Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:19, курсовая работа
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Мысал. Есепті жыл ішінде «Асан ж К» ұйымы «Даулет» компаниясынан әрқайсысының қүны 3700 теңге тұратын 4000 акция және «Дархан» компаниясынан құны 2900 теңге тұратын 3000 акция сатып алды. Есепті жылдың аяғына қарай инвестициялардың нарықтық бағасы өзгерді. «Даулет» компаниясының 1 акциясының құны 3300, ал «Дархан» компаниясыныц 1 акциясының құны 3100 теңге болып келісілді. (котировка). Осы көрсеткіштерге сай 8.4 кестені құрамыз.
8.4 кесте
Компаниялар |
Акциялар саны |
Акцияларды сатып алу құны |
Бір акиияның нарықтық бағасы, теңге |
Бірінші жылдың аяғындағы барлық акциялардың нарықтық құны, тенге |
Акцияларды сатып алудың құны, теңге |
«Даулет» «Дархан» |
4000 3000 |
3700 2900 |
3300 3100 |
13200000 9300000 |
14800000 8700000 |
Барлығы |
X |
X |
X |
22500000 |
23500000 |
Барлық акциялардың сатып алу құнымен нақтылы құнының нарықтық айырымы - 1000000 теңге (22500000 - 23500000).
Айырым есептеу нәтижесінде шығарылған айырым сома 1000000 теңге есепті жылдың аяғында корректуралық жазуға және дебет «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» счетына «Күмәнді талаптар резерві» счетының кредитіне жазылады.
7. Тауарлы-материалды босалқыларды бағалау. Іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелерівз сай ұйымдар өз иелігіндегі тауарлы-материалды босалқыларды көптеген әдістермен, тәсілдер арқылы бағалауына және қайта бағалауына болады.
ТМБ: нақтылы өзіндік құнымен, есепті бағамен, орташа өлшенген бағамен, ФИФО, ЛИФО әдістерімен, бөлшек саудадағы бағамен бағаланады.
ТМБ-ны өзіндік құнымен бағалау - құндылықтарды сатып алуға немесе дайындауға жұмсалған шығындар сомасынан тұрады. ТМБ-ны есепті бағамен бағалау арнайы мерзімде қайта бағаланып отыратын белгілі кезеңде көрсетілген есепті баға мөлшерінен тұрады. Есепті бағамен бағаланған құндылықтар алдағы жұмсалатын шығындарға тән болады.
Орташа өлшенген баға сатуға жарайтын құндылықтардың орташа кұнын есептеу арқылы шығарылып отырады. Орташа құн барлық босалқылар сомасын босалқылардың санына бөлу арқылы шығарылады.
Келесі әдіс ФИФО әдісі. Бұл әдістің мағынасы - бірінші түскен ТМБ-ның құнымен - бірінші кезекте сатылады немесе бүрынғы түскен ТМБ ең әуелі сатылады.
ЛИФО әдісі
бойынша алғашқы сатылып
Бөлшек саудадағы бағамен бағалау - есептегі (счеттардағы) тауарлар бүларды сатуға дейін сатып алу бағасымен бағаланады.
Мысал. Босалқыларды бағалау әдісін төмендегі мәліметтермен көрсетеміз.
