Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:42, курсовая работа
Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды.
Ұдайы өндіріс теориясы
Еркін бәсеке экономикасы жағдайындағы үдайы өндіріс процесін және макроэкономикалық тепе-теңдік пен экономикалық өсу механизмін қарастыра отырып, К. Маркс Смит-Сэйді жактаушыларды сынайды, соңғылар ұлттык өнімді қоғамдағы таптар табыстарымен теңестіреді. Осы себептен олардың пікірлері ұлғаймалы емес, жай ұдайы өндіріс типін талдауға арналды. Осындай кемшіліктерді атай келіп, "Капиталдың"авторы өзінің барлык ұдайы өндіріс типтерін талдау схемасын ұсынады. Мұнда экономика екі бөлімше салаларынан (өндіріс кұрал-жабдықтары және тұтыну заттары өндірісі) тұрады.
«Капиталдың» 2-ші томында жай және ұдайы өндіріс концепциясындағы позитивті моменттерге, экономикалык дағдарыстар туралы вульгарлык доктриналарға дәлелді сын айтылады. Мұнда дағдарыс аз тұтынудан, яғни товар массасын оны өндіруге кеткен шығындардан төмен бағамен сатып алуға жиынтык сұраныстың жеткіліксіздігінен болып отыр.
Экономикалық дағдарыстар доктр
Жоғары талап тұрғысынан "Капиталда" дағдарыстар теориясы емес, капитализм тұсындағы капитал қорлануы мен табысты бөлудің каузальды (себеп-салдар) бағасы берілген, ол сөзсіз "жалпы артық өндірудің" кезеңіне әкеледі. Циклдік процесс, Маркс бойынша, капиталистер ұмтылған пайданы максимилизациялау мақсатында қорлану үшін жиынтық сұраныстың өсуінен басталады, 6ұл - себебі. Бірақ циклдің төмендеуімен аяқталады, өйткені көтерілуі кезеңіндегі еңбекке сұраныс оның шын ұсынысынан артық, сөйтіп жалақының өсуіне және жұмыссыздыкты жоюға, соңынан пайда нормасының төмендеуіне, қорланудың аяқталуына әкеледі. Ол — нәтижесі. сонымен кезекті экономикалык цикл басталады: экономикадағы жаңа қайта құрылымдық өзгерістер инвестиция мен жаңа жұмыс орындарын жасаумен қатарласа жүреді. Бұл процесс корлануда пайда нормасының төмендеу тенденциясына, еңбектің резервтік армиясының өсуіне, жалақының төмендеуіне және дағдарыстық ситуацияғаа әкеледі .
№6 лекция.. Маржинализм және жаңа классикалық теорияның
калыптасуы
Дәріс мақсаты:Маржинализм-
Дәріс жоспары
1 сабақ. Маржинализмнің жалпы сипаттамасы
Маржинализм дегеніміз не және маржиналистік төңкеріс XX ғасырдың соңғы отыз жыл бойында классикалық полит-экономияны маржиналистік экономика теориясы ауыстырды. Мұндай ауысудың мүмкін болуы - ғылымдағы, әсіресе, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы прогрестің нәтижсі және экономикада шаруашылық жүргізудің монополистік белгілері күшейді.
Маржинализмнің негізгі идеясы — экономикалық жүйедегі шекті экономика көлемдерді өзара байланысты құбылыс ретінде фирма, сала (микроэкономика) және бүкіл халық шаруашылығы (макроэкономика) деңгейінде зерттеу. Осындай контексте қазіргі маржинализм бүгін неоклассиктер мен кейнстік экономикалық концепцияларды өзіне біріктіріп, "экономика алғаш рет берілген мақсатта және пайдланудың альтернативті мүмкіндіктері бар шекті қаржылардың. өзара байланыстарын зерттейтін ғылымға айналды -".XIX ғасырдың үшінші жартысында екі жүз жылдай тарихы бар классикалық мектептің құндылығын қайта бағалау экономикалық әдебиеттерде "маржиналистік төңкеріс" деп аталады Болған төңкерістің (революция) мәнін түсіндіргенде мынаны атап өту керек: "маржиналь" - ағылшын - француз тілінде шек (шегі) дегенді білдіреді. Маржинализм — жаңа экономикалық талдау принциптеріне сүйенеді, олар болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді сипаттауда шекті көлемдерді аныктайды. Бұл - олардың классикалык политэкономиядан ең басты өзгешілігі. Классиктер орташа немесе қосынды көлемдерде қөрінетін экономикалық құбылыстардың. (категориялардың) мәнін сипаттап қана қойды. Мысалы, баға негіздерін анықтағанда классикалық концепция шығын принципімен, еңбек