Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.

Файлы: 1 файл

Экономикалық ілімдер тарихы. на каз.doc

— 4.79 Мб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 лекция. Кіріспе сабағы

Дәріс мақсаты: Экономикалық ілімдер тарихының пөні  және      әдісі. Экономикалық ілімдер тарихын кезеңдерге  бөлу. Кәне заманның экономикалық     ілімдері.     Вавилон,     Қытай     және     Индиядағы экономикалық    ойлар.    Ежелгі    Грециядағы    (Ксенофонт,    Платон, Аристотель)     экономикалық     ойлар.     Ертедегі христиандардың экономикалық көзқарастары. Құрандағы шаруашылықты сүреттеу. Ибн-Хальдунның, Әль-Фараби,      Ибн  Синаның      (Авиценна) экономикалык көзқарастары.

     Дәріс жоспары

  1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі.
  2. Көне заманның экономикалық ілімдері
  3. Орта ғасырдағы натуралды шаруашылық сипаттғы экономикалық ойлар

 

      Экономикалық ілімдер тарихы – жалпы білім беретін «экономика» ғылымының басты буыны.

Мұның зерттеу пәні –  экономикалық деялар мен концепциялардың  тарихи пайда болуы, дамуы және ауысу  процесі. Олар жекелеген экономистердің теорияларынан, териалық мектептер мен ағымдардың бағыттарынан көрінеді.

Методология жағынан  алғанда экономикалық ілімдер тарихы экономикалық талдаудың прогрессивті тәсілдерінің жиынтығына арқа сүйейді. Оған мынадай тәсілдер жатады: тарихи, индукция, логикалық, абстракция, қаузальдық,қызмет атқаратын, жүйелілік, математикалық үлгі және т.б.

Экономикалық ілімдер  тарихы көне дүние кезенінен, яғни алғашқы  мемлекеттің пайда болған мезгілінен бастау алады. Сол кезден осы күнге  дейін экономикалық теорияға тұрақты  түрде жүйелеп, қоғамның шаруашылық саясатын жүзеге асыру әрекетіне басшылық жасауға ұсынып еледі. Сонымен қатар экономикадағы, ғылым мен техникадағы, мәдениеттегі онды өзгерістерге орай экономикалық теория да жаңарып, жетілдірілді.

Бұл пәнді зерделеу әлемдік  және отандық экономика дамуының объективті заңдылықтарын ашуға септігін тигізді. Әсіресе, экономикалық ой – пікірідің эволюциясын білу экономистерге өте қажетті эрудиция мен шығармашылық дағдыларды қалыптастырады, сөйтіп олардың экономикалық теория проблемаларын еркін меңгеруіне, альтернативті теорияларды салыстыра отырып, актуальды шаруашылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді.

Экономикалық ілімдер  тарихынан алған білім жалпы  адамзаттың, соның ішінде экономикалық мәдениеттің құрамды бөлігі болып табылады.

Бірақ мұны зерделеу процесінде, экономика саласынан Нобель сыйлығының иегрі М. Фридмен айтқандай, жеке өмірбаянмен «... афоризм және мысалдар арқылы қызықтыру керек, силлогизм (дедуктивті ой қорыту) немесе теорема  жеткіліксіз».

2. Экономикалық ілімдер тарихы курсының құрылымы

Ғылыми талдау және әлемдік  экономика мен экономикалық ғылым  эволюциясының ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған курстың  үш бөлімін бөліп атаған дурыс:

  1. Рыноктық экономикаға дейінгі дәуірлердегі экономикалық ілімдер.
  2. Реттелмейтін рыноктық экономика кезеңіндегі экономикалық ілімдер.
  3. Реттелетін (әлеуметтік бағыттағы) рыноктық экономика дәуіріндегі экономикалық ілімдер.

Бірінші бөлім ескі дүние  мен орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлерді сипаттайды. Бұл кезде  натуралдық шаруашылық қатынастары үстем болып, ұдайы өндіріс экстенсивті  жүрді, экономикалық ғылым әлі объктивті түрде қалыптаса алған жоқ, ал экономикалық көзқарастарды білдірушілер философтар, мемлекет басқарушыларды, діни идеологтар еді. Олар рыноктық экономикалық қатынастарды қабылдамады.

