Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

Прудонды қоғамға танымал  қылған оның «Меншік дегеніміз –  ұрлық» қанатты сөзі. Бұл сөз  кейіннен меншік теориясына байланысты жаңа идеялардың түрткісіне айналды.

Еңбексіз  табыс пен  қайшылықты Прудон Айырбастың қалай  ұйымдастырылуымен байланыстырады. Прудон үйлесімді(пропорционалды)құн түсінігін енгізуші. Ол әртүрлі өндіріс арасындағы еіңбек бөлінісінің үйлесімділігі есебінен болатын еңбек шығындарын көрсетеді. Егер баға үйлесімді құнға тең болса, сұраныс пен ұсыныс теңеседі.

Прудон сол сияқты «тегін кредит» үлестіретін халықтық  банкті құруды жақтады, капиталдың процент әкелуіне қарсылық білдірді. Ол тауарлы өндірісті сақтауға әрекет жасады, айырбасталымдылығы жоқ тауарлардың кемшіліктерін болдырмауға және ақшаны жоюға тырысты. Прудонның пікірінше ақша мен тауарлардың бәрі де сатылуы тиіс, олар капиталға айналмауы керек.

Сондықтан Прудон жүйесінің  барлығында реформизм байқалады. Маркстік әдебиеттерде Прудон алғашқыоппортунистердің (пролетариат мүддесін буржуазия  мүддесіне бейімдеп бағындырушы) қатарына жатады.

Томас Роберт Мальтус (1766 - 1834)— Англияның классикалық политэкономиясының көрнекті өкілі. Басты еңбектері - "Политэкономия принциптері", «Халықтардың қоныстану заңы туралы тәжірибе». Методологиялық жаңалығы жағынан халық өсуі туралы Т. Мальтус теориясының құндылығы — оның аналитикалық қорытындылары кедейліктен құтылу үшін экономиканың ұлттық саясатын түзеуге халык саны өсуі мен тірішілік игіліктерін, өмір сүру заттарының минимумын белгілеуге мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да М. Блауг Мальтус тұралы былай жазды: "Әлеуметтік заңдар негізінде (әлеуметтік реформа) адамдар қоғамын саналы жетілдіру қадамдары кісілер легімен жоққа шығарылады, сөйтіп әрбір адам өзін-өзі камтамасыз етіп өзінің мұқиятсыздығына жауап беруге тиіс" . Методологиялык ерекшелігі - ол экономикалық либерализм коңцепциясын сөзсіз қабылдай отырып, ғылыми позицияда экономика өсуі мен халык өсуінің өзара байланысына болжам жасады.

Т. Мальтустің "Халықтар заңының тәжірибесі" деген кітабында  тұжырымдалған 6ұл теория бірінші шығуындағы қысқа памфлеттен терең зерттеуге айналады. А. Маршалл Т, Мальтустің ойын былай береді: "Барлык халық, олардың тарихындағы шын деректер көрсеткеніндей, басында өсуі жағынан мол болады, олардың сан жағынан көбеюі үздіксіз болар еді, егер тіршілік заттарының жеткіліксіздігі, аурулар, соғыстар, жас нәрестенің шетінеуі немесе өз еріктерімен тежелу болмаса". Хаттыктың саны және оның өсу каркыны коғамның  әл-ауқатына әсер етеді деген Мальтустің теориясы негізінде дұрыс және өзекті проблема. Оның жоғарғы деңгейге көтерген тұжырымы - қолайлы жағдайлар кезінде (халык өсуімен байланысты соғыстар, аурулар, кедейшіліктен күтыла алмау болмаса) халык геомстриялық прогрессия бойынша әрбір 20-25 жылда екіге өседі, ал азық  өндіру және тағы басқа тіршілік заттары тек арифметикалық прогрессия бойынша ғана өседі. Малътус адамнын ұрпақты жалғастырудағы биологиялық кабілеттілігін жануарлар сияқты табиғи инстинктімен сипаттайды. Және мұндай қабілеттілік күшпен шектеуге карамастан азық- түлік ресурстарын көбейтуге карағанда артық.. Мальтус бойынша, азықты өндіруді көбейтудің мүмкін болмауы ауыл шаруашылығында техниканың нашарлығынан және жер ресурстарының шектелгенінен емес, сол кездегі кең жайылған "жер құнарлығының төмендеу тенденциясы заңынан".

