Инфляция түсінігі, пайда болу себептері, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:09, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Файлы: 1 файл

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ҮДЕРІСІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның үдерістің серпінін талдау

 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі.

2008 жылы азық-түлік тауарлары рыногында бағаның өсімі нан және жарма өнімдеріне 1,2% құрады. Күріш бағасы 3,4%, жармалар – 1,3%, ұн – 1,1%, макарон өнімдері – 1%, нан – 0,5%-ға өсті. Қант 2,1%, май және тоң май – 0,9%, ет өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 1,1%,  жемістерге – 3,8%,  көкіністерге – 4,7%-ға  тіркелді.

Бензин бағасы 2,6%, дизель отыны – 2,1%-ға өсті. Кеңсе тауарларының бағасы 1,9%, ж уғыш және тазалағыш құралдар – 1,2%, жеке басқа арналған гигиеналық тауарлар – 1%, медициналық дәрі-дәрмектер – 0,7%,  үйге қажетті заттар – 0,6%, киім және аяқ киім – 0,4%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге баға өсімі 2,5% құрады. Электр энергиясы тарифтері  7,6%, газ – 4,6%, орталықтан жылыту – 1,4%, сумен жабдықтау- 1%, к әріз – 0,6%, тұрғын үйді күтіп ұстау – 0,5%-ға өсті. Автомобиль көлігімен жол жүру үшін төлем  5,5%,  әуе – 1,4%, теміржол – 0,5 %-ға өсті. Шаштараз, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтеріне баға 1%-дан, медициналық мекемелер – 0,8%, мәдениет және білім беру  – 0,4%-дан өсті.

2009 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6%-ды құрады. Баға азық-түлік тауарларына 0,4%, азық-түлік емес тауарларға - 0,3%, ақылы қызмет көрсетулерге - 1,1% -ға өсті.

 

2.1 кесте - Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы (2008 ж. -2009 ж.)

 

 

Бір килограмының бағасы теңгемен, 2009 ж.

2008 жылы орташа баға

орташа

ең төмен

ең жоғары

алшақтық,

есе

қала

баға

Қала

Баға

Бірінші  сұрыпты
бидай ұны

84

Павлодар

57

Астана

123

2,2

77

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

78

Ақтөбе

59

Ақтау

103

1,7

75

Күріш

209

Қызылорда

172

Астана

264

1,5

124

Ұнтақ жарма

121

Павлодар

80

Атырау

191

2,4

93

Қарақұмық  жармасы

137

Павлодар

109

Ақтау

202

1,8

132

Сиыр еті

602

Көкшетау

476

Алматы

751

1,6

566

Сары май

663

Жезқазған

476

Алматы

936

2,0

608

Күнбағыс майы, литр

242

Өскемен

205

Ақтау

358

1,7

313

Шикі сүт, литр

99

Көкшетау

74

Алматы

143

1,9

92

Жұмыртқа, ондығы

178

Қостанай

130

Алматы

237

1,8

193

Картоп

75

Павлодар

55

Ақтау

95

1,7

75

Ақ қауданды қырыққабат

61

Павлодар

38

Ақтау

95

2,5

111

Құмшекер

126

Жезқазған, Қостанай

117

Алматы

147

1,3

105

Шай

1018

Көкшетау

873

Астана

1239

1,4

865

 

2009 жылы азық-түлік тауарлары рыногында бағаның өсуі шикі сүтке 4,6%, жұмыртқаға, кофе, шай және какаоға - 1,8%-дан, сүт қышқылды өнімдерге - 1,7%, май және мал майына - 1,6%, алкогольсіз сусындарға - 1,3%, алкогольді ішімдіктерге - 1,2%, балық және теңіз өнімдеріне - 1%, кондитерлік өнімдерге - 0,6%, ет өнімдеріне, жемістер мен көкөністерге - 0,2%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі нанға, макарон өнімдеріне - 0,3%-дан, жармаға - 1,7%, күрішке - 2,7%, ұнға - 5,1%-ға тіркелді. Тұтыну  бағаларының  индексі  2009ж.  қаңтарда 2008ж.  желтоқсанмен  салыстырғанда 100,3% құрды.

Баға деңгейі медициналық қызмет көрсетулерге 0,5%, шаштараз, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызмет көрсетулеріне - 0,9%-дан, жолаушылар көлігі қызмет көрсетулеріне - 1,2%-ға жоғарылады. Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі ыстық суға 4,2%, кәрізге - 3,7%, орталықтан жылытуға - 2,6%, суық суға - 1%-ға байқалды.

 

2.2 кесте – Қазақстан Республикасында 2008 ж. - 2010 ж. аралығындағы салыстырмалы түрдегі тұтыну бағалар индексінің (ТБИ)  көрсеткіштері

 

                                                                                                        

Тауарлар атауы

ТБИ

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Азық-түлік тауарлары

39,4%

38,8%

39%

Азық-түлік емес тауарлар

32,3%

32,4%

31,8%

Ақылы қызмет көрсетулер

28,3%

28,8%

29,2%


 

2.2 сурет – Қазақстан Республикасында 2008 ж. - 2010 ж. аралығындағы салыстырмалы түрдегі тұтыну бағалар индексінің көрсеткіштерінің динамикасы

 

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2008 жылы ТБИ-де азық-түлік тауарларының үлес салмағы – 39,4%, азық-түлік емес тауарлар - 32,3%, ақылы қызметтер - 28,3% құрады. 2009 жылы ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 38,8%, азық-түлік емес тауарлар - 32,4%, ақылы қызметтер - 28,8% құрады. 2010 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 39%, азық-түлік емес тауарлар – 31,8%, ақылы қызметтер – 29,2%-ды құрады.

2010 жылы баға деңгейі жұмыртқаға 2,2%, шикі сүтке – 0,2%-ға төмендеді. Бағаның көтерілуі сүт консервілеріне 0,3%, мал майына – 0,4%, кофе, шай және какаоға – 0,7%, ұнға – 0,8%, ет және құс етіне – 0,9%, қарақұм жармасына – 2,9%-ға байқалды.

Бағаның өсімі кеңсе тауарларына 3,6%, темекі өнімдеріне – 3,5%, кітаптар мен газеттерге – 0,6%, фармацевтика препараттарына – 0,5%, жеке гигиена тауарларына, киім мен аяқ киімге – 0,3%-дан құрады.

2010 жылда Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі 100%-ды құрады. Баға азық-түлік тауарлары мен ақылы қызмет көрсетулерге өткен айда 0,1%-дан төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларына 0,4%-ға өсті.

Бағалар бензинге 0,2%, дизель отынына – 0,3%-ға өсті. Білім беру қызметтері 0,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,6%, жолаушылардың темір жол көлігі – 2,4%-ға қымбаттады.

Инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айтқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект.

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдің ерекшеліктерін талдау

 

Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады.

Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын.

Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады.

Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз.

Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек.

Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның саны.

Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.

Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс азаяды.

Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

- мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

- валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды.

Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады.

Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.

Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін.

Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі.

Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,  жалпы экономикалық   өсу  басталады.

Екінші әдістемені жаңа  классикалық  бағыттағы  экономистер  ұсынады. Олар  бірінші орынға ақша – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика жағдайына жанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды.

Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы жүргізу керек.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдағы инфляцияға қарсы шараларды талдау

 

Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Информация о работе Инфляция түсінігі, пайда болу себептері, түрлері