Алғашқы мәліметтер саны бағасы (теңге) сомасы (теңге)
Орташа бағамен бағалау әдісі
Босалқылар қалдығы 400 х 15 = 6000 теңге
Сатылып алынды 300 х 17 + 400 х 13 + 100 х 12 = 11500 теңге
Сатуға жарамды тауарлар 1000 өлшем 11200 теңге
Орташа баға (11200 : 1000)= 11,2теңге
Соңғы қалдық 300 х 11,2 = 3360 теңге
Сатылған өншнщ өзшдік құны 11200 - 3360 = 7840 теңге
Орташа бағамен бағалау әдісін сабақтастық жолдармен көрсету
Ай-күні |
Түскені, теңге |
Сатылғаны, теңге |
Қалдығы, теңге |
1 сәуір |
- |
- |
400x15 = 6000 |
5 сәуір |
300x17 = 5100 |
- |
1 1 1 00 теңге, орташа баға = 11100700=15,9 |
7 сәуір |
- |
200x15,9 = 3180 |
500x15,9 = 7950 |
15 сәуір |
400x13 = 5200 |
- |
13150 тенге, орташа баға = 13150900=14,6 |
1 8 сәуір |
- |
300x14,6 = 4380 |
600 х 14,6 = 8760 |
24 сәуір |
100x12=1200 |
- |
9960 теңге, орташа баға = 9960700=14,2 |
Жинағы |
X |
7560 тенге |
9960 теңге |
ФИФО әдісі
Ай-күні |
Түскені, теңге |
Сатылғаны, теңге |
Қалдығы, теңге |
1 сәуір |
- |
- |
400x15 = 6000 |
5 сәуір |
300x17 = 5100 |
- |
400 х 15 = 6000 300x17 = 5100 |
7 сәуір |
- |
100x15= 1500 100x17=1700 |
500x17 = 8500 |
1 5 сәуір |
400x13 = 5200 |
- |
500x17 = 8500 400 х 13 = 5200 |
18 сәуір |
- |
100x17=1700 200x13 = 2600 |
600 х 13 = 7800 |
24 сәуір |
100x12 |
- |
600x13 = 7800 100 х 12= 1200 |
Жинағы |
- |
7500 теңге |
9000 теңге |
ЛИФО әдісі
Ай-күні |
Түскені, теңге |
Сатылғаны, теңге |
Қалдығы, теңге |
1 сәуір |
- |
- |
400 х 15 = 6000 |
5 сәуір |
300 х 17=5100 |
- |
400 х 15 = 6000 300x17 = 5100 |
7 сәуір |
- |
100 х 15= 1500 100 х 17= 1700 |
500 х 15 = 7500 |
1 5 сәуір |
400 х 13 = 5200 |
- |
500 х 15 = 7500 400x13 = 5200 |
18 сөуір |
- |
300x13 = 3900 |
500x15 = 7500 100x13= 1300 |
24 сәуір |
100x12=1200 |
500x15 = 7500 100x13=1300 100x12= 1200 | |
Жинағы |
- |
7100теңге |
10000 теңге |
ТМБ-ны
бағалау әдістерін өзара
Әдістер |
Сатылғаны, теңге |
Қалдығы, теңге | |
Орташа баға |
7560 |
9960 | |
Фифо әдісі |
7500 |
9000 | |
Лифо әдісі |
7100 |
10000 |
Салыстыру нәтижесінен, біздер бағаның өсуі жағдайында ФИФО әдісін қолдануда табыс сомасы көбейетіндігін, ал ЛИФО әдісі табыстың азаюын, сондай-ақ, біздер өзіндік құнаралық орта көрсеткіштері көрсететшдігін көрдік.
8. Өндірістік
шығындар есебі және
Өндірістік шығындар және өндірілген өншнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін мына төмендегі әдістер қолданылады:
- нормативтік әдістер. Бұл әдістер - көп тараған және жиі қолданылатын әдістер.
Процестер бойынша қолданылатын әдіс мына төмендегі ерекшеліктері бар өндірісте қолданылады:
Процестер бойынша қолданылатын әдіс негізінен тау-кен өндірісі, газ, мұнай, энергетика салаларындағы үйымдарда қолданылады. Осы салалардағы өндірісте өндірістік шығындар есебі бүтіндей ұйым қызметінің көлемінде немесе өндірістік процестер бойынша жүргізіледі.
