Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Осы туралы М. Блауг мынадай  сын-пікір айтты: "Экономикалық теория пәнін тарылтып, неоклассиктер өздерінің  белгілеген шекарадан әріден хабарлары  жоқ, дәрменсіз екендерін көрсетті. Сөйтіп өз пәндерінен ақылға сыйымды  қорытындыларды ғана емес, бірнеше бағалы идеяларды шығарып тастады. ХІХ-шы ғасырдың 2-ші жартысында өсу проблемасына экономистердің көзқарасы тұрақты еді. Сондықтан Маршалл сияқты авторлар экономикалык өсу автоматты болады, егер "еркін" бәсеке мемлекеттің сәл бақылауымен бірге қажетті әлеуметтік ортаны қамтамасыз етсе. Нәтижесінде экономикалық теория өсу немесе даму концепциясынсыз қалады" [20).

 

2 сабақ:  Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)


 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ірі капиталистік кәсіпорындар, олардың монополияға айналуы пайда болды. Ірі бірлестіктер мен фирмалар үшін жаңа экономикалық саясат мәселесі туындады. Кембридж мектебінің туындауына осы жағдайлар, экономикалық теориядағы жаңа бөлім - микроэкономиканың пайда болуы әсер етті. Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің қатарына А.Маршалл (осы мектептің негізін салушы), Ф.Эджуорт, А.ГІигу секілді экономист ғалымдар жатады. Бұл мектептің негізінде маржинализм доктриналары жатыр. Бұл мектептің өкілдері австрия мектебімен салыстырғанда шекті пайдалылық теориясындағы қайшылықтарды жоюға талпыныстар жасады. Осы мақсатта олар А.Смит, Д.Рикардо, Ж.Б.Сэй, Е.Бем-Баверк, Н.Сениор, Дж.С.Милл У.Джевонс секілді экономистердің концепцияларын кеңінен пайдаланды.

Кембридж мектебінің негізгі  бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды. Ол Рикардо мен оның ізін жалғастырушыларды сұранысты елемегендері үшің ал австрия мектебінің өкілдерін ұсынысқа назар аудармағандары үшін сынға алады.


Маршалдың пікірінше, өндіріс  шығындары мең шекті пайдалылық бағаны нақтылаушы тең құқылы факторлар болып табылады. Маршалдың пікірінше, құнды жасауға екі фактор қатынасады: өндіргіш фактор (өндіріс шығындары) және субьективті фактор (пайдалылық). Маршалл бұл факторларды бөлмей, олардың өзара қатынаста баға деңгейіне бірдей әсер ететінін қарастыра келе былай дейді: "қайшының жоғарғы және төменгі жүздері бір бөлік қағазды қалай кессе, құнның өндіріс шығындары немесе пайдалылықпен қалайша реттелетіні туралы солай бірдей негізде айтыс-тартыс жүргізуге болады".


Құн категориясы  нақтылай алғанда Маршалдың талқылауында тепе-тең баға категориясымен үндес. Бұл сөздерді ол синоним ретінде жиі қолданған. Ол өзіне дейінгі құн теориясын біртұтас баға теориясына біріктіріп, соның негізінде баға құрылымы процесін түсіндірді.

Өндіріс шығындарының серпінін (динамикасын) Маршалл өндіріс көлемінің өзгерісімен байланыстырады. Ол мұндай байланыстың үш түрін көрсетеді: өнім көлемінің өскен кезіндегі өнім бірлігіне келетін шығындардың тұрақты жағдайы (тұрақты қайтарым заңы); шығындардың төмендеуі (қайтарымның жоғарылау заңы); шығындардың өсуі (қайтарымның құлдырау заңы).

 Маршал  қысқа мерзімдік уақытта өндіріс  шығындары, демек ұсыным бағасы төмендеуге бет алады деп есептейді. Ал ұзақ мерзімдік ауыл шаруашылығында қайтарымның құлдырау заңы, өнеркәсіпте қайтарымның жоғарылау заңы жұмыс жасайтындығын айтады.

