құны Ресейде шамамен 1,5 трлн. рубль түрады. Бұл федеральді бағдарлама бойынша, жекешелендіретін корлардын. 35 пайызын юрайды. Осы көлемде ваучер шығарылды. Оның номинальды КҮНБІ — 1000 рубль.
1991 жылы Ресейде
1992 — 1994 ж.ж. мемлекеттік және мунищтал
1 - топқа жататындар ұсак кәсіпорындар (200 жүмысшы, негізгі қорлардың баланстық қүны — 1 млн. руб.).
Жалпы Ресейде кәсіпорындарды жекешелендірудегі адаптация (бейімделу, үйрену) кезеңінде экономиканың құқылық, өндірістік, қаржылық және әлеуметгік жақтарын толық ескеру керек еді. Дей түрғанмен, жекешелендіру процесі Ресейде екі кезенде жүрді.
XX ғасырдың 70 —шы жьлдарындағы В. Леонтьевтың "шығын-өнім" тәсілі өзінің бастауын 20-шы жылдардағы Совет экономистерінің алғашқы бесжылдық жоспарларынан және "шахмат балансынан" алады. Батыстың Марксі атанған Й. Шумпетердың "үлкен" экономикалық циклдері (1939) Кондратьевтің ұзын толқындар теориясын туғызып, термин ретінде ғылыми айналысқа енгізді. Әлемнің көптеген дамушы елдерінде Чаяновтың ауыл шаруашылығындағы кооперация туралы еңбектері мен теориялық ой-пікірлері кенінен пайдалануда.
№12 лекция. Қазақстанда экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы
Дәріс мақсаты:Номадизмнің ерекшелікгері.
Қазақстанда экономикалық
ой-пікірдің пайда болуы. Фольклор экономикалық
ой-тужырымдардың қайнар көзі
ретінде. Әль-Фарабидің Әділетті
тұрғындар қаласы туралы
ілімі. Зандар
жинағы-Жеті жарғы ескерткішінің экономикалық
қырлары. А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин,Ч.
Дәріс жоспары
І.Номадизмнің ерекшеліктері.
2.Фольклор Қазақстандағы
экономикалық пікірлердің
З.Ағартушы-демократтардың еңбектеріндегі экономикалык ой-пікірлердің дамуы.
4.20-30 жылдары Қазақстанда экономикалық ой-пікірлердің даму ерекшіліктері.
5.Бүгінгі таңда Қазақстандағы
экономикалық ой-пікірлердің
Орта Азия республикалары мен Қазақстанда прогрессивті экономикалық көзқарастың қалыптасуында әлемге әйгілі ғұламалар - әл Фарабидің, Бирунидің, Ибн Синаның (Авиценнің) орны ерекше. Олар өмір сүрген дәуірде қолөнер мен саудадамып, жерді суландыруға айрыкша көңіл бөлінді. Қоғам өмірінде қалалардың маңызы арттты.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) өзінің 160 астам трактаттарында, әсіресе "Азаматтық саясат", "Мемлекет қайраткерінің афоризмі", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" деген енбектерінде материалдык игіліктерді өндіріске қатысқандар арасында әділді бөлуді жақтап, құлдыққа, өзге елдерді жаулап алуға қарсы болады.
Бирунидің (973-1048) экономикалық ілімінде экономикалык. процестер қоғамның объективтік қажеттіліктермен түсіндіріледі. " Минералогия. Асыл тастарды білу үшін жиналған деректер" және т.б. шығармаларында түрлі еңбектерді сипаттайды: ыктиярсыз, юрлыкпен істелетін, еріксіз еңбекті айыптайды. Бируни алтын мен күмістің жалпы баламалылығын айырбас қажетінен туындайтындығын дұрыс түсінген. Олардың саудадағы орнын айта келіп, бағалы металлдар — адам еңбегінің нәтижесі деп түйген. Осындай және басқа да пікірлері Бирунидің экономикалык құбылыстар туралы терең білімін көрсетеді.
Ибн Сина (980-1037), латынша - Авиценна, "Үй шаруашылығы" және т.б. еңбектерінде ізгілікті, үлгілі қоғам туралы ойлары көп, феодалдар мен өсімқорлықты катты сынайды.