Мальтус бойынша құнның негізіне өндіріс процесіндегі шығындар — еңбек капитал және жер жатады. Сөйтіп Смит-Рикардо теориясын жактаушылардан оның кұнның шығындық теориясының айырмашылығы - құнның көзі ретінде еңбекпен қатар жер мен капиталды мойындайды. Т. Мальтус табыстар теориясында Рикардоны қайталады. Екі автор да табысты бағаның кұрамды бөлігі деп қарады. Мальтус оны құннан (бағадан) бөлу үшін (өндіріс процестеріндегі) еңбек пен капитал шығындарын есептеу керек деді.

Т. Мальтустің Д. Рикардодан және тағы басқа экономистерден асып кеткен жағы бар. Бұл оның экономикалық ілімдер тарихына үлкен бедел алып берді. Ол — жиынтық коғамдық өнімді өткізу проблемаларын зерттеуі, яғни ұдайы өндіріс теориясы. XIX ғасырдың. басында классикалық мектептің қол жеткен табысы - экономиканың теория дәрежесіне сәйкес (А. Смит пен Рикардоның арқасында) экономикадағы басты мәселе қорлану деп есептелді. Ол өндірісті одан әрі өркендетуді инвестициялауды камтамасыз етеді. Мальтус өндіруші емес таптар, мысалы әскердегі паразит жатып ішер деген ойларға қарсы болды. Т. Мальтустің ойынша, шенеуніктер және   коғамның тағы басқа өндіруші емес күштері - "үшінші катардағы адамдар жиынтығы, олар коғамдык өнімді жасау мен өткізуге ат салысады». Мальтустің Рикардодан айырмашылығы – оның пікірінше, дағдарыс жеке емес жалпы болуы мүмкін. Бірак екеуінде де кез келген дағдарыс - уакытша құбылыс осы мағынада олар "Сэй заңынан" шегінді деу дұрыс емес.

Жан Батист Сэй (1767 - 1832). "Политэкономия трактатында" экономикалық циклдің кезеңдерін білдіретін өндіріс, бөліс және тұтыну секілді аттарға окушылардың назарын аудара отырып, Ж. Б. Сэй ол кезендердің сабақтастығын емес, олардың байлықтың (материалдық) өндіріс саласында жасалуын атап өткісі келді. Политэкономияның зерттеу пәні коғамдағы материалдық әл-ауқат проблемалары болуы тиіс, байлықтың көзін ол ұлттық өндірістің потенциалынан көрді.

Ж. Б. Сэй басқа классиктер сияқты политэкономияны концепциялауды нақты ғылымдар үлгісімен, мысалы физикамен  түсіндіргісі келді. Методологиялық бағытта  бұл әмбебап, бірінші қатардағы  маңызы бар заңдар, категориялар және теорияларды мойындау деген сөз. Бірақ, Сэй бойынша политэкономияның міндеті - теория және сипаттау.

Ж. Б. Сэй айналымға  «өндірістің басты факторлар  теориясын енгізеді. Бұл XIX ғасырдың бойында классикалық политэкономия теориясында маңыздысы болды. Бұл теорияның мәні - қоғамдық өндірісте үш басты фактор — енбек, капитал, жер - өзара әрекет етеді. Олардың кұнды (баға белгілеуді) жасаудағы және қоғам табысындағы қатысу дәрежесі факторлардың тиісінше жұмысшыға, капиталистке және жер иесіне тәуелділігіне байланысты.

Смиттің товардың екі  касиеті — айырбас кұны мен  тұтыну к.ұны бар деген тұжырымын  келтіріп. Сэй заттардың (товар) пайдалылығы  мен құндылылығының өзара байланысына  баса назар аударады.

Ж. Б. Сэйдің ойынша, еңбек, капитал және жер өндіріс процесіне қатыса отырып тек құн жасап қоймайды, табысқа да қызмет етеді. Бірақ үш фактор теориясынан шығатын үштік формула - (мүнда еңбек факторы жұмысшылардың табысы –жалакыға, капитал факторы капиталистердің табысы ретінде пайдаға, ал жер факторы - жер иеленушілердің табысы - рентаға сәйкес келеді).

