Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:19, курсовая работа
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Жартылай фабрикатсыз әдіс. Жартылай фабрикаттар өндірістің бір стадиясынан екінші (басқа) стадиясына ауыстырылып отырылуына байланысты шығындарды ауыспалы кезеңдер бойынша есептеуге арналған әдіс.
Жартылай фабрикаттар қозғалысы тек қана сандық өлшеммен өлшеніп, бұлардың өзіндік құны калькуляцияланбайды. Калькуляциялауға цехтар ішінде жинақталған шығындар сомасының негізінде дайындалған дайын өнімдер ғана жатады.
Ұйымдар бухгалтериясындағы синтетикалық счеттарда тек қана дайын өнімдер қозғалысының есебі, ал әр стадиялар ішіндегі өндірілген өнімдер есебі тек қана оперативтік тәртіппен есепке
1 «Фабрикат» (латын) термині өнеркәсште толығымен өндірілген, кайта өңдеуді қажет етпейтін дайын өнімдерді сипаттайды алынып, бұлар бухгалтерлік есеп счеттарына тіркелмейді. Яғни жартылай фабрикатсыз әдіс әр стадиялар бойынша сандық есеп жүргізуге арналған.
Өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау әдістері. Өндірістік шығындар есебін жүргізу және өндірілген өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктеріне қарай мына төмендегі әдістер өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін қолданылады:
Жоғарыда келтірілген
әдістер өзіндік құн шығару әдіснамаларына
қарай бір-бірінен айрықша
Тікелей есептеу әдісін қолдану аркылы өнімдер әндіруге жұмсалған барлық шығындар сомасын өндірілген өнімдердің натуралды көлеміне бөліп, өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өндірілген өнімнің нақтылы өзіндік құны мына формула бойынша шығарылады:
Өқ= Жш : Нс, Мұндағы: Өк - өнімнің өзіндік құны;
Жш - жұмсалған барлық шығындар;
Нс - өндірілген өнімдердің натуралды саны;
Мысал. Тау-кен өндірісі саласындағы ұйым бір ғана өнімнің түрін өндіреді. Өнімнің аталуы - темір рудасы. Есепті ай ішінде 40 тонна темір рудасы өндірілді (шартты цифрлар). Жұмсалған барлық шығындардың сомасы - 40000 теңге. Бір тонна өндірілген темір рудасының өзіндік құны
40000 : 40 = 1000 теңге.
Коэффициенттік калькуляциялау әдісі бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құны арнайы коэффициенттерді қолдану жолдарымен есептелінеді. Коэффициенттер құрудың негізі мына төмендегі базистік көрсеткіштерден тұруы мүмкін:
Мысал. Ағаш тілу зауытында дайындалған қарағайдан әр түрлі сорттағы: екі шеті тілінген тақтай, тілінбеген тақтай және кесінді тақтайлар дайындалады. Коэффициент анықтаудың негізіне өнімдерді жөнелтудегі баға алынған. Екі жағы тілінген тақтайдың 1 куб.м - 1200 теңге, тілінбеген тақтайдың 1 куб.м - 960 теңге, кесінді тақтайдың 1 куб.м - 600 теңге бағаланған.
Есепті ай ішінде осы зауыт ағаш тілуден 20000 куб.м екі жағы тілінген тақтай, 15000 куб.м тілінбеген тақтай және 5000 куб.м кесінді тақтай алды.
Өндірілген барлық өнімдерге жұмсалған шығындар 3450000 теңге болып анықталды.
Коэффициенттік
негіз құрау үшін екі жағы тілінген
тақтайды шартты өлшемге аламыз.
Сонда: 1) екі жағы тілінген тақтай
(1200:1200).......... 1,0
Осы мәліметтер негізінде өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялауға арналған есептеулер төмендегі 8.5 кестеде көрсетіледі.
