Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

«Классиктердін. жалғасы ретінде ол шынында экономикалык өсу проблемаларымен, дәлірек айтсақ, халықтың әл-ауқаты мен табысының өсуімен. сонымен қатар өсіп отырған табыстың еңбек, капитал және жер өңдеушілер арасында"  , яғни таптар арасында  бөлу  проблемаларымен  айналысты.   К.   Маркс «Коммунистік партия манифесінде" былай деп жазды: "Осы күнге дейінгі болған барлық қоғамдар тарихы таптар күресінің тарихы болды. Ерікті және құл, патриций және плебей, мастер және подмастерье, қысқасы, қанаушы мен қаналушы бір-бірімен мәңгілік антагонизмде болып, үздіксіз жасырын, кейде ашық күрес жүргізіп. бүкіл қоғамдык үйді төнқеріс жолымен өзгертуге, немесе күресуші таптардың жалпы күйреуіне әкелді". К. Маркс бойынша, капиталистік қоғам оның ұлғайып бара жатқан қыншылығымен бұдан шет қала алмайды: буржуазия үстем тап ретінде өндіргіш күштерін үлғайтады, ал көпшілікті құрайтын пролетариат қайыршылықта қалады. Бұдан, оның ойынша, революциялык. дағдарыс сөзсіз туады, өйткені, өндіргіш күштер дамуынан болатын қайыршылық (пауперизация) ең соңында сондай көлемде ұлғаяды, басқа таптардың есесінен көбейген пролетариат (пролетаризация) халықтың саны көп тобына айналып, үкіметті көпшіліктің есесіне алу үшін төңкеріс жасайды. ІІролетариат революциясы мен пролетариат диктатурасының нәтижесінде капитализм де, таптар да болмайды. К. Маркстін. сөзімен айтқанда:  "бұрынғы таптар мен топтар кайшылығы болған буржуазиялық қоғамнын. орнына ассоциация келеді, мұнда әрбіреуінің дамуы басқаларының дамуының шарты болады

"Не себепті К.  Маркстің таптар теориясында капитализмнің тарихи драмасындағы екі таптың өзара әрекеті сөз болады? "Капиталдың" авторы көрсеткеніндей, рентаның табыс көзі ретіндегі  маңызы экономиканың индустриализациялануы нәтижесінде төмендейді, сондықтан үлкен табыстың екі көзі қалады: пайда және жалакы және екі үлкен тап - жүмыс күші бар пролетариат және қосымша құнды иемденетін капиталистер

Капитал теориясы

I. Капиталдың мәні

Капитализмнің қайшылығына, рыноктық экономикалық катынастарға К. Маркс капитал теориясында да назар аударды. Оның анықтамасындағы капитал категориясының мәні жұмысшыны қанау құралы және жұмыс күшіне үстемдік орнатумен байланыстырылады. К. Марксте капиталдың екі трактовкасы бар. Оның біреуі — "олардың (товардың) өлі заттарына тірі жұмысшы күшін қосып, капиталист бұрыңғы кұнды заттанған, өлі енбекті — капиталға, өзінен-өзі өсетін құнға, тірілген айдахарға айналдырып, ол оны жақсы көргеннен кереметтей жұмыс істей бастайды" Екінші трактовкасында "Капиталдын," авторы косымша құн мен капиталдың, өзінен-өзі өсуі арасындағы байланысты айтады: тек сол жұмысшы өнімді, егер ол қосымша құн әкелсе немесе өзінен-өзі өсетін капитал болса |.

2. Капиталдың органикалык  құрылымы.

К. Маркстің капитал теориясындағы  жаңалық деп 1-томнын. 23-ші тарауындағы "капиталдың органикалық құрылымы" деген түсінікті айтуға болады. Ол түсінік тұрақты және    өзгермелі капитал қатынастарын білдіреді. Осы түсініктер арқылы ол басқа ұғымдарға шығады - қанау (қосымша күн) нормасы, оны қосымша құн мен өзгермелі капитал арасындағы қатынас деп анықтайды. Капиталды тұрақты және өзгермелі деп (А. Смит пен Д.  Рикардода - негізгі, айналмалы) К. Маркс капитал бөліктерінің   қозғалысын   ерекшелейді   және   олардың, әркайсысының өнім құнындағы қосымша құн массасына әсерін көрсетуге тырысады. Айталық, 2-томнын 8-тарауында капиталдың ауыспалы айналымы сөз болып. осымен байланысты тұрақты капитал өз кұнын жаңа өнімге бөлектеп көшіреді ал өзгермелі – толығымен, яғни әрбір өндірістік циклдан кейін қайтарылуы тиіс. Айырмашылығы - айналмалы капиталға қарағанда негізгі капитал

машиналар мен құралдарда, немесе шикізат материалында болады және қосымша құн жасамайды.

