Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:50, курсовая работа
Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді.
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1.Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
1.1.Есеп саясатының мәні мен маңызы.................................................................5
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері....................................................... 11
1.3.Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері......................... 31
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының жасау мәселелері ….............................35
2.2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты есеп саясатын жетілдіру жолдары........ 45
Қорытынды….....................................................................................................…51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................53
Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады. Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі «жоғарыдан» және «төменнен» реттелетін жағдайда қалыптасады.
Бірінші, «жоғарыдан» реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші «төменнен» реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялық ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты -арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады. [5, 102 бет]
Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.
Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп
саясаты осы ұйым қызметінің ары
қарай дамуына, бизнестік әрекеттің
кезеңдік жолдармен өркендеуіне
тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық
процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ
таза пайда алу процесі
Алайда кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, сондай-ақ төленетін дивиденттік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер жіберіп, өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты емес шығындарды жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден тұратындығын ескере отырып, бір баптың тиімділігін ұлғайту мақсатында есеп объектілерінің басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында жан-жақты қаралуы керек. [5, 105 бет]
1.2.Есеп саясатын қалыптастыру негіздері.
Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек. Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары мен атқарушы бухгалтерлер айтылған мәселелер өрісін терең түсініп біле бермейді.
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.
Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты. [6, 122 бет]
Бухгалтерлік есептің ең негізгі функциясы сенімді жасалған қорытынды есеп мәліметтерін толығымен бекіту және пайдаланушыларға тапсыру болып табылады. Сенімділік пен толықтылық терминдері бірінің маңызын бірі сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер. Яғни осы терминдерді негізге ала отырып, тәжірибеде қолданылатын есеп әдістері мен критерийлерді бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде жақсы қолдану керектігі туындайды. Осыған байланысты ұйымдардың бухгалтерлері тәуелсіздік пен кәсіби мамандықты және техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, ұйымдардағы есеп саясатын сапалы қалыптастыруы керек. Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар: мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын; есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.
Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.
Сонымен қатар бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын бұған дейін жарияланған қаржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде мүмкін болатын ұйғарымдарды қолданудың жауапкершілігі бас бухгалтерлерге жүктеледі. Есеп саясатының негізін қалаушы әдіснамалар мен ережелерді т.б. ресми құжаттарды қолдану процесі қаржы көрсеткіштерін талдаушыларды шатастырмайтындай жинақы жасалынуы керек. Өткен жылдағы қорытынды есеп жүйесінде қолданылған әдістерге қарағанда осы жылға жасалған есеп саясатындағы әдістер едәуір сенімді болып қалыптасқандығын көрсете білген жөн. [6, 125 бет]
Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарынын типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т.б. көптеген бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек.
Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек: осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен дербес жүргізілетіндігін; ұйым өз қызметін белгісіз уакытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін кысқартпайтындығын; таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін; дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы көрсетілетіндігін.
Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы
қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер мына
төмендегіше топтастырылуы
Ұйымдар есеп саясатын жасауға ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады. [7, 156 бет]
Жоғарыда айтылған мәселелср
мен ұсыныстар мазмұны
Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі: шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу; пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау; әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип).
Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі факторларды есепке алуы керек: меншіктің түрі, шаруашылық қызметінің ұйымдық және құқықтық үлгісі; ұйымның көлемі және технологиялық ерекшеліктері; шаруашылық өрісі; кадрлармен қамту; салық салу және салық есебі ерекшеліктері.
Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде өздері тіркелген жердегі салық органдарымен келісті жағдайда болуы керек.
Егер ұйымдар қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу кезінде өзгерістер енгізілсе, бұларды реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады.
Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған. [7, 158 бет]
Есеп саясатын жасау алдында
ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері
осы кезеңде басшылыққа алынған
және ез кызметін атқарудың негізін
құраушы ресми заң актілері мен
нормативтік базаларды
Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.