Осы бөлімде экономикалық ой-пікір дамуының ерекше кезеңі –  меркантилизм зерделенеді. Ол – натуралды  шаруашылықтың қойнауында пайда  болатын рыноктық экономика туралы алғашқы теориялық концепция. Осы  уақыттан шамамен (ХVI – XVII ғ.ғ.) бастап шын мәнінде экономикалық теория ғылымның жеке саласы болып өз алдына бөлініп шықты. «Ол Саяси экономика» деп аталады, ал оның негізгі теориялық – методологиялық принципі – протекционизм болды.

Экономикалық ілім тарихының  екінші бөлімі «Laissez faireнің» теориялық – методологиялық принципін жақтайтын экономикалық көзқарастар мен мектептердің эволюциясын білдіретін кезенді қамтиды. Дәл осы кезенде А. Смиттің талас тудырмайтын көрінбейтін қолы, Ж.Б.Сейдің рынок заңы өмірге келді. 200 жылдай (XVII ғысырдың аяғы мен ХХ ғасырдың екінші жартысына) және тағы жарты ғасыр неоклассиктер (Х1Х ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін) өздерінің ғылыми еңбектерінде экономикаға мемлекеттің (протекционизм) араласуын қаламады.

Нәтижесінде осы кезеннің өне бойында экономикалық либерализмнің идеологтарының көзқарастарына – класиктер мен неоклассиктерге – социалист-утопистердің экономикалық идеялары (ХХ ғ. аяғы), экономист-романтиктердің «әлеуметтік әділеттілік үшін» ұсақ товарлы өндірісті қалпына келтіру реформалары да, экономикалық және экономикалық емес факторлар жиынтығының өсу процесінің өзара байланысы туралы неміс ғалымдарының (ХХ ғ№ 2-ші жартысы) қиснды пікірлері де қарсы тура алмады.

Экономикалық ілімдер  тарихының үшінші бөлімінде ХХ ғасырдағы жаңа теориялық-методологиялық жетістіктер көрсетіледі. Мұнда 20-30 жылдардағы авторлардың экономикалық ой-пікірлеріндегі әлеуметтік-институционалдық бағыт және ХХ ғасырдың аяғында өмірге келген неоклассикалық бағыттың жаңа өкілдері біріктіріледі. Дәлірек айтқанда, алғашқылары қазіргі экономикалық ғылымды антимонополиялық тұжырымдарымен байытса, ал бұл – қоғамның экономиканы әлеуметтк бақылау идеясына негізделген, екіншілері – жетілмеген (монополистік), олигополиялық бәсекелі рынок туралы маңызды, кезек күттірмейтін теориялармен толықтырылады.

ХХ ғасырдағы экономикалық ой-пікірдің айта қаларлықтай маңызды  жетістігі – экономикалық процестерге  мемлекттің араласуы туралы тұжырымдамалы  шешімдер. Олар 30-шы жылдарда пайда  болып, осы күнге дейін эетілдіріліп келеді.

Экономикалық ғылым  өркениетініңбесігі Көне Шығыста пайда  болды. Сол уақытта  шығыс құлиеленушілік натуралды шаруашылық қойнауында, оған тән экономикаға мемлекеттің  араласуы жағдайында, товар-ақша қатынастарының көлемі ұлғайып, құн тәртібіне мемлекеттік, қауымдық және жеке меншік мәселелері қойыла бастады.

Бізге жеткен ертедегі ескі Шығыс өркениетіндегі экономикалық сананы білдіретіні – б.э.д. XVIII ғ. Хаммурапи патша б.э.д. 1792-1830 жж. Қабылдаған Вавилония заңының кодексі.

Хаммурапи кодексі ескі Вавилон мемлекетінің экономикалық өмірін нығайтуға бағытталғанмен, сырттай қарағанда күштілердің әлсіздерді шеттетпеуіне бағытталды. Мұндағы құқықтық нормалар натуралды шаруашылық негіздерін қатты қадағалады, экономикалық жауапкершілікпен байланыстырды.

