Инфляция түсінігі, пайда болу себептері, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:09, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Файлы: 1 файл

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жоспардың мақсаты  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

1.             Қаржы секторын тұрақтандыру.

2.             Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.

3.             Шағын және орта бизнесті қолдау.

4.             Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

5.             Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы  7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады.

2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ-нің өсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар.

Сонымен қатар жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді деп болжалған еді.

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕСІНІҢ БОЛАШАҚҚА АРНАЛҒАН БАҒЫТТАРЫ

 

Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Елдегі инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін қазіргі таңда аса маңызды және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

Соңғы жылдары теңге енгізілгені кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны байқалды және ол Қазақстанның бүкіл қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепші болады.

Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын көлемі мен дүниежүзілік шикізат ресурстарының бағасына тәуелділігі төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

Қазақстанның қаржы секторы реалды секторға қарағанда жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.

Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелі көлемінің жетіспеушілігі – ашық рынокта кең көлемде операциялар жасауға кедергі келтіреді. Міне осы операциялар инфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.

Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.  

Инфляция инфляциялық таргеттеу кезінде маңызды рөлді атқарады. Сонымен қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

Бүкіл әлемдік мұнайға деген баға тербелісі Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұнай шығару экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына зардабын тигізу қаупі бар.

Отандық қаржы нарығының сиымдылығының жеткіліксіздігі оған шетел капиталын толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуі экономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.

Экономикалық өсімнің антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең – кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Осылайша инфляцияның әлсіруіне әлемдік теория мен практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

 

22

 



Информация о работе Инфляция түсінігі, пайда болу себептері, түрлері