Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:33, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.
КІРІСПЕ
1.Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату факторы ретінде
1.1.Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні 5
1.2.Өнімнің бәсекеге қабілетілігін бағалау 11
1.3. Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер 14
2. Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері
2.1. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі 20
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ. қаржылық – экономикалық талдау 25
2.3. Фирмадағы маркетингтік жоспарлау 30
3. Кәсіпорында маркетингтік жетілдіру
3.1. Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру 33
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Маркетингті қайта құру.
Маркетингті қайта құру біріншіден, ескі маркетингтік тәсілдерден жаңа тәсілдерге бір қалыпты өтуді, екіншіден, маркетингті қайта құру үшін бірнеше жағдайларды атап өтуге жақсы. Соның қатарында:
Жаңалықты енгізудегі кәсіпорынның қаржылық, материалдық және еңбектік ресурстардың бар болуы мен қатар оның жолында негізгі ұйымдық және психологиялық барьерларды анықтау маңызды.
Ұйымдастырушылық жоспарда мынандай кедергілер болуы мүмкін:
Барлық барьерлердің ішінен мамандар жоғарғы басқарушылық кәсіпорындардағы маркетингтің жаңа әдістеріне көп мән береді. Жаңалықты енгізгенде басшылардың көмегі маңызды, ал жаңартпашылықты енгізгенде кәсіпорын басшылары жағынан көңіл бөлінгенін талап етеді. Маркетингтегі жаңалық жауапкершілік пен өкілеттілікті қайта тағайындауды, шешім қабылдау процедураларын өзгертеді.
Нарық сегментін таңдау.
Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір – біріне ұқсамайтын әрбір нарықта ерекше тұтынушылардан тұрады. Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әр түрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Міне, осы нарықты сегменттеудің негізі болады.
Сонымен нарықты сегменттеу дегеніміз –нарықтағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.Нарықты сегменттеу ұғымын тұңғыш рет 50 жылдары Смит Уэнделл пайдаланды. Және бұл тәсіл жалпы маркетинг стратегиясы ретінде ұсынылады. Сегменттеудің мақсаты өндірілген және жетілген және өткізетін тауарға нақтылы сатып алушыны қамтамасыз ету болып табылады. Маркетинг іс – тәжірбиесінде нарықты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:
Қазақстан Республикасында канцелярлық нарығында белгілі өндірушілер болмағанда, біраз уақыт бойы мемелекетке канцелярлық тауар аз мөлшерде
келгенде және Қазақстан барлық жабдықтаушылармен байланыс жоғалтқан кезде, яғни КСРО ыдырағаннан кейін 1994 жылы кыркүйек айында Қазақстанның АБДИ компаниясы құрылды. АБДИ компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерінің партиясын көтерме жеткізуінен бастады, кейін оның ассортименті ұлғайды. АБДИ сауда нүктелерінде үлкен сұраныстың арқасында және ұсыныстың жеткілігінен үлкен кезектер бола бастады, сондықтан сауда жүйесін ұлғайту қажеттілігі туды. Жылдан - жылға тауар ассортименті мен қызмет көрсету сервисі де кеңейтіле түсті. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 25 АБДИ фирмалық дүкенінде 550 адам жұмыс істейді. Қазақстанның барлық қалаларында ондаған филиаладар мен диллерлер бар және бұл шекті емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше филиалдар мен дүкендер ашылуға дайындалып жатыр.
«АБДИ Компани» А.Қ. – ның стратегиялық бизнесі».
Өзіне қатысты қызметтің максималды түрде дамуы компанияның сапалы және тиімді дамуына тауардың кең таңдау, толық қызмет кешені, жағымды атмосфера, сонымен қатар бағалардың жақсы үйлестіруі мен тауардың сапасы көмектеседі. Жыл сайын жақсы жұмыстың атағын дәлелдей отырып, сатудың 3 дәрежесінде: бөлшек, көтерме, корпаративті түрде жұмыс істеуге көмектеседі. Компанияның негізгі мақсаты: Қазақстан Републикасынның және Орталық Азияның әрбір азаматына әлемдік дәрежедегі мектеп пен офиске арналған тауарды жеткілікті етіп жасау және корпаративті қызмет көрсету. Корпаративті тұтынушыларға ерекше жағдай жасау мен компанияның менеджерлері әрбір тұтынушының сұранысына индивидуалды тұрғыда қысқа мерзімде олардың барлық өтінішін қарайды және олардың тілектерін орындайды. Компанияның жұмыс істеудің негізгі принциптері болып, ұсынатын тауар мен қызметтердің ассортименттік оптимизациясын, өзінің тұтынушысына максималды географиялық жақындату, сатуға қазіргі кездегі технологияны енгізу және ұсынатын қызметтің сапасын үнемі арттыру саналады.
Сауда жүйесі, филиалдар.
Қазақстанның үлкен қалаларында кең сервистік жүйелері бар: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавлск, Қарғанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Балқаш, Тараз. Қазақстанның 14 қалаларында 25 фирмалық дүкендер бар, соның ішінде 8 үлкен супермаркеттерімен қоса. Бүгінгі таңда компанияның жалпы ауданы 13 мың шаршы шақырымды құрайды, ал қоймалық аудан 20 мың шаршы шақырымнан астам. Компанияның дамыған қызметтік жүйесі кең ауқымды тұтынушылардың қысқа мерзімде толық көлемде сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Қазақстанның әрбір қаласында 1 архитекторлық стильде жасалған. Қазіргі кездегі транспорт пен техникамен жабдықталған әдемі супермаркеттер компанияның визиттік картасы болады. Қазақстанның әрбір аймағында бірдей ассортиментік тауар, бірдей қызмет, бірдей сату саясаты, бірдей баға саясаты бар.Бір қалада бірдей және қысқа мерзімде барлық филиалдарда шарт бойынша тауар жеткізуді жүзеге асыруға оперативті байланыс көмектеседі. Өзіне - өзі қызмет ету жүйесі, тауарларға қол жеткізер бостандық, штрихкодтау жүйесі, әр түрлі канцелярлық тауарлар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сатып алу процесін тездетеді.