Сэй ілімінің ішіндегі ең маңыздыларының қатарына оның «рынок теориясы». Ол «Сэй рынок заңын» қалыптастырады, бұл заңға сәкес өндіріс өнім өткізімін өзі қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда әркім сатып  алу үшін сатумен шұғылданады. Осы формулаға сәкес Сэй капитализмдегі нарықтық жағдайда артық өндіру дағдарысының болмайтындығы туралы тұжырым жасайды. Мұны  негіздеу мақсатында Сэй рынок қызметін сипаттайтын мынадай жағдайларды келтіреді:

  • тауарлардың айырбасы еңбек бөлінісі арқылы жүреді, өндіруші тұтынушыны іздеу үшін өз тауарын рынокқа шығарады;
  • рынокқа шығарылған өнім құны, бір мезгілде өндірушілердің сатып алатын өнімінің құнын анықтайды;
  • баға тұтынуды тежейді, себебі рынокқа шығарылған өнімнің бағасы болмаса, олардың тұтыну шексіз болар еді;
  • тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оған сұраныс төмен;
  • ақша тауарлардың айырбасы үшін қажет, сондықтан ақша эквивалентті емес, өнімдер айырбасталады;
  • айырбас болуы үшін әрбір тауар, әрбір құндылық өзге құндылықтарға (бағалана алуы)  қарсы тура алу керек;
  • айырбас процесі кезінде бір тұтыну заттарының екіншісіне алмасуы жүреді;
  • айырбас мынадай жағдайды қалыптастырады «әркім өзгелердің сәттілігіне мүдделі және өнеркәсіп саласының жанаданып көркеюі, басқа салалар үшін тиімді әрі сәтті»;
  • шетелдік тауарлардың әкелінуі ішкі өнімдердің  сатылуына оңтайлы жағдай тұдырады, себебі гшетелдік тауарларды өзіміздің өнеркәсіп, жер өнімдерінің өткізілімін сауда арқылы ұйымдастырғанымен, басқаша жағдайда сатып ала алмаймыз;
  • тауарлардың көлемі оларға деген сұраныстан артық болған жағдайда сатылмайды.

 

 

№5 лекция.. К.Маркстың «Капиталында» классикалық саяси

экономияның дамуы

Дәріс мақсаты:К.Маркстың экономикалық теориясы. Капитал, оның құрылымы және қисыны. Капиталды өндіру процесі. Капиталдың айналым процесі. Капиталистік өндіріс процесі. Қосымша құн теориясы және осы күнгі жағдай.

Дәріс жоспары:

  1. К.Маркстың «Капиталы»: құрылымы және логикасы.
  2. Капиталдың 1 томы : негізгі проблемалары.
  3. Капиталдың 2-ші томы: капиталдың айналымы.
  4. Капиталдың 3-ші томы: қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі.
  5. К.Маркс және осы қүнгі заман.

 

Карл Маркс (1818-1883) — классикалық политэкономияны аяктаушы ретінде экономика ілімі тарихында айтарлықтай із калдырды.

 «Капиталды» ол  өзінің ең басты еңбегі деп  жариялады.

Зерттеу пәні

К. Маркстің шығармашылық мұрасының. өзіне дейінгі экокомикалық ілімнің классикалык. мектебімен, әсіресе  А. Смит пен Д. Рикардоның  жетістіктерімен  көп ұқсастықтары бар. Бірақ "Капитал" авторының ойынша, олардың теориялык-методологиялық позициялары буржуазия экономика теориясының негіздері болды және олардың еңбегінен соң "классикалык. политэкономия" өзін тауысты деп санады

Алайда, толық сеніммен айтуға болатын нәрсе: политэкономияның пәнін бұл ғалым барлық классиктер сияқты, өндіріс саласын басым зерттеу деп есептеді. Айталык., оның ойынша, классикалык политэкономия "Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік катынастардың ішкі тәуелділігін зерттейді.

Зерттеу тәсілі

 Методологияның жалпы  сипаттамасы К. Маркстің өзі  мойындағанындай, ғалым ретінде методология жағынан бір мезгілде үш ғылыми  қайнардан бастау алады:

- англияның классикалық  саяси экономиясы, әсіресе, А.  Смит пен Д. Рикардо;

-  немістің классикалық философиясы: Гегель,Фейербах;

-  францияның утопиялық  социализмі.

Біріншілердің өкілдерінен экономикалық либрализмді,  құнның  енбектік теориясын  құн нормасы төмендеу тендендиясы заңын, еңбек өнімділігін және т.б. алды. Екінші қайнар көзден - диалектика идеясын, материализмді; үшіншілерден - тап тартысы үғымын. Қоғамның құрылымы элементтерін үйренді.Сондықтан "Капиталдың" авторы ХІХ-шы ғасырдың басы мен орта кезіндегі әлеуметтік-экономикалык. катынастарға карағанда саясат пен мемлекетті екінші қатардағы құбылыс деп қарағандардың бірі болды. Сөйтіп, ол каузальді тәсілге сүйеніп, экономикалык категорияларды бірінші және екінші дәрежедегі классификацияға бөлді экономикалық зандарды, капитализмді не осыған сәйкес шаруашылыктың рыноктык механизмін өткінші деп санады.