шығындары көлемімен (басқалары - өндіріс шығындарымен) байланыстырды. Ал маржиналистер концепциясы бойынша бағаның, құрылуы (шекті кұндылық теориясы бойынша) өнімді тұтынуына байланысты, яғни бағаланып отырған өнімге қажеттілік қаншалықты өзгереді, егер осы өнімнің (игіліктің) бір единицасы тағы қосылса [3]. Маржиналистер методологиясындағы төңкерістің тағы бір ерекшелігі: егер классиктер экономикалық қүбылыстарды танденциозды қараса, мысалы, өндіріс саласын айналысқа қарағанда бірінші орынға шығарып, құнды бүкіл экономикалық талдаудын. бастапқы категориясы десе, маржиналистер экономиканы өзара тәуелді шаруашылық субъектілерінін. жүйесі деп қарап, олар шаруашылық игіліктерді, яғни материалдық, қаржы және еңбек ресурстарын пайдаланып, жұмсайды дейді. Сондықтан экономиканың тұрақты жағдайы мен тепе-теңдігі мәселесі туралы маржиналистік теорияның арқасында кәсіпорындар мен фирманың, бүкіл халық шаруашылығының қоршаған ортамен өзара әрекетінің нәтижеін талдау мүмкін болды. Бүдан әрі классиктермен салыстырғанда маржиналистік теория математикалық тәсілді кеңінен қолданады, соның ішінде дифференциалды тендеулерді (есептеулерді). Маржиналистерге математика тек шекті экономикалық көрсеткіштерді талдау үшін ғана емес, сонымен қатар, мүмкін гипотез бен сандық жағдайлардың, ішінен жақсы варианттарды, оптималды шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін де қажет."Төңкерістік" қадамдар маржиналистерді ақшаның сандық теория саласында жасауға мүмкін етті. Себебі: маржиналистік төңкеріс Рикардо мен Милльдін ақшанын сандық теориясының ортдоксальді жорамалын жокқа шығаруға жаңа деректер берді. Нәтижесінде акшаның басты қызметтерін мойындауға мәжбүр болды: айналыс
қүралы. қүн немесе сан
өлшемі, жинақ құралы, қорлану немесе
құнды сақтау қүралы. Бастысы —
ақшаның сан түрлі
"Маржинал төңкерісі" кезеңдерінің ерекшеліктері
Экономикалық әдебиеттерде "маржинал төнкерісі" болуының екі кезеңі көрсетіледі. Бірінші кезеңі XIX ғасырдын. 70-80 жылдарын қамтиды: мұнда австриялық К. Менгердің және оның шәкірттерінің еңбектеріндегі маржиналистік идеяларға экономикалық талдау жасалып. қорытындыланады және жоғарыда аталған ағылшын У. Джевонс пен француз Л. Вальрастын. еңбектері талданады Осы кезенде товардың шекті пайдалылығы теориясы қүндылықты анықтау бұл мектептің басты шарты деп жарияланып, ал товар қүндылығын бағалағанда накты адам мүддесі түрғысынан психологиялық сипаттамасын мойындау керек. Сондыктан маржинализмнің бірінші кезеңін "субъективті бағыт" деп атайды .
"Маржинал төңкерісінін" екінші кезеңі — XIX ғасырдың 90-жылдарына сай келеді. Осы уакыттан бастап маржинализм көптеген елдерде басым бағыт болып қанатын жаяды. Бұл кезеңдегі оның басты жетістігі - 70-жылдардағы субъективизммен психологизмнен бас тартып, Й. Шумпетер айтқандай, "экономиканың таза мақсаты ... берілген жағдайлардың негізінде әр кезде де экономикалык өмірдің ретті жүруін түсіндіру" [12]. Нәтижесінде жаңа маржинал экономикалык идея өкілдері классикалык, политэкономияның иегерлері саналып, оларды неоклассиктер деп атады . "Маржинал төңкерісінің" екінші кезеңі - неоклассикалық саяси экономияның. қалыптасу кезеңіне - ең көп үлес қосқандар: ағылшын А. Маршалл, американ Дж. Б. Кларк және итальян В. Парето еді. Жоғарыда аталған маржинал төнкерісінін. екі кезеңіндегі идеялар эволюциясын былай сипаттауға болады:
Біріншідсн, бастапқыда маржинализм өзінің субъективті бағытында экономикалық талдауды тұтынумен (сүраныс) байланысты проблематикаға назар бөлудің маңыздылығын көрсетті. Ал классиктердің өндіріс (ұсыныс) проблемасын басым бағыт дегені белгілі Бірақ неоклассиктер (маржинал төңкерісінін екінші кезеңі) содан кейін екі саланы бір мезгілде зерттеудің кажеттілігін негіздеді, олардың біреуін ерекше бөлмей, бір-біріне қарсы қоймады.
