Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Төртінші кезеңі - XIX ғасырдың екінші жартысы. Мұнда Дж. Милль мен  К.Маркс мектептің ең жақсы жетістіктерін қорытындылады.

Уильям Петти (1623-1687) –  Англиядағы классикалық саяси экономиканың негізін қалаушысы. К. Маркс сөзімен  айтқанда, «У. Петти – политэкономияның әкесі, данышпан және оригиналды зерттеуші  – экономист». Байлықты У.Петти бойынша, тек қана бағалы металдар, тастар мен ақша құрап қоймай, оның құрамына елдің жері, үйлері, корабльдері, товарлары мен үй мүліктері де кіреді. Товар құны күмісті өндіруге жұмсалған еңбекпен анықталады, бұл оның «табиғи бағасы», күмістің құнына теңестірілген товарлардың құны – олардың шын рыноктық бағасы. Кәсіпкерлер мен жер өңдеушілердің табыстары туралы У.Петтидің сипаттамасы «рента» түсінігінің унифицирленгенін өзгергенін көрсетеді. Негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар трактаты», «Ирландияның саяси анатомиясы», «Ақша туралы түрлі ойлар». Жер рентасының түрі, жер учаскесінің орналасуы мен рынок туралы мынадай қорытынды жасайды: «Сөйтіп, халық орналасқан жердің жақындығы, оларға қажетті үлкен аудандар керектігі ол жерлерден тек жоғары рента алынып қоймай, жылдық рентаның көлемінен көп болады, ал сапасы осындай, бірақ алыс жатқан жерлерде жағдай басқаша». Сөйтіп У.Петти жер бағасын анықтайтын тағы бір проблеманы қозғайды.

Пьер Буагильбер (1646-1714) – Франциядағы классикалық саясиэкономиканың  бастаушысы. Буагильбер бойынша, экономикалық ғылымның басты міндеті – ақшаны көбейту емес, тамақ пен киімді көп өндіру. У.Петти сияқты  П. Буагильбердің басты жетістігі құнның еңбектік теориясын «негіздеу». Мұндай қорытындыға жұмсалған еңбек пен жұмыс уақытының санына қарап рыноктағы товар айырбасы механизімін талдау арқылы жетті. Классикалық политэкономияда  жалғыз өзі ақшаны жоюға шақырды, себебі ол товарларды шын құны бойынша айырбастауды бұзады.

Франсуа Кенэ (1694-1774) –  классикалық политэкономияда ерекше бағыттың – физиократтар мектебінің негізін қалаушысы және лидері. «Физиократия» сөзі грек тілінде табиғаттың үстемдігі деген мағынаны білдіреді. Физиократтар өкілдері экономикада жердің маңыздылығына, ауыл шаруашылығына ерекше мән берді: «тек қана тұрақты ауыл шаруашылығы ұдайы өндірісі ғана барлық мамандықтардың негізі, сауданы, халықтың әл-ауқатын гүлдендіреді, өндірісті қозғалысқа келтіреді, ұлттың өсуін қолдайды». «Ол (жер шаруашылығы)» мемлекет экономикасының негізі ретінде қызмет атқарады». Оның ойынша, таза өнімнің  көзі- жер және оған жұмсалған ауылшаруашылығы өндірісіндегі істейтіндердің еңбегі. Ал өнеркәсіп пен экономиканың басқа саласы таза табысқа ештеңе қоспайды, тек қана ол өнімнің алғашқы түрін өзгертеді.

Анн Робер Жак  Тюрго (1727-1781) –тегі дворян. Ол ұлттар байлығына алдымен жерді, одан алынатын таза табысты жатқызады, себебі ақша жинақтың тікелей предметі, оны құрушы капиталдың басты материалы болғанмен, бірақ ақшалар жиынтық капиталдың байқалмайтын бөлігі, ал молшылық оны үздіксіз жоюға әкеледі. А.Тюрго қарызға бергендер уақыт өткен сайын табыстан айырылады, себебі капиталымен тәуекелге барады, ал заем алғандар көп пайда келтіретін жерге ақшаны жұмсайды. Сондықтан ол қарыз беруші «заем алғандарға ешқандай  зиян келтірмейді, өйткені алушы оның шарттарымен келіседі, алған сомаға ешқандай құқылығы жоқ.».

 

 

№3 лекция..А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның дамуы.