Базис пен қондырма концепциясы

К Маркстің зерттеу методологиясында басты орынды базис пен кондырма туралы концепциясы алады. Ол мұны 1859 ж. "Политэкономияға сын" деген еңбегінде жазды. Негізгі идеясы былай: "коғамдык өндірісте адамдар нақтылы, олардың еркінен тыс катынастарға бағынады. Ол қатынастар материалдық. өндірістік күштердін. дәрежесіне сай болады. Мұндай экономикалық өндірістік қатынастардың, жиынтығы коғамның. экономикалық құрылымын, яғни нақты базис кұрайды. Бұл нақты базистің  үстінде кұкық саяси қондырма болады, оған қоғамдық сананың тиісті түрлері сәйкес келеді. Материалдық өмірді өндіру тәсілі әлеуметтік, саяси және рухани процестерге әсер етеді. Адамдардың тұрмысын сана емес, керісінше олардың қоғамдык тұрмысы олардың санасын анықтайды".

К. Маркстің концепциясын қарастыра отырып, базис пен қондырманың кезекпен алмасуы ретінде қоғамдық даму идеясын өмірде пайдалану оңай емес екендігін атап өту қажет. Мысалы, "өндіргіш күштер техникалық жабдықтаумен және бірлескен еңбекті ұйымдастырумен байланысты, ал соңғылары меншік заңдарына тәуелді, зандық-юристік салаға жатады. Бірақ құқық - мемлекеттің бөлігі, ал соңғысы қондырмаға жатады. Біздер тағы да базис пен қондырманы бөлудің қиындығына тап боламыз". Осыған қарамастан, бұрын да, қазір де "марксист үшін экономика мынаны білдіреді: өндірісті ұйымдастыру саяси және әлеуметтік құрылымды анықтауда шешуші маңыз алады. Ол басты назарды материалдық игілікке, мақсат пен процеске, жұмысшылар мен капиталистер арасындағы шиеленіске, бір таптың екінші тапқа жалпы бағынуына аударады".

Идеалды коғам үлгісі

Базис пен қондырма концепциясы  тарихқа экономикалық интерпретация жасау үшін кажет. Мұндағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы, К. Маркстің ойынша, капитализмнің социализмге өту процесін көрсетеді. Өйткені. К. Маркс жазғандай, "'буржуазиялык. қоғамдық формация адамзат коғамының тарихын аяқтайды" . К. Маркс бойынша, диалектикадан алшақтау және капиталистік экономика заңдарын негізсіз әмбебап деп есептеу осы заңдарды ашқан классикалык, политэкономия өкілдеріне бұл зандардың ерекше және өтпелі сипатты бар екенін түсінуге мүмкіндік бермеді.

К. Маркстің түсінігі бойынша, "ХУІ-шы ғасырдан бастау алатын" капитализм - өндіріс кұрал-жабдыктарына жеке меншіктің  болуына және рыноктың анархиясына  байланысты коғамның гуманизациялануы мен демократиялануын жоққа шығарды. Бұл жүйеде пайда үшін еңбек етеді, бір таптың, екіншісін қанауы мүмкін, адам (кәсіпкер, жұмысшы) өзіне-өзі жат болады, өйткені енбекте өзін көрсете алмайды, белгісіз рынок пен қатаң бәсеке жағдайында ол құлдырап, тіршілік құралына айналады. Еңбектен тыс уақыт, яғни бос уақыт, ол - К. Маркс айтқанындай, "байлыктын өлшемі", капитализм тұсында емес коммунизмде болады .

К. Маркстің капитализмнің  сөзсіз күйреуі туралы дәлелдеріндегі басты себеп - қоғамдағы таптар арасында табысты бөлудегі рыноктық принципті  бұзу емес, бұл жүйенің, толық жұмыспен камтуды қамтамасыз етпеуі, колониалдык қанауға және соғысқа жол беруі. Сондықтан, қоғамның идеялы, мұраты деп ол -- социализмді, коммунизмді, оларды антогонистік емес қоғамның фазалары деп атады. Мұнда өндіріс құрал-жабдықтары жеке-дара адамның иемдену объектісі болмайды және адамның әрбіреуі еркіндік алады.

Таптар теориясы

К. Маркстің тапсыз қоғам  салтанаты идеясы алдымен таптар теориясына сүйенеді, 6ұл — физиократтар мен А. Смиттен бергі классикалық    политэкономияның    игілігіне    айналды.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)