3. Капиталдың қорлануы

К    Маркс бойынша,  капиталдың қорлануы — фирма мен  компания көлемдерінің. бәсеке күресінде  ұлғаюы, яғни капитал шоғырлануы мен  орталыктануы және ол өнеркәсіптің резервтік армиясын көбейтеді, басқаша айтканда жұмыссыздықтың

абсолюттік көлемін  және ресми пауперизмді көбейтеді. Капитал корлануының мұндай табиғатын  К. Маркс "капиталистік қорланудыи жалпылық, абсолюттік заңы" деп атады.

Кұн теориясы

Кұнның еңбектік теориясы туралы әңгіме «Капиталдын" 1-ші томының  І-ші тарауында болады. Мұнда товарлар айырбасының  принципі туралы тезис  түзіледі: оның құндылығы өндіруге кеткен енбектің санына сәйкес келуі  керек. Еңбектің сапасындағы айырмашылықты, яғни еңбектің түрлі қарқынын, мамандығын есепке ала отырып, одан әрі орташа коғамдық еңбек дәлірегі - қоғамдык қажетті жұмыс күні немесе сол кездегі еңбектін карқындылығы мен біліктіліктің орта деңгейі деген факторлар енгізілді. Сөйтіп, еңбек шығындарын өлшеуге негізделген трактовканы К.Маркс бірден-бір дұрыс трактовка деп есептейді. Алайда, сұраныс пен ұсынысқа сәйкес товар бағасы оның құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Капиталдың 3-ші томының 1-3 тарауларында каузальды амалды қолданудың үлгісін көрсетеді: К. Маркс өндіріс бағасы концепциясын негіздейді: оның бірінші құн категориясына қарағанда екінші қатардағы екенін дәлелдейді. Өндіріс бағасын сатып алу бағасымен байланыстырады. Негізгі дәлел 3-томның  9-10 тарауларында келтіреді. Мұнда тек жай товар өндірісінде, яғни рынок зкономикасына дейін және капитализм тұсында капиталдың орташа органикалық құрылымы деңгейіне сәйкес бағалар тек товар кұнымен реттеледі. Дамыған капиталистік экономика тұсында, К. Маркстің ойынша, құндылыктың (құнның) өндіріс бағасына ауысуы астарында .құндылықтың негізі бүркеленеді, бақылаудан тыс қалады.

Сонымен К. Маркс құнның енбектік теориясынан қол үзбейді. Тек дамыған экономикада құнның бағаға ауысуы мен оның негізі —  еңбек бақылаудан тыс қалады, сондықтан өндіріс бағасы — А. Смит айтқандай, табиғи баға; мұны Д. Рикардо - өндіріс бағасы немесе өндіріс кұны; физиократтар - қажетті баға, яғни ұсыныстың қажетті шарты деп атайды .

Ең соңында екі резюме — марксистік (Кондратьев бойынша) және марксистік емес (Блауг). Біріншісі  — егер құндылық ілімінің жеке бөліктерін ескермесе, онда Маркс теориясы — еңбек теориясының жоғары түрі. Екіншісі бойынша -марксистердің. айтқандарының бәрі мынаған саяды: егер бағалылықты еңбек теориясынан бастамаса, онда капиталистер еңбек процесіне катыспай тұрып, өнімнің бір бөлегін алады дегенді түсіндіре алмаймыз.

Акша теориясы

Ақшаның мәні мен құны туралы ("Капитал" т. 1., 2-3 тараулар) автор толығынан Рикардо-Милль  тұжырымдарын толық қолдап, бір ғана ескерту- ақшаның сандық теориясына - жасайды. Мұндағы оның басты аргументі — белгіленген уақыттағы сауда айналымы мен ақша массасы айналымы санына бақылаудын. тұрақты болмау сипаты.

