Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:50, курсовая работа
Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді.
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1.Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
1.1.Есеп саясатының мәні мен маңызы.................................................................5
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері....................................................... 11
1.3.Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері......................... 31
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының жасау мәселелері ….............................35
2.2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты есеп саясатын жетілдіру жолдары........ 45
Қорытынды….....................................................................................................…51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................53
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………
1.Ұйымның есеп саясатының
мәні мен маңызы және
1.1.Есеп саясатының
мәні мен маңызы...............
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
негіздері.....................
1.3.Есеп саясатының
ұйымдық және техникалық
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының
жасау мәселелері ….............................
2.2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты
есеп саясатын жетілдіру
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді. [1, 11 бет]
Курстық жұмыстың өзектілігі: қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, тағы басқа жағдайларды толығымен көрсетеді.
Сонымен есеп саясаты
ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің
іс-тәжірибесінде
Курстық жұмыстың мақсаты: есеп саясатының мақсаты мен мәнін, мазмұнын ашу, қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларға ұйымдардың есеп саясатын қосымша түсіндірілетін ақпарат көзі ретінде тәжіребеде қолданудың қажеттігін қарастыру; бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын және ұйымдардың есеп жүргізу ерекшеліктерін көрсететін есеп саясатының қажеттілігін көрсету; есеп саясатының қандай мақсаттарға және не үшін қалыптасатындығын түсіндіру; есеп саясатын қалыптастырудың тәжірибедегі құрылымы мен қолдану бағытын және есеп саясатын өзгеріске түсіретін жағдайларды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
1) есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай
қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;
әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
3) қаржылық қорытынды
есеп сенімділігін арттыру
маңызды есеп әдістерін белгілеу;
ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
материалды қорларды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу тағы басқа әдістерді кеңінен қолдану. [2, 9 бет]
Осы курстық жұмысымда
мен есеп саясатының мәні мен
маңызын, құрамын, қалыптастыру негіздері
мен есептегі ерекшеліктерін оның халықаралық
есеп стандартына көшкендегі қалыптасқан
негізгі проблемаларын қарастыр
1.Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
1.1. Есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
Қазақстандық бухгалтерлік
есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині
кезіндегі Қазақстан
Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған.
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұғымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.
Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.
Қазақстаыдық 30 «Қаржылық қорытынды
есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың
2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп
-Қазақстан Республикасындағы
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.
Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әртүрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды. [3, 78 бет]
Сонымен есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.
Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.
Есеп саясатының мазмұны
белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің
басқару процесін қандай дәрежедегі
тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның
қаржы жағдайы мен мұның
Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылык принциптері жатады. [4, 85 бет]
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген типтегі ұйымдар, құқылы тұлғалар өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады. [4, 89 бет]
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік
есеп операцияларын орындау
Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болатындығын білгеніміз жөн.
Есеп саясатынын ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн.
Есеп саясатының міндеттері: есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау; нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау; қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу; ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету; синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау, тауарлы материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану т.б. [5, 98 бет]
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолдалынады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.