8.5 кесте
Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын калькуляциялау
Өнімдердің аталуы |
Саны Куб.м |
Коэффи-циенттер |
Шартты өнімдердің саны куб.м |
Жекеленген өнімдердін өзіндік құны тенге |
Екі жағы тілінген тақтай |
20000 |
1. |
20000 |
? |
Тілінбеген тақтай |
15000 |
0,8 |
12000 |
? |
Кесінді тақтай |
5000 |
0,5 |
2500 |
? |
Жинағы |
X |
X |
34500 |
3450000 |
Осы кестеде көрсетілген мәліметтерге қарағанда тілінген ағаш материалдарының шартты саны - 34500 куб.м. Бұл көрсеткіш материалдардың шартты санының өзіндік құнын шығаруға қолданылады. Мұның үшін өнімнің барлығын өндіруге жұмсалған шығындар сомасын (3450000 теңге) коэффициенттер қолдану арқылы жинақталған шартты өнімнің санына бөлеміз. Яғни шартты өнім «екі жағы тілінген тақтайдың» 1 куб.м. өзіндік құн 100 теңгеге тең екендігін (3450000:34500=100) есептедік. Ендігі жерде «екі жағы тілінген тақтай», «тілінбеген тақтай» және «кесінді тақтайдың» өзіндік құнын есептейміз. Ол үшін:
сомасын тілінген
ағаштың әрбір сортына
шығындар мен өнімнің өзіндік құнын нормативтік мөлшер мен деңгейде есептейтін ұйымдар қызметіне арналған. Мұндай ұйымдар өнім шығару жоспарында қаралған және есепті жыл ішінде нормадан ауытқушылық факторлар мен өзгерістерді есепке алып отырады. Нормативтік калькуляция әдісі бойынша бүтіндей бұйымның өзіндік құны анықталады.
Мысал. 2004 жылдың сәуір айында машина жасау зауыты 110 желдеткіштер өндірді. Осы өнімнің өзіндік құнын нормативтік әдіспен калькуляциялау үшін 8.6 кестені құрамыз.
8.6. кесте
2004 жылы
сәуір айында өндірілген
Көрсеткіштер
Калькуляциялық баптар |
Шығындар |
Желдеткіштің өзіндік құны |
Бір дана желдеткіштің жоспарлы кұны | |||
Норма бойынша |
Өзгеріс |
Нормадан ауытқу |
Жинағы | |||
Негізгі материалдар |
74470 |
680 |
+2 |
-5 |
677 |
685 |
Сатылып алынған жартылай фабрикаттар |
9130 |
83 |
83 |
84 | ||
Қызметтер |
4180 |
38 |
+ 1 |
-1 |
38 |
39 |
Қалдықтар |
-330 |
3 |
- |
- |
3 |
39 |
Материалдар жинағы (қалдықсыз) |
87450 |
798 |
+3 |
-6 |
795 |
805 |
Еңбек ақы |
20570 |
181 |
+1 |
+5 |
187 |
190 |
Басқа да өндірістік шығындар |
4510 |
45 |
-11 |
-5 |
41 |
46 |
Жалпы өндірістік шығындар |
17710 |
159 |
+3 |
-1 |
161 |
159 |
Ақаулық шығындар |
440 |
- |
- |
+4 |
4 |
- |
Өндірістік өзіндік кұн |
130680 |
1183 |
+8 |
-3 |
1188 |
1200 |
Осы есептеулердің нәтижесінде өндірілген бір бұйымның нақтылы өзіндік құны - 1188 теңге екендігін және нормада көрсетілген 1183 теңгеден + 8, - 3 теңге ауытқығандығын көрдік. Егер осы бұйымның жоспарлы құны 1200 теңге болып жоспарланса, онда 17 теңгеге нормативтік мөлшерден артық болғандығын да көріп отырмыз.
Аралас калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс тікелей калькуляциялау және коэффициенттік калькуляциялау әдістерінің тәсілдерін біріктірген тұрғыда - өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын есептеуге арналған.
Жанама шығындарды тарату тәсілдері:
- басқа да көрсеткіштерге пропорционалды жолдармен таратылады.