Дәріс мақсаты: А.Смит пен Д.Рикардоның шығармаларында классикалық саяси экономияның   әрі   қарай   дамуы.   А.Смит-мануфактура   кезеңіндегі экономист. А.Смиттін «Халықтар байлығының табиғаты және себебі туралы зерттеулері: Смитгің методологаясы. Енбек бөлінісі, айырбас және ақша туралы ілімі. Қүнның әр-түрлі анықтамалары. Таптар және табыстардың бөлінуі туралы ілім. Жалақы, пайда және рента туралы   теориясы.   Халықтардың   қоныстануы   туралы   мәселелері. Капитал туралы ілімдер. Жалпы жене таза өнім. Өнімді және өнімсіз еңбек теориясы. Капитал салудың оптималды бөлінуі. «Көрінбейтін қол» теориясы. Мемлекеттің кызметтері, салық салу. Д.Рикардо - өнеркәсіптік төңкеріс дәуіріндегі экономист. Д.Рикардоның «Саяси экономика мен салық салудың бастамасы» атты еңбегі. Құн теориясы. Капиталды талдау . Д.Рикардо пайда, жалақы, рента, несие және ақша туралы. Сатып-өткізу мәселелері туралы ойлары. Салыстармалы басымдылық теориясы. Салық салу мөселелері. Жабдықтау мәселесі.

Дәріс жоспары.

  1. Шотландиядан шыққан данышпан: А.Смит. Оның «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер»  атты еңбегі.
  2. Сити данышпаны: Давид Рикардо. Оның «Политэкономия және салық салудың бастамасы»  атты еңбегі.

 

А.Смит(1723-1790) өзінің «Халықтар  байлығының табиғаты мен себептері  туралы зерттеулер»  деген кітабында  политэкономияның зерттеу пәні деп  қоғамның экономикалық дамуы мен  әл-ауқатты көтеру проблемасын атады. Бұл еңбегі қандай жағдайларда, адамдар қалай жоғары әл-ауқатқа жетеді және ол оны қалай түсінгені тұрғысының жазады..

Зерттеулері методологиясының басты бағыты – экономикалық либерлизм  концепциясы, оның негізінде физиократтар сияқты жаратылыстану тәртібі идеясы, яғни рыноктық экономика қатынастары жатыр. «Экономикалық адамның» сипатын былай береді: «ол өз мақсатына тез жетеді, егер олардың эгоизміне және оның талабын орындау олардың мүддесіне де сай екеніне көздерін жеткізе алса. Әрбір ұсыныстың мәні – сен маған керегімді бер, сенде өзіңе керегіңді аласын...». «Көрінбейтін қолды» былай сипаттайды: «әрбір жеке адам... өзінің жеке ұтысын көздейды, ол қоғамдық пайда емес. ...мұндай жағдайда және басқа да жағдайларда ол көрінбейтін қол арқылы мақсатына жақындайды және бұл оның жоспрына енбесе де өзінің жеке мүддесін көздей отырып, ол бұл жағдайда саналы түрдегіден артық қоғамдық мүддеге өте тиімді әсер етеді. Смиттің «көрінбейтін қолы», «экономикалық адам» мен қоғамның сондай арақатынасын, яғни мемлекеттік басқарудың «көрінетін қолы» арқылы объективтік экономикалық заңдарға қарсы келмейтін, импорт пен экспортты шектемейтін, «табиғи» рыноктық қатынастраға кедергі жасамайтын қатынастрады қалайды. Ол мемлекетке нақтылы үш қызмет жүктейді: қоғамдық жумыстар шығының жасау, әскери қауіпсіздікті және құқық заңдылығын қамтамасыз ету.

Смит белгілі мысалда (түйреуіш мануфактурасындағы) еңбек  бөлінісі өнімділікті үш есеге арттыру  нәтижесі политэкономияның шешуші теориялық  проблемаларын түсіну мен ғылыми таласқа «құнарлы топырақ» әзірледі.

Смит товардың тұтыну құны және құны болатынын айта отырып біріншісін назардан тыс қалдырады. Тұтыну құны түсінігіне шекті пайдалылықты емес, толық яғни жекелеген заттың, игіліктің адам қажетін қанағаттандыру мүмкіндігі және нақты емес, жалпы. Сондықтан оған тұтыну құны товардын айырбас құнының шарты бола алмайды. Еңбек товардың шын бағасын құрайды дегенде екі жақты позициясы мен дамытады. «Еңбек жалғыз жалпы бүкіл және бірден-бір дәл құнның өлшемі болады..., сол арқылы барлық кезде, барлық жерде әр түрлі товарлардың құндарын өзара салыстыруға болады. Құн табыстардың қосындысы арқылы анықталады (жалақы, пайда және ренте), өйткені «әрбір дамыған қоғамда құнның аталған үш бөлігі көптеген товарлардың аз, көп мөлшерде бағасына кіреді». Өнімсіз еңбек деп қызмет көрсетуді атайды, ол сол бойда жоғалады, ал еңбек қызмет көрсетуде «құнға еңбек қоспайды, өзінің құны болады, марапаттауға болады, товар немесе жекелеген заттарда өткізілмейді, тіркелмейді».