Қосымша құн теориясы

К. Маркс қосымша құн теориясына көшпес бұрын мынадай сұрақ қояды: ол қалай пайда болады, егер барлық сату мен сатып алу өзінің қүндылығы түрғысынан, эквивалентті айырбас принципі бойынша, яғни товар айырбасы өндіріс процесінде заттанған енбекке тепе-тең. жүрсе? Бұл тұралы әңгіме "Капиталдың" 1-томның 4-ші тарауында болады. Мұнда мынау (теория) дәлелленеді: жұмысшы күші товар ретінде құны бойынша сатылғанмен, бірақ тек осы товар - ерекше товар, оның бағалылығы (жұмысшыға, отбасына керек товар) капитализм тұсында құнның еңбектік теориясына сәйкес түзілуі мүмкін емес. Бұл кұбылыстың шешімі Маркс үшін өте қарапайым, оның мәні мынада: еңбекті сан жағынан өлшеуге болады, ал жұмысшы күші құндылығын бағалау, Р. Арон айтқанындай, "К. Маркс өзі мойындағандай, өнегеліліктің жағдайымен және ұжымдық. психологияға байланысты" . Сондықтан  "Капитал" авторының қорытындысы біреу: қосымша құнның көзі - өздерінің -жұмыс күшін сатқан өндіруші жұмысшылардың "ақы төленбеген" еңбегі және қосымша кұнды алудың механизмі, К. Маркс бойынша, түсінікті және қарапайым: "қажетті уақыт" ішінде. Мәнінде істелген уақыттан аз, жұмысшы өзінің "кажетті еңбегі" арқылы жұмыс күшінің құндылығын қайтарады, оны жалақы түрінде алады, ал "қосымша уақыт" ішінде "қосымша еңбек" істеледі және бұл капиталистер армандаған "қосымша құнды" жасайды.

Еңбек өнімділігі теориясы

Қосымша кұн теориясы - К. Маркс үшін физиократтар енгізген өнімді еңбек түсінігін анықтаудың бастапқы позициясы. Мұнда Дж. С. Милльдің трактовкасымен келісе отырып, (1-ші т. 22-ші тарауында оны вульгарлы экономист-апологетке жатқызбайды) "Капиталдың" авторы былай деп толықтырады (1 т. 14-ші тарау): еңбек өнімді,біріншіден, егер қосымша құн өндірісі абсолютті емес, ол тіршілік заттары құндылығын арзандататын относительді қосымша құн түрінде өссе; екіншіден, егер өнімді еңбек қосымша құнды айналыста емес, тек өндіріс саласында жасайды деп мойындалса.

Табыстар теориясы

1. Жалақы. "Капиталдың" авторы жалдамалы жұмысшылардың алған жалақысы — сатылған "жұмысшы күшін" капиталистермен айырбастауының нәтижесі, классикалық политэкономия негізін салушылар ойлағанындай, енбегі үшін емес. Осы теория бойынша жалақы жұмысшы мен оның отбасы үшін қажетті товарлардың эквивалентіне тең. Оның дәрежесі еңбек өнімділігіне байланысты, ал соңғысы өндірістің технологиясы мен механизациялануының дәрежесіне тәуелді. Ал бұлар жалакының өсуіне кедергі - техникалык-экономикалык прогресс үнемі артық жұмыс күшін туғызады. Соңғысы капиталистер мен жұмысшылардың айырбас қатынастарын қорытындылап, жұмысшыларға зиян келтіреді .

Сонымен, Маркс бойынша, жұмысшы еңбегін емес, жұмыс күшін  сатқандықтан, төленбеген еңбекті өлшеуге, табуға болады, бірақ оның жалақыға қатысы жоқ.. Ал төленбеген жұмыс күші тіркелінбейді, өйткені іс жұмысшының толық жұмыс күшіне айырбас түрінде болады. Бірак, Блауг. атап өткеніндей, құндылыктың енбектік теориясы жұмыс күші өзінің (еңбегі) кұны бойынша сатылады деп толық кепілдік бере алмайды . К. Маркстің сенімі бойынша, реальды жалақы еш уакытта еңбек өнімділігінің өсуіне пропорционалды келмейді, тіпті жұмысшы кәсіподақтарға үміт артқанмен, еркін бәсеке экономикасы кезінде жағдайды өзгерте алмайды. "Капиталдың" авторы түсіндіргеніндей, еңбек өнімділігінің өсуі арқасында товарлар мен қызмет көрсету құндарының төмендеуінің ақшалай көрінісі жұмысшылар сатып алатын товар бағасының сондай төмендеуін талап етсе, онда нәтижесінде реалды жалақы өспейді, осыдан келіп жұмысшылар табының пауперизациялануы мен ақылының деградизациялануы алыс емес .

2. Пайда және  пайда нормасы

К. Маркстің пайда туралы теориясының ерекшелігі мынада: кәсіпкерлердің басқа пайдалары сиякты 6ұл пайда  түрі, оның ойынша, сыртқы, яғни жалдамалы  жұмысшыны қанау процесінде жасалатын қосымша құнның өзгерген түрі. Осыдан, айталык Рикардодан ойының айырмашылығы - әңгіме жай пайда нормасы туралы емес, оның қосымша құн нормасынан ерекшелігі туралы Маркстің терминологиясы бойынша, қанау нормасы туралы "Капиталдың" 1-ші томының түпкі ойы бойынша, қосымша құнның үлесі кәсіпорындарда, экономика салаларында сонша көп болады, егер өзгермелі капитал мен еңбек өссе; сонша аз болады, егер капиталдың органикалық құрылымында тұрақты капиталдың үлесі өссе, яғни кәсіпорындарда немесе салаларда машиналар мен құралдардың механизациялануы, жабдыкталуы жоғары дәрежеде болады.