Жанама шығындарды
өз мазмұнына карай тарату процесі
өиімдердің езіндік құнын
Мысал Ұйым әр түрлі тапсырыс дайындаумен айналысады. Таратылатын жанама шығындар 30639 теңге болып анықталды, Осы шығындарды еңбек ақы шығындары көлеміне қарай пропорциялық әдіспен тарату белгіленді. Мұның үшін әрбір тапсырысқа пропорциялық әдіспен таратылатын жанама шығындардың пропорциялық коэффициентін анықтау керек. Пропорциялық коэффициентті шығару үшін негізгі өндірістегі жұмысшыларға ай ішінде есептелген барлық еңбек ақының сомасы анықталады. Бүл сома 20426 теңге. Тарату коэффициенті - 30639 : 20426 = 1,5 болып анықталды. Яғни есептелген 1 теңге еңбек ақыға 1,5 теңге жанама шығындар таратылады. Бұдан соң анықталған коэффициентке сай жанама шығындар сомасы әрбір тапсырыстарға төмендегіше (8.7 кесте) таратылады.
8.7. кесте
Жанама шығындарды тарату
Тапсырыс нөмірлері |
Тапсырыстар бойынша өндірістік жұмысшыларға есептелінген тікелей енбек ақы (теңге) |
Тапсырыстарға таратылған жанама шығындар (тенге) (2 бағана х 1,5) |
1 |
4426 |
6639 |
2 |
10000 |
15000 |
3 |
6000 |
9000 |
Жинағы |
20426 |
30639 |
Аяқталмаған өндірісті бағалау әдісі:
Аяқталмаған өндіріс шығындарыныц тікелей баптары әдісіне сай аяқталмаған өндірістегі бұйымдарға, өнімдерге, жұмыстарға, жұмсалған материалдық шығындар (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар), осындай өнімдер өндіруге жұмсалған еңбек ақы құнымен бағаланады. Жалпы және әкімшілік шығындар аяқталмаған өндіріс құрамында бағаланбайды.
Аяқталмаған өндірісті материалдың шығындар сомасына қарай бағалау өндірісі аяқталмаған бұйымдарға т.б. жұмсалған шикізаттар, материалдар жартылай фабрикаттардың нақтылы құнымен бағаланады. Осы әдіспен бағалауға еңбек ақы шығындары есепке алынбайды.
Аяқталмаған өндірісті нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнмен бағалау үшін аяқталмаған бұйымдар саны саналып, осылардағы аяқталмаған өндіріс нормативті деңгейде жұмсалған материалдар және еңбек ақы шығындарымен бағаланады. Калькуляциялаудың басқа да баптары жеке бағаланады.
Аяцталмаган өндірісті шартты бірлік тәсілі бойынша багалау. Есепті жылдағы шығындардың құндық жиынтығының барлық сомасын шартты бірліктегі дайын өнімдер санына бөлу жолымен шығарылады.
Мысал. Керамикалық бұйымдар өндіру цехында шай кеселері дайындалады. 01.03.2004 жылдағы аяқталмаған өндірісте сомасы 32400 теңге 200 кесе қалды. Наурыз айы ішінде 273600 теңгенің шығындары жұмсалды. Осы ай ішінде 1700 кесе өндіріліп, мұның 1200 кесесі барлық өндірістік өңдеу кезеңдерден өтіп дайын өнімдер болып танылды. Қалған 300 кесе аяқталмаған өндіріс болып, келесі айда аяқталады. Осы мәліметтер негізінде 01.04.2004 жылға қалған аяқталмаған өндірісті бағалау керек. Сол үшін 8.8 кестені құрамыз.
8.8. кесте
Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілімен бағалау
Рет саны |
Көрсеткіштер |
Өлшеу бірлігі дана |
Дайындалған дәрежесі |
Дайындалған коэф |
|
1. |
Айдың басындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы |
200 |
40% |
04 |
80 |
2. |
Дайындалған дайын өнімдер |
1200 |
100% |
1 |
1200 |
3 |
Айдың аяғындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы |
300 |
80% |
0,8 |
240 |
Жинағы |
1700 |
- |
_ |
1520 |
Өндірілетін өнімдердің дайындалған дәрежесі түгендеу (инвентаризация) немесе аяқталмаған өндірісті актілеу жолдарымен анықталады. Енді шартты бірліктегі бір өнімге жұмсалған шығынды (273600 : 1520 = 180) есептеп көрелік. Дайын өнімдердің жекелеген құнына таратылатын және келесі кезеңдік аяқталмаған өндіріс көлемін бағалауға арналған барлық жиынтық шығындар сомасы 32400 + 273600 = 306000 теңге болады.