Маршалл құн мен баға арасындағы байланысты көрсетуге тырысқанмең негізінде өзінің баға теориясының талдауын сұраныс пен ұсыныс қатынастарының шеңберінде жүргізді. Бұл туралы Маршалдың өзі былай дейді: "сонымен мынадай қорытынды жасауға болады, жалпы ереже сияқты қарастырылып отырған кезең қысқарған сайын біздің талдауымыздағы сұраныстың құнға әсерін көбірек ескерген жөн секілді, ал осы кезең ұзарған сайын, құнға өндіріс шығындарының әсері көбірек маңызға ие болады".

Осылайша  Маршалл уақыт факторына, яғни экономикадағы қысқа - ұзақ процестердің принципті айырмашылықтарына көп көңіл аударады. Ол уақыт факторын экономикалық теориядағы көптеген қиыншылықтардың бастауы деп білді.

Маршалл теорияларының  ішіндегі маңызды орынды еркін рыноктық баға құрылымы мәселелері алады. Маршалл рыноктың барлық параметрлерін (баға, сұраныс, ұсыныс) олардың функционалды байланыс тұрғысынан қарастырды. Жетілген бәсекелестік жағдайда сұраныс пен ұсыныс бағадан тәуелді болады деп есептеді. Егер тауардың бағасы өссе, онда оған деген сұраныс төмендейді, ал ұсыныс артады. Және керісінше.

Демек, Маршалл  ауытқу барысында рыноктық бағаның тұрақты жағдайға жетуі, немесе сол тауарға деген сұраныс пен оның ұсынысының теңесетін теңпе - тең баға болуы мүмкін деген қорытынды жасайды.

Маршалл баға шамасының сұраныс пен ұсыныс қатынастары арқылы анықталатын кері байланысын да көрсетті. Баға тепе-теңділік деңгейінен артып кетсе, ұсыныстың ұлғаюын ынталандырады. Сұраныстан артып озған ұсыныс бағаны керісінше тепе-теңділік деңгейіне дейін төмендетеді.


Егер рыноктық баға тепе-теңділік бағасынан төмен болса, ол сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысқа қарағанда артып, бағаның тепе-теңділік нүктесіне қарай жоғарылауын тудырады.

Маршалл бұл  туралы: "Сұраныс пен ұсыныстың  тепе-теңділік жағдайында бір уақыт бірлігінде ендірілген тауарлар мөлшерін де теңбе-тең, ал олардың сатылу бағасын тепе-теңділік бағасы деп атауға болады.

Мұндай тепе-теңділік жағдай тұрақты, яғни маятниктің өзінің төменгі нүктесінен әрлі-берлі қозғалысы сияқты баға да өзінің шамалы ауытқуында бастапқы қалпына қайтып оралады" деп жазды.

Тепе-теңділік баға әрқашан да тұрақты немесе өзгермей тұрмайтын баға емес. Ол өзінің құрамдастары: сұраныстың -тауардың кемімелі немесе ұлғаймалы шекті пайдалылығының әсерінен; ұсыныстың - шекті шығындардың өсуі немесе кемуі нәтижесінде өзгеріп отырады. Тепе-теңділік бағасының өзгерісіне сонымен қатар басқа да көптеген факторлар: табыстар, уақыт, экономикалық ситуациялардағы өзгерістер әсер етеді.

Маршалл үшін тепе- теңділік - бұл тек тауарлар рыногының тепе- теңділігі. Ол тек белгілі бір шартты жағдайда, еркін бәсекелестік жағдайында ғана орын алады.

Маршалл "сұраныс" және "ұсыныс" категорияларын сандық және сапалық жағынан талқылайды. Осы категорияларға сандық тұрғыда сипаттама беру үшін Маршалл экономика ғылымына "сұраныс бағасы" және "ұсыныс бағасы" деген жаңа категориялық ұғымдарды енгізді.

Сұраныс бағасы (яғни сатып алушының бағасы) дегенімізді Маршалл тұтынушының сол және басқа тауардың қаншалықты пайдалылығына байланысты төлеуге келіскен ең жоғарғы (максималды) бағасын атайды. Осыдан соң Маршалл сұраныс қисығын құрып, сұраныс заңын (баға темендегенде тауарларға сұраныстың артып, баға жоғарылағанда сұраныстың төмендейтін) анықтайды.