Көне құлдық қоғамдағы онды экономикалық ой-пікірлер б.ғ. дейінгі V-IV ғасырларда мүмкін болды. Ал сол кезеңнің ең көрнекті өкілі ескі грек философы  Аристотель. Аристотельдің жобасы бойынша,  жаратылыстанудың табиғи заңдары қоғамды еріктілер мен құлдарға, олардың еңбегін ой және дене түріне бөлуді қалайды.Өз еліндегі қалыптасқан натуралды-шаруашылық қатынастарының сенімді идеологы ретінде автор қатарластарына қарағанда (Ксенофонт, Платон және т.б) нақтылы экономикалық проблемаларға тереңдеп, сол уақытта мемлекеттің таңқаларлық, үлгі боларлық   жобасын жасады.

Экономикалық фактор негізіндегі қоғамдық концепцияның авторларының бірі – араб Шығысының  белгілі ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406). Оның концепцияларында (әлеуметтік физика) сауданың құдайға табыну, діни сипаты, ислам дінінің Құранда еңбекті мадақтап, сараңдықты, өсімқорлықты, сонымен қатар «Алла бір адамға басқаға  қарағанда артықшылық берді» дегендерді айыптауы жоққа шығарылмады. Оның басты жетістігі – қоғам эволюциясын «қарапайымдылықтан өркениетке дейін» деп айырып сипаттауы.

Фома Аквинский (1225-1274) көне кононизм мектебінің негізін қалаған  Августин Блаженныйдың ісін жалғастырушы және оппоненті болды. Басты еңбегінде  «Теология суммасында» ертедегі кононистерге қарағанда екі жақтылық, компромистік позициясын байлық, айырбас, құндылық ақша, сауда пайдасы, өсімқор проценті сияқты экономикалық категорияларды түсіндіргенде де қолданады.Ақшаның (монеталардың)  пайда болуын «сауда мен айырбастың» «сенімді өлшемі», адамдардың өзара келісімінің нәтижесі деп көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 №2 лекция. Классикалық саяси экономиянын пайда болуы.

    Дәріс мақсаты: Меркантилизм   саяси   экономияның  алғашқы  мектебі  ретінде. Меркантилизмнің    даму    сатылары.    Экономикалық    идеялардың дамуындағы меркантилизмнің ролі. Батыс европадағы меркантилизм. (У.Стаффорд, Т.Мен, А.Монкретьен, Г.Скаруффи, А.Серра ж.б.). У.Петти-ағылшын классикалық  саяси   экономиясының  негізін салушы. Құн теориясы, рента, процент, жалақы, акша және капитал. У.Петтидің трактаттарындағы    әлеуметгік   мәселелер,   У.Петтидің «Салык және  ақша жинау туралы трактаты».  17-18 ғасырлардағы Францияның   экономикалық   даму   ерекшеліктері   және   олардың П.Буагильбер   ойларындағы   көрінісі. Ақша   және   құн   теориясы. Салық    салу    проблемалары,    меркантилизмге    деген    көзкарас, кольбертизм   саясатына сын.  Ф.Кенэ және  оның «табиғи тәртіп» концепциясы.Ақша, таза өнім және эквивалентті айырбас жөніндегі ілімі. Өнімді және «нәтижесіз» еңбек теориясы. Физиократтардың капитал туралы ілімі. Ф.Кенэнің «экономикалық кестесінде» ұдайы ендірісті талдау.

   Дәріс жоспары

  1. Меркантилизм саяси экономияның алғашкы мектебі ретінде.
  2. У.Петти – ағылшын классикалық саяси экономия негізін қалаушы.
  3. П.Буагильбер және француз саяси экономиясы.
  4. Физиократтар мектебі (Ф.Кенэ және А.Тюрго).

 

Рыноктык экономикалық қатынастардың натуралды-шаруашылық байланыстарды ығыстыруы тарихи жағынан XVI-XVIII ғасыр арасындағы өтпелі уақытты қамтиды. Бұл кезең экономикалық әдебиетте меркантилизм немесе меркантилистік жүйе кезеңі деп аталады. Негізгі  өкілдері – Т.Мен, Дж.Локк, А.Монкретьен. Меркантилистік принциптер:

  1. алтын мен күміс – байлықтың мәні;
  2. елге алтын мен күмісті келтіруге бағытталған сыртқы сауданы реттеу;
  3. арзан шикізат импорты арқылы өнеркәсіпті қолдау;
  4. экспортты ынталандыру, әсіресе әзір өнімді;
  5. импорттық өнеркәсіп товарына протекционисттік тариф;
  6. жалақының төменгі дәрежесін сақтау мақсатында халық өсуін қолдау.