Экономикалық ілімдер тарихының кайнар көзі, бастауы — халықтың, ұлттың шаруашылық жұргізу тұрінің, оның аяғынан тік тұрып, үлес салмағының артуы, мұнда еңбек басты негізге айналуында жатыр. Сондықтан біздің аумақтағы руханияттың алты мың жылғы тарихының бірінші кезеңінде - бүгінгі Қазақстан жерінде мал баққан ежелгі арийлерді, олардың сансыз тайпаларын айтуымыз керек. Ал тарихи эволюцияның екінші кезеңінде — бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрынғы сак патшалары және олардың белгілері Қазакстандағы Есік, Бесшатырдағы қорғандардан табылады. Бұдан кейін тарих сахнасына ғүндар шығады, олар үш тәңірге табынды — аспан, жер, су. Сөйтіп адамзат тіршілігінің үш факторы - аспан, жер, су - мәңгілік.
Тарихымыздың. төртінші кезеңінде - бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғүн нәсілдері - түркілер Түркі қағанатын құрады. Бүгінгі түркі тілдес халыктардың түбірі, мәңгілік Үлы ел. Территориялык жағынан - үстіңгі, солтүстігі - кыпшақ, төменгісі — оңтүстігі — окыз тайпасы, ортасы... оңтүстігі - Қорқытата, солтүстігі -қыпшақ. XIII ғасырда — Кодекс куманикус - даланың жаңа идеологиясы дүниеге келді.
Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық тарихының алтыншы кезеңі бұдан 1100 - 1000-шы жылдардағы араб-ислам рухани дамуымен байланысты. Осы кездегі қоғамдык ой-пікір оңтүстік батыстан тараған жаңа рух қазақ халкының мәдени-саяси бетке ұстарларының, интеллектілерінің іс-әрекеттерінен көрінді. Сол кезеңдегі қазақ көгінде үш жұлдыз жарқырап тұрды: Сыр бойындағы әл-Фараби, Жетісудағы Жұсіп Баласағұн және Махмуд Кашғари.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Орта Азияның ойшылдары -Абу Али ибн Сина, Бируни (973-1048), Низами аль Мүлік (1017-1092) және баска да қатарластары сияқты өз заманының энциклопедиялық көлемдегі ғалымы еді.
Әсіресе, әл-Фарабидін "Ізгілікті кала тұрғындарының көзқарастары туральг трактаттары" тұжырымдарының ғылыми негізделгені жағынан экономикалық теорияға өте жақын. Мұнда адамдардың бір-біріне көмегі, бірінің қажетін екіншінің қанағаттандыруы оларды қоғамдық тұтастыққа әкеледі. Сөйтіп адамдардың өзара қарым-қатынастары жетіліп, адамзат қоғамын құруға әкеледі. Әл-Фарабидің бұл тұжырымы ғылымға косылған жаңа ұғым, категория десек артық емес. Өйткені, ол қала тұрғындарын жай ғана адамдар тобы емес, өндіргіш күш және адамзат коғамын құрушы фактор деп қарап, оларды бірлікке, кайырымдылыкка шақырады. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуальды. Алайда, Шығыстың Аристотелі атанған ал-Фараби алдында отандык, экономистер өте карыздармыз -оның жоғарыда аталған және басқа шығармаларына ғылыми талдау, зерттеу жүргізілмей келеді. Ал Ж. Баласағұнның өлеңдері осы күнгі нарық қатынастарын меңгеруді үйретеді. Оның "Іс айлаға жүреді, саудагер пайдаға жүреді," "Тырысқанның аузы — жемде, еріккеннің езуі - сөзде" деп бизнесмен-саудагерлердің пайда үшін барын салатынын, ал сөз баққан демагогтердің алтын уакытын босқа өткізетініне қынжылады. Ж. Баласағүнның кәсіпкерлікке, үкіметке айтқан мына ақыл-кеңесі бүгінгімен үндесіп жатыр: "Барлық істі сарапқа сап істеген, қисаппенен казынаңды үстеген". Бақыт силайтын шаруа мен кәсіпкер, кұн өлшемі, айналым және қазына туралы Ж. Баласағұнның көзкарастары казіргі экономикалық зерделеулердің бастапқы нүктесі сиякты.