Есеп саясатын қалыптастыруға тән бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне мыналар жатады: шаруашылық операциялары мазмұнын экономикалық тұрғыда топтастыру; бухгалтерлер арасында атқаратын міндеттерді бөліп тарату және бухгалтерлік есеп счеттарын қолданудың тәртібін белгілеу; құжат айналысы және есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу; түгендеуді ұйымдастыру, шаруашылық фактілері операцияларын бағалау және активтер құнын жою әдістерін белгілеу процестері. [8, 145 бет]
Қысқасы ұйымдар өрісінде қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің барлық процестерін қамтуға тиісті. Ұйымның бас бухгалтері есеп саясатын қалыптастыруға жауапты екендігін тағы да қайталаймыз. Есеп саясатын сапалы және тура жүргізу үшін бас бухгалтерлерге бухгалтерлік есептің әдіснамалар жиынтығымен, қолданылып келе жатқан нормативтік құжаттар мазмұнын мұқият білу талабы қойылады.
Есеп түрлерін бөліп қарау мен бұлардың көптігі (оперативтік, бухгалтерлік, қаржылық, басқарушылық, салық, статистика) барынша жоғары дәрежеде есеп ақпараттарын пайдаланушы әр түрлі топтарының мүддесін, есеп саясатын жасау мен қалыптастыру арқылы қанағаттандыру болып табылады.
Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастырудың негізгі элементтері есеп саясатының әдіснамалық жекелеген аспектілерінен тұрады.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының мазмұнын жекелеген объектілер бойынша ашып көрсетеміз.
1. Негізгі құралдарды бағалау мен бұларға амортизация есептеу. Есеп саясатының осы объектісі бойынша түгелімен төзған, пайдалануға жарамайтын негізгі құралдарды бағалаудың әдісін таңдап алу керек. Түгелімен төзған негізгі құралдарға тон бағалау әдісін қолданудың мақсаты, бұларды қайта жөндеп, алдағы уақытта пайдалану мүмкіндігін анықтауға байланысты. Төзған негізгі құралдарды бағалап, бұлардың құнын анықтаған кезде амортизациялық сомалар мен салық салу базасы көбейеді. Түгелімен төзған негізгі құралдарды бағалау кезінде мына әдістердің бірі: ағымдағы нарықтық бағамен бағалау немесе жою құнымен бағалау қолданылынады.
2. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан өткізу әдісі. Есеп тәжірибесінде индекстік және тікелей бағалау әдістері қолданылынады. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік баланс сомасы да өзгертіліп, негізгі құралдар құнын барынша дәлдікке келтіріледі. Негізгі құралдар құнын жоғарылатудың әсерінен есепті жылдың шығындары (амортизациялық соманың көбеюі есебінен) көбейіп, тиесінше таза пайданың көлемі азайтылады, сондай-ақ баланстық сома мен төленбеген капитал сомалары да көбейіп отырады. Негізгі құралдар құнын төмендетудің әсерінен есепті жылдың шығындары да азайып, баланстық сома мен салық салу базасының сомалары да азайып отырады. [8, 148 бет]
3. Негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу тәсілдері бірқалыпты түзу сызықты, өндірістік, құнын шапшаңдатып есептен шығару тәсілдерін қолданудан тұрады.
1-ші мысал. Құны 950 000 тенге тұратын пайдалану мерзімі 5 жыл болып анықталған негізгі құрал пайдалануға берілді. Осы обьект бойынша есептелінеген амортизациялық соманы, қалдық құны және жиынтықталған амортизациялық сомаларды анықтау керек.
Кесте 1. Негізгі құралдарға бірқалыпты түзу сызықты амортизация есептеу тәсілі.
Жылдар |
Бастапқы құны |
Бір жылдық амортизация сомасы |
Жинақталған амортизация сомасы |
Қалдық құн сомасы |
І ІІ ІІІ ІV V |
950 000 950 000 950 000 950 000 950 000 |
190 000 190 000 190 000 190 000 190 000 |
190 000 380 000 570 000 760 000 950 000 |
760 000 570 000 380 000 1 900 000 0 |