Меркантилизм кезеңінде  мемлекеттік үкіметтің айқын  протекционистік саясаты (ақша байлығын көбейту) экспорттың импорттан артық  болуына және сыртқы саудада балансын (онды сальдо) жасап, экономикадағы сауда капиталының ролін түбірінен өзгертті.Ертедегі меркантилизм ұлы географиялық жаңалықтарға дейін пайда болып, XVI ғасырдың ортасына дейін маңызды болды.Сыртқы саудада оңды нәтижелерге жету үшін  олар мыналарды ұсынды:

    • экспорттық товарларға барынша жоғары баға қою;
    • товарлар импортын мүмкіндігінше шектеу;
    • елден алтын мен күмісті (бұлар ақша байлығын құрайды) шығыруғы тиым салу;

Соңғы меркантилистер XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, оның кейбір элементтері XVIII ғасырда да көрінді.Жағымды сауда балансына жету үшін мыналарды ұсынған:

    • арзан товарлар (бағасы төмен) арқылы және бір елдің товарын екінші елге сату арқылы сыртқы рынокты жаулап алу,
    • елде активті сауда балансын сақтай отырып товарлар импортына жол ашу (байлық заттарынан басқа);
    • тиімді сауда істерін жүргізу үшін , алтын мен күмісіті сыртқа шығару, олардың көлемін ұлғайту, активті сауда балансына жету үшін делдалдық қызмет атқару.

Меркантилизімнің ыдырауы, мемлекеттік бақылаудың экономикалық қызметте азаюының нәтижесінде индустрияға дейінгі шарттардың бұрыңғы маңызы жойылады, жеке кәсіпкерліктің бәсекесі ұлғаяды.

Классиклық политэкономияның дамуы шартты түрде төрт кезеңге  бөлінеді.

Бірінші кезең. ХVII ғ. Аяғы мен ХVIII ғ екінші жартысының бас кезін қамтиды.Бұл кезең – рыноктыкқатынастардыңқанат жаюы, меркантилизм идеясын көз жеткізе сынау мен оның толық жойылуы еді. Осы кезеңнің басты өкілдері – У. Петти мен П. Буагильбер бір-бірнен алшақта болса да, экономикалық ой тарихында алғаш рет кұнның еңбектік теориясын ұсынды. Осы теория бойынша құнның көзі мен өлшеуші товар өніміне, игілікке жұмсалған еңбек саны болып табылады.

Классикалық саяси экономиканың бірінші кезеңін аяқтаушылар  – физиократтар мектебі XVIIIғ. Кезеңінде Францияда пайда болды. Бұл мектептің авторлары Ф.Кенэ және

А.Тюрго таза   өнімнің (ұлттық табыстың) көзі ретінде еңбекпен қатар жерді атады, ауыл шаруашылығына  көңіл бөлді.

Екінші кезең XVIII ғ. соңы А.Смиттің есімімен, еңбектерімен тығыз байланысты. Оның « экономикалық адам» мен «көрінбейтін қолы» бірнеше ұрпақтарды экономикалық заңдардың кісінің еркі мен санасынан тыс әрекет ететініне, табиғи тәртіп екеніне сендірді. Соның арқасында XX ғасырдың 30-жылдардарына дейін үкіметтің еркін бәсекеге мүлде араласпауы дәлелді болып келеді.

Үшінші кезең – XIX ғасырдың бірінші жартысы. Бұл уақытта  өнеркәсіп төңкерісі басталады. Бұл кезеңде Смиттің ілімін жақтаушылары мен шәкірттері ұстазының негізгі  идеяларын терең талдап, қайта  зерделеп, концепциясына қосымшалар еңгізді, мектеп жаңа принциптермен, теориялық тұжырымдармен толықтырды. Өкілдері – Ж.Б.Сэй, Ф.Бастиа, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Н.Сениор, Г.Кери.

Информация о работе Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)