Сонан кейін  Маршалл сұраныстың баға өзгерісіне әсерімен қатар, кері байланысты, бағаның өзгерісіне байланысты сұраныс серпінін (динамикасын) қарастырады. Сөйтіп экономика ғылымына тағы да жаңа түсінік - сұраныс икемділігін енгізеді.

Сұраныс икемділігі дегеніміз - баға өзгерісі кезіндегі сұраныс ауытқуының көрсеткіші, яғни тауар бағасының төмендеген немесе жоғарылаған кезіндегі сұраныс көлемінің қаншалықты өсуі мен қысқаруы. Егер бағаның төмендеуі сұраныстың өсуін аз тудырса - сұраныс икемсіз. Егер бағаның төмендеуі сәйкесінше сұраныстың өсуімен өтелетін болса - сұраныс икемді.

Осы мәселелердің шешімін тапқан соң Маршалл ұсыныс бағасын зерттеуге көшеді. Ол баға мен тауар ұсынысының арасында өндіріс шығындары есебінен болатын функционалдық байланысты анықтайды. Өндіріс шьғындарын ол шекті шьғындармен, яғни белгілі бір тауар түрінің соңғы бірлігіне қажетті шығындар деп түсіндіреді. Шекті шығындарға сәйкес келетін ең төменгі бағаны Маршалл ұсыныс бағасы деп түсіндірді. Оның тұжырымдауынша ұсыныс бағасы - бұл сатушының белгілі бір тауар санын белгілі бір бағада сатуға келіскен ең төменгі бағасы.

Маршалл рынок  параметрлерінің функционалды байланысын график түрінде сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысы түрінде көрсетеді. Екеуінің қиылысу нүктесінде тепе-тенділік баға орналасады.

Маршалл экономика  ғылымына көптеген жаңа категориялар енгізді, кейін олар сіңісіп экономикалық теорияның алтын қорына айналды. Мысалы "квазирента" категориясы, ол адам еңбегімен жасалған өндіріс құралдарынан алынатын қосымша табысты білдіреді. Келесі "тиімді сұраныс" категориясы, бұл-сатып алушы сұранысы, яғни сатып алуға келіскен баға деңгейінің, сатушылардың келіскен бағасына жетуі.

1907 жылы А.Маршалдың  бастамасымен Англияда "саяси экономия" термині "экономикспен" ауыстырылды. Экономика ғьілымы туралы ол: "тәжірибеде елемеуге болмайтын көптеген саяси сұрақтарға жолауға сақтанады, сондықтан ол бір уақыгта әрі ғылым әрі өнер емес- нақты әрі қолданбалы ғылым болып табылады"дейді.

А.Маршалл қайтыс болғаннан  кейін кембридж мектебіне Артур Пигу (1877-1959) басшылық жасады.


Пигу - "экономикалық әл-ауқаттылық төориясын" жасаушы. Ол әл- ауқаттылықты ұлттық табыстың (Пигудің терминологиясы бойынша ұлттық дивиденд) шамасына оның бір қалыпты бөлінісіне байланысты деп есептейді.

Пигу таза өнімді жеке және қоғамдық деп бөледі. Кәсіпкердің жеке іс- әрекеті оған таза өнім берсе, ал қоғамға ол пайда мен қатар шығындар (мысалы қоршаған ортаның бүлінуі) да әкеледі. Пигу рыноктың қоғамдық әл-ауқаттылықты өздігінен қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Сондықтан үкіметтің экономикаға араласуын қажетдеп санайды.

Үкіметтің кейбір жағдайда бағаны реттеп отыруы пайдалы; бағаның төмендетілуі (жеңілдетілген) өнім шығаруды ұлғайтуға әсер етеді, демек халықтың әл-ауқатын арттырады. Кейбір жағдайда, монополия жоқ жерде салық пен субсидия механизмі жеткілікті. Ал монополияның пайда болуы мүмкін жағдайда бағаны, кейде өндірісті де мемлекеттің бақылауға алуы қажет. Қоғамның әл- ауқаты табыстардың сол қоғам мүшелері арасында бірқалыпты бөлінісі жағдайында жақсарады. Сондықтан үкімет табыстардың бөлінісін халықтың тұрмыс жағдайларына байланысты, яғни әлуетті және тұрмысы нашар қатпарларын ескере отырып жүргізуі тиіс. Мұндай трансферттік бөлініс ауқатты адамдар үшін болар-болмас сезілсе, тұрмысы ауырлар үшін әжептәуір көмек болып табылады.