Қазакстанның
әлеуметтік-экономикалык дамуының шартты
түрдегі 8-10 кезеңдері ХІІ-ХІП
ғғ. Шыңғыс хан, жоңғар шабуылы және ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы
Абылай хан, Жәнібек-Керей хандарының
Қазақ мемлекетінің негізін қалаған дәуір
еді. Халықтың даму эволюциасында
дәстүрлі диханшылық пен мал бағудың санада
сақталған сырларын ұрпақтан үрпаққа
жеткізу кезеңі болды. Сол кезеңдегі
қасірет, тіршіліктегі тауқымет, әділеттсіздік, Шыңғыс хан әулетінің қысымы
Майқы би, Асан
Қайғы, Бұқар жырау шығармаларынан
анык көрінді.
"Жеті жарғы" шын мәніндегі қазақ халқының саяси, құқықтық, экономикалық тарихындағы манызды ғылыми уақиға. Бұл құжат тарихшылар мен заңгерлердің еншісіне тиіп, экономистер үшін, игерілмеген тың болып гүр. Сондықтан бұл шығарма әдейі зерделуді қажет етеді. " Казак университеті" баспасынан алғаш рет ана тілімізде жарық көрген "Экономикалық ілімдер тарихы"( 1997) атты оқу құралыңда аталған проблеманың экономикалык жақтары біршама карастырылды.
Әлемдік экономикалық ілімде көшпелі халықтар номадтардың шаруашылық жүргізу тәсілдері, олардың ерекшеліктері туралы ғалымдар түрлі көзқарастар, пікірлер ұсынуда.
Сондықтан көшпелі халық - номадтардың қоныс аударуы ң ермегі емес және ол олардың ұлттық намысына тию кұралы болмай, сол халықтардың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын үрдіс.
Көшпелі шаруашылықты зерттеген Г. Марков, С. Толыбеков, В. Шахматов және т.б. ғалымдардың шығармаларында бұл экономикалық категорияларды құқық қатынастарымен байланыстырып, оның объектісі жер мен мал екенін бірауыздан мойындағанмен, меншікке келгенде олардың, көзқарастары, ой-пікірлері түрліше. Мысалы, С. Толыбеков және т.б. жер табиғат сыйы, сондыктан жеке меншік объектісіне жатпайды дей келіп, малды жеке меншікке жаткызады. М.Әуезов "Абай жолы" романында Қодарды шариат заңын бұзды, келініне көз салды деп, тұйеге байлап, кұздан домалатып өлтірудін астарында жер мәселесі, оны иемдену мұддесі жатқан жоқ па еді. Жалпы номадтардың жер проблемасына ғалымдардың тұжырымдары талдау жасалынған. Жерді экономикалык, категория деп карау теориясының эволюциясы өндіріс-нарык (рынок) қатынастарымен тығыз байланыста қаралып, өркениет үрдісінің баспалдағымен зерделеу абзал. Жер қатынастарына әкімшілік-әміршілдік заңымен қысым жасауға болмайды. Экономикалық ілім мен ғылым теориясы себеп-салдар тәсілімен тұжырымдалған ой-пікірлердің, пайымдаулардың, көзқарастардың қорытындыларын, заңдылықтарын жер саясатында орынды қолдауды қалайды.
2. "Жеті жарғы" - әлеуметтік-зкономикалық және құқылық энциклопедия. Алайда, бізге жеткені "Жеті жарғының" жұрнақтары сиякты. Сонда да біздің қазіргі колымыздағы "Жеті жарғы'" — хан заманындағы экономикалык ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Өйткені мұнда қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастарындағы, .мінез-құлықтағы кемшіліктерді, құқық бұзғандарды экономикалық жазалау тәсілдері түзілген, ал олардың көбін осы күндері де пайдалануға болады. Казақтын, өткен тарихында түрме деген институт болмаған сияқты, зындандарда тұткын батырлар үсталды.
Енді халқымыздың экономикалық өміріне, мінез-қүлқына тәрбиелік маңызы бар және тәртіпке шакырған "Жеті жарғыдағы" біраз накты баптарға токталайық.
Қылмыс жасағаны үшін экономикалык жазаның көлемі былай белгіленген:
- қанға қан
алу, яғни біреудің кісісі
- ерінін ұрлығын біле тұрып хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылады;
Көріп отырғанымыздай,
қазақ топырағында дүниеге
Кеңестік идеология тұсында мемлекеттің дінді мектептерден бөлуі нәтижесінде "Құранның" құнды мәдени-тәрбиелік. тіпті экономикалық тәрбиелік маңызын көрмей қалдық. Ал мұсылман, ислам дінінің "Құран Кәрімінде" саудаға байланысты ғылымға жақын пікірлер ұсыныстар жеткілікті.