Екіншіден. маржиналистердің алғашқы толқыны (экономикалық ойдың субъективті бағыты) классиктер сияқты себеп-салдарлы талдауды пайдалана отырып, өзіне дсйінгілерді қайталағандай болады. Каузальді тәсіл біріншісінде де, екіншісінде де товар игіліктерінің құнын (қүндылығын) мойындауға, яғни оны экономикалык зерттеудің бастапқы категориясы деп есептеуге әкеледі. Бір ғана айырмашылык, -классикалық мектеп экономикада бірінші орында - өндіріс саласы, қүнның қүрылу көзі - өндіріс шығындары десе, субъективті мектеп бірінші орынға — түтыну саласын жаткызып, осымен байланысты бағалар товарлар мен қызмст көрсетудің қүндылығына тәуелді етеді. Өз кезегінде маржиналистердің екінші толқыны экономика теориясында неоклассиктердің негізін қалады. Олар бұған каузальды тәсілді функциональдімен алмастырып, яғни екі жүз жылдай экономикалық ғылымда үстем болған өндіріс пен тұтынуды бірінші, екінші сала деп бөлу дилеммасын жойып, тиісінше құнның (қүндылықтың) негізіне не жатады деген таласты тоқтату арқылы жетті.
Неоклассиктер, бейнелеп айтсақ, өндіріс саласы мен түтыну саласын қосып, жүйелі тұтас талдау объектісіне айналдырып, шекті экономикалық өлшемдерді сипаттауды бөлу мен айырбас саласына таратты. Нәтижесінде кұн туралы екі теорияны (классиктердің шығындар, субъективистердің күндылық) бір екі өлшемді теорияға табиғи біріктіруге әкелді, ол бір мезгілде шекті шығындар мен шекті пайдалылыкты өлшеугс негізделген
Үшіншіден, 1-ші кезендегі маржинал төңкерісіне қарағанда 2-ші кезенде экономикалык талдауда функционалдык тәсілмен қатар экономикалық процестерде жаппай математикалық модель жасау кең. етек алды. Ол микроэкономикалык деңгейде экоиомикалық тепе-тендік концепциясын, яғни жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейінде жүзеге асыру құрушы болды. Мұны неоклассиктердін экономика пәнінен ХГХ ғасырдың 30-шы жылына дейін макрозерттеу және экономика өсу факторлары проблематикасы алынып тасталған еді. '
Маржиналистер экономикалык өсу еркін бәсеке арқасында автоматты түрде жүреді деп XIX ғасырдын. үшінші жартысына дейін және XX ғасырдың 30-жылдарында тағы қайталады. Сөйтіп олар шын өмірде болмайтын Ж. Б. Сэйдің "рынок зандарын" және оның экономиканың өзін-өзі реттейді, тепе-тендік деген ндеясын қолдайды. Бірақ маржинал экономика теориясының математизацияланған ерекшелігін мойындай отырып оқушыларды қазіргі танымал ғалым экономистердің бұл жөніндегі ескертпелерімен таныстырған артық емес. Айталық, В. Леонтьев: "Жаратылыстану мен тарих ғылымдарындағы әріптестері сияқты деректерді қатаң жүйелеп жинауға о бастан үйренбеген экономистер дедуктивті талдауға бейімділік көрсетті. Көптеген экономистер таза немесе қолданбалы математикадан келді. Экономикалык журналдардың әр беті математикалык. формулаға толы болды. Олар аз ғана шындықтан, бірақ абсолютті негізсіз болжамға түзілгендіктен. іске қатысы жоқ теориялық қорытпаға әкеледі. Қазіргі көптеген экономист-теоретиктердің жүйелі зерттеулерге көңілдері толмайтындары ап-айқын жәнс мұны мстодологиялык құралдардан көреді. оларды қолдану наюылы информацияны қысқартады немесе азайтады" М. Алленін. ойынша, "жақсы физик нсмесе экономист болу үшін математика саласынан білім мен дағды жеткіліксіз, сондықтан * еш уақытта да мынаны қайталау артық емес: экономист үшін ; физик сияқты негізгі мәселе — математиканы тек математика үшін қолданбай, оны нақты шындықты талдап, зерттеудің қүралы ретінде пайдалану. Сондыктан міндет - ешуакытта теорияны оны қолданудан бөлмеу керекМұндай ескертулердің саны көп.
Төртіншіден, неоклассиктер экономикалық ғылымның алғашқы үстаздарынан, яғни классиктерден, ең бастысын — экономикалық либерализм принциптеріне берілгендікті, "таза білімді ұстап қалды" Кейде мұны субъективизмнен, психолопменен және басқа экономикалық емес қоспалардан арылған "таза теория" деп айтады. Сондықтан, маржиналистердің "екінші толқыны" біріншілерінен, тіпті классиктерден де ерекше зерттеу пәнін кеңейткенін (алдыңғыларына карама-қарсы сапалы методологиялық қүраалдарға жүгінгені, яғни жүйелілік, математиканың мүмкіндіктерін, каузальды және классификациялык талдауды ауыстыру, шаруашылык механизмді зерттеу, экономикалык көрсеткіштердің өзара байланысы мен езара тәуелділігін функционалды сштаттау) мойындай отырьгп, карсы жағын да көрсетуіміз тиіс: неоклассиктер өздерінің зерттеу гтәнінің шенберін әдейі тарылтты, яғни экономика ғылымыньщ теориялық-методологиялық міндеттерінен әлеуметтік және макроэкономикалық бағыттағы проблематиканы алып тастайды