Адам Смит ақша «айырбас саудасы тоқтағаннан» кейін сауданын көпшілік мақұлдаған құралы болды, бірақ «басқа товарлар сияқты алтын мен күміс өздерінің құнын өзгертеді» деп жазады. «Ақша-айналыстын ұлы доңғалағы» қанатты сөзі. Басқа классиктер сияқты ақшаны «айырбастың, сауданың техникалық құралы деп қарады және бірінші орынға оның айналыс құралы қызметін қойды».

Смит бойынша, жылдық өнім табыс түрінде үш таптың-жұмысшылардың, капиталистердің және жер иелерінің  арасында бөлінеді. Жұмысшылардың табысы елдің ұлттық байлығы дәрежесіне тікелей байланысты. Пайда капиталдан түсетін табыс.

Капитал-қордың екі бөлігінің  бірі деп сипатталады, одан табыс  келтіру күтіледі, ал басқа бөлігі  - тікелей тұтынуға кетеді. Капиталды  негізгі және айналмалы бөлінуін ендіреді.

Давид Рикардо(1772-1823)  «Политэкономия және салық салудың бастамасы» еңбегінің кіріспесінде қоғамды үш топқа (жер иелері, капиталистер, жұмыскерлер), ал табысты рента, пайда және жалақыға бөлуін басшылыққа алып, политэкономияның басты міндетін түзейді. Бұл міндет – «осы бөлуді басқаратын заңдарды анықтау».

Құнның негізіне еңбек  жатады деп көрсетті. Бұл тұжырым  бойынша: «басқа товарларға айырбасталатын товар құны немесе басқа товарлар саны оны өндіруге қажетті еңбек  санына қарай еңбекке төленетін  көп, аз сыйлыққа байланысты емес».

Алтын, немесе басқа бір товар барлық заттар үшін жетілген құн өлшемі бола алмайды. «Ақша - өркениетті елдер арасындағы жалпы құрал, олардың арасында пропорциялы бөлінеді, оның өзгеруі сауда мен машинаның жетілдірілуінен, тамақты өндіру қыйындығының көбеюімен және басқа да халық өсуіне қажетті өмірлік заттармен байланысты болды» деп есептеді.

Капитал - елдің байлығының бір бөлігі өндірісте пайдаланылады  және ол тамақтан, киімнен, құралдардан, шикі материалдан, машиналардан және т.б. еңбекті қозғалысқа келтіретіндерден турады.

Рента – жерді пайдаланғаны үшін төленеді. Өйткені оның көлемі шексіз емес, сапасы бірдей емес, халық  санының өсуіне байланысты жаңа участкілер, сапасы және орналасуы жағынан нашар  жерлер өндеуге түседі, буларға жұмсалған  еңбек шығындарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны анықталады. Жер өндірілмейді және ол экономикалық емес, заттай ресурс ретінде қаралады. Сондықтан оның түсінігінде тек жер ғана емес, рента да «жердің тегін сыйлығы ретінде» болады.

Кәсіпкерлердің еркін  бәсекесі мен еркін сауда принциптері үстемдік ететін қоғамның экономикалық даму заңдылықтарын зерттей келе, Д.Рикардо мынаны байқамаған сияқты: экономикалық либерализм жағдайында өндірілген товар өнімдері, көрсетілген қызмет және оларға төлейтін қабілет жоқ сұраныс арасындағы сәйкессіздік дағдарысқа әкеледі, ал мұны алдын ала тежеу мүмкін емес, яғни арты өндіру дағдарысы болады. Жұмыс пен толық қамту кеңінде экономиканың дағдарыссыз, тепе – тендік жағдайда болуы мүмкін.

 

 

№4 лекция. Мануфактура кезеңінен кенінгі смитшіл-классиктердін

теориялардывдагы  өзін-озі реттейтін экономика.

Дәріс мақсаты:Мануфактура кезеңінен кейінгі дәуірдегі алғашқы сыншылар-С.Сисмонди және П.Прудои. Қунарлылықтың кемуі және рента. Т.Мальтустың халықтардың қоныстану және өсу заңы және осы күнгі мальтусшылар. Т.Мальтустың «Халықтардың коныстану-өсу заңы туралы тәжірибе» атты еңбегі. Н.Сениордың экономикалық теориясы. Ф.Бастианың қызмет көрсету және экономикалық үйлесім туралы теориясы. АҚШ-ғы экономикалық теорияның ерекшелектері (Ч.Кэри).

Дәріс жоспары:

  1. С.Сисмонди және П.Прудон – мануфактура кезеңінен кейінгі дәуірдің алғашқы сыншылары.
  2. Т.Мальтустың «Халықтардың қоныстану заңы туралы тәжірибе» атты еңбегі.
  3. Ж.Сэйдің  мектебі.