Мысалы, қазып шығарушы өнеркәсіп саласында жұмыстар мен шығындар циклы жекелеген процестерден (бұрғылау, тазалау, экскаваторлау) тұрады. Осы ерекшеліктерге қарай қосымша бақылау мақсатында әрбір өндірістік цикядағы жүмсалған шығындарды есептеу технологияльщ ерекшеліктер мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізін құрайды.
Тапсырыстар бойынша қолданылатын әдіс мына төмендегі ерекшеліктері бар өндірісте қолданылады:
- шығындарды тапсырыстар бойынша топтастырушы өндірістерде.
Тапсырыстар бойынша жүргізілетін өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаушы тапсырыстық әдіс жеке және уақ сериялы өндірісте қолданылады. Тапсырыстық әдіспен қызмет атқаратын салаларға жөндеу, монтаждау, кеме жасау, эксперименталдық өндіріс, ұшақ жасау, баспаханалар т.с.с. өндірістер жатады. Тапсырыстық әдіспен жұмыс істеуші ұйымдарда есеп және калькуляциялау объектісінің негізі қабылдап алған тапсырысқа тікелей байланысты болады. Тапсырыстар ашу тапсырыс берушілермен жасалған келісім шартқа байланысты ашылады.
Тапсырыстардың нақтылы өзіндік құны орындалатын тапсырысты ашқан күннен бастап тапсырыстың орындалғанға немесе жабылғанға дейінгі жұмсалған барлық шығындар сомасының жинағымен анықталады. Тапсырыстарды орындауға дейінгі жұмсалған шығындар есепті осы жылдан келесі жылға көшірілсе, онда мұндай шығындар аяқталмаған өндіріс болып танылады.
Нормативтік әдіс бойынша өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калъкуляциялау әдісі. Бұл әдіс кез келген өндірісте қолданылып, төмендегі сипатта болады:
Номативтік әдіс негізінен көп сериялы, көп массалы және күрделі өндірістік сипаттағы ұйымдарда жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құнының қалыптасуын күнделікті байқап, дер кезінде жағымсыз факторлардың болмауын қадағалауға болады.
Нормативтік әдістің ең негізгі принципі - шығындар деңгейін бірқалыпты тексеріп отыру. Тексеру арқылы шығындардың нормативтік деңгейінен ауытқымауы қадағаланады. Өндірілген өнімдердің нормативтік өзіндік құн калькуляциясын жасау шығындардың технико-экономикалық нормасының деңгейіне байланысты болады. Нормативтік калькуляция калькуляциялық объектілер бойынша есептелінеді. Технологиялық нормалар прогрессивті технологиялардың және өндірістік процесті тиімді ұйымдастыруға байланысты қайта қаралып отырады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық шығындар екі вариантпен — жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз әдіспен жинақталады1 . Бұл варианттар өндірістік шығындарды жинақтау тұрғысынан қарағанда шығындардың баптары және бұларды шығындар объектілері бойынша бөлшектеп көрсетуге арналған.
Жартылай фабрикатты әдіс жекелеген ауыспалы кезеңдер бойынша өңделген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауға арналған әдіс. Жартылай фабрикатты әдіс кезеңдік технологиямен өндірілетін өнімдерге жұмсалған шығындар есебі мен бұлардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін «Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер (фабрикаттар)» счеты белгіленген.
Кейбір өндірісте бір мағынадағы фабрикаттар әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, тоқыма өнеркәсібіндегі иірілген жіп, жүн маталарын өндіруге жұмсалуы және сыртқа сатылуы мүмкін. Жиһаз өндіру өнеркәсібінде бір пішімдегі тақтайлы жиһаздар әр түрлерін (орындықтар, төсектер, шкафтар т.с.с.) өндіруге жұмсалса, мүның белгілі бір бөлігі сатылуы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын жартылай фабрикатты әдісті шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолдануға болады. Ұйымдар бухгалтертериясында жүргізілетін синтетикалық счеттарда дайын өнімдер мен бұлардың қозғалысы, сондай-ақ өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар есебі тіркеледі.