Қызметтер.
«АБДИ Компани» өзінің тұтынушылары үшін әртүрлі қызметтерді ұсынады:
Компания тұтынушыға өз уақытында жоғары сапалы тауарды жеткізуге, тауар сапасының жеңілдіктеріне және сатып алудан кейінгі қызметке көп көңіл бөледі. Ал осындай кепілдіктерді тек қана болашақта жұмыс істейтін компаниялар бере алады.
Серіктестіктер қатары:
Әлемнің 35 елінде 180 өндіріс – фабрикалармен қарым – қатынас жасайды. АҚШ, Франция, Италия, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей және т.б. Ол АБДИ Компаниясының нарықта өз тауарына деген тұрақты бағаны сақтап қалуға көмектеседі. Қоймада үлкен мөлшерде тауарды үнемі бар болуы мен қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттардыратын,тауарды жеткізетін сервистік – таңдаушыны таңдайды. Дүкендерде өз уақытында тауардың түсуін қадағалайтын және қазақстандық тұтынушылардың тілегін мен талғамын кейде алдын – ала біліп қояды. АБДИ Компаниясы көптеген жылдар бойы көптеген серіктестіктермен байланысты орнату арқылы Қазақстанда көптеген эксклюзивті сауда маркаларымен жабдықтайды. Компанияның мұқият жасалған саясаты мен логистикасына байланысты компания әлемдік сападағы тауарды шығарған елдегі бағадан арзан алады. Компания өз жетістігінде тоқталмайды, ол әлемдік көрмелерге қатысады; жаңа өнімді, брендті бағалайды; жаңа өндірушілерді іздейді; жаңа дизаинді ойлап табуға көмектеседі.
Компанияның тұтынушылары.
АБДИ Компаниясының ең үлкен жетістігі болып тұтынушылардың жастық диапозоны 1 жастан бастап шексіздіке дейін болып саналады, өйткені адамдардың барлық жастағы негізгі ерекшелігі ол даму мен оқып үйренудің тілегі. Компания үшін әрбір тұтынушы маңызды, яғни жеке және заңды тұлғалар. Тұтынушылардың арасында бастауыш сыныпқа баратын оқушы, зейнеткерлер, Республиканың атақты және таңымал адамдары.
Компанияның корпоративті тұтынушылары:
Корпаративтік тұтынушылардың саны – 15000 және жылдан жылға өсуде.
Тауарлар.
Канцелярлық тауарлар адаммен бірге жыл бойы қосақталып жүреді. Балбақшада алғашқы суреттен бастап, кәсіпорынды немесе ұйымда жұмыс орынды көркемдеумен аяқталады, сөйтіп, адамның өмірлік қызметіне жылдан жылға енеді. Канцелярлық тауарға қажеттілік көп туғаннан, тұтынушының тауарға және қызмет көрсетуге сұранысы жоғарлайды, сондықтан халықтың әлеуметтік тобына және әртүрлі жастағы топтың тұтынушылық қажеттілігін қанағаттандыру үшін АБДИ үйге және офиске арналған үлкен ассортименттік тауарды ұсынады.
Тауар ассортименті 15000-нан астам құрайды:
№ | Көрсеткіштер | Өлшем | 2009 | 2010 | Ауытқу | ||
бірлігі | (+:-) | % | |||||
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс | мың.тг | 802456789 | 750123654 | -52333135 | 93,5 | |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | мың.тг | 467217646,5 | 558816893 | 91599246,53 | 119,6 | |
3 | Жалпы табыс | мың.тг | 335239142,5 | 191306761 | -143932381,5 | 57,1 | |
4 | Кезең шығындары | мың.тг | 126600974,9 | 86291669,28 | -40309305,63 | 68,2 | |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | мың.тг | 208638167,6 | 105015091,7 | -103623075,9 | 50,3 | |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | мың.тг | -27007145,75 | 147388254,4 | 174395400,1 | ||
7 | Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс | мың.тг | 181631021,9 | 252403346,1 | 70772324,19 | 139,0 | |
8 | Таза табыс | мың.тг | 127143707 | 176681488,5 | 49537781,48 | 139,0 | |
9 | Жұмыскерлер саны | Адам | 630 | 560 | -70 | 88,9 | |
10 | Соның ішінде жұмысшылар | Адам | 504 | 440 | -64 | 87,3 | |
11 | Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі | Адам | 1273740,935 | 1339506,525 | 65765,59008 | 105,2 | |
12 | Бір жұмысшының еңбек өнімділігі | мың.тг | 1592176,169 | 1704826,486 | 112650,3177 | 107,1 | |
13 | Соның ішінде жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры | мың.тг | 127417,5 | 123176 | -4241,5 | 96,7 | |
14 | Бір жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы | Тг | 106145077,9 | 111625543,8 | 5480465,84 | 105,2 |