 

Жан-Шарль-Леонард  Сисмонди де Сисмонди (1773-1842) – француз экономисі және швейцарлық текті тарихшы.Негізгі еңбектері: «Саяси экономиканың жаңа бастамасы», «Политэкономия туралы этюдтар», «Рим империясының құлау тарихы» және т.б.

Сисмонди «Жаңа бастамасында...»  политэкономия эволюциясы мен пәннің анықтауда үш басты кезеңді атап өтеді : 1-сі-меркантилистер мектебі, 2-ші кезең – физиократтар, 3-сі- А.Смит мектебінің кезеңі. Тек Үшінші кезеңде «А.Смит өзіне дейінгілерден өзгеше, фактілерді тықпайлайтын априорлық теория жазуға тырыспады» Смиттің байлықтың көзін қоғамдық еңбектен іздеу керек деген көзқарасымен келісе отырып және политэкономияның пәні – адамдардың әл ауқаты деп келіп Сисмонди мемлекет туралы үзілді-кесілді пікір айтады. Мемлекеттің міндеті – барлық азаматтарға байлық беретін дене мүмкіншіліктерін пайдалануға жағдай жасау.

Оның зерттеу тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады:

  • Адамдардың экономикалық қызметін негізгі салаларда талдауда каузалды тәсілді қолдану,бұл өндіріспен айырбас саласын қарама-қарсы қоюға әкелді, біріншісі басым сала, қоғамдық шаруашылықтың басқа түрлерін анықтаушы деп мойындатты
  • Талдаудың таптық тәсілі. Бұл бойынша қоғамдағы таптар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар қарастырылады;
  • Қор мен табысты анықтауда шығындар тәсілі (Сисмонди бойынша жұмсалған еңбек санын есепке алу)
  • Қоғамдық ұдайы өндірісте ақшаның маңызы мен өзбеттілігін мойындамау (сүреттеу тәсілі)

 Өнімді және өнімсіз  еңбектің мәні жөнінде Сисмонди  Смитті қайталайды. Өнімді еңбек  айырбастың жаңа заты түрінде  байлықты жасады немесе бұрыңғы  заттың құнын көбейтеді, ал  өнімсіз еңбек –«рахаттану мен еңбек, олар байлық  түсінігіне енбейді, өйткені оларды болашаққа сақтауға болмайды, бұл еңбектің нәтижесі қорланбайды.». Смитке қарағанда Сисмонди еңбек өнімніңнәтижесінде «тоғышар байлардың байлығы мен құлқынқұмарлығы ұлғаяды, ұлттардың қолөнерімен өнеркәсіптегі дпмуы өскен сайын еңбекшілер арасындағы теңсіздік ұлғаяды, біреулері көп еңбек еткен сайын екіншілерінің байлығы өседі». Өнімсіз еңбектің қоғам үшін маңызы жөнінде Сисмонди өте пессимист емес.

Машинаны жұмысшыларды ығыстыратын қауіпін Сисмонди еңбек бөлінісінің ең бірінші зиянды салдары деп есептейді және машинаның болуы мынаған әкеледі:

    • Адамның ой-дене еңбегін , денсаулығы мен өмірлік құанышын жоғалуы оның еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес келеді;
    • Жұмысшылар жұмыссыз қалады, өйткені машина және еңбек опреацияларының қарапайымдылығынан оларды жас балалардың да орындауы мүмкін;
    • Негізгі және айналмалы капиталдың өсуі тиісінше ірі кәсіпкерлерді гүлденуіне әкеледі, бірақ бұл бүкіл қоғамға тиімді емес.

Пьер-Жозеф  Прудон (1809-1865)  француз публицисі, экономисі, социологі. Оның еңбектері «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қайшылықтар жүйесі, немесе қайыршылық философиясы». 

Прудон көзқарастарын  ұсақ буржуазия мүддесін орныққан капитализм тұсында білдірді. Осы уақытқа дейін қоғамның таптық құрылымы пайда болып, ұсақ буржуазия аралық жағдайда орналасты. Прудон ұсақ буржуазия мүддесін қорғай отырып, капитализімді Сисмонди секілді жоққа шығарған жоқ.

Прудон объективті экономикалық заңдылықтарды елеген жоқ экономикалық құбылыстарды әділеттілік принципі негізде түсіндіргісі келді. Осы әділеттілік принципі негізінде ол капиталистік қоғамды түрлендіру қажеттілігін алға тартты, қоғам мүшелерінің барлығы ұсақ буржуа мен ұсақ шаруа өкілдеріне айналдыруды көздеді. Со секілді ол ірі өндірісті де елемеді, тез тұтынуға  және рыноктағы айырбасқа дайын, айрықша өнім өндіретін жекелеген, тәуелсіз тауар өндірушілерден тұратын шаруашылықтарды жақтады. Осыған байланысты ірі меншіктің орнына таура өндірушілердің ұсақ меншігінің болуын құптады.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)