" Капиталдын" 3-ші  томының түпкі ойы — мүмкін  қайшылықтың шешілуі К. Маркстің  ұсынысымен "қосымша кұн нормасын" "пайда нормасынан" айыра білгенде  болады. Және біріншісі - қосымша   құнның   өзгермелі капиталға катынасын есептеу көрсеткішін білдірсе, екіншісі (қосымша құнның сыртқы көрінісі туралы) жиынтық капиталға қосымша құнды, яғни тұрақты және өзгермелі капиталдың қосындысын есептеу арқылы жүреді                        .            .

К   Маркстің күткеніндей, тарихи құбылыстың шешілу мәні мынада: пайда нормасының төмендеу тенденциясының шешілуі демографиялык факторларға  және жердің құнарлылығының төмендеуіне  сәйкес күнделікті қажетті азық-түлікке  бағаның жоғарылауы туралы Рикардо-Мальтус тұжырымына байланысты емес, капиталдың органикалық құрылымының жалпы капиталда өзгермелі капитал (капитал қорлануымен шарттасылған) үлесінің азаюы жағына карай трансформациялануына байланысты.

Сонымен қатар қосымша  құн нормасы, пайда нормасы түсініктерін қолдана отырып К. Маркс еркін бәсеке жағдайында рынок экономикасының шаруашылық механизмі құпиясын жақсы түсінетінін көрсетті. Мысалы, қосымша құн теориясының логикасы бойынша жұмыс күні ұзақ болған сайын, қосымша құн массасы мен қанау нормасы көп болады. Бірақ К. Маркс қосымша құнды қосымша уакытты ұзарту арқылы көбейту тәсілі жақсы емес, өйткені абсолютті қосымша кұнды көбейте отырып, ол қосымша шығындарды да көп қажет етеді, әрбір жұмыс уақытының қайтарымын азайтады, жүмысшылар наразылығын былай қойғанның өзінде деп ойлайды.

" Капиталдың " авторы  Н. Сениордын "соңғы сағат  теориясын" қатты сынайды. Мұндағы  сағаттық есептердегі жұмыс күнінің  тек соңғы сағатында ғана капиталистердің  пайдасы жасалады деген идеяларын  талдайды. Оның терең сенімі бойынша, қажетті уақыттың (қажетті еңбектің) қысқаруы еңбек өнімділігін жоғарылату есебінен болатынына қарамастан, относительді косымша құн әкелсе, бір мезгілде қосымша кұн нормасынын, төмендеу тенденциясы күшейеді, әрбір капиталист интуитивті түрде пайда нормасын максимизациялауға тырысады, өйткені бәсекелік күресте қосымша құн нормасы арқылы емес, тек пайда нормасы аркылы нәтижеге жете алады. Ең соңында, егер Рикардо бойынша пайда нормасының төмендеу тенденциясы машиналарды жетілдіру, агрономия

ғылымы жаңалықтары арқасында әркез тежеліп отырды десе, К.Маркс бойынша (3-ші т., 13-15 тараулар), 6ұл - капитализмнін, өзін-өзі күйретуінің тарихи феномені: пайда нормасын үздіксіз көбейту жолында капиталдың органикалық кұрылымында тұрақты капиталдың үлесі үлғайып, өзгермелі капитал азаяды. Ал соңғысы - қосымша құнның қайнар көзі, капиталистік өндірістің түпкі макеты, шегі және мотиві (қара: т. 1. 11 тарау).

3. Рента және  абсолюттік рента

"Капиталдағы" рента  теориясының мәні Рикардоның  рента туралы теориясына сәйкес. Айырмашылығы - К. Маркстің дифферсинациалдық рентамен қатар абсолюттік рентаның бар екенін айтқаны. Соңғының пайда болуын "Капиталдың" авторы ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымының төмендігімен және жерге жеке меншіктің болуымен байланыстырады. Бірінші факторға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімінің, құндылығы оның өндіріс бағасынан жоғары болса, екіншісінде — ауыл шаруашылығында пайда нормасын орта дәрежеге жеткізетін капиталдың ауысу механизміне жол берілмейді. Нәтижесінде жер иесі арендатор-фермерден рентаның табиғи деңгейінен жоғары аренда ақысын талап етеді, яғни құнарлығы жоғары, өткізу рыногына жакын орналасқан жер участіктері келтіретін артық пайдаға тең болуы тиіс. Маркстің абсолюттік теориясы тек қосымша құн теориясы шенберінде әрекет етеді және осыған құндылықтан бағаға ауысу керектігін косқан жөн.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)