Пигудың "экономикалық әл- ауқаттылық теориясының" "Парето оптимумынан" айырмашылығын Пигу, еркін бәсекелестік жағдайында рыноктың жалпы әл-ауқаттылықты оңтайландырудың жеткілікті шарты бола алмайтындьғынан деп есептеді.


Дегенмен Пигудің еңбегі ұлттық табыстың бөліну теориясының негізін салды, жеке тұлғаның, фирманың және қоғамның экономикалық мүдделерінің үндестік мәселелерін шешуге жол салды.


 

3. Шекті еңбек  өнімділігі теориясы (Дж.Кларк)


XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ- та әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті. Солардың ішіндегі маңыздысы еңбек мәселесі болды. Осы кезеңдегі экономикалық мәселелерге байланысты ойлардың көрнекті өкілдерінің қатарына Колумбия университетінің профессоры, қоғам қайраткері Джон Бейтс Кларк (1847-1938) жатады. Ол сонымен қатар өткен ғасырдың соңындағы американдық маржинализмнің, неоклассикалық бағыттың лидері болып есептеледі.

Дж.Б.Кларк  бірнеше еңбектердің авторы, солардың ішіндегі негізгілері - "Байлық философиясы" (1886), "Байлықтың бөлінуі" (1888), "Трестерді бақылау" (1901), "Экономикалық теория очерктері" (1924). "Байлықтың бөлінуі" туралы еңбегіне И.Шумпетер "ұлы ғылыми еңбек..., американдық теорияға жалғыз жол салып мектебін жасады" деген баға берді.

Кларк маржинализмнің негізгі идеяларына Менгер мен Джевонстың еңбектерімен танысудан бұрын өз бетінше келді. Кейбір авторлардын оны маржинализмнің негізін салушылардың қатарына жатқызу себебі сондықтан.

Кларктің  пікірінше экономика ғылымы екі түрлі заңның негізінде жұмыс жасайды. Кейбір заң адамзат пен табиғаттың арасындағы қатынастарға, келесісі - адамдардың бір- бірінің арасындағы қатынастарға байланысты болады. Алғашқысы - мәңгі, универсалды, ал екіншісі- тарихи өзгермелі, өтпелі. Универсалды заңға Кларк шекті пайдалылық заңын жатқызады. Пайдалылықты австрия мектебінің ғалымдарына қарағанда Кларк басқаша талқылайды. Біріншіден игіліктерді экономиклық бағалауды, оның пайдалылығын жеке адамдар емес сатып алушылар тобы береді. Матып алушылардың әрбір тобы белгілі бір игіліктің бағасын қоғамдық байлықтың элементі ретінде реттейді. Тұтынушы өз ақшасын әуелі пайдалылығы көбірек игіліктерге жұмсайды да содан кейін барып пайдалылығы аз игіліктерді сатып алады.

Кларктің пікірінше, шекті пайдалылық бұл сатып алушы белгілі топтың соңғы ақша бірлігіне сатып ала алатын игілігінің пайдалылығы. Ауқаттылығы төмен адамдар үшін бұл нан, хал-ахуалы күйлі адамдар үшін- қымбат киім, ал дәулетті, бай адамдар үшін- қымбат автокөлік. Тиісінше төменгі топтың адамдары нанның, ортаңғы топ- киімнің, жоғарғы топ- көліктің бағаларын шарттайды. Екіншіден, кез келген тауар бірнеше қасиеттерге толы, ол қасиеттердің әрбірі сатушылардың өз тобын қызықтырып тартады. Мысалы, сағат уақытты кәрсетеді, оның сырты алтын немесе күмістен жасалған, ол белгілі бір әуен ойнайды- бұлардың барлығы пайдалылықтың құрамдас бөліктері. Сондықтан тауардың құны (құндылығы) басқалар үшін бірдей пайдалылықты ғана білдіріп қоймайды, ол "пайдалылықтың құрамдас бөліктерінің жиынтығын" білдіреді.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)